Облыс әкімінің Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесудегі (29.03.2023 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
1 |
Аудан орталығында біраз көшелерге көше жарығы орнатылған. Орталықтағы Н.Мұратов көшесі ұзын көшелердің бірі, сондықтан осы көшеге жарық орнатылуына ықпал етсеңіз.
|
1. Қазығұрт елді мекені Н.Мұратов көшесін жарықтандыру. 1.1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 1.2. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін жарықтандыру құрылысын бастау. 1.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру. |
2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Қазығұрт елді мекені Н.Мұратов көшесінің 0,8 шақырымды құрайтын жарықтандыру жұмыстарына құны 16,5 млн. теңгелік сметалық есебі әзірленген. Бүгінгі таңда тиісті қаржылар қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер мекеме «Бекзат-Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Құрылыс жұмыстары қараша айында басталып, желтоқсан айында аяқталып пайдалануға берілді. Орындалды |
|
2 |
Қ.Абдалиев ауыл округі, Рабат елді мекеніндегі жаңадан салынып жатқан П.Тәжібаева атындағы мектебіне оқушылар баратын асфальт жол салынып берілсе. Себебі, балалар күз, қыс, көктем мезгілдерінде барып-қайтуға қиналуда. |
2.Қ.Абдалиев ауыл округі, П.Тәжібаева көшесін орта жөндеу 2.1.Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама әзірлеу 2.2. Қаржы бөлдіру
|
2023-2024 жыл
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Рабат елді мекені П.Тәжібаева мектебіне баратын 1,3 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құны 41,1 млн. теңгелік сметалық есебі әзірленген. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «RRR GROUP 2018» ЖШС тарапынан орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Орындалды. |
|
3 |
Жылыбұлақ елді мекеніндегі Ө.Қалыбаев атындағы көшеге жарықтандыру жұмыстары қашан жүргізіледі? |
3. Жылыбұлақ елді мекеніндегі Ө.Қалыбаев көшесін жарықтандыру. 3.1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 3.2. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін жарықтандыру құрылысын бастау. 3.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру. |
2023 ж.-2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жылыбұлақ елді мекеніндегі Ө.Қалыбаев көшесінің 3,5 шақырымына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін бүгінгі таңда ситуациялық схемасы сызылып, 44,7 млн. теңгені құрайтын сметалық есебі әзірленді. Ендігі кезекте 2024 жылы бюджетті бекіту кезінде тиісті қаржылары қаралып, Ө.Қалыбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстар басталмаған |
|
4 |
Аудан орталығында жазғы күндері ауыз су тапшылығы болады. Осы мәселені шешуге ықпал жасасаңыз. |
4.Қазығұрт елді мекенінен ауыз су қоймасын салу құрылысы. 4.1.Сметалық құжаттама әзірлеу. 4.2.Қаржы бөлдіру.
|
2023 ж.-2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Бұл мәселе бойынша Қазығұрт елді мекеніндегі ауыз су қоймасын салу құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 701,2 млн. теңгеге сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер мекеме «Оңтүстік Энерго Строй-Сервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда келісім-шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. Орындалу үстінде. |
|
5 |
Қарабау ауыл округіндегі Сынтас – Алтынтөбе автомобиль жолына көше жарығы қашан орнатылады? |
5. Қарабау ауыл округіндегі Сынтас – Алтынтөбе автомобиль жолын жарықтандыру. 5.1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 5.2. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін жарықтандыру құрылысын бастау. 5.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру. |
2023 ж-2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қарабау ауыл округіндегі Сынтас – Алтынтөбе автомобиль жолының 8,5 шақырымына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін бүгінгі таңда ситуациялық схемасы сызылып, 125,5 млн. теңгені құрайтын сметалық есебі әзірленді. Ендігі кезекте 2024 жылы бюджетті бекіту кезінде тиісті қаржылары қаралып, Сынтас – Алтынтөбе автомобиль жолына жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстар басталмаған |
|
6 |
Шанақ ауыл округі Шанақ және Жігерген елді мекендеріндегі 200 орындық мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Осы нысандарды мерзімінде, сапалы аяқтап ел игілігіне пайдалануға берілуіне ықпал жасасаңыз.
|
6. Шанақ және Жігерген елді мекендеріндегі мәдениет үйлерінің құрылысының аяқталуына ықпал ету. 6.1. Құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтау
|
2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Құрылыс басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
2021 жылы Шанақ (құны 274,3 млн.теңге) және Жігерген (құны 267,4 млн.теңге) ауыл округінде 200 орындық мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Барыс Тассай» ЖШС тарапынан басталып, өтпелі кезеңмен 2023 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Ағымдағы жылы нысанды аяқтау жұмыстарына 15,3 млн. теңге қаржы қаралды. Тиісті құрылыс жұмыстары аяқталып, желтоқсан айының 15 күні пайдалануға берілді. Орындалды. |
|
7 |
Тұрбат ауылдық Тураб Тулла мектебінің құрылысы қашан басталады.
|
7. Тураб Тулла мектебінің құрылысын қайта бастау. 7.1. Ішкі мемлекеттік аудит комитетінен игерілген қаржыға жұмыстардың сәйкестігі туралы қорытынды алу 7.2. Жобаға өзгеріс енгізу 7.3. Мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу 7.4. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін мектеп құрылысын бастау. 7.5. Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалнуға беру |
2023 ж.-2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Құрылыс басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Тұрбат елді мекенінен 300 орындық «Т.Тулла» атындағы мектеп құрылысына 2021 жылы мердігер мекеме «Direc Delivery» ЖШС-і жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстары басталған болатын. 2021-2022 жылдары 15,0 млн.теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттарына түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы нысанның сметалық құны 2 194,3 млн. теңгені құрайды. 2023 жылы 200,0 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда, мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. Орындалу үстінде. |
|
8 |
Қазығұрт ауданындағы Дарын мектебіне қосымша жатақхана қашан салынады?. |
8. Дарын мектебіне қосымша жатақхана салу 8.1. Жер телімімен қамтамасыз ету 8.2. Жатақханаға қосымша ғимарат құрылысын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
|
2024 ж-2025 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Экономика және дюжетті жоспарлау басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімі
Адами әлеуетті дамыту басқарамасы
Құрылыс басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қазығұрт ауданында пайдаланудағы Дарын мектебіне, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекені, «Шығыс» мөлтек ауданынан 300 орындық типтік мектеп және 250 оқушыға арналған жатақхана құрылысын салуға 3,0 га жер теліміне 15.04.2023 жылы оң қорытынды берілді. Қазіргі таңда, «Дарын» мектеп интернатының КММ тарапынан жер телімінің жерге құқықтау құжаттары әзірленуде. Жерге орналастыру актісі, ауыл әкімінің шешімі алынды. Ендігі кезекте кадастрға гос акт алуға тапсырыс беріледі. Гос акт алынған соң, салсық басқармаға ұсыныс беріледі. Жұмыстар басталмаған |
|
9 |
Қарабау ауыл округіндегі жер бөлу мәселесіне көмектессеңіз.
|
9. Қарабау ауыл округіндегі жер бөлу 9.1. Жер бөлу бойынша конкурс өткізу. 9.2. Аудан әкімінің қаулысын шығару.
|
2023 ж. |
Қазығұрт ауданының әкімі |
Аудан әкімінің қаулысын шығару |
«Қарабау» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарабау ауыл округінен тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген барлығы 4 468,5 гектар егістік жер Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қазандағы №236 қаулысымен ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Одан 3 893,62 гектар егістік жер учаскесі Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 120 қаулысымен 7 (жеті) өндірістік кооперативке конкурс арқылы бөлініп берілді. Орындалды. |
Облыс әкімінің Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесудегі (25.08.2023 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
1 |
1. Шарбұлақ ауылы округінен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Бәкір Агро» коорперативінің алған несиесіне (сүт бағытында) қосымша қаржылай қолдау көрсету туралы ұсыныс.
|
1. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Бәкір Агро» коорперативінің алған несиесіне (сүт бағытында) қосымша қаржылай қолдау көрсету жөнінде ұсыныс енгізсін;
1.1. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Бәкір Агро» коорперативінің алған несиесіне (сүт бағытында) қосымша қаржылай қолдау көрсету жөнінде ұсыныс енгізсін; |
2023 жыл
|
Ауыл шаруашылығы басқармасы
«Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Шарбұлақ ауылы округінен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Бәкір Агро» кооперативінің алған несиесіне (сүт бағытында 27,6 млн.тг.) қосымша қаржылай қолдау көрсету бойынша Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС тарапынан аталған кооперативке мүше болып және қосымша кепіл мүлкін кепілдікке қойып қосымша несие беру мүмкіндігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|
2 |
1. Мен Тұрбат ауыл округіне қарасты Өндіріс елді мекенінде тұрамын. Бізде электр қуаты өте нашар. Осы мәселені шешу бойынша қандай жұмыстар атқарылатын болады?
|
2. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мерзімінде орындалсын;
2.1. Құрылыс жұмыстары мерзімінде орындалсын;
2.2. Өндіріс елді мекенінде электр қуаты пайдалануға берілсін |
2023 жыл
|
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекендерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы» бойынша 2023 жылы 515,0 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, «QAZ STROY EVEREST» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс –монтаж жұмыстары басталды. Нысанның жалпы құны: 567,4 млн. теңге. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Орындалды |
|
3 |
1. Аудандардағы спорт мектептері облысқа өтуіне байланысты, басқа аудандарда спорт клубтары ашылған. Осындай спорт клубы біздің аудан орталығынанда ашылса балаларға жақсы болар еді?
|
3. Қазығұрт ауданында бұқаралық спортпен айналысатын аудандық клуб ашу қажеттілігі анықталсын; 3.1. Қазығұрт ауданында бұқаралық спортпен айналысатын аудандық клуб ашу туралы ұсыныс енгізілсін; 3.2. Қазығұрт ауданында бұқаралық спортпен айналысатын аудандық клуб ашылсын. |
2023 жыл
|
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі
|
Спорт клубы ашу |
2023 жылы мамыр-маусым айларында Қазығұрт спорт клубын ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудан әкімінің қаулысы шықты. Бүгінгі таңда «Қазығұрт спорт клубы» болып әділет басқармасына тіркелді. 2023 жылдың 17 қарашадағы аудандық бюджетті нақтылау барысында мтиісті қаржылары қаралып, штаттық бірліктері бекітіліп, спорт клубы өз жұмысын бастады. Орындалды. |
|
4 |
1. Барлық аудан, қалалардағы орталықтандырылған жедел жәрдемді деспечерін аудандық жедел жәрдем орталығына өткізілсе.
2. Барлық аудан, қаладағы ветеринария бөлімдерін аудан әкімдігіне өткізілсе деген ойым бар.
|
Облыстық басқармаға қарасты орталықтандырылған мекемелерді аудан әкімдігіне өткіз туралы: 4. Барлық аудан, қалалардағы орталықтандырылған жедел жәрдемді деспечерін аудандық жедел жәрдем орталығына өткізу бойынша заң аясында қарастырып, нақты ұсыныс енгізу;
4.1. Барлық аудан, қаладағы ветеринария бөлімдерін аудан әкімдігіне өткізу бойынша ұсыныс енгіз. |
2023 жыл
|
Облыстық денсаулық басқармасы
Облыстық ветеринария басқамасы
|
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Облыстық салалық басқармалар тарапынан мәселе көтерген тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|
5 |
1. Сарапхана елді мекенінің шекарасын ұлғайту жұмыстары қашан жүргізіледі?
|
5. Сарапхана елді мекенінің шекарасын 60 гектарға ұлғайту ұсыныс енгілісін.
5.1. Сарапхана елді мекенінің шекарасын 60 гектарға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілсін. |
2023 жыл
|
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Қазығұрт аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Нысанның мемлекеттік тіркеу актісін беру |
Аудан бюджетінен ағымдағы жылы 10 млн. тенге бөлініп аудан бойынша 20 елді мекендердің шекарасын ұлғайту жұмыстары (Сарапхана е.м. 60 га.) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Қазығұрт аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі арқылы тиісті жұмыстар атқарылып, қараша айында аудандық жер қатынастары бөліміне жердің мемлекеттік тіркеу актісі берілді. Орындалды |