Түркістан облысы әкімінің Ордабасы ауданы тұрғындарымен 29.03.2023 жылғы кездесуде көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
Жалпы саны – 16
Орындалғаны – 12
Орындалу үстінде – 4
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту орындау |
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
1 |
Спортшы және спорт жанашыры ретінде аудан орталығынан заманауи үлгідегі спорт кешені салынатыны жөнінде естіп қуанып жатырмыз, аталған нысанның құрылыс жұмыстары ертерек басталып, ел игілігіне берілсе екен. Осыған ықпал етсеңіз? (Ыстыбаев Әділжан Ордабасы ауданының тұрғыны Тел:87785894404) |
1. Темірлан ауылы, Самал мөлтек ауданынан спорт кешені құрылысын салу. 1.1. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын аяқтау.
1.2. 2023 жылға бекітілген бюджет қаржысына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу.
1.3. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауға қажетті қаржы көздерін анықтап, нақтылауға ұсыну.
1.4. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
10.04.2023ж
01.12.2023ж
22.12.2023ж
22.12.2024ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Мемлекеттік сатып алу басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Құрылыс басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Темірлан ауылы, Самал м/а 1 млрд.170 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер – «СТ Сервис» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Оның ішінде, нысанның іргетасы құйылып, негізі дайындалуда және су жүйесі мен жылыту жүйесінің құрылыс жүруде. Нысан 2024 жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
Білім саласы |
||||||
|
2 |
Менің басты мәселем елді мекендегі Е.Ерназаров атындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізуге ықпал жасасаңыз? (Болсын Рысқұлбек Ордабасы ауданының тұрғыны) |
2. Көлтоған елді мекені, Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу. 2.1. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын аяқтау. 2.2. 2023 жылға бекітілген бюджет қаржысына сәйкес құрылыс жұмыстарын аяқтау. 2.3. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауға қажетті қаржы көздерін анықтау. 2.4. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
03.05.2023 ж
01.12.2023 ж
20.12.2023 ж
20.12.2024 ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Құрылыс басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілген (жалпы құны - 752 млн. тг.) Күрделі жөндеу жұмыстарына 2023 жылға 280 млн.тг. қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүруде, жұмыс көлемінің 60% орындалды. Нысан 2024 жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
3 |
Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің жылу жүйесін ретке келтіру жұмыстарын қажет етеді. Осы мәселенің оң шешімі табылса? (Мамаев Нұржан Ордабасы ауданының тұрғыны) |
3. Қараспан ауыл округі, Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің жылу жүйесін ретке келтіру. 3.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 3.2. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүргізу. 3.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
15.05.2023 ж
01.06.2023 ж 01.11.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Құрылыс басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің жылу жүйесін ретке келтіру жұмыстарына 12,2 млн. тг. қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары қараша айында толық аяқталды. |
|
Инфрақұрылым саласы |
||||||
|
4 |
Темірлан ауылы, Ордабасы, Спатаев, Мұқадас, Керуен Сарай, Абырой (ПМК аумағы) ауыз жүйесі жүргізілмеген көшелерді таза ауыз сумен қамту бойынша ықпал етсеңіз? (Монбекова Райхан Ордабасы ауданының тұрғыны) |
4. Темірлан ауылы, ПМК аумағындағы 5 көшені (Ордабасы, Спатаев, Мұқадас, Керуен Сарай, Абырой) таза ауыз сумен қамтамасыз ету. 4.1. Ағымдағы жылдың қараша айына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары толық аяқталатын болады. |
01.11.2023 ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыОрдабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Ордабасы, Спатаев, Мұқадас, Керуен Сарай, Абырой (ПМК аумағы) көшелеріне ауыз су жүйесі жүргізіліп, таза ауыз сумен қамтылды. |
|
5 |
Жалпы аудан көлемінде табиғи газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Төрткүл ауылында газ құрылысы 2022 жылы басталған болатын. 2023 жылы пайдалануға берілуге ықпал етсеңіз. (Айтбаев Құралсын Ордабасы ауданының тұрғыны) |
5. Төрткүл ауылын табиғи газбен қамту жұмыстарын толығымен аяқтау. 5.1. Ағымдағы жылдың қазан айында табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстары толық аяқталатын болады.
|
25.10.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыОрдабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Төрткүл елді мекенін табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстарына 2022-2023 жылдарға жалпы бюджет 933,8 млн. теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қараша айында пайдалануға берілді.
|
|
6 |
Темірлан ауылы, Керуен Сарай көшесін толығымен асфальттау жұмыстары жүргізілсе? (Четабаева Айгерім Ордабасы ауданының тұрғыны) |
6. Темірлан елді мекені, Керуен Сарай көшесіне толығымен асфальт жабындысын төсеу. 6.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастырып, сметалық құжаттама әзірлеу. 6.2. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүргізу. 6.3. Көшеге асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
01.07.2023 ж
10.07.2023 ж
01.12.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров) Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Ордабасы ауданының ішкі көшелерін күтіп ұстау есебінен асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Құны 100,0 млн. теңге. Қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргізілуде. |
|
7 |
Шұбарсу ауылы, негізгі көшелерді орташа жөндеуден өткізу немесе шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілсе? (Құлжанов Ақжол Ордабасы ауданының тұрғыны) |
7. Шұбарсу елді мекеніндегі басты көшелерді орташа жөндеуден өткізу немесе шұңқырларды жамау туралы. 7.1. Бюджеттен қаржы бөлу үшін сметалық құжаттамаларын әзірлеп, ұсыну.
7.2. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүргізу.
7.3. Көшелерді асфальттау жұмыстарын бастап, пайдалануға беру. |
01.06.2023 ж
07.06.2023 ж
01.12.2023 ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров) Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
2023 жылы Шұбарсу ауылындағы негізгі 3 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: Сұлтан Бейбарыс көшесі 5,6 шақырымына 173,1 млн. теңгеге (2024 жылға өтпелі); Қызылжар көшесі 2,1 шақырымына 74,8 млн. теңгеге; Қазыбек би, Тәуелсіздік көшелері 6,3 шақырымына 174,5 млн. теңгеге (2024 жылға өтпелі) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Орталық көше бойындағы ой-шұңқыр орындары Қазыбек би және Тәуелсіздік көшелерін орташа жөндеу жобасы арқылы жамау жұмыстары жүргізілді.
|
|
Денсаулық саласы |
||||||
|
8 |
Шұбарсу елді мекенінде 50 мыңға жуық халық тұрады. Медициналық жедел жәрдем көлігі 3 дана ғана қызмет көрсетуде. Арнайы көлік санын көбейтуге ықпал етсеңіз? (Мамаев Нұржан Ордабасы ауданының тұрғыны) |
8. Шұбарсу елді мекеніне қосымша жедел-жәрдем көліктерін бекіту туралы. 8.1. Нормативтік-құқықтық актіге сәйкес жедел-жәрдем көліктерінің қажеттілігін зерделеу.
8.2.Зерделеу қорытындысымен ұсыныс енгізу.
|
12.04.2023 ж
01.07.2023 ж
|
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров) Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Денсаулық сақтау басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Статистикалық база бойынша Шұбарсу ауылының халық саны 31882 (бейресми – 50 мың адам) адамды құрайды. Денсаулық сақтау құқықтық нормаларына сәйкес 10, 000 тұрғынға 1 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетуі тиіс делінген. Тұрғындарға түсіндірілді.
|
|
Өзге салалар |
||||||
|
9 |
Ұялыжар ауылындағы қоқыс полигонының талаптарға сай болмауы, Бөржар ауыл округі әкімінің заңсыз жер иеленуі және «Айсұлтан» ЖШС қыш зауытының лицензиясыз топырақ өндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы іс-әрекеттерге шара қолданылса? (Абулдаев Сүйін Шымкент қаласының тұрғыны)
|
9. Бөржар ауыл округі, Ұялыжар елді мекеніндегі полигонды зерделеу, Бөржар ауыл округі әкімінің жер иеленуін анықтау және «Айсұлтан» ЖШС қыш зауытының жұмысын заң аясында зерделеу. 9.1. Ұялыжар ауылындағы ескі полигонды тазалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу. 9.2. Бөржар ауыл округі әкімінің заңсыз жерді иеленуі бойынша тексеру жүргізіп, нәтижесі бойынша заңды шара қабылдап, қорытындысын облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу. 9.3. Бөржар ауыл округі, Ұялыжар елді мекеніндегі «Айсұлтан» ЖШС-не заңсыз пайдаланған жер қойнауы бойынша заңды шара қабылдау. |
01.06.2023 ж
20.04.2023ж
05.04.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров) Ордабасы ауданының әкімдігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экология департаменті Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Жер қатынастары басқармасы Жер ресурстары департаменті (келісім бойынша) |
|
9.1. Ескі полигон 05.04.2005 жылы аулдан әкімінің №155 қаулысымен күл-қоқыс төгетін полигон орны үшін деп 1 га жер беріліп, мемелекеттік актісі алынған. 29.04.2015 жылы №277 қаулымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Жалпы аумағы 4 га құрайтын ескі полигонның аумағы ауыл округі әкімдігі мен демеушілермен бірлесіп, толық тазаланды. 9.2. С.Құрымбековтың тұрғын үйі орналасқан жер телімі Бөржар ауыл округі әкімінің 17.03.2016 жылғы № 55 санды шешімімен жалпы көлемі 2170,0 шаршы метр, тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізуге Б.Бұйрабаева 2-жылға жалға беріліп, заңдастырылған. Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан азаматша Б.Бұйрабаеваға қатысты ҚР Жер кодексінің сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде, жер заңнамасы талаптарының бұзушылығы анықталып, азаматша Б.Бұйрабаеваға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес, 285 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. 9.3. «АYSULTAN GROUP» ЖШС саз топырақты сатып алуға «NUR-BRICK» ЖШС-імен 01.03.2023 ж. № 2 келісім шарт түзген. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлері, тау-кен инженері маркшейдер мамандарымен бірге жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 42 мың текше метр топырақ қазылғаны анықталып, заң бұзушылықтар бойынша шара көру үшін материал облыстық экология департаментіне жолданды (21.08.2023ж). |
|
10 |
Мен осы кездесуге Берген елді мекенінің тұрғындарының атынан келіп отырмын. Біздің елді мекен Арыс өзенінің бойында орналасқан, жылдан жылға көктем мезгілінде су көбейген кезде өзеннің арнасы кеңейіп, елді мекендегі тұрғын үйлермен қора жайлары және жылыжайларын су шаю қаупі орын алуда. Қауіпті сейілту үшін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өзен арнасының жағалауын нығайту немесе бұруға қаржы көздерін қарастыруға ықпал етуіңізді сұранамыз. (Егембердиев Мақсат Ордабасы ауданының тұрғыны) |
10. Қараспан ауыл округі, Берген елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын бұру және жағалауын нығайту туралы. 10.1. Ағымдағы жылдың соңына дейін Арыс арнасын бұру және жағалауын нығайту жұмыстарын аяқтау.
|
01.12.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы) Ауыл шаруашылығы басқармасы Төтенше жағдайлар департаменті Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Берген елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын бұру, су шаю қауіпі бар жағалау орнын нығайту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес 94,5 млн. теңге қаржы аудандық бюджеттен қаралды. «Элит строй Групп» ЖШС мен келісімшарт түзіліп, құрылыс жұмыстары 2023 жылы желтоқсан айында аяқталды. |
|
11 |
Шұбарсу ауылындағы ескі ауыз су мұнаралары орналасқан мекендегі жерлерге балалар ойын алаңшасын салуға рұқсат берілсе? (Құлжанов Ақжол Ордабасы ауданының тұрғыны) |
11. Шұбарсу ауылындағы ескі ауыз су мұнаралары орналасқан мекендегі жерлерге балалар ойын алаңшасын салу. 11.1. Балалар ойын алаңшасын салуға жер учаскелерін анықтау. 11.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 11.3. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын жариялау. 11.4. Балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
26.04.2023 ж
01.06.2023 ж 10.06.2023 ж
01.11.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров) Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Стратегия және экономикалық даму басқармасы Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Шұбарсу ауылы, Болашақ алабындағы жаңа ауыз су мұнарасы маңынан 47,6 млн. теңгеге балалар ойын және спорт ойын алаңшасы орнатылып, 2024 жылы ақпан айында пайдалануға берілді.
|
Түркістан облысы әкімінің Ордабасы ауданы тұрғындарымен 29.08.2023 жылғы кездесуде көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту орындау |
|
Спорт саласы |
||||||
|
1 |
Қараспан ауылдық округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет, Ынтымақ, Ақпан елді мекендеріне ортақ спорт алаңша салынса? Қожабек Күмісбек 87715482856 |
1. Жұлдыз, Мәдениет, Ынтымақ, Ақпан елді мекендеріне ортақ спорт алаңша құрылысын жүргізу туралы. 1.1. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын аяқтау.
1.2. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру. |
01.10.2023 ж
25.11.2023 ж |
Ордабасы ауданы әкімі (А.Оралбаев)
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Мәдениет ауылынан спорт алаңшасын салуға жергілікті бюджеттен 21,7 млн. теңге қаржы қарастырылды. «Karat-Z» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, құрылысы жүргізілуде. Нысан қаңтар айында пайдалануға беріледі.
|
|
Газ саласы |
||||||
|
2 |
Қарақұм ауылын табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пайдалануға ертерек берілсе екен? Зілқара Арысбек 87712395402 |
2. Қарақұм ауылын табиғи газбен қамту жұмыстары туралы. 2.1. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.
|
01.11.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Ордабасы ауданы әкімі (А.Оралбаев) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қарақұм ауылына тартылатын жеткізуші және ішкі газ құбырын салу құрылысына 2022 жылы 500 млн.тг. бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары (мердігер "Gas Energy Construction" ЖШС) толық аяқталды. Нысан 2023 жылы қазан айында пайдалануға берілді.
|
|
Денсаулық саласы |
||||||
|
3 |
Бөржар ауыл округі, Ықыластемір елді мекенінде жаңадан салынған фельдшерлік акушерлік бекетінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ертерек пайдалануға берілсе екен? Ережеп Данай 87715638142 |
3. Бөржар ауыл округі, Ықыластемір елді мекенінен ФАБ құрылысын жүргізу туралы. 3.1. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.
|
25.10.2023 ж
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов) Құрылыс басқармасы Денсаулық сақтау басқармасы Ордабасы ауданы әкімі (А.Оралбаев) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 135 млн.теңгеге фельдшерлік акушерлік бекетінің құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, толығымен аяқталды.Мердігер мекеме «Astana Koktem Group». Нысан 2023 жылы қазан айында пайдалануға берілді. |
|
Экология саласы |
||||||
|
4 |
«Зауыт Модуль» ЖШС зауытынан шыққан түтін экологияға зиянын тигізуде. Экологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілсе? Мұсабаев Сырым 87717939692 |
4. «Зауыт Модуль» ЖШС зауытының экологиялық талаптарды сақтау туралы. 4.1. Облыстық экология департаментімен қыш зауыттарының санитарлық-қорғау зоналарындағы ауаның ластану мөлшеріне өлшеу жұмыстары жүргізу.
4.2. Нәтижесімен тиісті шара қолданып, облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу.
|
20.09.2023 ж
29.09.2023 ж
|
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров)
Экология департаменті
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Ордабасы ауданы әкімі (А.Оралбаев) |
Тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндау |
«Зауыт Модуль» ЖШС-гі жер қойнауын геологиялық барлауға 01.03.2022 жылы №1644-ЕL лицензия парағын алған, өндіруге рұқсат қағазын алмаған. Тау-кен инженері маркшейдер маманымен «Зауыт Модуль» ЖШС-нің қыш зауытының аумағында заңсыз жер қойнауын қазу жағдайы бойынша келтірілген залал көлемі анықталып, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуротурасымен 6,1 млн.тг айыппұл салынды. Аудан әкімдігінің тексеру жұмыстарын жүргізу туралы 14.06.2023 ж. №229-10/01-01/1027, 12.07.2023 ж. № 229-10/01-01/1221 жолдаған хаттары негізінде «Зауыт Модуль» ЖШС-не және Бадам аумағындағы өзге де қыш зауыттардан шыққан түтіннің қоршаған ортаға экологиялық зиянын анықтау бойынша Экология департаментімен 16 қыш зауытының 11-не тексеру жұмыстары жүргізіліп анықталған 15 заң бұзушылық бойынша 2 млн 862 мың тг. айыппұл салынды. |
|
Өзге мәселе |
||||||
|
5 |
Бадам ауыл округіндегі индустриалды аймақтағы зауыттардан шығатын зиянды қалдықтардың экологиялық талаптарды сақтамай қоршаған ортаға зияны туралы? Ефремов Сергей 87055949791 |
5. Бадам ауыл округі, индустриалды аймаққа кәрізді тазарту жүйесінің құрылысы туралы. 5.1. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.
|
01.03.2024 ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыОрдабасы ауданы әкімі (А.Оралбаев) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Компания Өнім» ЖШС тарапынан индустриалды аймақтың кәрізді тазарту жүйесіне (КТЖ) әзірленіп (жоба құны 547 215,0 мың теңге), 2022 жылы құрылысы жүргізілген. Аудан әкімдігі тарапынан аталған кәрізді тазарту жүйесін сатып алуға 2022 жылы 500 млн. тг. қаржы қарастырылды. Қалған 47,2 млн.тг. қаржысы 2024 жылы облыстық бюджеттен қаралды. Аудан теңгеріміне алу үшін құжаттары рәсімделуде. |