Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер

Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының 15.02.2023ж. Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер                                                                                                                                                                       

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты

орындаушы

Орындалуы

Спорт саласы

1.

Жергілікті тұрғындарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент, Мырзакент кенттерінен жаңа заманауи спорт кешенін салуға, сондай-ақ, елді мекендерден спорт алаңшаларын салуынуына ықпал жасауыңызды сұраймын.

Алайдаров Бақберген

Атакент кентінің тұрғыны

 

1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау.

1.1. Мырзакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

1.2. Атакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу.

1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

1.4. Атакент кентіндегі спорт кешенінің құрылыс-мантаж жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау.

1. 2023-2024 жыл

 

 

1.1.            10.2023 ж.

 

1.2.            07.2023 ж.

1.3.            09.2023 ж.

1.4.            12.2024 ж.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Мақтаарал ауданының

әкімдігі

Мақтаарал ауданында, Мырзакент кентінен спорт кешеннің құрылысы толығымыен аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінен  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Нысан 2024 жылы қазан айында пайдалануға тапсыру жоспарланған.

 

Мәдениет саласы

2.

2022 жыл ауданымызда Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының құрылысы басталған. Аталған құрылыс жұмыстар қашан аяқталады?

(Мұратова Роза Достық ауылдық округінің тұрғыны, мәдениет саласының қызметкері.)

2.                  Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бақылау.

2.1.       Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

 

 

2. 12.2023 ж.

 

 

 

2.1.  12.2023 ж.

 

Облыстық мәдениет басқармасы

Мақтаарал ауданының

әкімдігі

Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтеріндегі                    200 орындық (жалпы конкурстық құндары 786,430 млн теңге)мәдениет және кітапхана құрылысы аяқталып, пайдалануға 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.

Құрылыс саласы

3

Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 2022 жылы жаңа мектеп салынып басталған болатын. Құрылысы жүріп жатқан мектепті 2023 жылы аяқтау мүмкіншілік бар мекен?

(Қошқаров Серік

Бірлік ауылдық округінің тұрғыны)

3.                  Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау.

3.1.  Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

 

3. 31.12.2023 ж.

 

 

 

 

3.1. 31.12.2023 ж.

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Мақтаарал ауданының

әкімдігі

 

Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, нысан 2023 жылдың 16 желтоқсан күні пайдалануға тапсырылды.

Коммуналдық сала

4.

Біздің Азаттық елді мекенімізде ең маңызды мәселеміз ол ауыз су болып отыр. Су уақытпен беріледі, жазды күндері ауыл тұрғындары огородтарын суғарып, шеткі көшелерге жетпей су жетпей қалады. Счетчик қоюға құбырлардың бәрі шіріп кеткен, орнатуға келмейді.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу барысында проектісін жасап қойғанбыз, ақшасын сұрап жатырмыз деп есеп берді.

Сізден ауыл тұрғындарының бірінші кезектегі мұқтажын орындауға көмектессеңіз!

(Зәуірбеков Ералы Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекенінің тұрғыны Парнабекова Фарида     Қарасу ауылының тұрғыны)

4.                  Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарын жүргізу.

 

4.1.  Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу.

 

4.2.  Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

4.3.  Құрылыс-мантаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау

4. 2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

4.1. 07.2023 ж.

 

4.2. 09.2023 ж.

 

4.3. 10.2024 ж.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Мақтаарал ауданының

әкімдігі

 

         

Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыс жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың қыркүйек-қазан айында пайдалануға тапсырылу жоспарлануда.

 

 

Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының 02.08.2023 ж. Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер

                                                                                                                                                                                       

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Орындалуы

 

Ауыл шаруашылығы

1

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы мемекеттен жеңілдетілген пайызбен 4.9 млн тг несие алып, қазіргі таңда мал басын 30 (отыз) ға жеткіздім, мал басына берілетін субсидияның берілу тәртібі қалай, сол субсидияны ала аламызба?

(Момбеков Иманберді - Ынталы елді мекенінің тұрғыны)

Мемлекеттен мал басына берілетін субсидия алу тәртібін түсіндіру

10.08.2023

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

 

Мал басына берілетін субсидия "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2019 жылғы № 108 бұйрығына сәйкес беріледі.

Осыған орай, мал басына берілетін мемлекеттік  субсидия тек асыл тұқымды малдарға берілетіндігі бойынша түсіндірілді.

 

Коммуналдық сала

2

Достық ауылдық округіне табиғи газ қашан беріледі?

(Мерганов Асқар - Достық ауылының тұрғыны)

Елді мекенді табиғи газға қосу

01.12.2024

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

 

Аудандық бюджеттен 59,9 млн. теңге қаралып, Достық ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне газ жүйесін салу жұмыстарына жобалау – сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі таңда, Гүлістан елді мекеніне қаржы қаралды. Қалған елді мекендерге құрылысына қаржы бөлдіру бойынша облыстық салалық басқармаға ұсыныс енгізілген.

 

3

Шапағат ауылына табиғи газ қашан беріледі? Күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар еді.

(Суюнов Орал - Шапағат ауылының тұрғыны)

 

 

Елді мекенді табиғи газға қосу

30.09.2023

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

 

Елді мекенге табиғи газ 2023 жылдың қазан айында берілді.

 

Ауыл шаруашылығы және жолдар салалары

4

Атакент кенті Желтоқсан көшесі бойында ИДЖЖ-2 жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын тездетіп аяқтаса және сол көшеге мектеп оқушылары және тұрғындар үшін жол аяқ салып беру

(Ерсаев Қилыбай - Атакент кентінің тұрғыны)

1.      ИДЖЖ-2 жобасын аяқтау

 

01.03.2024

 

 

 

 

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

Түркістан облысы «ҚазСушар» РМК

Бүгінгі күнде Атакент кентіндегі ИДЖЖ-2 жобасының 3 кешен бойынша бас мердігер Израилдік «TAHAL Consulting Engineers Ltd» компаниясы жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда каналдың жол үстінде орналасқан және жұмысқа кедергі келтіретін ағаштарды жою жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар мердігер мекемеге бөлінген қаржының толық көлемде түспеу салдарынан бетонмен қаптау жұмыстары уақытша тоқтатылған. Алдағы уақытта мердігер мекеме қаржы бөлінгеннен кейін жоба бойынша бетондау жұмысы толықтай жалғасын тауып, аяқталатын болады.

 

5

2.      Жаяу жүргіншілер жолын салу

 

01.09.2025

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

Атакент кентінің орталық бөлігіндегі ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге республикалық бюджетке ұсынылған. Осыған орай, кенттегі құрылыс барысында жер қазу жұмыстары аяқталған соң, ішкі көшелерге сонымен қатар Желтоқсан көшесінеде аяқ жол салу бойынша ұсыныстар берілетін болады.

 

Жол

6

Бірлік а/о, Өркениет елді мекенінде Ахан Құлбаев көшесіне асфальт қашан төселеді?

(Жолдасбеков Мыктыбек - Өркениет ауылының тұрғыны, ауыл ақсақалы)

Ахан Құлбаев көшесіне асфальт төсеу

30.11.2023

 

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

Бірлік ауылдық округі Өркениет елді меніндег Ахан Құлбаев (1 200 м) көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтобетон жабындысы төселді.

 

Тұрғын үй

7

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан тұрғын үй беріледі ме?

(Мырзашов Райымбек - жеке кәсіпкер, Ж.Қалшораев ауылының тұрғыны)

Осал топтағы азаматтарға үйлерді табыстау бойынша заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу

Тұрақты

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

 

2023 жылы тұрғын үйлер сатып алу үшін, Республикалық бюджеттен 288 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 26 дана тұрғын үй сатып алынып, қабылдау өткізу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда кезекте тұрған отбасыларға сатып алынған тұрғын үйлер кезек-кезегімен берілуде.

 

Әлеуметтік сала

8

Біздің отбасымызда менімен бірге бірінші топтағы 3 мүгедек бірге тұрамыз, бізге тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке алынған қаржыны облыстан келген комиссия мемлекетке қайтаруды талап етуде, соған жәрдем берсеңіз?

(Наджапов Сархан – Қарақыр ауылының тұрғыны)

Заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, талаптарға тура келген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету

01.09.2023

Мақтаарал ауданы әкімдігі

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

 

 

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Қарақыр ауылы, Достар көшесі № 5 үй тұрғыны Махмудоглы Севгил Асланқызына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік көмек тағайындалу тәртібі толығымен түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2024