Жер қоры
Түркістан облысының жалпы жер қоры 11610,3 мың гектарды құрайды.
Атап айтқанда 7 санат бойынша:
1)Ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша санатындағы пайдаланатын жерлері 4469,5 мың га;
2) Елді мекендердің жерлері 807,0 мың га;
3) Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 138,8 мың га;
4) Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 430,4 мың га;
5) Орман қорының жерлері 3029,7 мың га;
6) Су қорының жерлері 134,5 мың га;
7) Босалқы жерлер 2600,4 мың га;
Босалқы жерлерді айналымға енгізу
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы - Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бойынша 2023 жылдың ауыл шаруашылығы мақсатындағы 131,8 мың га жерлерді айналымға қосу жоспарланып, есепті мерзімге 20 конкурс ұйымдастырылып, 907 жер учаскелер 131,9 мың га (егістік 11,6 мың га, жайылымдық 101,5 мың га, тұрақты пайдалануға бекітілгені 18,8 мың га) жерлер айналымға енгізілді.
Сонымен қатар, аудан, қалалар бойынша мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы 130 жер учаскесіне аукцион ұйымдастырылып, жалпы кәсіпкерлік мақсатындағы 142,7 гектар жер учаскелері сатып берілді (құны 330,5 млн теңге).
Түгендеу жұмыстары
Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді алып қою бойынша облыс әкімінің 24.04.2023 жылғы №1-24ө-н/қ өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген.
Ведомствоаралық кіші тобының жұмыс жоспарына сәйкес, 330,7 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері туралы
2024 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне жалпы 441 614 азаматтар тіркелген.
2023 жылы кезектілік тізіліміне сәйкес, инфрақұрылым жүргізілген аумақтардан 1299 азаматтарға жер учаскесі берілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесін сауда-саттықсыз беру
Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардан кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесін сауда-саттықсыз беру қарастырылған.
2023 жылы облыс әкімдігімен жеке және заңды тұлғаларға жалпы 14456,828 га жер учаскесі пайдалануға берілді.
Оның ішінде:
-Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін - 32,8381 га (23 жоба)
-Индустриялды аймақты орналастыру үшін - 10,97 га (2 жоба)
-Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін -14059,0199 га (33 жоба)
-Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін - 304 га (1 жоба)
-Жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін - 50 га (2 жоба)
Елді мекендерді тарату
2023 жылы облыс бойынша халық саны 50 адамға дейінгі 31 елді мекен анықталды. Оның ішінде:
-Таратылған елді мекендер 25;
-Біріктірілетін елді мекендер 2;
-Елді мекен статусында қалғаны 4.
Жер учаскелеріне жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №294 бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың 13 желтоқсандағы №7/106-VIII шешімімен жер учаскелері жекеменшікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары қайта бекітілді.
2024 жылға атқарылатын шаралар
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық кіші тобының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылға облыс бойынша 60,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды.
Ортақ жайылым көлемін ұлғайту мақсатында арнайы қордағы 125 мың га жайылым жер учаскелерін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2024 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы айналымға тарту үлесін 3,3 пайызға ұлғайту жоспары бекітіліп, жалпы 146,9 мың га жерлерді қайта айналымға енгізу көзделуде.
2012-2023 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Басқарманың құжат айналымы
2023 жылы жалпы 55 хаттамалық тапсырма берілген.
Оның ішінде:
- Орындалғаны -51:
- 2024 жылға өтпелі - 4.