Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (31.03.2023 жылғы) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

 

Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (31.03.2023 жылғы) өзекті мәселелерді

іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты

орындаушы

Орындалуы туралы мәлімет

Коммуналдық сала

1.

Шардара қаласы, Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу туралы

Шардара қаласының  тұрғыны Мархабаев М.

 

1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау.

1.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу.

1.2. Шардара қаласы Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

 

 

 

1. 2023 жыл

 

 

1.1.            01.2023 ж.

 

1.2.            10.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Шардара ауданының

әкімдігі

Орындалу үстінде (2023 ж.)

1. Шардара қаласы, Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу жұмыстарының жобалық құны 673,3 млн. теңге.

1.1. 2022 жылы Республикалық бюджет есебінен 200,0 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған. 2023 жылы қалған 473,3 млн. теңге толығымен қаралды. 

1.2. Нысан 2023 жылғы желтоқсан айының 30 жұлдызына дейін құрылысы аяқталып, атқарылған техникалық құжаттары (ИТД) жауапты мердігер тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  ТӨФ-на тапсырылып, қабылдау жұмыстары аяқталатын болады.

2.

Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату туралы

Шардара қаласының тұрғыны Биту Ж.

2.                  Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау.

2.1.            Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату үшін қаржы бөлу.

2.2.            Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

2.3.            Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

 

2. 03.2023 ж.

 

 

 

 

2.1.  03.2023 ж.

 

 

 

 

2.2.  04.2023 ж.

 

 

 

2.3.  08.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)

 

Шардара ауданының

әкімдігі

Орындалды  (2023 ж.)

2. Шардара-Арыс-Темірлан бағытындағы облыстық маңызы бар «КХ-8» тас жолының Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын бөлігіне түнгі жарықтандыру жүргізу бойынша 29,7 млн. теңгеге ЖСҚ  дайындалған.

2.1. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 29,7 млн. теңге қаржы бөлінген.

2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер «ЖК Рамазан» келісім шарт түзілген.

Бүгінгі таңда 1,7 шақырымға 49 дана бағана орнатылып, кабельдері тартылып, «Оңтүстік Жарық» мекемесінен техникалық шартқа рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

2.3. Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына 1,7 шақырымға 49 дана бағана орнатылып, электр желісіне қосылып, пайдалануға берілген.

Ауыл шаруашылық саласы

3

Аудандағы егістік алқаптарда орналасқан 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру туралы 

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің  тұрғыны Сүлеев Т.

3.                  Аудандағы егістік алқаптарда орналасқан 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. 

 

3.1.  Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

3.2.  Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.

 

 

3. 2023-2025ж.

 

 

 

 

 

3.1. 04.2023 ж.

 

 

 

3.2.  12.2025ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

 

Орындалу үстінде (2023-2025 ж.)

3. Шардара ауданындағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін «Ислам Даму» банкі арқылы 17,4 млрд.теңге қаржы бөлінген. 

Аталған жоба 3 лотқа бөлінген.

1 лот, Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауылдық округтерінде орналасқан 105 дана тік дренажды қалпына келтіру жұмыстары басталған. Мердігер компания «Асатай» ЖШС. (аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы);

2 лот, Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауылдық округтерінде орналасқан 89 дана тік дренажды қалпына келтіру жұмыстары басталған. Мердігер компания «Алматыинжстрой» АҚ «Геотерм» ЖШС. (аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы);

3 лот, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде орналасқан 108 дана тік дренаждарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мердігер компания «Толағай2030» ЖШС анықталды  (аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айы). 

3.1. Бүгінгі таңда, 1 және 2 лот бойынша тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. 3 лот бойынша мердігер компания анықталған.

3.2. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік саласы

4.

Мал шаруашылығына  жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алу туралы.

 

Шардара қаласының   тұрғыны Тұрлыбеков С.

 

4.                  Мал шаруашылығына  жастарға арналған 2,5 пайыздық несие беру.

 

4.1.  Мал шаруашылығына  жастарға арналған 2,5 пайыздық несие үшін қаржы бөлу.

 

4.2.  Жастарға 2,5 пайыздық несие беру.

 

 

 

4. 01.2023ж.

 

 

 

 

4.1. 01.2023 ж.

 

4.2. 11.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы

 

Шардара  ауданының

әкімдігі

 

Орындалды (2023 ж.)

4 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% шағын несие қарастырылған.

4.1. Шардара ауданына 2023 жылға жоспар бойынша  Республикалық бюджеттен 130 млн.теңге бөлінген.

4.2. Жалпы  60 азамат өтініш білдіріп, 38 нақтыланды. Оның ішінде бүгінгі күнге 24 азаматтың құжаттары дұрысталып несие беретін ұйымға өткізілсе, 19 азаматтың құжаты комиссияға жолданды. Қазіргі таңда 19 азаматқа несие берілген.

Басқа сала

5.

Көктем айларында шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы

Шардара қаласының   тұрғыны Тоқсанбаев Н.

 

5.       Шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

 

5.1.  Залалсыздандыру жұмыстарын бастау.

 

5.2.  Залалсыздандыру жұмыстарын талапқа сай аяқтау.

 

 

 

5. 04.2023ж.

 

 

 

 

5.1. 04.2023 ж.

 

5.2. 06.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Орындалды (2023 ж.)

5.2. Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне химиялық әдіспен (кардинал, фипрон препараттары қолданылды) 2 рет дезинсекция шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, Шардара аумағынан өтетін Сырдария өзеніне 9720 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді.

Залалсыздандыру жұмыстары 2023 жылдың маусым айында аяқталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (26.08.2023 ж.) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

 

Шешу мерзімі

Жауапты

орындаушы

Аяқтау нысаны

Мәдениет және спорт саласы

6.

Көксу ауылдық окгугіндегі жаңадан салынған спорт алаңшасын пайдалануға беру туралы

Көксу ауылдық округінің тұрғыны Дәуренбеков Е.

1. Жауапты мердігерге заң талаптары бойынша шара қолданып, нысанды пайдалануға беру.

1.1. Жауапты мердігерге заң талаптары бойынша шара қолдану.

 

1.2. Нысанды пайдалануға беру.

1.    2023 жыл

 

 

 

1.1.   01.10.2023ж.

 

 

1.2.  30.12.2023 ж.

 

Шардара ауданының

әкімдігі

Орындалмаған (2023 ж.)

Жауапты мердігерге шара көру бойынша сотқа берілген. Сот отырысы 27.09.2023ж. белгіленген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2023 жылы 27 қыркүйек күні бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау  келісім шарт бойынша ағымдағы жылдың 31 желтоқсанға дейін. Бюджеттен қаралған қаржы қысқартылған. Мердігер заң талаптарына сәйкес сот шешімін орындағаннан кейін, қаржысын 2024 жылдың бюджетінен төлеп беру жоспарланып отыр.  

Коммуналдық сала

7.

Көксу ауылдық округіндегі саябақтағы ретсіз құрылыс қалдықтарын тазарту туралы

Көксу ауылдық округінің тұрғыны Дәуренбеков Е.

1. Көксу ауылдық округіндегі саябақтағы құрылыс қалдықтарын тазарту.

 

1.     01.10.2023 ж.

 

Шардара ауданының

әкімдігі

Орындалды (2023 ж)

Меншік иесіне жазбаша хабарлама беріліп, құрылыс қалдықтары тазаланды.

8.

Шардара қаласы
4-шағын ауданында ауыз су мәселесін түбегейлі шешу туралы

Шардара қаласының тұрғыны Әліпбаев Т.

 

 

 

1.       1. Шардара қаласының 4-ші шағын ауданында ауыз су құрылысының 3-кезеңі бойынша жұмыстар жүргізіп, пайдалануға беру. 

1.1.  Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

1.2.  Нысанды пайдалануға беру.

1. 2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

1.1.  04.05.2023ж.

 

1.2.   01.06.2024ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)

 

Облыстық құрылыс басқармасы

Шардара ауданының

әкімдігі

Орындалу үстінде (2024 ж)

1. 2017-2018 жылдары 411,0 млн. теңге бөлініп, жол және су желілерімен қамтамасыз етілген.

1.1. 3-кезең құрылысы 2023 жылдың мамыр айында басталған. Нысан 2024 жылға өтпелі. 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға тапсыру жоспарланған.

9.

Шардара қаласындағы ауыз судың  сапасын жақсарту туралы

Шымкент қаласының   тұрғыны Райымқұлов Ж.

 

1. Шардара қаласындағы ауыз судың  сапасын жақсарту

1.1  «Тама» жер асты суын тарту жобасының мемлекеттік сараптама қорытындысын алу.

1.2   Республикалық бюджеттен    қаржы қарауға ұсыну.

 

1.3  Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

 

 

1.  2023-2024 ж.ж.

 

1.1.  01.10.2023 ж.

 

 

 

1.2.  01.04.2024 ж.

 

1.3  2024-2025ж.ж

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Шардара  ауданының

әкімдігі

Жұмыстар басталмаған
(2024 ж)

1.Шардара қаласының бас су торабын заманауи су тазарту технологияларын пайдалана отырып, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қаладан 40 шақырым қашықтықта орналасқан, су қоры жеткілікті, су сапасы сынақтан өткен «Тама» жер асты суын тарту мақсатында жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 16 млрд. теңге. Қаржы қаралған жағдайда 2024 жылдан бастап құрылысын жүргізу жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласы

10.

Шардара аудандық ауруханасына жаңа автокөліктер беру  туралы

Шардара қаласының  тұрғыны Биту Ж.

1.      Аудандық аурухананы жаңа автокөліктермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

 

1.    30.12.2023 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Шардара ауданының әкімдігі

 

 

 

Орындалмаған (2023 ж)

Аудандық аурухананы автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесін 2023 жылдың соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы  үнемделген қаржы есебінен шешуді жоспарлап отыр.  

Ауылшаруашылық саласы

11.

Шардара ауданы Ақалтын, Егізқұм, Достық ауылындағы 8 ағын су каналын коммуналдық меншікке өткізу туралы 

Шымкент қаласының   тұрғыны Райымқұлов Ж.

1. Ақалтын, Егізқұм, Достық ауылындағы 8 ағын су каналдарын меншік иесінің келісімімен коммуналдық меншікке өткізу

 

1.   2024-2025 ж.ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Шардара ауданының әкімдігі

Жұмыстар басталмаған (2025ж)

Жалпы Ақшеңгелді, Достық ауыл округтерінде («Шардара-Мақтарал» ЖШС, «Аятолла» ш/қ) жеке меншік теңгерімінде 8 канал ұзындығы 58,4 шақырым, іргелес жер көлемі 17300  га. Осы каналдар бүгінгі таңда жеке меншіктің теңгерімінде. Көп жылдардан бері меншік иелері тарапынан қажетті қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан, егістік алқаптарға суару маусымдарында қажетті су көлемі уақытылы жеткізіп беру мүмкіндігі болмай, шаруалар тарапынан наразылықтар туындауда. Аталған каналдарды жеке меншіктен мемлекет меншігіне өткізу бойынша «Ақалтын», «Егізқұм», «Қазақстан 60-жылдығы», «Бибат», «Асылсу» СПК-нің мүшелеріне ұжымдық арызбен сотқа жүгіну қажеттілігін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.   

12.

Мақта бағасы туралы  

 

Көксу ауылдық округінің   тұрғыны Бейсенов Ж.

1.      Мақта бағасын реттеу мәселесі бойынша қабылданатын шараларды айқындау үшін облыстағы ірі мақта  қабылдайтын және өңдейтін кәсіпорындар басшыларымен кездесулер өткізу.

 

1.      10.2023 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Е.Кенжеханұлы)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Шардара ауданының әкімдігі

Орындалды. (2023 ж)

Жетісай, Мақтаарал аудандарында 2023 жылдың қыркүйек айының басында мақта бағасын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлермен және шаруалармен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен жиналыс өткізілген. Ауданда ағымдағы жылғы мақтаның 1 кг бағасы 220 тг болып белгіленді.

13.

Ағын су тарифінің қымбаттығы туралы

Көксу ауылдық округінің   тұрғыны Бейсенов Ж.

1.                 ҚР Су ресурстары комитетіне ағын су тарифін қайта қарау  туралы ұсыныс енгізу.

1.      10.2023 ж.

 

 

 

 Шардара ауданының әкімдігі

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

Орындалған. (2023 ж)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті РММ-сі тарапынан  26.05.2023ж  №37-нқ санды бұйрығымен Республика бойынша ағын судың 1000 м3 қосымша құнсалығын қоса есептегенде 744,8 теңге болып бектіліп, 2023 жылдың 1-ші маусымынан- 1-ші  тамызына дейін (2 айға) қолданысқа енгізілген. Ал аталған мекеме тарапынан  ағын су тарифі қайта қаралып, 21.06.2023 ж №40-нқ бұйрығына сәйкес  ағын судың 1000 м3 қосымша құнсалығымен қоса есептегенде 707,84 теңге болып бекітілді.

14

Мақта өніміне мемлекет тарапынан субсидия бөлу туралы

Көксу ауылдық округінің   тұрғыны Бейсенов Ж.

1.           Облыста мақта кластерін дамыту бойынша  өңірлік бағдарлама жобасына сапалы мақта ұрығына және өніміне субсидия беру  бойынша  ұсыныс енгізу

1.   2023-2024ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Е.Кенжеханұлы)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

Шардара ауданының әкімдігі

Жұмыстар басталмаған
(2024 ж)

Облыста мақта кластерін дамыту бойынша  өңірлік бағдарлама жобасына сапалы мақта ұрығына және өніміне субсидия беру  бөлу жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс енгізілген. 2024 жылға  сапалы мақта ұрығын  субсидиялау қарастырылуда.

 

 

15

Мақта қабылдау пункттеріндегі тараздың дұрыс өлшеуіне тексеру жүргізу туралы

Көксу ауылдық округінің   тұрғыны Бейсенов Ж.

1.           Мақта өнімін жинау науқаны кезінде жұмыс тобын құрып, бақылау жұмыстарын жүргізу.    

 

1.        13.10.2023ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Шардара ауданының әкімдігі

Орындалды. (2023 ж)

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтің басшылығымен  арнайы топ құрылып, Шардара ауданында мақта қабылдау пункттерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Шардара ауданы әкімінің өкімімен жұмысшы топтар құрылып, мақта қабылдау пункттеріндегі таразы, мақтаның сапасы, бағасы, т.б. бойынша апта сайын мақталықтарды аралау жұмыстары жүргізілді.

Жер саласы

16

Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі тұрғындарына тұрғын үй салуға жер телімін бөлу туралы

 

Шымкент қаласының   тұрғыны Райымқұлов Ж.

1.Алатау батыр ауылдық округі тұрғындарына тұрғын үй салуға жер телімін бөлу

1.1 Жерге орналастыру және мемлекеттік акт алу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен  қаржы қарау

1.2    Техникалық шарт алу жұмыстарын жүргізу және СЖТ алу

1.3    Бөлінген жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын  жүргізудің ЖСҚ-ын жасауға аудандық      бюджеттен қаржы бөлу

1.4     ЖСҚ-ның сараптама қорытындысын алу

9.4.            1.5.Дайындалған жоба құрылысын қаржыландыруға 2025 жылға арналған Республикалық бюджетке ұсыныс енгізу

1.6. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстарын бастау

1.7. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу

1.  2023-2025 ж.ж.

 

 

1.1.   01.11.2023 ж.

 

 

 

1.2.   10.12.2023 ж.

 

 

1.3.   31.01.2024 ж.

 

 

 

 

 

1.4.   31.10.2024.ж.

 

1.5.   31.10.2024 ж.

 

 

 

1.6. 30.04.2025 ж.

1.7.   2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Шардара  ауданының

әкімдігі

 

Жұмыстар басталмаған
(2025 ж)

Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне кезекке тұрған азаматтарға берілетін жерлерге инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылған алаңшалардан берілуі қажет. Осыған орай Алатау батыр ауылдық округі Целинный елді мекеніне кіретін 618-ші бекеттен 120 жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге тиісті құжаттары әзірленуде. Атап айтқанда белгіленген жер телімінің жерге орналастыру жобасы әзірленіп, мемлекеттік актісі әзірленуде. Шардара ауданының даму жоспарына сәйкес, 618-ші бекетке тиісті жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, 2025-2026 жылдары инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жоспарланған.

 

 

Басқада мәселелер

17.

Жеке кәсіпкердің автокөлігін ұрлау  дерегі бойынша тексеру жүргізу туралы

 

Шымкент қаласының   тұрғыны Райымқұлов Ж.

1. Кәсіпкердің автокөлігінің ұрлығы дерегі  бойынша тексеру жүргізу

 

 

 

 

1.      10.2023 ж.

 

 

 

 

Шардара  ауданының

полиция бөлімі

 

Орындалды. (2023ж)

Шардара аудан әкімі аппараты тарапынан 30.11.2023ж. №229-29/03-23/3484 Шардара аудандық полиция бөліміне сұраныс хат жолданып, аталған бөлімнен 30.11.2023ж. №3-1 шығыс хатпен бұл бағытта полиция қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілгені, көтерілген мәселе бойынша оқиға орын алмағаны және аудандық полиция бөліміне тіркелмегені туралы мәлімет ұсынылған.

18.

Аудандағы шалғай елді мекендердегі интернет сапасының төмендігі туралы

Шымкент қаласының   тұрғыны Райымқұлов Ж.

 

1. Шалғай елді мекендерде интернет сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар атқару.

 

 

1. 2023-2024ж.ж.

 

 

 

 

Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

 

Шардара ауданының әкімдігі

Жұмыстар басталмаған
 (2024 ж)

Шардара ауданына қарасты 25 ауылдық елді мекен (бұдан әрі-АЕМ) бар. Мұның 18 АЕМ (72%) 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 3 АЕМ-де (12%) 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, қалған 4 АЕМ – де (16%) ұялы байланыс мүлдем жоқ. Аталған ұялы байланыс арнасымен қамтылмаған 4 АЕМ-нің (Бимырза (145), Арнасай(0), Бозай (83), Жоласар (321) ) Жоласар елді мекенінде ғана халық саны 250-ден жоғары болуына байланысты «Кселл» АҚ тарапынан 2024 жылға жаңа базалық станция орнатылатын болады. Сонымен қоса, 2G мобильді желісімен қамтылған 3 АЕМ-нің базалық станциясына жаңғырту жұмыстарын жүргізу мәселесі бар. Осыған байланысты Түркістан облысының ауылдық елді мекендерін сапалы интернетпен қамту жол картасы әзірленген. Жол картасына Шардара ауданы бойынша 2023 жылға 3 АЕМ (Егізқұм, Достық, Қызылқұм), 2024 жылға 1 АЕМ (Ақберді) интернет сапасы жақсаратын болады.

 

 

Дата публикации
09 января 2024