Отырар ауданы тұрғындарымен кездесудегі (10.03.2023 ж.) көтерілген мәселелердің орындалуы туралы мәлімет

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Орындалуы

І-ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

(10.03.2023 жылы)

Ауыз су саласы

1.

Бестам, Жанкел елді мекендері бүгінгі күнге дейін ауыз суды тасымалдап ішіп отыр. Осы күрделі мәселе оң шешімін тапса.

 

(Отырар ауданы, Маяқұм ауылының тұрғыны Батырқұлов Бектан)

1. Бестам, Жанкел елді мекендеріне ауыз су жүйелері құрылысын жүргізу

1.1. Бестам елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысына Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

1.1.1. Бестам елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысын жүргізу.

1.2. Жанкел елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны құрылысын аяқтау

1.01.06.2024 ж.

 

 

 

1.1.15.05.2023 ж.

 

 

 

 

 

 

 

1.1.1.01.06.2024 ж.

 

 

 

 

1.2.16.12.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Отырар ауданының әкімдігі

      Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округі, Бестам елді мекеніне ауызсу жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2023 жылы бюджеттен 174,2 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Нысан 2024 жылға өтпелі.

Отырар ауданы, Көксарай ауылдық округі, Жанкел елді мекеніне ауызсу жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2023 жылы бюджеттен 174,7 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылып, желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Коммуналдық шаруашылық саласы

2.

Соңғы жылдары аудан аумағында сәуір-тамыз айлары аралығында шыбын-шіркейлер шамадан тыс көбейіп, тұрғындарды әбігерге салуда. Биылғы жылға шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, жүйелі жұмыстар жүргізілсе.

 

(Отырар ауданы Көксарай ауылының тұрғыны,  Тоқбергенов Оңал)

2. Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын жүргізу.

 

2.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

2. 30.04.2023 ж.

 

 

 

2.1. 01.03.2023 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Отырар ауданының әкімдігі

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

2023 жылы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 817,0 млн теңге қаржы қарастырылып, Отырар ауданындағы белгіленген аймаққа залалсындандыру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Ауыл шаруашылығы саласы

3.

Отырар ауданының Шәуілдір суармалы алқабындағы 12 мың гектар алқаптың жер асты ыза суының деңгейі мен жердің тұздылығын төмендететін 368 шақырымдық көлденең қашыртқылар мен 55 шықырымдық бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмысы 2021 жылдың басында басталған болатын. Алайда, бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

Осы мәселе оң шешімін тапса.

 

(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны, Жаймырзаев Әбдіхалық)

 

3. Көлденең қашыртқылар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау

 

3.1. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

3. 30.12.2023 ж.

 

 

 

 

 

3.1. 30.06.2023 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

 

«ҚазСушар» РМК

(келісімі бойынша)

 

Отырар ауданының әкімдігі

      «Қазсушар» РМК 27.11.2023 жылғы №388Ө бұйрығы негізінде орындалған және қалдық жұмыстарға кешенді тексеру жүргізіліп, құрылысы аяқталмаған нысан ретінде қабылдауға тексеру актісі әзірленді. Бүгінгі таңда «СЕСТ-Инжиниринг» ЖШС мекемесімен  жұмсалған қаражатқа баланстық құны анықталып, нәтижесі  «Қазсушар» РМК жіберілді.

     Құрылыс жұмыстарын жүргізуге екі дана драглайн жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз анықталды. Қазіргі таңда құжаттарының техникалық ерекшеліктерге сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жол саласы

4.

Қоғам ауылындағы  Бейбітшілік көшесіне асфальт төселсе.

 

(Отырар ауданы Қоғам ауылының тұрғыны, Нарымбетова Бибігүл)

4. Қоғам ауылындағы  Бейбітшілік көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

4.1. Аудандық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

4.  30.10.2023 ж.

 

 

 

 

4.1. 30.06.2023 ж.

 

Отырар ауданының  әкімі

С.Сұлтанханов

 

 

       2023 жылы Қоғам ауылындағы  Бейбітшілік көшесінің орта жөндеу жұмыстарына «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 39 млн. 953 мың теңге қаржы қаралып, аталған автомобиль жолының асфальт жабындысы төселіп, нысан пайдалануға берілді.

 

5.

Шәуілдір ауылындағы Н.Оңдасынов көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге  баратын көшеге асфальт төселсе.

 

(Отырар ауданы  Шәуілдір  ауылының тұрғыны, Байбалаев Бақыт)

5.  Шәуілдір ауылындағы Н.Оңдасынов көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге  өтетін жолға  асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

5.1. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу

 

5.2.Аудандық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

 

5.  30.10.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

5.1. 30.07.2023 ж.

 

 

 

 

5.2.  01.07.2024 ж.

Отырар ауданының  әкімі

С.Сұлтанханов

 

 

 

      Қазіргі таңда, Шәуілдір ауылындағы Н.Оңдасынов көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге баратын көшесіне орта  жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу шаралары өткізілуде.

Құрылыс саласы

6.

2022 жылы Талапты елді мекенінен ауылдық амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталған болатын. Осы құрылыс аяқсыз қалмаса.

 

(Отырар ауданы Талапты ауылының түрғыны Нұрымшан Нұржігіт)

 

6. Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулатория құрылысын аяқтау

 

 

 

6. 16.12. 2023 ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы

 

Облыстық құрылыс  басқармасы

 

Отырар ауданының әкімдігі

 

       2022-2023 жылдары облыстық бюджеттен 415,6 млн теңге қаржы қаралып, Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылысы 2023 жылдың 29 желтоқсанында пайдалануға берілді.

 

 

ІІ-ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

(11.08.2023 жылы)

Коммуналдық қызметтер саласы

1.

Сіздің көктемде Отырар ауданына келген кездегі кездесуіңізде ауданымызда шыбын шіркейдің шамадан тыс көбейіп, тұрғындарды әбігерге салып жатқаны жөнінде мәселе көтерілген болатын. Биылғы жылға шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде шыбын шіркей біршама азайды. Аталған шыбын шіркейге заласыздандыру жұмыстарын ендігі жылы ерте көктемде жүргізсе деген ұсынысымыз бар. 

 

(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны,  Жаппарқұлов Пернехан)

 

Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын жүргізу.

 

1.03. 2024 года

Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Отырар ауданының әкімдігі

 

«Түркістан облысының аумағында 2024 жылға арналған жәндіктер мен буынаяқтылардың санын азайту бойынша зиянкестермен күресу шараларын өткізу» үшін мердігер «SATTI TULIK» ЖШС-мен 13.02.2024 жылы келісім шарты (құны-622 330,7 мың теңге) және «Түркістан облысының аумағында 2024 жылға арналған жәндіктер мен буынаяқтылардың санын азайту бойынша зиянкестермен күресу шараларын өткізу» бойынша ғылыми сүйемелдеуге мердігер «Защита растений-К» ЖШС 08.02.2024 жылы келісім шарты (құны-33 698,9 мың теңге) түзілген.

Бүгінгі таңға, жұмыстардың өндірістік кестесіне сәйкес дезинсекциялық іс-шаралары, ғылыми сүйемелдеуімен қатар атқарылып жатыр.

Ауыз су саласы

2.

Отырар  елді мекеніндегі ауыз су жүйесі құбырларының тозығы жеткен, жиі бұзылып жататыны бар. Осы су жүйелерін жөндеп жаңартуға ықпал етсеңіз.

 

(Отырар ауданы, Отырар ауылының тұрғыны Әуезов Ержан)

Отырар елді мекенінің тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу.

2023 жылғы 30 қарашаға дейін

 

Отырар ауданының әкімдігі

2023 жылы Отырар ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 10,2 млн теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы саласы

3.

Отырар ауданы, Ақтөбе ауыл округіндегі 3,5 мың гектар жерге су жеткізетін ұзындығы 11 шақырымды құрайтын Р-1 каналына 2020 жылы облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге қаржы қаралып, «Тұран Су» МКК тарапынан бетондау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта бізге тиесілі бөлігі аяқталғанымен, аталған каналдың бас жағы, яғни Ордабасы ауданы аумағындағы бөлігіне енді қаржы қаралып аяқтау мерзімін 2024 жылдың соңына белгілеп отыр.

Ол жұмыстар аяқталғанша екі жыл өтеді, яғни Отырар ауданы аумағындағы бетондалған бөлігі су жүрмеген соң тозып, сапасы кетіп бұзылуы мүмкін. Осыған орай аталған каналдың бас бөлігіндегі жұмыстардың келесі жылғы суару маусымына дейін аяқтауға ықпал етуіңізді сұранамын.

 (Отырар ауданы Ақтөбе ауылының тұрғыны, Нұрмбетов Құлман)

Р-1 каналының Ордабасы ауданындағы бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

«Тұран су»
ШЖҚ МКК

       Отырар ауданы бойынша                         11 шақырымды құрайтын Р-1 каналына «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан 2020 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2022 жылы толық аяқталған.

       2023 жылға облыстық бюджеттен 133,2 млн теңге бөлініп, «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан Р-1 каналының Ордабасы ауданында орналасқан бөлігін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның құны - 593,12 млн теңгені құрайды.

      Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

 

    

4.

Суармалы егістік жеріме Л-1 каналынан насос арқылы су аламын, осы насос арқылы су алғаныма мемлекеттен субцидия беріле ме?

 

(Отырар ауданы Арыс ауылының тұрғыны, Жаманқара Сапаралы)

 

Арыс ауылының тұрғыны С.Жаманқараның өтінішін заңға сәйкес қарастырып, мерзімде жауап беру

2023 жылғы
10 қыркүйекке дейін

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

 

Отырар ауданының  әкімдігі

 

       Өтініш иесі «Қазсушар» РМК ның Отырар өндірістік бөлімшесі және Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшыларының жеке қабылдауында болып, егістік жерді дизелді су тартқыш маторымен суғаратын шаруаларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылмағандығы Арыс ауылының тұрғыны С.Жаманқараға түсіндірілді.  

Кәсіпкерлік саласы

5.

Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына ауданымыздан 4 ауылдық округ еніп, жергілікті тұрғындар ауылшаруашылығы бағытында 2,5 пайыздық несие алып өз шаруашылықтарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Сол округтердің халқы бағдарламаның игілігін көріп, ризашылықтарын айтып жүр.

Менің Сізден сұрарым, аталған бағдарламаға Шәуілдір ауыл округі қосылса.

 

(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны, Нысанбек Білім)

«Ауыл аманаты» бағдарламасына Шәуілдір ауыл округін қосу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отырар ауданының  әкімдігі

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

 

2023 жылы «Ауыл аманты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округінен 4 АШӨК құрылып, 255 адам несие алуға ниет білдіріп, кооператив құрамына кірген. Бүгінгі таңда сол ниет білдірушілерден 141 адам құжаттарын тапсырып, оның ішінде 82 адам 422 млн теңгеге қаржыландырылды.

       2024 жылы Шәуілдір ауылын аталған бағдарламаға қосу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс берілді.

Дата публикации
08 апреля 2024