Түркістан облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

         2024 жылғы 31 наурызда Түркістан облысында 6 сайлау округтеріңде (Түркістан облысы бойынша: Бәйдібек – 1, Мақтаарал – 2, Отырар – 1,     Төлеби – 1, Шардара – 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

         Сайлау науқанының барысында 23 - кандидат ұсынылды. Оның 8 - і саяси партиялар, -15 - і өзін-өзі ұсынды.

         Ұсынылған кандидаттар 23 – ер адам.

         11 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 4 – партия қатарында жоқ, 8 партияға тиесілігін көрсетпеген.

         Орташа жас - 42 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында  этнос өкілдері жоқ.

         21 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі бар.

         Кандидаттардың 1 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 9 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 13 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

         1 – кандидат өз өтінішімен кандидаттықтан бас тартты.

         Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 0 кандидатты тіркеді.

         Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

         Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

         Сілтемелер

Сілтемелер

1._Бәйдібек ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/documents/details/619473?lang=kk

2. Мақтаарал ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/documents/details/619486?directionId=40892&lang=kk

3. Отырар ауданының https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/documents/details/619510?lang=kk

4. Төлеби ауданының https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/documents/details/619155?lang=kk

5. Шардара ауданының https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/documents/details/619484?lang=kk

 


Дата публикации
01 марта 2024