Түркістан облысы әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген
өзекті мәселелер
15.02.23ж
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Спорт саласы |
|||||
|
1. |
Жергілікті тұрғындарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент, Мырзакент кенттерінен жаңа заманауи спорт кешенін салуға, сондай-ақ, елді мекендерден спорт алаңшаларын салуынуына ықпал жасауыңызды сұраймын. Алайдаров Бақберген Атакент кентінің тұрғыны
|
1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 1.1. Мырзакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. 1.2. Атакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу. 1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 1.4. Атакент кентіндегі спорт кешенінің құрылыс-мантаж жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау. |
1. 2023-2024 жыл
1.1. 10.2023 ж.
1.2. 07.2023 ж. 1.3. 09.2023 ж. 1.4. 12.2024 ж. |
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Мақтаарал ауданында, Мырзакент кентінен спорт кешеннің құрылысы 2022 басталып, 512,0 млн теңге қаржы игерілген. Жалпы конкурстық құны 881,385 млн теңге. 2023 жылы тамыз айында құрылыс жұмыстары толығымыен аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы нысанына 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда аталған нысанға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысан 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.
|
|
Мәдениет саласы |
|||||
|
2. |
2022 жыл ауданымызда Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының құрылысы басталған. Аталған құрылыс жұмыстар қашан аяқталады? (Мұратова Роза Достық ауылдық округінің тұрғыны, мәдениет саласының қызметкері.) |
2. Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бақылау. 2.1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
2. 12.2023 ж.
2.1. 12.2023 ж. |
Облыстық мәдениет басқармасы Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтеріндегі 200 орындық (жалпы конкурстық құндары 786,430 млн теңге)мәдениет және кітапхана құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі болған. Аталған құрылыс нысандарына 2022 жылы 200 млн теңге (Еңбекші а/о 100 млн, Жамбыл а/о 100 млн) қаржы қаралып, толық игерілген. Нысандардың құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды. |
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
3 |
Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 2022 жылы жаңа мектеп салынып басталған болатын. Құрылысы жүріп жатқан мектепті 2023 жылы аяқтау мүмкіншілік бар мекен? (Қошқаров Серік Бірлік ауылдық округінің тұрғыны) |
3. Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 3.1. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
3. 31.12.2023 ж.
3.1. 31.12.2023 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы нысанына 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 млн тг қаралып, игерілген болатын, 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстары үшін толық қаржысы қаралып, (1 млрд 575 мың теңге), Нысан 2023 жылдың 16 желтоқсан күні пайдалануға тапсырылды. |
|
Коммуналдық сала |
|||||
|
4. |
Біздің Азаттық елді мекенімізде ең маңызды мәселеміз ол ауыз су болып отыр. Су уақытпен беріледі, жазды күндері ауыл тұрғындары огородтарын суғарып, шеткі көшелерге жетпей су жетпей қалады. Счетчик қоюға құбырлардың бәрі шіріп кеткен, орнатуға келмейді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу барысында проектісін жасап қойғанбыз, ақшасын сұрап жатырмыз деп есеп берді. Сізден ауыл тұрғындарының бірінші кезектегі мұқтажын орындауға көмектессеңіз! (Зәуірбеков Ералы Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекенінің тұрғыны Парнабекова Фарида Қарасу ауылының тұрғыны) |
4. Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарын жүргізу. 4.1. ҚҚұрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу. 4.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 4.3. Құрылыс-мантаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау |
4. 2023-2024 ж.ж.
4.1. 07.2023 ж.
4.2. 09.2023 ж.
4.3. 10.2024 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыс жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2023 жылға РБ-тен 323,5 млн. теңге қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі.
|
Түркістан облысы әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген
өзекті мәселелер
02.08.23 жыл.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Ауыл шаруашылығы |
|||||
|
1 |
2019 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы мемекеттен жеңілдетілген пайызбен 4.9 млн тг несие алып, қазіргі таңда мал басын 30 (отыз) ға жеткіздім, мал басына берілетін субсидияның берілу тәртібі қалай, сол субсидияны ала аламызба? (Момбеков Иманберді - Ынталы елді мекенінің тұрғыны) |
Мемлекеттен мал басына берілетін субсидия алу тәртібін түсіндіру |
10.08.2023 |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Мал басына берілетін субсидия "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2019 жылғы № 108 бұйрығына сәйкес беріледі. subsidy.plem.kz сайтында сұратылған талптарға мал басын сәйкестендіріп электронды өтінім түзіліп электронды өтінім облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолданады. Өтінім ауыл шаруашылығы басқармасында қаралып нәтижесі бойынша субсидия тағайындау немесе себебі көрсетіле отырып бас тарту туралы шешім қабылданады. |
|
Коммуналдық сала |
|||||
|
2 |
Достық ауылдық округіне табиғи газ қашан беріледі? (Мерганов Асқар - Достық ауылының тұрғыны) |
Елді мекенді табиғи газға қосу |
01.12.2024 |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Аудандық бюджеттен 59,9 млн. теңге қаралып, Достық ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне газ жүйесін салу жұмыстарына жобалау – сметалық құжаттамалары әзірленді. Оның ішінде, Гүлістан елді мекеніне газ жүйесін жүргізу үшін құрылыс мантаж жұмыстарына 2024 жылға 151 млн тг қаралып, бүгінгі таңда мелекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Достық ауылдық округінің қалған елді мекендеріне құрылыс мантаж жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық және облыстық бюджетке қаржы қарауға ұсыныс жолданған. Қалған елді мекендер бойынша 2024 жылға қаржы бөлінген жағдайда нысанның құрылыс жұмыстары басталатын болады. |
|
3 |
Шапағат ауылына табиғи газ қашан беріледі? Күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар еді. (Суюнов Орал - Шапағат ауылының тұрғыны) |
Елді мекенді табиғи газға қосу |
30.09.2023 |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Бүгінгі таңда, облыстық бюджеттен 26,7 млн. теңге қаралып, Шапағат елді мекенінде газ жүйесінің құрылысы жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта, мердігер тарапынан табиғи газды беру мақсатында атқарушылық техникалық құжаттары (ИТД) рәсімделуде. Елді мекенге табиғи газ 2023 жылдың қазан айында берілді. |
|
Жаяу жүргіншілер жолы |
|||||
|
4 |
Атакент кенті Желтоқсан көшесі бойында ИДЖЖ-2 жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын тездетіп аяқтаса және сол көшеге мектеп оқушылары және тұрғындар үшін жол аяқ салып беру (Ерсаев Қилыбай - Атакент кентінің тұрғыны) |
1. ИДЖЖ-2 жобасын аяқтау
|
01.03.2024
|
Мақтаарал ауданының әкімдігі
Түркістан облысы «ҚазСушар» РМК |
Бүгінгі күнде Атакент кентіндегі ИДЖЖ-2 жобасының 3 кешен бойынша бас мердігер Израилдік «TAHAL Consulting Engineers Ltd» компаниясы жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда каналдың жол үстінде орналасқан және жұмысқа кедергі келтіретін ағаштарды жою жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар мердігер мекемеге бөлінген қаржының толық көлемде түспеу салдарынан бетонмен қаптау жұмыстары уақытша тоқтатылған. Алдағы уақытта мердігер мекеме қаржы бөлінгеннен кейін жоба бойынша бетондау жұмысы толықтай жалғасын тауып, аяқталатын болады. |
|
5 |
2. Жаяу жүргіншілер жолын салу
|
01.09.2025 |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Атакент кентінің орталық бөлігіндегі ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге республикалық бюджетке ұсынылған. Осыған орай, кенттегі құрылыс барысында жер қазу жұмыстары аяқталған соң, ішкі көшелерге сонымен қатар Желтоқсан көшесінеде аяқ жол салу бойынша ұсыныстар берілетін болады. |
|
|
Жол |
|||||
|
6 |
Бірлік а/о, Өркениет елді мекенінде Ахан Құлбаев көшесіне асфальт қашан төселеді? (Жолдасбеков Мыктыбек - Өркениет ауылының тұрғыны, ауыл ақсақалы) |
Ахан Құлбаев көшесіне асфальт төсеу |
30.11.2023
|
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Бүгінгі таңда, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, аудан елді мекендердің 55 ішкі көшелеріне 50 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен құны 413,4 млн. теңгеге ұзындығы 20,4 шақырымды құрайтын елді мекендердің 26 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бірлік ауылдық округі Өркениет елді меніндег Ахан Құлбаев (1 200 м) көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 2023 жылға қаржы қаралып, асфальтобетон жабындысы төселді. |
|
Тұрғын үй |
|||||
|
7 |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан тұрғын үй беріледі ме? (Мырзашов Райымбек - жеке кәсіпкер, Ж.Қалшораев ауылының тұрғыны) |
Осал топтағы азаматтарға үйлерді табыстау бойынша заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу |
Тұрақты |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Мақтаарал ауданы аумағында 2023 жылғы жағдай бойынша тұрғын үй кезегінде жалпы саны 1853 азамат кезекке тіркелген. Оның ішінде, 101 азамат «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына кезекке тіркелген. Осыған орай, алдағы уақытта мемлекет тарапынан тұрғын үй сатып алынып немесе үй салынған жағдайда, кезек ретімен берілетін болады. 2023 жылы қайталама нарықта халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу бойынша, Республикалық бюджеттен 30 дана тұрғын үйлер сатып алуға жалпы құны 288 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 26 дана тұрғын үй сатып алынып, қабылдау өткізу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда кезекте тұрған отбасыларға сатып алынған тұрғын үйлер кезек-кезегімен берілуде. 2023 жыл соңына дейін сатып алынған 26 дана тұрғын үй кезекте тұрған тұрғындарға толығымен беріліп аяқталды. |
|
Әлеуметтік сала |
|||||
|
8 |
Біздің отбасымызда менімен бірге бірінші топтағы 3 мүгедек бірге тұрамыз, бізге тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке алынған қаржыны облыстан келген комиссия мемлекетке қайтаруды талап етуде, соған жәрдем берсеңіз? (Наджапов Сархан – Қарақыр ауылының тұрғыны) |
Заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, талаптарға тура келген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету |
01.09.2023 |
Мақтаарал ауданы әкімдігі
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Қарақыр ауылы, Достар көшесі № 5 үй тұрғыны Махмудоглы Севгил Асланқызы 23.01.2023 ж. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес, отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін өтінішпен жүгінген. Тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелік комиссияның оң қорытындысын алған, Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының тексеруінен өтіп, шартсыз негізде тағайындау туралы шешімнің жобасы уәкілетті органға – Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне түсіп, уәкілетті органның 1) Махмуд Оглы Севгил – өтініш беруші, бала күтіміндегі әйел; 2) Наджапов Сархан Али-Керимович – бала кезінен І-топ мүгедегі; 3) Наджапов Эбру – ұлы, 2017 ж.т.; 4) Наджапова Элиф – қызы, 2020 ж.т.; 5) Наджапов Эрен- ұлы, 2021 ж.т. Облыс әкімінің орынбасары 1) Наджапов Али-Керим, өтініш берушінің қайын атасы; 2) Наджапова Ягут Машалла кызы, өтініш берушінің енесі, 1971 ж.т.; 3) Наджапов Алихан Али-Керим оглы, 1994 ж.т., бала кезінен І-топ мүгедегі; 4) Наджапов Эльвин Али-Керимұлы, 2002 ж.т., бала кезінен І-топ мүгедегі бірге тұратындығы анықталған. 03.08.2023 ж. отбасының үй шаруашылығына бару арқылы зерделеу жұмыстары жүргізіліп, отбасыда жұмыс тобы анықтаған отбасы мүшелері шын мәнінде бірге тұратындығы расталып, акт түзілді. Отбасыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,7 га жер, үйіргелік 0,25 га жер, 1 - ірі қара мал, 3-ұсақ мал, 30-құс бар. |