|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
|
Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесудегі (16.03.2023ж) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары |
|||||
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы |
||||||
|
1 |
Зертас ауылындағы кеңес одағы кезінде салынған ауыз су құбырларын жаңарту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда.
(Сарбасов Таңсықбай Зертас ауылының тұрғыны) |
1. Зертас ауылының ескірген ауыз су құбырларын ауыстыру жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыру.
|
01.11.2023 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Қайта құруды қажет ететін Зертас елді мекеніндегі ауыз судың құрылысына 2021 жылы 200 млн теңге, 2022 жылы 257,8 млн теңге, 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 61,8 млн теңге бөлініп, құрылыс монтаждау жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
2 |
Зағамбар елді мекеніндегі тозығы жеткен ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары қашан іске асырылады.
(Сүттібаев Егізбай Зағамбар ауылының тұрғыны)
|
2. Зағамбар ауылындағы ішкі көшелерге асфальт салу жұмыстарын аяқтау.
(2023 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекен көшелерін жөндеуге республикалық бюджеттен 835 млн теңге. аудандық бюджеттен 433,9 млн теңге қаралып отыр.) |
01.12.2023 ж. |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
2023 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Зағамбар елді мекеніндегі тозығы жеткен 18 ішкі көшелерді орта жөндеуге республикалық бюджеттен 338,191 млн теңге қаралып, 2023 жылы қараша айында орта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
3 |
Электр қуатының тапшылығын шешу мақсатында құрылысы 2022 жылы басталған Ленгір қаласындағы «Алатау» подстанциясының құрылысы қашан аяқталады, қашан біз сапалы электр қуатына қол жеткіземіз. (Усетаев Жұмабек Ленгір қаласының тұрғыны). |
3. Ленгір қаласындағы «Алатау» подстанциясының құрылысын белігіленген мерзімде пайдалануға тапсыру. 3.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
3. 01.11.2024 жыл
3.1. 2023-2024 ж.ж |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Подстанция құрылысына 2022 жылға облыстық бюджеттен 5,0 млн теңге бөлінді. Мердігер «Алматы Мәдениет-Құрылыс» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары желтоқсан айында басталды, 2023 жылға РБ-тен 1 млрд. 926 млн. теңге және облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қарастырылды. Жоба іске қосылса Ленгір қаласы, «Алатау», «Самал», Қазығұрт» «Шаңырақ» мөлтек аудандарындағы 9720 халық, 3100 жеке үй, 63 көп қабатты үйлер, 16 әлеуметтік нысан, 79 кәсіпкерлік нысан сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Нысанды 2024 жылдың шілде айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
4 |
Көксәйек ауылынан жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері қашан беріледі екен.
(Айтмұрзаев Талғат Көксәйек ауылының тұрғынымын).
|
4. Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын (ауыз су, электр жүйесі) аяқтау.
|
4. 30.12.2023 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына 2021 жылы 297,0 млн теңге бөлініп, ауыз су, электр жүйесі құрылысы аяқталды. «Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелері (газбен жабдықтау) құрылысының конкурстық құны 75 937 997,24 теңге. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС, Техникалық қадағалаушы «Технологиялық көмек құрылыс» ЖШС, Жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС. 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін аудандық бюджеттен 250 мың теңге қаралса, 2023 жылға қаржы қарастырылмады, 2024 жылы 68 344,0 мың теңге қарастырылды. Нысанда 2024 жылы шілде айында тапсыру жоспарлануда. |
|
Спорт саласы |
||||||
|
5 |
Көксәйек елді мекенінен спорт кешенін құрылысы басталатынын естіген едік. Осы кешенің құрылысы қашан басталып аяқталады.
(Райымқұлов Жанұзақ Көксәйек ауылының тұрғыны.)
|
5. Спорт кешенің құрылыс жұмыстарын жүргізу. 5.1. Қалған қаржыларды 2023, 2024 жылдарға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
(Сметалық құны 926 146,0 мың теңге 2023 жылы 50 млн. тн. бөлінді) |
5. 2023-2024 ж.ж. 5.1. 2023 жыл
5.2. 2023-2024 ж.ж.
Қаржы бөлінуіне қарай |
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысының сметалық құны 926 146,0 мың теңге, конкурстық құны 871 552,1 мың теңгені құрайды. Құрылысына 2023 жылға 550,0 млн теңге, 2024 жылға 276,5 млн теңге қаржы қаралды. Тапсырысшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жобалаушы мекеме «Архстрой-2005» ЖШС, мердігер мекеме «Корпорация Алем-құрылыс», техникалық қадағалаушы мекеме «Cаян сonstruction» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталды. Спорт кешеніндегі барлық блоктардың іргетасы, колонналары, қабатаралық монолит құю жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда, бөлме аралық қыш қалау, фермаларды дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2024 жылы қазан айында тапсыру жоспарлануда. |
|
Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесудегі (24.08.2023ж) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары |
||||||
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
6 |
Төлеби аудандық орталық ауруханасының теңгеріміндегі автокөліктердің көбісі тозығы жеткен, тек жөндеу жұмыстарын көруде. Сол себепті алдағы уақытта аудандық ауруханамызға жаңа автокөліктермен қамтамасыз етілсе дейміз, осы автокөліктерді сатып алу жоспарда барма?
Тоқтағұлов Қаныбек - Ленгір қаласының тұрғыны
|
1. Аудандық аурухананы және қалалық емхананы автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
30.12.2023 ж.
|
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Аудандық аурухананы және қалалық емхананы автокөлік пен қамтамасыз ету |
2023 жылдың соңына дейін облыстық медициналық мекемелерге 75 дана санитарлық автокөліктер сатып алу жоспарланған. Оның ішінде Төлеби аудандық ауруханасына 2 дана автокөлік берілді.
|
|
Ауыз су мәселесі |
||||||
|
7 |
Біршама уақыттан бері Ленгір қаласының шығыс бөлігінде ауыз судың сапасы нашарлап, тұрғындар арасында наразылықтар айтылуда. Осы мәселе қашан шешімін табады, қандай жұмыстар атқарудасыздар. Ғалымжан Мырзалы - Ленгір қаласының тұрғыны. |
2. Көктерек су тазарту имаратының құрылысын аяқтап, мерзімінде пайдалануға тапсыру.
|
31.10.2023 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Көктерек су тазалау имаратының құрылысы 2022 жылы мердігер мекеме «Карат-Z» ЖШС тарапынан басталған., Жалпы 643,3 млн тг қаралып, бүгінге 2200 м3 резервуар құйылып, су тазарту станциясының құрылысы салынып, тазарту құрылғысы орнатылды. Химиялық тазалаудан шыққан кәріздік суын төгетін көлемі 100 м3 септик құйылды. Су алу имараты орналасқан жер телімі қоршалып, жарықтандыру бағаналары орнатылды. Су тазарту имараты тексеруден өтіп, пайдалануға берілді. |
|
Тұрғын үй мәселесі |
||||||
|
8 |
Ленгір қаласы С.Дүйсемұратұлы көшесінің бойындағы апатты жағдай алдында тұрған екі қабатты тұрғын үйдің тұрғынымын. Ағымдағы жылдың ақпан және мамыр айларында Сіз аудан халқымен өткізген кездесулерде осы мәселе көтерілген болатын. Сізге рахмет, берген тапсырмаңыздың нәтижесінде жаңа тұрғын үйлердің құрылысына қаржы бөлінді деп естіп қуанып қалдық. Ендігі жерде менің қояр сұрағым, үйлердің құрылысы қашан басталып, қашан бітеді, қоныс тойын қашан тойлар екенбіз. Наметкулова Кулайша – Ленгір қаласының тұрғыны |
3. Тұрғын үй құрылысы жұмыстарын жүргізу. 3.1. Қалған қаржыларды 2024 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 3.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
3. 2023-2025 ж.ж. 3.1. 2023 жыл
3.2. 2023-2025 ж.ж.
Қаржы бөлініуне қарай
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен 125 пәтерлі 8 тұрғын үйдің орнына Ленгер қаласының I мөлтек ауданы, Қапал Батыр көшесінің бойынан 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2023 жылға облыстық бюджеттен 60,0 млн теңге, 2024 жылға 1 млрд 050 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылыстары 2025 жылға өтпелі. |
|
Жарықтандыру мәселесі |
||||||
|
9 |
Кемеқалған ауылдық округінің Қаратөбе ауылында жел тұрғанда электр жарығы өшіп қалады. Болған күннің өзінде қуаты өте нашар. 2022 жылы электр желілерінің құрылысы басталғанда бір қуанып қалған едік, алайда құрылысы аяқталмай жұмыстар бүгінге тоқтап қалды. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауылдың свет мәселесін шешіп берсеңіздер. Рахымбаев Спабек – Қаратөбе ауылының тұрғыны |
4. Қаратөбе ауылында трансформатор орнату және жаңа электр желілерін салу жұмыстарын жүргізу 4.1. Қалған қаржыларды 2024 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 4.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
4. 2023-2024 ж.ж.
4.1. 2023 жыл
4.2. 2023-2024 ж.ж.
Қаржы бөлініуне қарай
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Қаратөбе елді мекені, Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформатор-лық станциядан электр желілерін салу құрылысы» 2022 жылы басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн тг қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, қалған 64 190,0 мың теңгесі 2023 жылы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 13 шқ электр желісі, 217 бағана, 2 трансформатор орнатылды. Нәтижесінде 89 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
Тұрғын үй мәселесі |
||||||
|
10 |
Толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде 2013 жылдан бері тұрамын. Жалғыз басты анамын. Өзіңіз білесіз баспаналы болу әрбір отбасының арманығой, мен қашан пәтерлі бола аламын, биыл Ленгер қаласынан тұрғын үй беру жоспарларыңызда барма? Есқараева Алмакүл – Ленгір қаласының тұрғыны |
5. Жеке кәсіпкер есебінен 20 пәтерлік екі қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылысын бастап, пайдалануға беру 5.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 5.2. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй сатып алу |
5. 2023 ж.
5.1. 2023 ж. 5.2. 30.12.2023 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
2023 жылға Ленгер қаласынан тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін екінші нарықтан 20 тұрғын үй сатып алуға РБ есебінен 192,0 млн теңге бөлінген (бір үйге 9,6 млн.теңге). Ленгер қаласынан инвесторлар есебінен 20 пәтерлік екі қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үй 2023 жылдың желтоқсан айында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін сатып алынды. |
|
Білім саласы |
||||||
|
11 |
Ленгір қаласындағы №8 колледжде спорт зал жоқ, салып берсеңіздер. Спорттан әлем чемпиондары бар Беркінбаев Бахтияр- Ленгір қаласының тұрғыны |
6. Ленгір қаласындағы №8 колледжде спорт зал салу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізу.
|
01.11.2023 ж.
|
Облыстық білім басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Ұсыныс |
Колледждің 1958 жылы пайдалануға берілген спорт залы жарамсыздығына байланысты 2005 жылы жарамсыздық актісі түзілген. «Төлеби ауданы, Ленгер қаласы №8 колледж аумағында футбол алаңын орналастыруға арналған қаңқа-тент ангарын орнату» бойынша құны-58,9 млн тг құрайтын сметалық құжаттама әзірленген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 28.11.2023 жылы «Нұр Олжа и Ко» ЖШС мердігер мекеме болып анықталған. Конкурстық құны-39,0 млн тг. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында аяқталып, пайдалануға берілді. 13.11.2023 жылы №330 хатпен №8 колледжде типтік спорт зал ғимаратын салу бойынша облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды. |
|
ГЭС мәселесі |
||||||
|
12 |
Балдыберек өзені бойында ГЭС салуға наразылығы туралы Апашов Рамазан - Қаратөбе ауылдық округінің тұрғыны |
7. Жергілікті тұрғындар арасында ГЭС-тің пайдасы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
01.10.2023 ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Төңкеріс және Балдыберек елді мекендері аумағынан өтетін Балдыберек өзені бойына «Тау Энерго» ЖШС–нің кіші гидроэлектростанциясын салу бойынша Қаратөбе ауылдық округ әкімі Е.Ералиевтің қатысуымен ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жергілікті тұрғындармен 4 рет кездесу өткізілді. Кездесулер барысында бұл жоба іске асқан жағдайда 6,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылатыны, бюджетке қосымша салық түсетіні түсіндірілді. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары О.Жаңқалов «Тау Энерго» ЖШС ГЭС құрылысын салу үшін заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттарын рәсімдеп, құзырлы органдардан рұқсат алғандығын және қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейтіндігі бойынша түсіндірді. Елді мекен тұрғындары тарапынан мынадай наразылықтар білдірілді, атап айтқанда: ГЭС құрылысының табиғатқа орасан зардап келтіретіндігі, ағын су тапшылығы орын алып, малдары сусыз қалатындығын алға тартуда. Жалпы өткізілген 4 кездесудің нәтижесінде кіші гидроэлектростанциясын салуға жергілікті тұрғындардың көпшілігінің қарсы екендігі туралы шешім қабылданған. «Тау Энерго» ЖШС 2024 жылы ГЭС құрылысын салуды жоспарлауда. |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
13 |
Жаңажол ауылына жаңа медпункт салынса Есболов Жайлаухан- Жаңажол ауылының тұрғыны |
8. Жаңа жол ауылына медициналық тіректі салу бойынша құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру. 8.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен қаржы қарастыру. 8.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
8. 2023-2024 ж.
8.1. 01.03.2024 ж.
8.2. 31.12.2024 ж |
)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық құрылыс басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Жаңажол ауылына фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП) салу үшін ЖСҚ әзірленген. Сараптама қорытындысы алынған соң, тапсырысшы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан нысан құрылысын қаржыландыру үшін тиісті бюджетке (ОБ, РБ) ұсыныс енгізіледі. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
Білім саласы |
||||||
|
14 |
Қостөбе мектебінің жағдайы және Қостөбе көпірінің құрылысы туралы Жандос Құттынбетов – Қостөбе ауылының тұрғыны |
9.1. Қостөбе жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 9.1.1. Қалған қаржыларды 2024 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 9.1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
9.1. 2023-2024 ж.ж.
9.1.1. 01.04.2024 ж.
9.1.2. 31.12.2024 ж.
|
Облыстық білім басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
«Қостөбе» шағын жинақты жалпы орта мектебінің күрделі жөндеуінің сметалық құны 480,237 млн теңге, конкурстық құны 452,034 мың теңге. Жобалаушы мекеме «КHG Project» ЖШС (1897,2 мың теңге). Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының 14.10.2023 жылы өткізген конкурс нәтижесімен мердігер «РАДУГА-СН» ЖШС (438 828,64 мың теңге), техникалық бақылаушы «DAT Construction» ЖШС (11 307,92 мың теңге) анықталған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылға 522 теңге, қалған қаржысы 2024 жылы толық қаралған. Құрылыс жұмыстары 10.02.2024 жылы басталған. Қазіргі таңда, «Қостөбе» шағын жинақты жалпы орта мектебіндегі 135 оқушы 3,3 км қашықтықтағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебіне тасымалданып оқытылуда. Нысанды 2024 жылдың тамыз айында аяқтап, тапсыру жоспарлануда. |
|
Көпір мәселесі |
||||||
|
15 |
|
9.2. Қостөбе елді мекеніндегі көпірге құрылыс жұмыстарын жүргізу. 9.2.1. Әзірленген жобалау сметалық құжаттамасына қайта түзетулер (корректировка) енгізу. 9.2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен қаржы қарастыру. 9.2.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу |
9.2. 2023-2024 ж.ж. 9.2.1. 01.04.2024 ж.
9.2.2. 2024 ж.
9.2.3. 31.12.2024ж.
Қаржы бөлінуіне қарай |
Төлеби ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Қаратөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес 2019 жылы тамыз айында аяқталуы тиіс болатын, алайда мердігер мекеме тарапынан келісім-шарт талаптары орындалмай, жұмыстарды мерзімінде тапсырмағаны үшін, Түркістан облысының ауданаралық экономикалық сотына жұмыстарды аяқтауға міндеттеу, тұрақсыздық айыппұл төлету және жозықсыздар қатарына қосуға талап арыз берілген. Соттың 06.02.2020 жылғы №5165-19-00-2/2982 шешіміне сәйкес, талап-арыздың екі талабы қанағаттандырылып, мердігер «Қайнар-Құрылыс» ЖШС-гі мемлекеттің пайдасына 1,5 млн тг айыппұл төлеуге және жұмыстарды бітіруге міндеттелді. Көпірді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Төлеби аудандық сотының 15.07.2022 жылғы №5158-22-00-1/3 үкімімен мердігер мекеме «Қайнар-құрылыс» ЖШС-ның директоры С.Абдихановқа қатысты 8 жылға, техникалық қадағалаушы «Глобус инжиниринг» ЖШС-нің директоры У.Кенжебаевқа қатысты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және белгілі мерзімге кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған. Құрылыс көлемі жоқ жұмыстар бойынша 22,5 млн теңге қаржы мемлекетке қайтарылды. Құрылыс материалдарының қымбаттауына орай, жоғарыда аталған қалдық қаржымен көпірдің құрылысын толық аяқтауға мүмкіндік болмауына байланысты, ЖСҚ-ға қайта түзету (корректировка) жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 17,2 млн теңге қаралып, қазіргі таңда, Қостөбе көпірінің ЖСҚ-сы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. Қорытындысын 2024 жылы сәуір айында алу жоспарлануда. |
|
Білім саласы |
||||||
|
16 |
Түркістан көпсалалы техникалық колледжінде көтерілген мәселе Б.Жанәбіл – колледж директоры |
10. Көксәйек елді мекеніндегі Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің автогаражын салу бойынша құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру. 10.1.1. Әзірленген жобалау сметалық құжаттамасына қайта түзетулер (корректировка) енгізу. 10.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен қаржы қарастыру. 10.1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу |
10. 2023-2024 ж.ж.
10.1.1. 01.10.2023 ж.
10.1.2. 01.03.2024 ж.
10.1.3. 31.12.2024 ж. |
Облыстық білім басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша колледж аумағынан «160 орындық жатақхана, 200 орындық асхана және автогараж құрылысы» жобасы бойынша 04.05.2019 жылы №КХТ-0010/19 сараптама қорытындысы алынған. Алайда, қаржы тапшылығына байланысты, нысан құрылысы ЖСҚ-ның мерзімі өтіп кеткен. Қазіргі таңда, ЖСҚ-ға қайта түзету енгізіп, тек колледж автогаражын салуға жоба әзірлеу үшін облыстық құрылыс басқармасы тарапынан алдағы облыстық бюджетті нақтылау барысында ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы қаралған жағдайда, автогараж құрылысын 2024 жылы жүргізу жоспарлануда. |