2024 жылғы 31 наурызда Түркістан облысының 6 сайлау округінде (Түркістан облысы бойынша: Бәйдібек – 1, Мақтаарал – 2, Отырар – 1, Төлеби – 1, Шардара - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 23 кандидаттан барлығы 2 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 21 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-тен астам кандидатты құрайды.
Тіркелген 21 кандидаттың 8 саяси партиялар, 13 өзін-өзі ұсынған. Оның 21 ер адам. Кандидаттар арасында этнос өкілдері жоқ.
10 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 4 – партия қатарында жоқ, 7 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 42 жас.
19 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 1 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 8 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 12 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер: