Түркістан облысы әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен 08.04.2022 жылғы кездесуіндегі өзекті мәселелер
29.12.2023ж.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу барысы
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1 |
Қаламызды газдандыру мәселесі нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Юлдашев Мамиржан Тел: 87014921305) |
Абоненттерді газға толық қосу жұмыстарын жүргізу (Наурыз айының 30 күні АГТС нысанын магистралдық газ құбырына қосылу (врезка) және газбен толықтыру (заполнения) жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда БМГЖ және Интергаз мамандарымен бірлесіп, №14 «Қызыләскер» АГТС газбен іске қосу (горячий запуск) жұмыстары атқарылуда. Жоғарыда айтылған жұмыстар толыққанды аяқталғаннан кейін қала аумағындағы ішкі орам жүйелерін, яғни жоғарғы қысымды сақиналау және 1-кезең нысандырын (қазіргі таңда ауа қысымымен тұр) ауа қысымын шығарып, газбен толтыру жұмыстары басталады. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы бөлімшесінен техникалық шарт алып, дербес шот ашып (үй ішілік құрылыс монтаж жұмыстары аяқталса) газға қосылса болады). |
желтоқсан, 2023 жыл
|
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, газ) Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019 жж. жүргізілген. І және ІІІ кезең нысандары толық табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жалпы І және ІІІ кезең бойынша 9360 (52%) абонент табиғи газ жүйесіне қосылған. ІІ кезең нысандары 07.12.2023 жылы толық аяқталып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе нысан газ жүйесіне қосылды. |
|
2 |
Қалаға кіре берістегі кәріз тазарту станциясының орналасқан жерін басқа жаққа ауыстыруға мүмкіншілік барма? (Кентау қаласының тұрғыны, Молжигитов Мұхтар Тел: 87014749786)
|
1.1. Кентау қаласындағы кәріз тазарту станциясы мен кәріз жүйелерін қайта құру ЖСҚ әзірлеу. 1.2. Сараптама қорытындысын алу. 1.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Кентау қаласының тұрғындарын орталықтандырылған кәріз су құбырына қосу үшін «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға, жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) келісу жұмыстары және жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.) |
1.1. қазан, 2022 ж. 1.2.желтоқсан, 2022 жыл 1.3. ақпан, 2023 жыл 1.4. маусым, 2023 жыл
|
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жұмыстар басталмаған (2023, кәріз) «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру үшін ЖСҚ әзірлеуге 102 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленіп, салалық басқармаға бюджеттік өтінім 17.05.2023 жылы ұсынылды. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен 5,0 млн. теңге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстарды келісім шартқа сәйкес аяқтау мерзімі 2024 жылдың мамыр айына дейін. Тапсырылған бюджеттік өтінімге сәйкес қалған қаражат 2024 жылдың бюджетіне енгізілген. |
|
3 |
Алтынсарин көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорттық алаңшалар салу мәселесі қашан шешімін табады? (Кентау қаласының тұрғыны, Жазденбаев Ерлан Тел: 87028185331) |
Көпқабатты тұрғын-үйдің ауласына спорттық алаңша салу. (2022 жылы Кентау қаласында 33 көпқабатты тұрғын-үй аулаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында спорттық алаңшалар (футбол алаңы, стрит бол, стрит воркаут, балалар алаңшасын) салу жоспарланған. Аталған 33 ауланың ішінде Алтынсарин көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы да қарастырылған).
|
маусым-қыркүйек 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалмаған (2022, спорт) Кентау қаласындағы көпқабатты үйлердің алдындағы 33 ауланы абаттандыру, балалар алаңшасын салуға сметалық құны – 2,8 млрд. теңге құрайтын ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 07.06.2023 жылы №29/6298 хатпен бюджеттік өтінім жолданды. 21.11.2023 жылы №229-1-01-20/4396 хатпен салалық басқармаға 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
Қаржы бөлінген жағдайда, балалар алаңшасын салу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.
|
|
4 |
Шұғыла мөлтек ауданының құрылғанына аз уақыт болса да көшіп келіп жатқан халық көп. Оның ішінде оқушы балалар да аз емес. Көшелеріміздің жарықтандыру мәселесін айтып жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы мәселе нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Сайдуалиева Жанар |
Шұғыла мөлтек ауданының көшелеріне жарық шамдарын орнату. (2022 жылға қала көшелеріне (Шұғыла м.а, №69, 74 орам.) жарық шамдарын орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30,4 млн. теңге қарастырылған. Соның ішінде Шұғыла мөлтек ауданы қамтылған. Жарық шамдарын орнату жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында бастау жоспарлануда).
|
мамыр 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, жарық) 2022 жылы Шұғыла, Болашақ, Жұлдыз, 68, 69, 74 мөлтекаудандарына мердігер «Rah-Man Holding» ЖШС-імен орнатылуы қажет 269 жарықшам толық орнатылды. Соның ішінде, Шұғыла мөлтек ауданына орнатылғаны 195 дана жарықшам. 05.09.2022 жылы қабылдау актісі алынып, пайдалануға берілді. |
|
5 |
Біздің үйлер СССР кезінде соғылған, үйлердің қасбеттері, шатырлары, есіктері шаршаған, көрші мөлтек аудандағы үйлерді 2021 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізген, бізге қашан жасайды? (Кентау қаласының тұрғыны, Таукеева Кульпан |
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Кентау қаласында 92 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 2023 жылға қаржы қарастыруға өтінім берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.) |
1.1. қазан, 2022 жыл 1.2. 2023-2024 ж.ж. |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2024, басқа) 2014-2021 жылдар аралығында Кентау қаласы бойынша 211 көппәтерлі тұрғын үйлер 5,8 млрд. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуді қажет ететін 92 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 2023 жылға 55 көпқабатты тұрғын үйге республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд. теңге қаржы қаралып, 2023 жылдың мамыр айында бөлініп, 55 көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 30 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілді. Ал, 25 үйде тұрғындар тарапынан анықталған кемшіліктерді ретке келтіріп, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 37 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,56 млрд теңге қаржы 2023 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қаралды. Қаралған қаржының бөлінуі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. |
|
6 |
Шоқтас ауылының жанында орналасқан саяжайды жарықтандыру мәселелері (Кентау қаласының тұрғыны, Ахметгалиева Мадина Тел:87058477658) |
1. Шоқтас саяжай алқабына статус беру. 2. Саяжайды жарықтандыру мәселелері (Шоқтас саяжай алқабын Хантағы ауылына қосу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, келісімге ұсынылды. Оң шешім қабылданған соң елді мекен статусы берілетін болады. Статус алынған соң жарықтандыру, абаттандыру, т.б. жұмыстары жүргізіледі.) |
1.1. желтоқсан, 2022 жыл 1.2. 2024 жыл |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2024, жарық) Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысымен келісім берілді. Бүгінгі күнге Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 552 га жер қосылып, Кентау қаласының шекарасы өзгертілді. Оның ішінде 40173,16 гектарға жайылымдық жер көлемі ұлғайтылды (Хантағы ауылы бойынша 14916 га, Ащысай ауылы бойынша 14948 га, Байылдыр ауылы бойынша 10309,16 га жайылымдық жер.) Шоқтас саяжай алқабының жер көлемі Хантағы ауылына қосылып, елді мекен статусын беру жұмыстары жүргізілуде. Статус алынған соң жарықтандыру, абаттандыру, т.б. жұмыстары жүргізіледі. |
|
Білім саласы |
||||||
|
7 |
Биылғы жыл Президентімізбен «Балалар жылы» болып жарияланды. Алайда, балаларымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, қосымша білім алу мен үйірмелерге қатысуы өте өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай қала оқушыларына тегін үйірмелер мен секциялар қарастырылады ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Кульбаева Арайлым Тел:87781759293) |
Қала оқушыларына тегін үйірмелер мен секциялар ашу. (2022 жылы кружок, секцияларға облыстық бюджеттен 7 000 орынға мемлекеттік тапсырыс қаралуда. Сондай-ақ, спорт саласына 13 000 орынға және мәдениет саласына 3 865 орынға мемлекеттік тапсырыс қаралған. Мемлекеттік тапсырысты бөлудің нәтижесінде, қосымша білім берумен қамтылатын балалардың үлесі 66%-ға жеткізіледі деген жоспар бар.) |
қыркүйек, 2022 жыл
|
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы |
Тегін үйірмелер мен секциялар ашу |
Орындалды (2022, басқа) Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында оқушыларға арналған 6 мәдени құрылым, ал оған қарасты 4 ауыл клубында 9 мәдени құрылым жұмыс жасайды (оның ішінде би үйірмелері – 4, вокал үйірмелері – 4, драма және көркемсөз – 4, домбыра -3). Үйірмелерге оқушыларға қатысуға толық жағдай жасалған. Қазіргі таңда Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтарындағы жалпы 15 үйірмеге 201 оқушы қатысады. Кентау қаласының спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі (волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, қазақша күрес, еркін күрес, самбо күресі, грек-рим күресі, дзюдо, тоғызқұмалақ, президенттік көпсайыс, каратэ-до, бокс,көркем гимнастика, шахмат, үстел тенисі) бойынша 4150 балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда. Қазіргі таңда 10119 оқушы 52,3% қосымша білім беру мекемелеріне және мектепішілік тегін қосымша үйірмелермен қамтылған. |
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
8 |
Қарнақ ауылына мәдениет үйін салу мәселесі нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыны, Маматраимов Асилзада Тел: 87053666164)
|
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Қарнақ ауылынан мәдениет үйін салу үшін әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты қайта жаңартуға бюджеттен қаржы қарастыру; 1.3. Мемлекеттік сараптамадан өткізу; 1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Қарнақ ауылында клубтың ғимараты апатты деп танылып, клуб өз жұмысын әкімшілік ғимаратында жалғастыруда. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2016 жылы 609,0 млн.теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаға сәйкес 300 орындық мәдениет үйі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталады және кітапхана сол мәдениет үйі ішінен ашылады. 2016 жылы алынған мемлекеттік сараптама қорытындысы қазіргі таңда жарамдылық мерзімі аяқталуына орай, қайта жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралуда.) |
1.1 мамыр, 2022 жыл 1.2 тамыз, 2022 жыл
1.3 қараша, 2022 жыл 1.4 тамыз, 2023 жыл
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2023, мәдениет) Қарнақ ауылында клубтың ғимараты апатты деп танылып, клуб өз жұмысын әкімшілік ғимаратында жалғастыруда. Қарнақ ауылы тұрғындар саны 15420 адамды құрайды. Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысына ЖСҚ әзірленді, құрылысының жалпы құны 1 350 047,0 мың теңгені құрайды. ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысы 22.02.2023 жылы №19-0077/23 шыққан. Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысына 2024 жылға Түркістан облысы әкімдігінің 14.12.2023 жылғы №285 қаулысына сәйкес, 107054 мың теңге қаралды.
|
|
Жер қатынастары саласы |
||||||
|
9 |
Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Хантағы, Ащысай ауылдарының жайылымдық жерлерін кеңейту жұмыстары қалай шешімін таппақ? (Кентау қаласының тұрғыны, Дюсенбаев Пернебек Тел: 87759521034)
|
Кентау қаласының жайылымдық жерлерін ұлғайту жұмыстарын аяқтау. (Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Ащысай және Хантағы ауылдарында ортақ жайылым жер көлемін ұлғайту мақсатында, Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың гектар жерлерді Кентау қаласының шекарасына қоса отырып 128,3 мың гектар жерге өзгерту мақсатында тиісті құжаттары Түркістан облысының әкімдігіне және облыс мәслихатына жолданып, бүгінгі таңда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясыда қаралып, тиісті келісімдемелерге ұсынылды. |
желтоқсан 2022 жыл
|
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Жайылымдық жер бөлу |
Орындалды (2022, жер) Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысымен келісім берілді. Бүгінгі күнге Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 552 га жер қосылып, Кентау қаласының шекарасы өзгертілді. Оның ішінде 40173,16 гектарға жайылымдық жер көлемі ұлғайтылды (Хантағы ауылы бойынша 14916 га, Ащысай ауылы бойынша 14948 га, Байылдыр ауылы бойынша 10309,16 га жайылымдық жер.)
|
|
Жол және қоғамдық көлік саласы |
||||||
|
10 |
Кентау қаласы, Ә.Бөкейханов көшесінің тұрғынымын. Біздің көшеге жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Асанов Бағлан Кеңешбекұлы 87475795050) |
Ә.Бөкейханов көшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау. (2022 жылы Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әрітпестік аясында 29 көшені жөндеу жоспарлануда. Сол 29 көшенің ішіне Ә.Бөкейханов көшесі енгізетін болады. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, шілде айында аяқтау жоспарлануда) |
шілде, 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, жол) Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 1,1 шқ құрайтын Ә.Бөкейханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. 19.10.2022 жылы қабылдау актісі алынып, пайдалануға берілді. |
|
11 |
Қоғамдық көліктер қашан жаңартылады және Кентау-Ащысай тас жолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? (Кентау қаласының тұрғыны, Хамидуллина Сабида Тел: 87058928347)
|
Кентау-Ащысай тас жолын жөндеу жұмыстарын аяқтау. 1. (Кентау қаласының бағыттарына жалпы 31 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. 2021 жылы жергілікті тасымалдаушы «Тұлпар-2030» ЖШС-і тарапынан 2 автобус жаңартылған (6,5%). 2022 жылға қосымша 3 автобус әкелуге аталған мекемемен тапсырыс берілді) 2. Құсшы ата-Ойық елді мекендері аралығындағы 34,0 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігердің жұмысын дұрыс орындамауына байланысты келісім-шартты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қайтадан конкурс жариялап, мердігерді анықтау жұмыстары ұзақ мерзімді қажет етеді. Осыған орай, қазіргі таңда күрделі жөндеуден ағымдағы жөндеу жұмыстарына ауыстырып, тиісті сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған жұмыстар басталғанға дейін жолдың ойық-шұңқырлары жамалып, орындары ретке келтірілетін болады. |
желтоқсан 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, жол) 11.1. Қоғамдық көліктерді жаңарту 2021 жылы жергілікті тасымалдаушы «Тұлпар-2030» ЖШС-і тарапынан 2 автобус жаңартылған (6,5%). 2022 жылға қосымша 2 автобус жаңартылды (11,8%). 2023 жылға қосымша 5 автобус жаңартылды (26,5%). 2024-2025 жылдары несие алу жолымен қалған автобустарды жаңарту жоспарлануда. 11.2. Кентау-Ащысай тас жолын жөндеу жұмыстарын аяқтау. КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 91-124,1 шқ. аралығын (Ойық- Құсшы ата ауылдарының аралығы 22,5 шқ) орташа жөндеу жұмыстарының қаржысы 2022 жылы толық бөлінбей, 2023 жылға өтпелі болуына байланысты орындалмады. (2022 жылы 0,77 млрд. тенге, 2023 жылы 1,1 млрд. теңге қаралған.) Аталған нысанды жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Нысан Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы теңгеріміне 2023 жылдың қазан айында қабылданған. |
|
12 |
Мұратбаев көшесі жөнделгенде бас жағы жөнделмей қалып кетті. Мен сол Мұратбаев көшесінің басында тұрамын. Көшемізге асфальт қашан төселеді? (Кентау қаласының тұрғыны, Кадирова Бақытгүл
|
Мұратбаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу. (2022 жылы Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әрітпестік аясында 29 көшені жөндеу жоспарлануда. Сол 29 көшенің ішіне Мұратбаев көшесі енгізілген. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында басталады) |
маусым 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, жол) Мұратбаев көшесін (0,4 шақырым, 4,8 млн. теңге) жөндеу жұмыстары 2022 жылдың мамыр айының ортасында басталып, маусым айында аяқталды. 19.10.2022 жылы қабылдау актісі алынып, пайдалануға берілді. |
|
Құрылыс
|
||||||
|
13 |
Подземный рудник нашего города. Глубина бывших шахт была около километра. Мы слышим, что уровень воды в шахтах поднимается, насколько это вообще опасно? (Кентау қаласының тұрғыны, Аюпов Фарид Тел: 87013795130) |
В настоящее время в целях снижения уровня воды в водостоке «Глубокий» ведется работа по реализации двух проектов: 1-этап. Из резервных средств акима области выделено 250,0 млн. тенге. Проект включает в себе установку в стволе «Глубокий» 4-х высокодебетных насосных станции и бурение 14 скважин вертикального дренажа (СВД). Потребность составляет-3,8 млрд. тенге. 2-этап. На разработку проектно-сметной документации требуется 492,3 млн. тенге. Реализация проекта и строительство водопроводных сетей на реках Хантагы и Байылдыр, сократит время работы существующих высокодебетных водонасосов. В случае реализации данных проектов, подземные воды достигнут безопасного уровня. |
декабрь, 2022 год
|
Областное управление строительства
Акимат города Кентау
|
Снижения уровня воды в водостоке |
Орындалмаған (2022, басқа) Жоба "Глубокий" шахтасының оқпанына төрт жоғары дәрежелі сорғыларды орнатуды, сондай-ақ негізінен су басу аймақтарында 11 тік дренажды ұңғымаларды бұрғылауды қамтиды. Бүгінгі таңда 11 ұңғыма бұрғыланды, шахталық су бұру бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілді. Шахталық Копр аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоғары дебитті сорғыларды қоректендіретін РП-6кВ монтаждау, сондай-ақ, кл-6кВ электр қуатының резервтік желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның конкурстық құны 4 млрд. 70 млн. теңге. 2021 жылы 10 млн.тг., 2022 жылы 2 млрд. тг., 2023 жылға 1,6 млрд. теңге бөлінді . Шахталық су төгетін сорғыларды жеткізу және орнату 2024 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған. |
|
Басқа да сұрақтар |
||||||
|
14 |
КСРО Министрлер кеңесі сыйлығының лауреаты, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазан төңкерісі» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, I,ІІ,ІІІ-ші дәрежелі «Кенші Даңқы» төсбелгі, «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті Кеншісі, Кентау қаласының Құрметті азаматы Сақ Мәуленқұловтың есімін Кентау қаласындағы бір көшесіне беруге ықпал етуіңізді сұраймын. (Кентау қаласының тұрғыны, Кривенцова Маржан Қазыбайқызы Тел:87017569015) |
Сақ Мәуленқұловқа көше атауын беру мәселесін ономастика комиссиясында қарау. (Көшеге атау беру үшін қалалық ономастикалық жұмысшы топ отырысында талқыланып, жергілікті мәслихат сессиясында қаралады. Содан кейін облыстық, республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Комиссия қорытындысына сәйкес, мәселе өз шешімін табады. Сонымен қатар, қазіргі Жастар саябағына С.Мәуленқұловтың атын беру мәселесі қарастырылуда.) |
желтоқсан 2022 жыл
|
Облыстық мәдениет басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Көшеге атау беріліп, мемлекеттік тіркеуден өткізу |
Орындалмаған (2022, басқа) С.Мәуленқұловтың есімін Кентау қаласындағы кіре беріс көшесіне (Кентау жазуынан А.Ясауи көшесі мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысына дейінгі аралық 6060,0 м қашықтық) беру туралы Кентау қаласы әкімдігінің 29.06.2022 жылғы №258 қаулысы, Кентау қаласы мәслихатының 29.06.2022 жылғы №150 шешімі шықты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары, ономастика комиссиясының төрағасы С.А.Қалқамановқа Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізуге ықпал ету үшін қажетті құжаттар тіркеліп Кентау қаласы әкімінің 07.07.2022 жылы №2291-01-16/45 хаты жолданды. С.Мәуленқұловтың есімін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуге ықпал ету үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановтың 05.05.2022 жылғы №27/5298 хаты жолданған. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2023 жылдың маусым айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 2-отырысында республика көлемінде енгізілген ұсыныстар қайта өзектендіру үшін қайтарылған. Ағымдағы жылдың тамыз айында облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысына сәйкес, С.Мәуленқұловтың есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін республикалық ономастика комиссиясының қарауына қайта жолданды. |
|
15 |
Экскаватор зауытын қайта жаңғыртып, инвесторларды тартып, жандандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? (Кентау қаласының тұрғыны, Төнтеков Мұратша 87021978559) |
Инвесторлармен келіссөздер жүргізу. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысына сәйкес, Кентау қаласындағы "Экскаватор" АҚ зауытының аумағынан арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта 2,9 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба 2022 жылы іске асырылған Атап айтқанда: «Темір Бетон» ЖШС «Бетон бұйымдарын өндіру жобасы» және «Almaty NS-Group» ЖШС «Кірпіш шығару зауыты». Нәтижесінде, 80 жаңа жұмыс орны ашылды.) |
желтоқсан, 2022 жыл
|
Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Іске қосу актісі |
Орындалды (2022, басқа) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысына сәйкес, Кентау қаласындағы "Экскаватор" АҚ зауытының аумағынан арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта 2,9 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба 2022 жылы іске асырылған. Атап айтқанда: 1)Темір Бетон» ЖШС «Бетон бұйымдарын өндіру жобасы» "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ қатысушылардың тізіміне енгізілген. Жобаның құны 1,2 млрд. құрайды. Ашылған жұмыс орны – 30 адам. 2)«Almaty NS-Group» ЖШС «Кірпіш шығару» жобасы "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ қатысушылардың тізіліміне енгізілген. Жобаның құны 1,7 млрд. құрайды. Ашылған жұмыс орны – 50 адам. 2 Жоба 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ашылды. 2023 жылы: - «Сeylan Grup Metal» - «Ащысай кен қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы арнайы экономикалық аймағына тартылып, жұмыс жасауда. Жобаның құны 1 млрд.теңге. Ашылған жұмыс орны – 60 адам. -«БНК АГРО» ЖШС тамшылатып суару машиналарын шығаратын зауыт ашылды. Жоба құны 1,2 млрд. теңге Кәсіпорын 400 дана техника шығаруға қауқарлы. Ашылған жұмыс орны-50 адам. |
|
16 |
2020 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. Мамандығым заңгер. Сізден сұрайтыным, маған өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға көмектессеңіз. (Кентау қаласының тұрғыны, Абдихалыкқызы Ұлдана Тел: 87076962702) |
Өтініш иесін жұмыспен қамтамсыз ету (Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдан бастап Жастар практикасының мерзімі 12 айға дейін ұзартылды. Жастар практикасына қатысушыларға төленетін жалақы мөлшері де көтеріліп, бүгінгі таңда 30 АЕК, яғни 91 890 теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша да еңбек өтілін жинақтауға мүмкіншілігіңіз бар. Алғашқы жұмыс орны жобасына қатысушыларға төленетін жалақы мөлшері де 30 АЕК. 6 ай мерзімге жолданады, әрі қарай 12 ай тұрақты жұмыс орнына қалу мүмкіншілігі беріледі.) |
мамыр, 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Жұмысқа орналастыру |
Орындалды (2022, басқа) Ұлдана Абдихалыққызы 2022 жылдың 11 ақпанында Кентау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 12 ай мерзімге жастар практикасына жолданып, 4 ай мерзім жұмыс атқарып, өз еркімен жұмыстан шыққан. 2022 жылдың 01 маусымынан бастап жұмысыс беруші тарапынан түзілген Келісім бойынша Түркістан қаласы Кәсіпкерлер палатасына тұрақты жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда жұмыс атқаруда. |
|
17 |
Қалада әлеуметтік дүкендердің санын көбейтсеңіздер, ішінде сатылатын азық-түлік тауарларының көлемін арттырсаңыздар. (Кентау қаласының тұрғыны, Абдихалыкқызы Ұлдана Тел: 87076962702)
|
Әлеуметтік дүкендер санын арттыру үшін (Кентау қаласы әкімдігі арнайы қаулы әзірлеп “Түркістан” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскесін табыстау қажет. Корпорация тарапынан аталған қаулы жерлеріне мемлекеттік акт (гос.акт) алу жұмыстары жүргізілуі керек.)
|
тамыз, 2022 жыл
|
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Әлеуметтік дүкендердің санын арттыру
|
Орындалды (2022, басқа) Кентау қаласы әкімдігінің 17.01.2022 жылдың №14 және 25.02.2022 жылдың №163 қаулыларымен әлеуметтік дүкен орнату үшін Кентау қаласы аумағынан 8 жер учаскесі «Түркістан» ӘКК» акционерлі қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен табысталған. 2023 жылы Кентау қаласына Түркістан қаласынан 6 әлеуметтік дүкен көшіріліп, қаладағы жалпы дүкен саны 7 жетті. Бұл әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының барлық 19 түрі бар. Тауарлар нарықтық бағадан 15-25% төмен бағамен сатылуда. |
|
18 |
Қалада көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын салу жоспарда бар ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Назарова Ләззат |
1.1. Уалиханов көшесінен 5 дана көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды атқару. 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Уалиханов көшесінен 5 дана көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жалғастыруға қаржысы қаралмағандықтан жұмыстар тоқтап тұр. Қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім жолданған. Қаржысы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.) |
1.1. 2022 жыл 1.2. 2023-2024 жж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2024, үй) 2023 жылға кредиттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Ш.Уалиханов көшесі №150 тұрғын үйге 200,0 млн тг қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Іргетас Құрылыс-II» ЖШС-гі тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. Қалған Ш.Уалиханов көшесі №152, №154, №156, №158 тұрғын үйлерге 2024 жылға құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу бойынша Түркістан облысының құрылыс басқармасына 08.02.2023 жылы №229-16/01-01/339 бюджеттік өтінім жолданған. |
Түркістан облысы әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен 27.07.2022 жылғы кездесуіндегі өзекті мәселелер
29.12.2023ж.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу барысы |
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
|||||||
|
1 |
Қалаға кіре берістегі кәріз тазарту станциясының орналасқан жерін басқа жаққа ауыстыруға мүмкіншілік барма? (Кентау қаласының тұрғыны, Қалымбетов Нұрлан Тел:87027426223) |
1.1. Кентау қаласындағы кәріз тазарту станциясы мен кәріз жүйелерін қайта құру ЖСҚ әзірлеу. 1.2. Сараптама қорытындысын алу. 1.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Кентау қаласының тұрғындарын орталықтандырылған кәріз су құбырына қосу үшін «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға, жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптамаға кіргізу жоспарланып отыр.) |
1.1. қазан, 2022 ж. 1.2. желтоқсан, 2022 жыл 1.3. ақпан, 2023 жыл
1.5. маусым, 2023 жыл
|
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жұмыстар басталмаған (2023, кәріз) «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру үшін ЖСҚ әзірлеуге 102 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленіп, салалық басқармаға бюджеттік өтінім 17.05.2023 жылы ұсынылды. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен 5,0 млн. теңге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстарды келісім шартқа сәйкес аяқтау мерзімі 2024 жылдың мамыр айына дейін. Тапсырылған бюджеттік өтінімге сәйкес қалған қаражат 2024 жылдың бюджетіне енгізілген. |
|
|
2 |
Қаламыздағы 368 көппәтерлі үй бар, соның 276 үйге жаңарту жұмыстары жүргізілді. Енді қалған 92 көп пәтерлі үйге модернизация жұмыстары қашан жүргізіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Қалымбетов Нұрлан Тел:87027426223) |
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу. (2022 жылдың қаңтар айында Кентау қаласында |
1.1. қазан, 2022 жыл 1.2. 2023-2024 ж.ж. |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2023, үй) 2014-2021 жылдар аралығында Кентау қаласы бойынша 211 көппәтерлі тұрғын үйлер 5,8 млрд. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуді қажет ететін 92 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 2023 жылға 55 көпқабатты тұрғын үйге республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд. теңге қаржы қаралып, 2023 жылдың мамыр айында бөлініп, 55 көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 30 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілді. Ал, 25 үйде тұрғындар тарапынан анықталған кемшіліктерді ретке келтіріп қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 37 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,56 млрд теңге қаржы 2023 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қаралды. Қаралған қаржының бөлінуі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. |
|
|
3 |
Қаладағы аулаларда балалар алаңшасы салынады ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Жақысбек Нұрсат Тел:87471862001) |
1.1. Экономикалық сараптама қорытындысын алу. 1.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.3. Балалар алаңшасын салу. (Кентау қаласында 56 аула бар. 2021 жылы 6 аула абаттандырылды (балалар ойын алаңшасы, спорт алаңшасы және авто көлік тұрағы орнатылды). Қазіргі таңда 33 көп қабатты үйлердің ауласында ойын алаңшаларын орнату мақсатына ЖСҚ әзірленіп, Мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Облыстық бюджеттен қаржыландыруға Энергетика және ТКШ, стратегия және экономикалық даму басқармаларына бюджеттік өтінім ұсынылды) |
1.1. тамыз, 2022 жыл 1.2. қыркүйек 2022 жыл 1.3. маусым 2023 жыл
|
Түркістан облысының экономика басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалмаған (2023, басқа) Кентау қаласындағы көпқабатты үйлердің алдындағы 33 ауланы абаттандыру, балалар алаңшасын салуға сметалық құны – 2,8 млрд. теңге құрайтын ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 07.06.2023 жылы №29/6298 хатпен бюджеттік өтінім жолданды. 21.11.2023 жылы №229-1-01-20/4396 хатпен салалық басқармаға 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінген жағдайда, балалар алаңшасын салу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
|
|
|
4 |
52 орам аумағына балалар ойын алаңшасы салынса? (Кентау қаласының тұрғыны, Биембетов Мақсат Тел:87053447670) |
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Балалар алаңшасын салу.
(52 орам жеке тұрғын үйлерден тұрады, балар ойын алаңшасын салуға бос жер телімі болмауына байланысты мүмкіншілік жоқ). |
1.1. қазан 2022 жыл 1.2. маусым2023 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, басқа) 52 орам ойын алаңшаларын орналастыру үшін анықталған бос жер елді мекеннен шалғай жерде орналасуына байланысты, жан-жақты зерделеніп, аталған көшенің тұрғындарына қолайлы Ромах көшесі уч. 48/1 орналасқан Тәлімбақ аумағына (Питомник) халық қатысатын бюджет жобасы арқылы футбол алаңы, балар ойын алаңшалары, стритворкаут орналастыру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Мердігір мекеме «МансапСтройКорпус». |
|
|
Жол саласы |
|||||||
|
5 |
Қаладағы 52 орам жолдары қашан толық ретке келтіріледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Биембетов Мақсат Тел:87053447670) |
1.1. 52 орамның ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 52 орам ауданының ішкі көшелеріне 2023 жылға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.) |
2023 жыл маусым-тамыз
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, жол) Кентау қаласындағы 52 орамның ішкі көшелері жалпы 15 көшені қамтиды. Оның ішінде 14 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 2023 жылы 18 (14,3 шқ) қала көшелерін жөндеуге жалпы 236,5 млн. теңге қарастырылған. Соның ішінде, 52 орамның Тәуелсіздік (1,1 шқ) көшесі де бар. Бүгінгі таңда Тәуелсіздік көшесіне асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
|
|
|
Спорт саласы |
|||||||
|
6 |
Кентау қаласындағы орталық бассейн қашан іске қосылады? (Кентау қаласының тұрғыны, Нарынбетов Серікбай Тел:87784174855) |
1.1. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен облыс теңгерімінен Кентау қаласының теңгеріміне өткізу. (Кентау қалалық орталық бассейн ғимараты іске қосылған. Қазіргі таңда қалалық орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылыту жүйелерімен бассейн ваннасындағы суы жылытылып, аталған спорт мектебінің және Кентау қаласында бұдан бөлек тағы да 4 спорт мектептеріне спорттық секцияларға қатысатын спортшылар кестеге сәйкес шомылуға мүмкіндік алуда. Сондай-ақ 2023 жылғы жазғы маусымда бассейн қала тұрғындарына ақылы түрде қызмет ететін болады). |
2022 жыл қыркүйек
|
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, басқа) Кентау қалалық орталық бассейн ғимараты іске қосылған. Қазіргі таңда қалалық орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылыту жүйелерімен бассейн ваннасындағы суы жылытылып, аталған спорт мектебінің және Кентау қаласында бұдан бөлек тағы да 4 спорт мектептеріне спорттық секцияларға қатысатын спортшылар кестеге сәйкес шомылуға мүмкіндік алуда. |
|
|
Мәдениет саласы |
|||||||
|
7 |
Кентауда балалар кітапханасының орналасқан ғимараты қазір тозығы жетіп тұр. Балаларға жағдай жасалып, кітапханаға жөндеу жүргізіле ме? (Кентау қаласының тұрғыны, Жүнісова Сандуғаш |
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Кентау қалалық орталық балалар кітапханасы ретінде 1961 жылы ашылып, 2010 жылы жоғарыда аталған ғимаратқа орналастырылған. Ғимарат 1984 жылы салынған. Кітапхана орналасқан ғимарат 254,4 шаршы метрді құрайды. Кентау қалалық балалар кітапханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар дайындалып, 7,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынған. |
1.1. тамыз, 2022 ж. 1.2.қыркүйек, 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2022, басқа) Кентау қалалық орталық балалар кітапханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жөндеуге 2022 жылы сметалық құны 13,7 млн. теңгеге сметалық құжаттама дайындалды, 2022 жылы қаржы қаралмады. Кентау қалалық балалар кітапханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2023 жылға қаржы қаралып, конкурстық құны 6889,0 мың теңгеге мердігер «Альсат» ЖШС мен арасында келісімшарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 26.07.2023 жылғы акт негізінде қабылданды. |
|
|
Құрылыс саласы |
|||||||
|
8 |
Қаладағы лотоктар мен дренаж мәселесі қашан шешіледі? (Кентау қаласы тұрғыны, Нарынбетов Серікбай Тел:87784174855) |
1.1. Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету жобасының ІІ-кезеңін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу. 1.2. Сараптама қорытындысын алу.
1.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында "Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу" II – кезеңнен тұратын жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоба "Глубокий" шахтасының оқпанында 4 жоғары дебитті сорғыларды орнатуды, сондай-ақ қаланың негізгі су басу аймақтарына тік дренаждың (СВД) 11 ұңғымасын бұрғылауды қамтиды. Бүгінгі таңда 11 ұңғыманың барлығы бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Шахталық су ағызуға арналған сорғылар 2023 ж. қараша айында орнатылады. |
1.1.қазан 2022 жыл
1.2. желтоқсан, 2022 жыл 1.3. ақпан, 2023 1.4. маусым, 2023 жыл
|
Түркістан облысының құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалмаған. (2023, канал) «Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» 2 кезеңі жобасы 4-бөлімнен тұрады. Жоба мақсаты «Арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суын ішінара пайдалану» болып табылады. 2021 жылы жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС-гімен 492,3 млн.тг келісім шарт түізіліп, жергілікті қаражат есебінен 1 млн.тг қаралған. Аталған жобаның 2 кезеңіне ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына салалық басқармаға бюджеттік өтінім 22.02.2023 жылы №229-16/01-01-567 және 11.12.2023 жылы №229-05-08-10/4692 хатпен жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.
|
|
2023
Облыс әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен 03.02.2023 жылғы кездесудегі көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
29.12.2023ж.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1 |
Қаладағы аулаларда балалар алаңшасы салынады ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Юлдашев Мамиржан) |
1. Қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орналастыру. 1.1. Ойын алаңшаларының құрылысына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 1.2. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
1.1. 31.05.2023 ж.
1.2. 31.12.2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жұмыстар басталмаған. (2024, басқа) Халық қатысатын бюджет жобасы арқылы 2023 жылы 110 000,0 мың тенге қаралып, 3 көпқабатты тұрғын үй аулаларына және Ромах көшесі уч. 48/1 орналасқан тәлімбақ аумағына (Питомник) балалар ойын алаңшалары, футбол алаңы, стритворкаут орналастыру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Мердігір мекеме «МансапСтройКорпус». Кентау қаласындағы көпқабатты үйлердің алдындағы 33 ауланы абаттандыру, балалар алаңшасын салуға сметалық құны – 2,8 млрд. теңге құрайтын ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 07.06.2023 жылы №29/6298 хатпен бюджеттік өтінім жолданды. 21.11.2023 жылы №229-1-01-20/4396 хатпен салалық басқармаға 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінген жағдайда, балалар алаңшасын салу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда. |
|
2 |
Қаладағы лотоктар мен дренаж мәселесі қашан шешімін табады?
(Кентау қаласының тұрғыны Ербаев Мырзалы)
|
3. Кентау қаласында лоток және дренаж жүйелерін салу жұмыстарын жүргізу. 3.1. Жобалау – сметалық құжаттамасына қаржы қарастыру; 3.2. Жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу; 3.3. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу. 3.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу және аяқтау.
|
2023-2025 ж.ж.
3.1. 31.12.2023 ж.
3.2. 31.05.2024 ж.
3.3. 31.07.2024 ж
3.4. 31.12.2025 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жұмыстар басталмаған (2025, канал) «Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» 2 кезеңі жобасы 4-бөлімнен тұрады. «Арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суын ішінара пайдалану» болып табылады. 2021 жылы жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС-гімен 492,3 млн.тг келісім шарт түізіліп, жергілікті қаражат есебінен 1 млн.тг қаралған. Аталған жобаның 2 кезеңіне ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына салалық басқармаға бюджеттік өтінім 22.02.2023 жылы №229-16/01-01-567 және 11.12.2023 жылы №229-05-08-10/4692 хатпен жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.
|
|
3 |
Қаладағы Қаратау мөлтек ауданына инфрақұрылым, яғни жол және канализация қашан жүргізіледі.
(Кентау қаласының тұрғыны Нарынбетов Серикбай)
|
4. Қаратау мөлтек ауданына жол және канализация жүргізу. 4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 4.2. Автокөлік жолдары мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізу. 4.3. Нысанды қабылдап алу.
|
2023-2024 ж.ж.
4.1. 31.05.2023 ж.
4.2. 30.11.2024 ж.
4.3. 31.12.2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде (2024, жол) «Кентау қаласы, Қаратау мөлтек ауданында инженерлік инфрақұрылым салу. Жол бөлігі және сыртқы кәріз желісі» нысанына жобалау-сметалық құжатта-малары әзірленіп, 11.01.2023 жылы №ETara-0043/22 сараптама қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 1 731,6 млн теңге. Жобада Қаратау мөлтек ауданындағы халықты 8,012 км кәріз жүйесін және 10,560 км жол салу жоспарланған. Нысанның құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтылауында қаржы бөлу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 17.01.2023 жылғы №36/573 және 12.04.2023 жылғы №36/3972 хатпен бюджеттік өтінім жолданған. Сонымен қатар, облыстық құрылыс басқармасына 11.12.2023 жылы №229-05-08-10/4692 хатпен бюджеттік өтінім жолданды. Қолдау тапқан жағдайда, құрылыс жұмыстары басталатын болады. |
Түркістан облысы әкімі Д.А.Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен 04.08.2023 жылғы кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспары
29.12.2023ж.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Жылу |
|
|||||
|
1 |
1. Кентау үшін ең өзекті мәселе болып келе жатқан №5 жылу энерго орталығының жағдайы және оның жылу маусымына дайындығы қалай болып жатыр?
Төнтеков Мұратша - Кентау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. |
Кентаудағы №5 Жылу энерго орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралды құбырларды ауыстыруды аяқтау; 2. Жылу орталықтың қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу; 3. Жылу орталығындағы 4 қазандықты қайта құру жұмыстарын аяқтау.
|
2023 жыл
1. 01.10.2023 ж.
2. 01.10.2023 ж.
2. 30.12.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
(Қаражат бөлінуіне қарай) |
Орындалмаған (2023, басқа) 1.1 «Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шқ магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру» жұмыстарын атқару үшін 2023 жылдың 25 мамырында мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС мен №1 келісім шарт түзілді. Сметалық құны 4 431,8 млн.теңге, бөлінгені –3 869,7 млн.теңге. Техникалық қадағалаушы мекеме «TN KZ» ЖШС. 4,7 шқ құбырлардың демонтаж жұмыстары 100% аяқталып, 4,7 шақырым монтаж жұмыстары жүргізілді. Жалпы жобаның аяқталу мерзімі: 01.10.2024ж. 1.2. Жылу орталықтың қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары «ПрестижКомпани» ЖШС тарапынан (498,4 млн. теңге ) жүргізілді. 1.3. Жылу орталығындағы 4 қазандықты (№5,6,7,12) қайта құру жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Сметалық құны 13,7 млрд.теңге. Бөлінген қаржы – 3 млрд. тенге Нысан 2024 жылға өтпелі. |
|
Жайылым жер |
|
|||||
|
2 |
2. Мал шаруашылығымен айналысуда жайылым жер тапшылығы ұзақ жылдар бойы мазалап жүрген мәселе еді. Осы мәселені түбегейлі шешіп беруіңізді сұраймын?
Маматраимов Асылзада – Қарнақ ауылының тұрғыны.
|
Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552 гектар жерді өткізу арқылы жайылым жерді ұлғайту. Қазақстан Республикасының үкімет басшысының №579 14.07.2023 қаулысына сәйкес Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552 гектар жер бөлінуін Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер балансы есебінен өзгерістер енгізіп, елді мекендердің шекараларын өзгертіп, бекіту.
|
2023 жыл
31.12.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
Сауран ауданының әкімдігі
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы
|
Кентау қаласының аумағына жер балансы есебінен өзгеріс енгізу |
Орындалды (2023, жер) Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысымен келісім берілді. Бүгінгі күнге Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 552 га жер қосылып, Кентау қаласының шекарасы өзгертілді. Оның ішінде 40173,16 гектарға жайылымдық жер көлемі ұлғайтылды (Хантағы ауылы бойынша 14916 га, Ащысай ауылы бойынша 14948 га, Байылдыр ауылы бойынша 10309,16 га жайылымдық жер.)
|
|
Жол |
|
|||||
|
3 |
3. Айманов көшесіне де жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдем берсеңіз?
Қалымбетов Нурлан – қала тұрғыны. |
Айманов көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу; 1. Мемлекеттік жекешілік әріптестік арқылы іске асатын жобалардың тізіміне енгізу; 2. Орта жөндеу жұмыстарын бастау; 3. Орта жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
2023 жыл
1. 01.09.2023 ж.
2. 15.09.2023 ж. 3. 30.10.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, жол) 2023 жылы МЖӘ жобасы аясында мердігер мекеме «NET Story Company» ЖШС-і - 21 көшеге (14,6 шақырым) орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Айманов көшесі ( 0,3 шқ) іске асатын жобалардың тізіміне енгізілген. Көшеге орташа жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
Табиғи газ |
|
|||||
|
4 |
4. Кентау қаласындағы Логинов көшесіне газ қашан қосылады екен?
Сариев Сарсенбай – қала тұрғыны |
Кентау қаласы Логинов көшесіне газ қосу. 1. Кентау қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету ІІ кезең құрылыс жұмыстары аяқтап, нысанды пайдалануға беру; 2. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе тұрғындар-ды газ жүйесіне қосуды ұйымдастыру. |
2023 жыл 1. 01.10.2023ж.
3. 01.12.2023ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Н.Түймебаев (келісімі бойынша) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, газ) Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019 жж. жүргізілген. І және ІІІ кезең нысандары толық табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жалпы І және ІІІ кезең бойынша 8435 абонент табиғи газ жүйесіне қосылған. ІІ кезең нысандары 07.12.2023 жылы толық аяқталып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе нысан газ жүйесіне қосылды. |
|
Тұрғын үй |
|
|||||
|
5 |
5. Кентау қаласында Сол үйлердің тұрғындарын тұрғын үй жаймен қамтамасыз ету мәселесін қалай шешесіздер? Кентау қаласы Алтынсарин көшесі №11 көпқабатты апатты үйлер қатарына қосылу ықтималы бар, осы үйге шұғыл арада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізбесе, апатты жағдай болады. Осы мәселеның оң шешілуін көмектессеңіз?
Аширова Мейрамкүл – қала тұрғыны. |
5.1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 47 пәтерді коммуналды меншікке сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру; 2. Пәтерлердің құжаттарын рәсімдеп, қаланың коммуналдық меншігіне алу жұмыстарын ұйымдастыру; 3. Пәтері апатты деп танылған кезекте тұрған тұрғындарға табыстау жұмыстарын жүргізу.
|
2023 жыл 1. 01.10.2023 ж. 2. 20.10.2023 ж. 4. 01.12.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
|
Үйлері авариялық деп танылған тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету |
Орындалды (2023, үй) Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 47 пәтерді коммуналды меншікке сатып алу үшін 451,2 млн. теңге қаржы қаралып, барлық 47 лот бойынша жеңімпаздар анықталып, пәтерлер алынды. 14.10.2023 жылы апатты деп танылған үйде тұратын 47 отбасына Қала күні мерекесіне орай пәтерлердің кілті табысталды. |
|
6 |
5.2. Алтынсарин №11 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін аяқтап, күрделі жөндеу жұмыстарын бастау; 2. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
2023 жыл 1. 01.09.2023ж. 2. 15.12.2023ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды (2023, үй) Облыстық бюджеттен 108 млн. теңге бөлініп, Алтынсарин №11 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімделіп, мердігер мекеме анықталып, сейсмокүшейту жұмыстары 05.09.2023 жылы басталып, қараша айының соңында толық аяқталды.
|
|
|
Спорт нысанын салу |
||||||
|
7 |
6. Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарда бар ма?
Раубаев Мамыржан- қала тұрғыны. |
Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүргізу. 1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарауды ұйымдастыру; 2. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу құрылысына жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтап, сараптамадан өткізу; 3. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 4. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін құрылысын бастау; 5. Құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. |
2023-2024жж.
1. 30.09.2023 ж.
2. 30.10.2023ж,
3. 01.03.2024ж.
4. 01.07.2024 ж.
5. 25.12.2024 ж. |
Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
(Қаражат бөлінуіне қарай) |
Орындалу үстінде (2023, спорт) Кентау қаласы, Абай даңғылы №8 мекен - жайында орналасқан Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағынан жаңа спорт кешеніне арналған жер телімі бөлініп, құжаттары тіркеуден өткізілді. Жобалау сметалық құжаттама жұмыстарына 12046,6 мың.тг – ге «MS Industrial» ЖШС жеңімпаз атанып, 08.06.2023 ж келісім шарт түзілген. Қазіргі таңда аталған мекемемен қалалық құрылыс бөлімі тарапынан келісімшарт түзіліп, жобалау сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына 22.08.2023 жылы №229-14-05-06/237 шығыс хаты жолданды. |
|
Саябақты ретке келтіру, балалар лагерін ашу және полигон мәселесі |
||||||
|
8 |
7. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіруді сұраймын Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашуға көмек берсеңіз Қаланың Байылдыр ауылының жолының бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабуды және қаланың тазалығын қамтамасыз етсеңіз.
Таукеева Жанат - қала тұрғыны. .
|
7.1. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіру. 1. Қожанов атындағы саябақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілсін; 2. Қожанов атындағы саябақ «Жасыл қала» КММ меншігіне өткізу; 3. Қожанов атындағы саябақта көгалдандыру және абаттандыру (қураған ағаштар мен шөптерді ору) жұмыстары жүргізу.
|
2023 жыл
1. 15.08.2023 ж. 2. 01.09.2023 ж. 3. 01.09.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
|
Саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу |
Орындалды (2023, аббаттандыру) 1. «С.Қожанов» атындағы орталық саябағы аумағында «Жасыл қала» КММ-ның тарапынан егілген ағаштардың түптерін әктеу, санитарлық тазалау, ағаш тамырларына күш беретін, құрамында күшейту дәрілері қосылған тыңайтқыштар берілуде және тұрақты негізде суару мен күтіп-баптау жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде. 2. «С.Қожанов» орталық саябағы Кентау қаласы әкімдігінің тұрғын–үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінен «Жасыл қала» КММ-ның теңгеріміне 30.03.2023 жылғы өткізу-қабылдау актісі негізінде теңгерімге қабылданды. 3. «С.Қожанов» атындағы орталық саябағының аумағындағы қураған ағаштар «Жасыл қала» КММ-ның қызметкердерімен тиісті түрде қырқылып, жасыл желектердегі шөптер орылып, саябақ аумағының тазалығы мен жасыл желектердің қалыпты жағдайда болуы, бөлімнің бақылауында. Мекеме тарапынан 18 жұмысшы, 4 – техника жұмыс жасады. |
|
9 |
7.2. Құсшы ата елді мекенінен балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша ұсыныс енгізу. Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып, Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу. |
2023 жыл 01.09.2023 ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облыстық білім басқармасы
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Ұсыныс енгізу |
Орындалды (2023, басқа) 2023 жылы облыстық бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьмен осал топтағы отбасылардан шыққан 800 бала қамтылды. Жалпы Құшата ауылында бұрын жұмыс жасаған 9 лагердің жерлері «Сырдария» мемлекеттік табиғи қорығының меншігінде. Жеке кәсіпкерлер лагерь ішінде жеке мүліктерін заңдастырған. Құсшыата ауылында орналасқан «Әлия» және «БайсалКерім» лагерлерінің жері Сауран ауданы аумағына кіреді. Қарнақ ауылында (аумағы 20 га) «URKER» ЖШС 400 балаға арналған балалар лагерін салуды бастады, 2024 жылдың 1 маусымында ашуды жоспарлап отыр. Құсшы-Ата ауылында орналасқан лагерлердің жерін «Республикалық орман шаруашылығы» мекемесі балансынан алып, жергілікті әкімдіктің балансына өткізу туралы ұсыныс жолданған. |
|
|
10 |
7.3. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигоның жабу жұмыстары жүргізіп, жұмыс жасап тұрған полигонға тасымалдау. 1. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабу жұмыстарын жүргізу; 2. Қаладан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды қала әкімдігінің меншігіндегі тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонға тасымалдауды ұйымдастыру. |
2023 жыл 1. 01.09.2023 ж. 2. 01.09.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
Полигонды жабу |
Орындалды (2023, қоқыс) Кентау-Байылдыр бағытындағы тас жол бойынан «КентауЖан»ЖШС-не жер телімі берілген. Аталған жер теліміне «КентауЖан» ЖШС-сі уақытша қоқыс жинаған. Қоқыс 2023 жылдың жаз айларында өртеніп, қала және ауыл тұрғындарына түтіні жеткен. Қазіргі таңда қоқыс ол жерден алынып тасталған және полигон жойылған. Қала аумағынан шыққан қоқыс түгелімен Кентау-Шоқтас тас жолы бойындағы полигонға шығарылуда. Кентау-Шоқтас тасжолы бойында орналасқан күл-қоқыс төгетін полигонды сенімгерлік басқаруға беру келісім шарты 01.09.2023 жылы түзілді. |
|