Облыс әкімінің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі (31.03.2022 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

Облыс әкімінің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі (31.03.2022 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

Облыс орталығындағы Бірлік мөлтек ауданында cу құбыры тартылмаған көшелер бар. Сол көшелерге ауыз су құбырын жүргізу жоспарланған ба?

(Түркістан қаласының тұрғыны Хакимов А.)

Бірлік мөлтек ауданындағы көшелерді ауыз сумен қамту бойынша республикалық бюджеттен құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

2023-2024 жж.

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «Бақ-береке 2030» ЖШС болып танылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы соммасы 789 млн.тг (Ағымдағы жылға қаралған қаржы 110 млн.тг)

Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып пайдалануға тапсырылды.

 

2

Алпамыс батыр, Ы.Дүйсенбаев, Желтоқсан, А.Молдағұлова, Алтаев, Сарыарқа көшелеріне кәріз жүйесі қашан жүргізіледі?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Маккамбаев Х.)

 

Аталған көшелерге кәріз жүйесін жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

2023-2025 жж.

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023-2025 ж.)

Жалпы жоба құны-4 630 млн.тг.

2023 жылы Республикалық бюжеттен қаржы 1 млрд. тенге қаралған.

Қазіргі таңда құрылыс жүмыстарын жүргізуге сатып алу конкурсы аяқталды. Жеңімпаз «Қызмет» ЖШС болып танылып, келісім шарт түзілді. Осы жылдың тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Аяқталуы 2025 жыл.

3

Отырар мөлтек ауданындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлердің жан-жағын реттеу жүргізіле ме? Онда саябақ салу жоспарда бар ма?

(Түркістан қаласының тұрғыны Арыстанбаева Г.)

Саябақ құрылысын басталуын ұйымдастыру.

01.12.2022

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

«Отырар» тұрғын үй кешенінде 36 дана көпқабатты тұрғын үйде 2136 пәтер орналасқан. Сол үйлердің тұрғылықты тұрғындары бос уақыттарында демалуға, серуендеуге, балаларын ойнатуға, дене шынықтырумен айналысу мақсатында аумағы 2,34 га аумаққа субұрқағы бар гүлзар нысанына жоба әзірленіп, толығымен жұмыстар аяқталды.

Жобаға сәйкес нысан басында түрлі субұрқақтар мен серуендейтін орындар, жасыл желектер қамтылған.

4

1.         Отырар мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге қашан газ кіргізіледі екен, жоспарда бар ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2. «Арман» және «Сырдария» тұрғын-үй кешендерінде аулаішілік жұмыстар қашан іске асырылады?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Маккамбаев Т.)

 

1. Отырар мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге газ кіргізу бойынша ЖСҚ әзірлеу.

 

 

1.1.    Сараптама қорытындысын алу.

 

 

1.2.    Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

1. Сәуір 2022 ж.

 

 

 

 

 

 

1.1.    Мамыр - маусым 2022 ж.

 

 

1.2. 2022 жыл

 

 

 

1.3. 2023 жыл

 

 

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

1. Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Орындалды (2023-2025 ж.)

Түркістан қаласы Отырар шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 36 тұрғын үйдің газ жүйелерінің жұмыс жобасын әзірледі.

29.12.2022 жылы №DRMIN-0072/22 сараптамасының оң қорытындысы алынды.

2022 жылдың соңына қарай құрылыс салуға бюджет қаражатын бөлу туралы бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау туралы ашық конкурс жариялауға құжаттар жинақталуда. Мердігер анықталған жағдайда құрылысты ағымдағы жылдың маусым айында бастау жоспарланған.

Жобада Отырар м/а орналасқан 5 қабатты 60 пәтерлі 36 тұрғын үйлерді газбен жабдықтау көзделеді. Қосылу нүктесі диаметрі 400 мм болатын орташа қысымды полиэтилен газ құбырынан жасалған.

Орташа қысымды газ құбырын төсеу (P=0.005-0.3 МПа) кірістіру нүктесінен ГРПШ 3 данаға дейін жобаланған, әр ГРПШ топтағы 10 үйді қамтамасыз етеді.

Қалған 6 үй әр үйге арналған қолданыстағы ГРПШ-ге бөлек қосылады. Сонымен қатар, асүйлерді газбен жабдықтау төмен қысымды газ құбырынан қарастырылған. Газ шығынын есепке алу үшін жобада әр ас үйде тұрмыстық газ есептегіштерін орнату қарастырылған.

Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газдандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстары аяқталып, Газ құбырларының қазылған бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары және тексеру ауа сығымдау (опресовка)  жұмыстары қауіпсіздік шаралары қосымша жүргізілуде. Халықтың өтінішіне сәйкес халықпен кездесуде берілген тапсырма орындалды..

2. «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендерін абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

 

2. 2023 жыл

 

2. Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

2. Орындалды (2023 ж.)

ӘКК «Түркістан» АҚ тарапынан жүргізілген «Сырдария», «Арман» тұрғын үй кешендеріндегі 5 қабатты 44 үйге сыртқы жүйелер, ауласын абаттандыру құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінгі күнге құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген үйлерге қажетті байланыс, газ, су, кәріз, электр жүйелерінің құрылысы аяқталып, тұрақты қосылған. Аталған тұрғын үй кешендеріне сметалық құжат әзірленіп, абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Білім саласы

5

1. Түркістан қаласында 500 оқушы білім алатын 1948 жылы пайдалануға берілген Әмір-Темір мектебі жұмыс істеуде. Мектеп тарлық етуде.

Осы мектепке қосымша құрылыс жүргізу қарастырылады ма екен?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Тінейбай Е.)

1. Мектепке қосымша ғимарат салу үшін бюджеттен қаржы қарастыру.

 

 

 

 

 

 

2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

1.2023 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2023 жыл.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалмаған (2023 ж.)

№3 Амір-Темір жалпы орта мектебі 2 ғимараттан  тұрады. Мектеп 1960  жылы  ыңғайластырылған  типте  салынған. 1 қабатты мектеп    ғимаратын  2019  жылы "Универсал  ЮГ"  мекемесі  апатты  деп  танып,  сараптама  қорытындысы  берілген.  

Аталған мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусын салу жоспарланған. Жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 1,619,6 млрд.тг қаржыны құрайды. Мердігер мекеме «АқНұр Строй» ЖШС. 2022 жылғы лимиті 500 мың.тг. Қаралған қаржыға мектепті бұзу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы лимиті 1 580,6 млрд.тг.

Бүгінгі таңда, қазан шұңқұр 100%, іргетас 100% жертөленің қабырғалары 20%орындалған. Нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

6

Биылғы жыл Президентімізбен «Балалар жылы» болып жарияланды. Алайда, балаларымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, қосымша білім алу мен үйірмелерге қатысуы өте өзекті мәселелердің бірі.

Осыған орай қала оқушыларына
тегін үйірмелер мен секциялар қарастырылады ма?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Килибаева Ж.)

Көтеріп отырған мәселе бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, тиісті жауап беру.       

 

01.01.2023

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Письменный ответ

Орындалды.

Түркістан қаласында 47 мыңнан астам мектеп оқушылары бар (облыста 500-мыңнан астам оқушы бар). Қалада 7 қосымша білім беру ұйымында 4 мыңнан астам бала қамтылған.

Осыған байланысты, 2022 жылы білім үйірмелеріне, секцияларға облыстық бюджеттен 7 мың орынға мемлекеттік тапсырыс қаралған.

Сондай-ақ, спорт саласына
13 мыңға орынға және мәдениет саласына 3 865 орынға мемлекеттік тапсырыс қаралған.

Мемлекеттік тапсырысты бөлудің нәтижесінде, қосымша білім берумен қамтылатын балалардың үлесі 66,5%-ға жеткізілді.

 

Спорт саласы

7

Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылында жастарды спортқа баулу мақсатында жұмыс атқарып жатқан Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені қайта бой көтере ме, әлде басқа құрылыс нысаны салына ма?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Орынбасаров Ә.)

Спорт кешенінің құрылысын мерзімінде аяқтау.

 

01.12.2022

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалмаған (2023 ж.)

«Б.Саттарханов» атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысы бойынша 31.12.2020 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынған, жалпы құны 1,9 млрд.тг. Материалдардың қымбаттауына байланысты жоба қайта түзетуге енгізілген. Бюджеттік комиссияға ұсынылып оң қорытындысы алынған. 22.09.2022 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы құны 3,1 млрд. тг. құрады.  Осының негізінде нысан 2024 жылға өтпелі болды.

Бүгінгі таңға: Бірінші қабат тірек қабырға-100% және бірінші қабат бағанасы (ригель)-100%. 2-ші қабат қыш қалау 90% орындалған. Нысанды пайдалануға тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласы

8

Түркістан қаласындағы салынып жатқан облыстық жедел медициналық көмек станциясының құрылысы қашан аяқталады, станция қашан пайдалануға беріледі?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Рысбеков Қ.)

Жедел медициналық көмек станциясының құрылысын мерзімінде аяқтау.

 

01.07.2022

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел медициналық көмек станциясын салу құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған, ғимараттың жалпы ауданы 5 631,81 кв.метрді құрайды.

2022 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

 

Жол және қоғамдық көлік саласы

9

Түркістан қаласындағы Тұран ауылының Алаша Байтақ жырау, Саққорған және  Түркістан-Балтакөл бағытындағы Жангелдин көшесінде жөндеу жұмыстары қашан басталады?
Жалпы Түркістан қаласындағы көшелердің жағдайына тоқталып кетсеңіз.

(Түркістан қаласының тұрғыны, Дилманов А.)

 

1. Алаша Байтақ жырау көшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау.

2. Саққорған қөшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау

3. Жангельдин көшесінің жұмыстары кестеге сәйкес жүргізу

 

  1. 01.10.2022

 

 

 

 

2. Саққорған көшесі - 2022 жылдың қазан айы.

3. Жангелдин көшесі - 2023 жылдың
II тоқсаны.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды. 2023

Қазіргі жағдай бойынша Түркістан қаласы аумағында 127,3 шақырымды құрайтын топырақ жолдар бар. Оларға жылдың соңына дейін толық шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек ағымдағы жылы 46,4 шқ. құрайтын 40 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт төсеуді қажет ететін көшелерге бірінші кезекте инфрақұрлым (су, газ, кәріз жүйелері) жүйелері толық жүргізілуде. Аталған үш көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

10

Бүгінгі таңда, қолданыстағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі қаланың негізгі көшелерінің біріне айналды. Транзиттік және басқада көліктердің қала аумағынан өтуі кезінде кептелістерді туындатпауы және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қаланы айналып өтетін балама жол құрылысы қашанға жоспарланған?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Қалмұрзаев Б.)

1. Түркістан қаласы шығыс айналма жолының құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды атқару.

 

1.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 

 

1. 2025 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. 2025-2027 жж.

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жұмыс басталмаған. (2025-2027 ж.)

2020 жылы Түркістан облысының әкімдігі тарапынан Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысына (30 шқ) ЖСҚ әзірленіп, жоба ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары Комитетіне өткізілді.

Жобаның жалпы құны - 26,0 млрд. теңге. Қазіргі уақытта, Министрліктің мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде қолданыстағы автомобиль жолдарын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, онда басталған жобаларды аяқтау міндеті басымдыққа ие.

Бұл жобаны іске асыруды бастау
2025 жылға шегерілінген.

11

Түркістан қаласындағы қалалық бағыттардағы қоғамдық көліктер қашан жаңартылады?

(Түркістан қаласының тұрғыны,

Әбдіраймқызы Д.)

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласындағы қалалық бағыттардағы қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу.          

 

2022-2023 жыл

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

2023 жылдың қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласында 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус (115 сыйымдылығы жоғары, 105 шағын автобус), шағын автобустармен қызмет көрсетеді. «Жолаушы» ЖШС-і 15 қалаішілік бағытқа қызмет көрсетсе, «ТехПрофАвто» ЖШС-і  6 бағытқа қызмет көрсетуде.

Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 115 автобус алынып, қалаішілік №1, 1а, 2а, 5, 5А, 6, 10, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 30 бағыттарына сыйымдылығы жоғары автобустары жүргізіліп, шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылды. Жоғарыда аталған бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген.

12

Түркістан қаласы, Марғұлан көшесіне асфальт төсеу және түңгі жарық шамдары қашан орнатылады?

(Түркістан қаласының тұрғыны

А.Қарабалаева)

1. Марғұлан көшесіне кәріз жүйесі жүргізу жоспарлануына байланысты тас төсеу жұмыстарын ұйымдастыру

 

1. 01.05.2022

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

1. Орындалды (2023 ж.)

Марғұлан көшесіне алдағы уақытта кәріз жүйесі жүргізу жоспарлануына байланысты асфальт салуға мүмкіншілік жоқ, алайда аталған көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Марғұлан көшесінде кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары 2024 жылдың 2-тоқсанында жүргізілгеннен кейін, көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

 

2.      Көшеге түңгі жарық шамдарын орнату.

2. 01.12.2022

 

 

 

2. Орындалды

Аталған көшедегі ескі жарықшамдарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.

Құрылыс

13

Түркістан қаласын суландыру және су нысандарын салу қарастырылған ба?

(Түркістан қаласының тұрғыны,

Бүркітбаева Қ.)

 

Қаланы суландыру жүйесі мен су спорт каналы жобаларының құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен аяқтау.

01.05.2022



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Түркістан қаласы ыстық климатта орналасқан және жел жиі тұратын аймақ. Осы жағдайларды ескере отырып, бас жоспарда қаланы суландыру жүйесі қарастырылған (каналдар жүйесі). Түркістан қаласын суландару жүйесін жақсарту мақсатында қала аумағында Р32, Р33, Р33/2, Р34 каналдарын салу жұмыстары жүргізілді. Аталған каналдардан келген суды, гидрантты жүйе арқылы жанама көшелердегі жасыл желектерді суғару жүргізіліп жатыр. Жыл басынан қазіргі таңға дейін 12 млн.м3 астам су алынды.

Жалпы 4 ирригациялық каналдар бар, олардың ұзындығы - 23,9 шқ құрайды.

2021 жылы гидранттық жүйе бойынша 611 га аумақта жалпы ұзындығы                    63 шқ құбыр жүргізіліп пайдалануға берілді.

Екінші кезең бойынша «Тұран» мөлтек ауданында диаметрі 160 мм құбырларды 25 км және диаметрі 400 мм құбырды 4,3 шқ жүргізілді.

2022-2023 ж. жоба бойынша Саттарханов пен Майкотов көшелерінің аралығында жүргізілетін гидранттық жүйенің ұзындығы 110 шқ құрайды және ұзындығы 6,6 шқ ені 1 метр болатын ирригациялық канал қарастырылған.

Басқа да сұрақтар

14

Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Сәтті жол» ЖЖМБ құрылысы 2019 жылы мемлекеттік мұқтажына алынып, құрылысы бұзылған. Алайда, осы күнге дейін өтемақысы төленбеген, өтем ақысы 255, 1 млн. теңгесін төлеп беруге ықпал жасауыңызды сұранамын.

(Түркістан қаласының тұрғыны Қошқаров Қ.)

Өтемақысын төлеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

 

 01.02.2023

Түркістан қаласы әкімдігі

 

Облыстық жер басқармасы

Өтемақысын төлеу

Орындалды.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы М.Қ. Ташевтің 27.06.2022 жылғы №5194-22-00-4/324 ұйғарымы қабылданып, маусым-қыркүйек айларында 99,7 млн қаржы төленсе, қараша айында 100млн.тг қаражат төленді.

Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Сәтті жол» ЖЖМБ жалпы саны 255 149 200 теңгені құраған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан аталған қаржы толығымен төленіп аталған өтініш қанағаттандырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі (19.07.2022 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалу барысы

Әлеуметтік сала

1

Өзіңізге белгілі қаламызда бірқатар мүмкіндігі шектеулі тұрғындар бар. Осындай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған автокөліктердің санын көбейту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

 (Түркістан қаласының тұрғыны

Копжасарова А.)

Қала аумағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін автокөлік санын көбейту үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу.

 

2022 жыл

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Конкурс жариялап, жеңімпазды анықтау

Орындалды.

Жалпы Түркістан қаласында инвотакси қызметін қолданатын 150 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оларға қазіргі таңда 7 инвотакси және  зағип жандарға арналған 2 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде.

 

2

Атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтар кәсіпкерлікті дамыту бойынша қайтарымсыз грант ала алады ма?

Егер, грант берілетін болса, (АСП) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады ма? (Түркістан қаласының тұрғыны Айтімбет Ұ.)

 

 

 

 

 

 

 

Халық арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

тұрақты

 

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Тапсырманың орындалуы тұрақты.

Орындалды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 273 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілді. Азаматшаға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қанағаттандырылды.

Жол саласы

3

Мен Бірлік мөлтек ауданы, Еділ көшесінің  тұрғынымын. Балаларымызды мектепке бала-бақшаға апару үшін көшемізде жүретін қоғамдық көлік аздық етуде және асфальт қажет болып отыр. Сізден, Түркістан қаласы  Еділ көшесіне асфальт салу және жаңа қоғамдық көліктерді санын көбейтуге  жәрдем беруіңізді сұраймын.

 (Түркістан қаласының тұрғыны Матиев Х.)

 

Жол құрылысын толық аяқтауға республикалық бюджеттен қаржы бөлу, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін  қоғамдық көліктерді аталған көшемен жүруін қамтамасыз ету.

 

01.12.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан 2022-2023 жылдары Бірлік секторындағы Еділ, Құмтүйін тас жолы-Дулыға батыр аралығындағы көшелерге асфальт төсеу және біржақтама аяқ жол салу жұмыстары жоспарланған болатын.

Жобаға сәйкес, 2022 жылы асфлаьт төсеу жұмыстары іске асырылып, 2023 жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған болатын.

Орташа жөндеу жұмыстары іске асырылғаннан кейін, аталған көшелермен №6А қоғамдық көлік бағыты қатынауда.

 

4

Түркістан қаласы, Нұрлы әлем, Үстірт көшелерінде канализация жүргізіп кетті. Қазір аталған көшелер шаң, топырақ болып жатыр.  Біздің көшеге тас төсеп беруіңізді сұраймын.

(Түркістан қаласының тұрғыны Избасаров Т.)

Түркістан қаласы, Нұрлы әлем, Үстірт көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

 

01.10.2022

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды

Яссы секторының Нұрлы әлем, Үстірт топырақ көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргзіліді.

Сонымен қатар, аталған көшелерге 2023 жылы асфальт төсеу және біржақтама аяқ жол салу жұмыстары іске асырылды.

5

Түркістан қаласында қазіргі уақытта көшелерді түнгі жарықшамдармен қамту жұмыстары жүруде. Мен Түркістан қаласының Шауғар мөлтек ауданында тұрамын. Біздің мөлтек ауданның көшелеріне жарықшамдар жүргізіледі ме?

(Түркістан қаласының тұрғыны Танатова К.)

Түркістан қаласының Шауғар мөлтек ауданының көшелеріне жарықшамдар жүргізу.

 

30.11.2023  

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Түркістан қаласында 2021-2022 жылдар аралығында 267 шақырымды құрайтын 216 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл жұмыстар қаланың Сауран, Отырар, Бекзат, Яссы мөлтек аудандарында жүргізілді.

Ендігі кезекте 2022-2023 жылдары қалдағы 272 көшені (277,0 км) жарықтандыру бойынша, құрылыс жұмыстары басталды. 2023 жылы Түркістан қаласының Шауғар мөлтек ауданын толықтай жарықтандыру көзделген. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңге. Оның 2022 жылға 500,0 млн. теңгесі қаралған. Түркістан қаласының 2023 жылға жарықтандыру жұмыстарына 2 646 620 мың.теңге қаржы жоспарланды.

    Жоспарға сәйкес, Шауғар секторындағы РМЗ және Ортақ аумағындағы көшелерге толығымен жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, электр көзіне қосылды.

6

Түркістан қаласы, Жангелдин көшесін жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

(Түркістан қаласының тұрғыны, Сескеева З.)

 

 

 

Жангелдин көшесінің құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға республикалық бюджеттен қаржы бөлу.            

 

30.11.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Жангелдин көшесінде қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көше бойындағы коммуникациялық жүйелердің орнын ауыстыру яғни, ауыз су, сарқынды су, электр бағаналарын көшіру, сондай-ақ, жолдың негізін әзірлеу жұмыстары жасалынды. Бұл нысан келесі жылға өтпелі. Жобаның жалпы құны 2 023,7 млн.теңге. Ағымдағы жылы нысанның құрылысына 982,0 млн теңге қаржы қаралған.

2023 жылдың бюджетін нақтылау кезінде қажетті қаржы көлемі толық қарастырылатын болады.

Нысан 2023 жылы толығымен аяқталды.

7

Менің сұрағым Т.Айменов көшесіндегі жол мәселесіне байланысты. Біздің көшемізге қай уақытта асфальт салынады? (Түркістан қаласының тұрғыны

Худайбергенова М.)

 

 

Т.Айменов көшесіне асфальт төселуін қамтамасыз ету.

 

01.12.2022

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

2022 жылы Түркістан қаласы, Т.Айменов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 76,0 млн.теңге қаралған.

Жоспарға сәйкес, аталған көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

 

Инфрақұрылым саласы

8

Былтырдан бастап 1 мөлтек ауданда жалпы жөндеу жұмыстары басталып, көпқабатты үйлердің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда бітіп жатыр. Менің сұрайын дегенім, біз тұратын 2 мөлтек ауданға абаттандыру жұмыстары қашан жүргізіледі? Ауламызға балалар ойын алаңшасы керек.

(Түркістан қаласының тұрғыны Сансызбаев Б.)

2 м/а аумағын абаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлу.

 

01.12.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды. 2023ж.

На 2022 год разработана сметная документация на проведение работ по благоустройству микрорайона № 2, рассмотрены средства из бюджета. Общая стоимость проекта составляет 397,0 млн. долл.тг, на текущий год 50,0 млн. долл.тг рассмотрено.

Определен подрядчик на данный объект (Подрядное учреждение ТОО «Туркестан-Жарық Тазалык»), заключен договор. Согласно условиям договора объект переходный на 2023 год.

В целом по микрорайону №2 построены детские игровые площадки на 7 местах и футбольные поля на 3 местах.

На 2023 год из областного бюджета на строительство игровых площадок выделено 300 000 тыс.изучены и освоены денежные средства. В настоящее время объект передан в пользование населению с подписанием акта приемки.

9

С.Қожанов көшесі №3 көпқабатты тұрғын үй тұрғынымын. Біздің пәтерде газ әлі күнге дейін тартылмаған, Газбен қамту қашанға жоспарланған? Түркістан қаласының тұрғыны Сүлейменов Қ.)

Жобадан тыс қалған тұрғын үйлерге инжинерлік инфрақұрылым салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлу.

 

01.09.2022

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Жобадан тыс қалған үйлерді табиғи газбен қамту үшін облыстық бюджеттен 200,0 млн.тг қаралған (Жобаның жалпы құны 243,445 млн.тг), мердігер мекеме «РемСтрой» ЖШС.

2022 жылдың тамыз айында С.Қожанов көшесіндегі №3 көпқабатты тұрғын үйге газ құбыры тартылып ШРП орнатылады. Үйдің ішкі жүйелері тұрғындар тарапынан келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.  

 

10

1.   «Бекзат» мөлтек ауданында жаңа мектеп орны  белгіленгеніне біраз уақыт өткен. Осы мектеп құрылысы қашан басталатындығын сұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «Бекзат» мөлтек ауданындағы аллея 3 жыл бұрын салынған, қараусыз қалғандығын айтты. 

Түркістан қаласының тұрғыны Қалибекова Н.)

Бекзат м/а мектеп құрылысының ЖСҚ-ын жасауға облыстық құрылыс басқармасына тапсырма беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті полиция басқармасына, бұзақыларды анықтап, заң талаптарына сәйкес шара көруге тапсырма беру.

 

2024-2025 жылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.09.2022

Облыстық құрылыс басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

1. Орындалу үстінде (2023-2025 ж.)

Бекзат мөлтек ауданында 3 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте 5196 оқушы екі ауысымда білім алуда. 2021 жылы ашылған 1 жекеменшік  900 орынды «Нұр интеллектуалды мектеп» те 411 оқушы білім алуда.

Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасы бойынша Самал көшесінде 3 гектарға қаланың бас жоспарына сәйкес 1200 орынды мектеп салу бойынша мемлекеттік АКТ алуға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Бірегей оператор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы жоспарлануда.

2.Орындалды.

Жергілікті полиция басқармасына, бұзақыларды анықтап, заң талаптарына сәйкес шара көру тапсырылды.

 «Бекзат» мөлтек ауданындағы аллеяның сынған жарықшамдарымен сынған орындықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп қалпына келтірілді.

11

1.    «Отырар» мөлтек ауданындағы көқабатты тұрғын  үйлердің тұрғындары коммуналдық төлемдерге (электр жарығы, су, жылу) қарыз берешектері көбейіп кеткен.

2.    «Отырар» мөлтек ауданында КСК жұмысына көңілі толмайтындығын, дұрыс жұмыс жасамайтындығын айтты. Не үшін 30,09 тиын төлеуіміз керек деген сұрақ қойды.

3. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілмегендігін, шөптерді шабу керектігін айтты. 

Түркістан қаласының тұрғыны Жұманова З.)

1.       Отырар м/а тұрғындарына КСК мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

 

2.       «Отырар» мөлтек ауданында КСК жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

3.       Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

 

01.06.2022

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

1.    Заңға сәйкес түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Заңға сәйкес түсіндірілді

 

 

 

 

 

 

 

3.    Орындалды.

Абаттандыру жұмыстарының барысында көгалдандыру (газон) егіліп, шөптерді шабу жұмыстары уақытылы орындалуда. Сонымен қатар, қараша айында «Отбасыңмен он тал ек» акциясы аясында аталған көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көше бойларына жасыл екпелер, ағаштар егілді.

Спорт  саласы

12

Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толды. Өңірде облыстық және республикалық бюджеттен қолдау тауып салынып жатқан спорт нысандары бар ма?

(Түркістан қаласының тұрғыны Абдувалиев А.)

Спорт нысандарының құрылысын жоспарға сәйкес аяқтап, пайдалануға тапсыру.   

 

01.12.2023

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Қазіргі таңда, ҚР Үкіметі тарапынан қолдау тапқан Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, құрылысы жүргізіліп жатқан халықаралық теннис орталығының құрылысы, Мұз сарайының құрылысы, Ескек есу каналы бағытындағы спорт кешенінің құрылыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде.

Теннис орталығы салынып 2022 жылы пайдалануға берілді.

Мұз сарайының бүгінгі таңда толық құрылыс жұмыстары аяқталды.   

Ескек есу каналының сыртқы электрмен жабдықтау, көпір өткелін салу, жеткізу каналын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 300 000 м3 су бар.

13

Асан қайғы, Бабай батыр, Таласпаев, Абдрахманов көшелеріне кәріз жүйесі қашан жүргізіледі?

(Түркістан қаласының тұрғыны Жолбарыс Ұ.)

Тиісті көшелерге кәріз жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету.

 

 

2023 жыл

 

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023 ж.)

Түркістан қаласы, Асан қайғы, Таласпаев, Абдрахманов көшесін сарқынды су желісімен қамтамасыз ету  «Түркістан қаласы Яссы және Ыждыхат тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету» жұмыс жобасында қарастырылған. Аталған нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама 26.06.2020 жылы  № Техэксаст-0021/20 алынған.

            Құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «Taimas Construction» ЖШС болып танылған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары  2021-2023 жылдарға қойылған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

            Сонымен қатар, жоғарыда аталған көшелерде жеке тұрғын үйлерді сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету және магистралды кәріз желісіне қосу мақсатында арнайы  «Иассы» ықшам ауданы, «Ыждыхат» тұрғын үй аумағының кварталішілік сарқынды су жүйесінің құрылысы 2-кезең»  жұмыс жобасы әзірленіп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан 2024 жылы пайдалануға тапсырылады.

Цифрландыру саласы

14

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері жаңа қала мөлтек ауданында барлық инфрақұрылым жүйелері соның ішінде интернет желілері толығымен жүргізіліп жатқаны қуантады. Алайда, Түркістан қаласының вокзал маңы, ремзавод, хлопзавод, Бекзат мөлтек ауандарда интернет желісінің сапасы өте төмен. Осыған байланысты қандай шаралар қабылданып жатыр. (Түркістан қаласының тұрғыны Самбетова П.)

 

 

Халық арасында  интернет   қондырғыларының қауіпті емес екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Интернет операторларына интернет қызметінің сапасын тұрақты түрде қадағалауға тапсырма беру.

 

 

 

 

 

20.10.2022

Облыстық цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Аталған аумақта  интернет жылдамдығына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Beeline» интернет қызметінің төмендігі анықталды.

Осыған орай, «Beeline»  ЖШС мен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде Сауран мөлтек ауданындағы,  «Ұлы Дала» боулинг орталығының шатырына қондырғы орнатылды.

 

Құрылыс саласы

15

Әмір Темір мектебінің құрылысы қашан басталатындығын саұрайды 

(Түркістан қаласының тұрғыны Досыбеков П.)

 

№3 Амір-Темір мектеп құрылыс жұмыстарын бастап, жоспарланған мерзімде аяқтау.

 

01.12.2023

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

№3 Амір-Темір жалпы орта мектебі 2 ғимараттан  тұрады. Мектеп 1960  жылы  ыңғайластырылған  типте  салынған. 1 қабатты мектеп    ғимаратын  2019  жылы "Универсал  ЮГ"  мекемесі  апатты  деп  танып,  сараптама  қорытындысы  берілген.  

Аталған мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусын салу жоспарланған. Жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 1,619,652 млрд.тг қаржыны құрайды. Мердігер мекеме «АқНұр Строй» ЖШС. 2022 жылғы лимиті 500 мың.тг. Қаралған қаржыға мектепті бұзу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылғы лимиті 1 580,6 млрд.тг.

Бүгінгі таңда, қазан шұңқұр 100%, іргетас 100% жертөленің қабырғалары 20% орындалған. Нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі (01.02.2023 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

                                                                                                      

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

Түркістан қаласының Түрік поселка аумағына бір алаңқай салдыртуға ықпал етсеңіз (Түркістан қаласының тұрғыны Ш.Алдиярова)

Түрік поселка аумағына бір алаңқай салу.

 

 

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Ағымдағы жылға Түрік поселкасы аумағына ойын алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қарастырылды. Жоба құны: 33,5 млн.тг. Мердігер мекемемен келісім шарт түзілді. Құрылыс жұмыстары наурыз айында бастау алды. Қазіргі таңда Түрік поселкасына ойын алаңшасы орнатылып, нысан халыққа пайдалануға берілді.

2

Бекзат мөлтек ауданы Зерделі көшесіне тас төсеп берсе екен. Балаларымыз лай жолмен сабаққа бара алмайды. Осы мәселенің шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

(Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Жұмабеков)

 

Бекзат мөлтек ауданы Зерделі көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

01.06.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Бекзат м/а сарқынды су жүйесін салу нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алайда, қазылған траншеялардың орындары отырып, сол аумақтағы тұрғындардың жүріп тұруына кедергі келтіруде. Осыған орай, көктем айларында аталған аумақтарға тас төсеп техникалармен тегістеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда тұрғындарға жүріп тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазылған көшелерді реттеп тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Әлеуметтік сала

3

Көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрамын. Баспана кезегі бойынша биылғы жылы пәтер беріледі ме? Кезекте тұрған азаматтарға қанша пәтер беруді жоспарлап отырсыздар?

(Түркістан қаласының тұрғыны Д.Жиенбаева)

 

Кезекте түрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

 

30.12.2023

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

(А. Жетпісбай)

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Облыстық құрылыс басқармасы

Хат түрінде жауап

Орындалды (2023)

2023  жылдың  соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркеліп тұрған азаматтарға жалпы 676 пәтер берілді.

Білім саласы

4

Яссы секторы Оралман м/а тұрғынымын, Кентау тас жолының сол жағы маңайында бір ғана мектеп бар. Біз тұратын аумаққа мектеп салып берсеңіздер.

(Түркістан қаласының тұрғыны М.Кидралиева)

Кентау тас жолының сол жағына мектеп салу.

 

 

 

01.09.2024

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

(А. Жетпісбай)

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Б. Тәжібаев)

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық білім басқармасы

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2024)

Түркістан  қаласы бойынша
2025 жылға дейін жалпы саны
7 "Жайлы  мектеп" салуға  ұсыныс  әзірленіп, бекітілген. Соның ішінде Яссы мөлтек ауданы, Кентау тасжолының сол жақ бетінен
1200  орынды "Жайлы  мектеп" құрылысын жүргізу жоспарланған. Аталған мектепке жер телімі бөлініп, құжаттары әзірленген. Қала әкімінің қаулысы, мемлекеттік АКТ Түркістан облысының құрылыс басқармасына жолданды.

Мектептердің құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жол және қоғамдық көлік саласы

5

Біз тұратын Баянауыл мөлтек ауданынан аумағынан бір ғана №6 маршрут қалаға қарай қатынайды. Осы Баянауыл м/а жаңа қала аумағына баратын жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылса екен деген сұранысты жеткізгім келеді.

(Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Мусабекова)

 

Баянауыл аумағынан қоғамдық көлік қатынастарын реттеу.

 

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Аталған елді мекеннің көшелерін орташа жөндеуге 68,6 млн.теңге қаржы қаралған. Бас мердігер: «Алем Транс Жол» ЖШС-і.

Жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары сәуір айында толығымен іске асырылды.

Сонымен қатар, №6 қоғамдық көлік бағытының жол жүру сызбасы ұзартылып, жаңа №16 бағытындағы қоғамдық көлік  бағыты іске қосылды.

 

6

Түркістан қаласы, Сауран секторынан Бекзат секторына өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынады ма?

Адамдар өтетін көпір салып берсеңіздер?!

(Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Мейірбекова)

Сауран секторынан Бекзат секторына өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу жұмыстары.

 

01.10.2024

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2024)

Сауран секторынан Бекзат секторына өту үшін 2023-2024 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан Түркістан қаласының Түркістан станциясының 3103 км ПК2+50 пикетінде жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда, көпір салынатын орны белгіленіп, көпір құрылысының иінтіректері орнату жұмыстары іске асырылды.

Жоба толығымен іске асырылған кезде, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасып, Сауран секторынан Бекзат секторына қатынау қауіпсіз болып табылады.

Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталатын болады.

7

Түркістан қаласындағы Шауғар секторына қарасты Тоған-Сүйіліш батыр аралығындағы көшеге асфальт салып берсеңіздер!

(Түркістан қаласының тұрғыны К.Минжанова)

 

Тоған-Сүйіліш батыр аралығындағы көшеге асфальт жүргізу.

 

 

 

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

2023 жылы аталған көшеге орташа жөндеуге 44,3 млн. теңге қаржы қаралған. Бас мердігер: «АлемТрансЖол» ЖШС-і. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары басталып, толық асфальт жабындысы төселді.

8

1.     Жолымбет Мәдениет көшесіне балалар ойнайтын алаңша салу мәселесі;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.     Түркістан қаласының жол белгілерін көбейтуге қаражат бөлу;

 

 

 

 

 

 

 

3.     Асанбай темір жол өткеліндегі «тоқта» белгісін алып тастау мәселесі.

(Түркістан қаласының тұрғыны А.Асилбеков)

 

1.      Жолымбет Мәдениет көшесіне балалар ойын алаңшасын салу.

 

 

 

 

 

 

 

1.     Бос жер телімі жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат түрінде жауап

 

 

 

 

 

 

Орындалды (2023)

Ойын алаңшасын орнату бойынша аталған Жолымбет Мәдениет көшесіндегі бос жер телімі болмауына байланысты, аталған көшеге жақын орналасқан аталған аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі жоқ. Алайда, ағымдағы жылға аталған аумаққа жақын маңда М.Абенова мектебі, С.Болыс көшесі бойына  спорт алаңдары мен ойын алаңшасын  салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2.      Түркістан қаласының жол белгілерін көбейтуге қаражат бөлу.

 

2.     30.03.2023

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы әкімдігі

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

 

Орындалды (2023)

Түркістан қаласында жол белгілерін орнату бойынша биылғы жылға бюджеттен 185 млн.тг. қаржы қаралған.

Жыл басынан жалпы саны 1200 дана жол белігісі қажеттілікке байланысты орнатылды.

Сонымен қатар, қосымша жыл соңына дейін қосымша 200 дана жол белгісін ұйғарымға сәйкес орнату жоспарлануда.

3.      Асанбай темір жол өткеліндегі «тоқта» белгісін алып тастау.

 

3.1101.05.2023

Қалалық Полиция басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Орындалды.

Асанбай темір жол өткеліндегі «тоқта» белігісі ҚР «Жол жүрісі» туралы заңнамасының аясында орнатылған.

Бірақ, аталған темір жол өткелінде көлік кептелісі орын алуына орай, Тынышқұлов көшесінде айналма жол салу құрылысы, орташа жөндеу жұмыстары есебінен қолға алынды.

Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып нысан пайдалануға берілді. 

9

Ортақ елді мекеніндегі Аубакиров, Асфандияров, К.Аманжолов көшелерінің тұрғыны боламыз. Біздің көшелерге де түнгі жарықтандыру жұмыстары қашан жүргізіледі?

(Түркістан қаласының тұрғыны Х.Қалдыбекова)

Ортақ елді мекеніндегі Аубакиров, Асфандияров, К.Аманжолов көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

 

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

2023 жылы жалпы қала аумағындағы көшелерді жарықтандыруға
4,2 млрд. теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы аталған көшелерге жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге арналған. Бүгінгі таңда, бас мердігер «АКСЕМСЕР-СТРОЙСЕРВИС» ЖШС-і ағымдағы жылдың наурыз айында жарықтандыру жұмыстарын бастап,

аталған көшелерде түңгі жарықтандыру жүйесі толығымен жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі (28.07.2023 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

                                                                                                      

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Жарықтандыру

1

Мен Шәуілдір тас жолы, Алматы көшесінің тұрғынымын біздің көшеде 30-40 тұрғын үй бар. Біз электр жарығын иесіз қалып кеткен ескі трансформатордан алып отырмыз. Көшемізде электр қуаты өте нашар және жиі өшеді. Бұл бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Кикимбаева Роза

87054599806

 

Алматы көшесіне жаңа трансформатор орнату

 

 

30.10.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Түркістан тас жолы Алматы көшесінің бойына трансформатор орнатылды. Электр қуатының көрсеткіші тұрақталды.

Тапсырма толық орындалды.

Жол

2

Түркістан қаласының орталық аумағында орналасқан Шайхантауыр көшесі қашан  жөнделеді?

Осыған байланысты, біздің көшеге тез арада асфальт және аяқ жол салынса екен? Тұрлыбекова Жұлдызай

8705-901-74-74

Шайхантауыр көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

01.10.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Шайхантауыр көшесі 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстын басталуы – 2023 жылдың тамыз айы. Сметалық құны – 31,1 млн.тг.. Жобаға сәйкес 620 метр жерге асфальт және аяқ жол аяқталды.

Ауыз су

3

Бекзат м/а Мұзтау көшесінің тұрғынымын, біздің көшеде ауыз су жоқ. Соған біздің көшеге ауыз су жүргізіп берсеңіз?

 

 

30.10.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Жобаның атауы «Түркістан қаласындағы жаңадан қоңыстаған тұрғындарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы».

Мемлкеттік сатып алу нәтижесінде «Бақ Береке 2030» ЖШС мердігер мекеме болып танылды. Жалпы соммасы 789,4 млн.тг., құрылыс жұмыстардың ұзындығы 65,7 шақырым құрайды. Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілді.

Абаттандыру

4

Ауа-райының күрт ысып температура +40 градустан асып отыр. Осыған орай қаланың көгал аймақтарының бірәзі қурағаны белгілі. Жалпы көгалдарды сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданылуда

Рүстемова Оңласын

87053223681

Көгалдарды сақтап қалу үшін қандай шаралар қолдануда

 

 

 

30.09.2023

 

 

Түркістан қаласының әкімдігі

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Орындалды (2023)

Түркістан қаласы аумағындағы көгалдарды сақтап қалу мақсатында, аптап ыстық мезгілдерінде, автоматандырылған суғару жүйелеріне қосымша 38 су тасығыш көліктер арқылы аэрация әдісімен суғарылуда. Суғару жұмыстарын тиімді пайдалану мақсатында жұмыстар кешкі 21:00 мен таңғы 08:00 аралығында жүргізілуде.

Сонымен қатар Арыс Түркістан каналында су көлемі жеткілікті деңгейде болған уақыттарда қала аумағында гидранттық жүйе орнатылған көшелерде жасыл желектер осы жүйе арқылы суғарылады. Арыс түркістан каналының су деңгейі төмендеген уақытта қосымша Кеңсай Қосқорған қоймасы арқылы беріліп, суғару жұмыстарын тоқтатпауға жұмыс жүргізілуде.

Жалпы егілген жасыл желектердің жерсінуі Түркістан қаласында бүгінгі таңда 70 пайызды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш. Ал егілген ағаштар қураған жағдайда мердігер есебінен оларды қайта отырғызу жүргізіледі. Оған бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін атап өткім келеді.

Сонымен қатар, жерасты су деңгейі төмендеген жағдайда қосымша су ұңғымаларын қазу қарастырылады. Келешекте жасыл желектерді гидрантты жүйелермен қоса тамшылатып суғару әдісіне көшуді көздеп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып, кезең кезеңімен қолданысқа енгізіледі.

Әлеуметтік көмек

5

Қайтарымсыз грантқа қатысып, өте алмады.

Мүмкін бәсеке жоғары болды ма әлде бағдарламаға қатысушылар көп па, білмедім. 90 грантқа 1000-нан аса адам қатысқан екен.

Түркістанда қазір өз кәсібін ашатын азаматтар көп. Грант санын көбейтуге жәрдемдессеңіз?

Мейірбекова Жанаргүл

+77012896447

Грант санын көбейтуге жәрдемдессеңіз?

 

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Орындалды (2023)

2023 жылға Түркістан қаласы бойынша жалпы 150 адамға 400 АЕК (МРП) көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда
6 айлық қорытынды бойынша 90 адам мемлекеттік грант иегері атанды.

Мемлекеттік грантқа өтініш білдірген үміткерлер бизнес жобасын арнайы 7 адамнан құрылған комиссия қарауында қорғап шығады.  Үміткерлер міндетті түрде Бастау-Бизнес жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқып, курстан өтіп сертификат алған төмендегі санаттар ала алады.

Жаяу жүргіншілер жолы

6

Біз қаламыздағы Сырдария көшесінің тұрғыны.

Біздің көше мектеп және балабақшаға баратын төте жол болып табылады. Сондықтан, оқушы балдардың мектеп пен балабақшаға барып келуіне аяқ жол салып беруіңізді сұраймын.

Ізбасаров Тұрсынбек

+77053553580

Сырдария көшесіне аяқ жол салып беруін сұрайды.

30.09.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

2023 жылы әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан және қоғамдық көлік жүретін, асфальт жабындысымен қамтылған 42 шақырымды құрайтын 43 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Жоспарға сәйкес Сырдария көшесінің аяқ жол құрылыс жұмыстары толығмен аяқталды.

Қоғамдық көлік

7

Түркістан қаласындағы №4 және 4А қоғамдық көлік бағыты қашан жаңарады?

Осы бағытта қатынайтын қоғамдық көліктердің барлығы тозығы жеткен, сапасы өте төмен.

Самбекова Пернекуль

+77078304437

№4 және 4А қоғамдық көлік бағытын жаңарту керек

 

 

 

30.12.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

2023 жылдың 11 айдың қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласында 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус (144 сыйымдылығы жоғары, 76 шағын автобус), шағын автобустармен қызмет көрсетеді. «Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағытқа қызмет көрсетсе, «ТехПрофАвто» ЖШС-і  6 бағытқа қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда аталған №4 және 4А бағытындағы қоғамдық көліктер халықтың сұранысына сәйкес қызметін атқаруда.

Жұмыспен қамту

8

Жұмыссызбын, арнайы бітірген мамандығым жоқ. Қандай жұмыстар ұсына аласыздар?

Айтымбет Балнұр

+7 707 192 40 32

Жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

 

Түркістан қаласы әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 

 

 

 

 

Орындалды (2023)

Азаматша жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыз статусын алғаннан кейін мансап орталығына жүгіну арқылы аталған бағдарламалардың талаптарына сай болуы керек. Алғашқы жұмыс орнына тартылу үшін міндетті зейнетақы жарнаңыздың болмауы міндеттеледі.
35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына кез-келген жұмыссыз азаматтар жолдана алады. Қоғамдық жұмысқа 16 жастан бастап зейнет жасына дейінгі жұмыссыздар қатыса алады.

Ойын алаңшалары

9

Қаланың Ремзавод аумағы халық өте тығыз орналасқан аумақ. Біздің Шанин көшесінде балаларға ойын алаңдарын салып берсеңіз?

Қалдыбекова Халия

8777-106-50-62

Шанин көшесіне ойын алаңшасын салу

30.12.2023

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023)

Қалаға 2023 жылы 15 жерге ойын алаңдарын салу жоспарланып, оның 10 алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталды.

 Жоспар бойынша қалған 5 ойын алаңшаның ішінде  №16 Т.Бигельдинов мектебі ауласына ойын алаңын салу бар. Орындалуы 2023 жылдың желтоқсан айы

 

 

Дата публикации
04 января 2024