Түркістан облысы әкімінің Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ

Түркістан облысы әкімінің Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ

 

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

 

2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУІ

(17.06.2022 жылы)

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1.

 

Байырқұм ауылдық округі, Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы балалар Аққала елді мекеніне қатынап оқиды. Жосалы мен Аққала елді мекендерінің ара-қашықтығы 5,3 шақырымды құрайды.  Күзгі-қысқы мезгілде жолдың нашарлығынан  Аққала елді мекеніне қатынау қиындық туғызады. Осыған байланысты Жосалы елді мекенінің кірме жол салынса?

 

(Сақ Жасан-Арыс қаласы, Байырқұм елді мекенінің тұрғыны)

1.1.     Жосалы елді мекенінің кірме жолға тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

 

1.1.1. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

1.1.2. Тас төсеу жұмыстарды ұйымдастыру.

(Байырқұм ауылдық округі Жосалы елдi мекенiнiң
5,3 шақырым кірме жолына  тас төсеу жұмыстарына         44,0 млн. теңгеге сметалық құжаттама әзірленді)

 

1.1.       2022 ж.

 

 

 

 

1.1.1.   2022 ж.

 

 

 

 

1.1.2.   2022 ж.

 

 

 

 

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

 

ОРЫНДАЛҒАН

1.1.1. Байырқұм ауылдық округі Жосалы елдi мекенiнiң 5,3 шақырым кірме жолына  тас төсеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 44,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

 

1.1.2. «Оймақ-құрылыс» ЖШС тас төсеу жұмыстарын толық аяқтады.

 

1.2 Шалғайда орналасқан мектебі жоқ Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы балаларды тасымалдайтын автокөлік бөлу.

 

1.2.  2022 ж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы Аққала елді мекеніне қатынап оқитын балаларын тасымалдайтын  автокөлікпен қамтамасыз ету.

ОРЫНДАЛҒАН

1.2.«Аққала» мен  Қабылсай жалпы орта білім беретін мектептеріне 20 орындық «Yutong ZK6745DX» маркалы екі  автобус берілді.

2.

Сырдария тұрғын ауданында демалатын саябақ бұрын болмаған, осыған байланысты демалатын орын саябақ салынса?

 

(Зұлпыхаров Бақытжан - Арыс қаласының тұрғыны)

2. Саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2.1. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

(Сырдария тұрғын ауданынан саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама дайындалған. Сметалық құны - 76,5 млн.тенге, оның 23,4 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде)

2.  2022 ж.

 

 

2.1.  2022 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

2.1.Сырдария тұрғын ауданындағы саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 76,5 млн теңге бөлініп, «Карат-Z» ЖШС жұмыстарды толық аяқтады.

3.

Арыс-Шардара автомобиль жолының қалаға кіре-беріс жолы жөнделсе?

 

(Байков Расиль- Арыс қаласының тұрғыны)

3.1. Арыс-Шардара бағытындағы М.Мақатаев көшесінің автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу.

3.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

3.1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

3.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

 

3.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

3.1.2. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

 

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Облыстық инвестиция және экспорт

 басқармасы

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

Арыс қаласы әкімдігі тарапынан М.Мақатаев көшесін орташа жөндеуден (асфальт төсеу) өткізу үшін сметалық құжаттама әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысы алынды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаржы қарауға облыстық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 09.11.2022 ж. 09/04-10/1292 және 27.11.2023 ж. №229-14/04-10/2590 хаттар жолданды.

3.2. Арыс қаласына кірмей, айналып өтетін ауыр жүк көліктеріне арналған жол салу.

 

3.2. 2022-2023 ж.ж.

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

3.2. Ауыр жүк көліктеріне арналған қалаға кірмей, айналып өтетін жол салу жұмыстарын жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлер есебінен жүргізу ұйымдастырылып, топырақ төселіп, тегістелді, келесі кезекте тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.

3.3. Арыс-Шардара автомобиль жолының бойынан ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату.

3.3. 2022-2024 ж.ж.

 

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛМАҒАН

3.3. Арыс - Қазығұрт, Арыс - Шымкент бағытындағы  жолдарға  тәулік бойы автоматты режимде жұмыс істейтін көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде облыстық көліктік бақылау инспекциясына 22.02.2022 ж. №229-01/10-15/536, 04.05.2022 ж. №229-01/10-15/1339, 23.02.2023 ж. №229-14/04-10/397 ұсыныс хаттар жолданған. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан салынатын айналма жолға ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы мен көлік жуу және  басқа да  құрылғылар орнату  жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Арыс-Шымкент бағытындағы қалаға кіретін автомобиль жолының бойы жарықтандырылса?

 

(Тюркина Лариса-Арыс қаласының тұрғыны)

4.1. Арыс - Шымкент бағытындағы қалаға кіретін автомобиль жолының бойы жарықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

4.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

4.1.2. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

 

4.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

4.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

4.1.2. 2022-2023 ж.ж.

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы,

 

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

4.1. Сметалық құжаттамасы әзірленген. Сметалық құны 91,4 млн. теңгені құрайды.

4.1.1. Жұмысты жалғастыруға қажетті қаржыға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасына 10.08.2022 ж. №09/04-10/403 хатпен сұраныс жолданған.

4.1.2.  Арыс-Шымкент бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың Арыс қаласына кіреберістегі арка мен «Дендросаябаққа» дейінгі 8,0 шақырымын жарықтандыру үшін Арыс қаласы әкімдігі тарапынан ЖСҚ (құны 91,4 млн.тг) әзірленген.

Мәдениет саласы

5.

Дермене елді мекеніне  клуб салынса?

 

(Күдебекова Мәрзия - Арыс қаласы, Дермене елді мекенінің тұрғыны)

 

5.1. Дермене елді мекенінен клуб салу жұмыстарын ұйымдастыру.

 

5.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Дермене ауылындағы               120 орындық клуб комплексі кітапханасымен нысанының ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (17.08.2021 жылғы №ЕТ-0131/21), сметалық құны – 354,0 млн.тенге.)

2022-2024 ж.ж.

 

 

 

 

5.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

5.1.2. 2022-2024 ж.ж.

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

5.1. ЖСҚ дайындалды.  Сметалық құны - 354,0 млн теңге. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

 

5.1.1. 2023 жылға облыстық бюджет есебінен құрылысына қаржы бөлуге  ұсыныс берілді. Облыстық бюджет есебінен  қаржы бөлу қолдау таппады.

 

5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық мемлекеттік сатып алу конкурсы 19.08.2022 ж. жарияланып, жеңімпаз болып мердігер мекеме «СтройЭкспресс РК» ЖШС анықталып, қазіргі таңда өз қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Денсаулық сақтау саласы

6.

Арыс қаласынан жаңа емхана салынса?

 

(Ерімбетова Гүлбахрам - Арыс қаласының тұрғыны)

6.1. Арыс қаласынан жаңа емхана салу.

 

6.1.1. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.

 

6.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Арыс қаласында жедел медициналық көмек станциясы бар 1 ауысымда 500 келушіге арналған қалалық емхана нысанының ЖСҚ-сы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (28.07.2021 жылғы №19-0304/21), сметалық құны-3240,7 млн.тенге.)

6.1. 2022-2024 ж.

 

 

6.1.1. 2022-2023 ж.

 

 

 

6.1.2. 2022-2024 ж.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы

Облыстық құрылыс басқармасы,

 Арыс қаласының әкімдігі

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

6.1.1. Арыс қаласында жедел медициналық көмек станциясы бар бір ауысымда 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысына қажетті 3,2 млрд.теңгеге 2024 жылға облыстық құрылыс басқармасы тарапынан республикалық бюджетке сұраныс берілді.

6.1.2. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы бөлу бойынша республикалық бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізілді.

2022 ЖЫЛДЫҢ II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ  КЕЗДЕСУІ

(17.06.2022 жылы)

Автомобиль жолдары және коммуналдық шаруашылық саласы

1.

Арыс қаласындағы және ауылдардағы жолдарымыз жөнделсе. Жолдардың біразы жөнделді, бірақ әлі де болса жөнделетін жолдар бар, солар қолға алынса.

 

(Шилманов Тұрарбек Әбілбаттаұлы- Арыс қаласының тұрғыны)

1.1. Арыс қаласы мен елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

1.1.1. Облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.

 

1.1.2. Арыс қаласы мен елді мекендердің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Арыс қаласының көшелерінің ұзындығы 369,7 шақырымды құрайды, оның  жақсы және қанағатты 223,1 шқ. (60.3 %), қанағатсыз 146,6 шқ. (39.7 %).

2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Монтайтас ауылдық округі Атамекен елді мекенінің 12 көшесіне, Сырдарья елді мекенінің 10 көшесіне орташа жөндеу жоспарланған (сметалық құны 484,0 млн теңге).

Сондай-ақ, қала бюджетінен 2023 жылға елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарына 445,7 млн.теңге қарастырылуда. Аталған мәселе бойынша бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетін болады.)

1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

1.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

 

1.1.2. 2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

1.1.1. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 191,0 млн.тг бөлініп, Жиделі ауылдық округінің, Жиделі елді мекеніндегі 6,3 шқ. құрайын 6 көше және Демене ауылдық округінің, Саналы ауылындағы 2,8 шқ. құрайтын 4 көше орташа жөндеуден (асфальт төсеу) өтті.

1.1.2. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 484,8 млн.тг бөлініп, Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекеніндегі 7,3 шқ. құрайтын 13 көше және Қожатоғай ауылдық округінің, Сырдария елді мекеніндегі 2,6 шқ. құрайтын 11 көшенің орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

2.

Арыс - Шардара бағытындағы жолмен ауыр жүк көліктері көптеп жүруде. Содан жолымыз бүлініп, толқындар пайда болған. Жол тегіс болмағандықтан,  көліктеріміздің жүруіне кедергі келтіріліп жатыр. Осы мәселені шешуге ықпал етсеңіз. 

 

(Есімханов Сәрсенбек Әшімұлы - Арыс қаласы, Байырқұм елді мекенінің тұрғыны)

2.1. КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" автомобиль жолының қала аумағынан өтетін 145-180  шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

2.1.1. Жолдың бүлінген асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс енгізу.

2.1. 2022-2023 ж.ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

2.1.1. КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32" автомобиль жолының қала аумағынан өтетін 145-180  шақырым аралығына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жолға геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда «Оңтүстік жолдары» КМК мекемесі тарапынан аталған жол учаскесіне күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп, ойылған асфальт жабындыларына жамау жұмыстары жүргізілді.

2.2. Арыс-Шардара автомобиль жолының бойынан ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату.

 

2.2. 2022-2024 ж.ж

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛМАҒАН

2.2. Арыс - Қазығұрт, Арыс - Шымкент бағытындағы  жолдарға  тәулік бойы автоматты режимде жұмыс істейтін көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде облыстық көліктік бақылау инспекциясына 22.02.2022 ж. №229-01/10-15/536, 04.05.2022 ж. №229-01/10-15/1339, 23.02.2023 ж. №229-14/04-10/397 ұсыныс хаттар жолданған. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан салынатын айналма жолға ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы мен көлік жуу және  басқа да  құрылғылар орнату  жұмыстары жүргізілетін болады.

3.

Шағыр, Бақырша, Ақтас, Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендеріндегі электр бағаналары, сымдары ескірген,  трансформаторлар тозған, ауыстыруды қажет етеді. Жаңадан салынған үйлерге тұрғындар өздері уақытша электр сымдарын тартып, сапасыз электр қуатын пайдаланып отыр. Айтпағым, аталған елді мекендердегі электр бағаналарын жаңартып, сапалы электр сымдарын жүргізіп берсеңіздер.

 

(Қазыбаев Исраил Қойшыбекұлы - Арыс қаласының тұрғыны)

 

3.1. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас және Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту жұмыстарын жүргізу.

 

3.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.

 

3.1.2. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас және Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту жұмыстарын жүргізу.

 

3.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

 

3.1.2. 2023 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

3.1.1. Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптаманың 31.12.2021 ж. №ОS-110/21 және №QS-0101/21 оң қорытындысы алынды. 2023 жылға Шағыр елді мекеніне 148,4 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер «Стар Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Бақырша, Ақтас елді мекендеріне 90,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер «Старт Строй» ЖШС анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі.

Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінде электрмен жабдықтау құрылысы жобасын қаржыландыру мақсатында облыстық бюджеттің нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды.

4.

Қожатоғай ауылдық округінің Байтоғай елді мекенінде ұзындығы 3,9 шқ құрайтын        №6 көше бар. Аталған көшеге біршама уақыттан бері жол салу мәселесі шешімін таба алмай келеді. Осы мәселені қолға алып, шешіп берсеңіздер.

(Ахмет Мамыр Маханбетұлы - Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінің тұрғыны)

 

4.1. Қожатоғай ауылдық округі,  Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне  жол салу жұмыстарын жүргізу.

4.1.1. Жол салу жұмыстарын жүргізу.

(Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінің ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 92,6 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленген. Конкурс жұмыстары өткізіліп, мердігер анықталған.  Алайда, мердігер жұмысты орындамай және заңмен белгіленген талаптарды орындамау салдарынан келісімшарт бұзылып, мердігер жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілді).

4.1. 2023 ж.

 

 

 

 

4.1.1. 2023 ж.

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

4.1.1. Байтоғай елді мекеніндегі ұзындығы 3,2 шқ құрайтын №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 92,6 млн. теңгеге сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда      2,4 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2024 жылға өтпелі.

5.

Қаладағы теміржол маңындағы жаңбыр және еріген қар сулары ағатын  табиғи арнаны қалпына келтіру керек. 

 

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

5.1. Арыс қаласындағы теміржол маңындағы табиғи арнаға талдау жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу.

 

5.1. 2022-2023 ж.ж.

 

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

Қаладағы теміржол маңындағы топан су ағатын табиғи арнаны қалпына келтіру.

 

ОРЫНДАЛҒАН

5.1. «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін  арнаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған су өту арнаның  алдынан бөгет қойылып, арнаның су өткізу мүмкіндігі шектелгендігі анықталған болатын. Қазіргі таңда жаңбыр және еріген қар суларының арнадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Білім саласы

6.

-         Наурыз шағын ауданынан мектеп салынады дегенге 4 жыл болды. Әлі күнге дейін салынған жоқ. Үкіметтен қаншама қаржылар бөлінуде. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі қадағалануы керек.

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

 

 

6.1. Наурыз тұрғын ауданынан            900 орындық мектеп құрылысын жүргізу.

 

6.1.1. Республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

6.1.2. Мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізу.

(Наурыз тұрғын ауданынан салынатын 900 орындық мектеп құрылысына қажетті жер телімі бөлініп,  құжаттары жолданған).

 

6.1. 2022-2025 ж.ж.

 

 

 

6.1.1. 2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

6.1.2. 2024-2025 ж.ж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ЖҰМЫС БАСТАЛМАҒАН

6.1.1. «Наурыз» тұрғын ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде      2024 жылы 600 орындық мектеп құрылысы басталады. Жер телімі бөлініп, барлық құжаттар рәсімделген. Мектеп құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жүргізеді.

Теміржол тасымалы саласы

7.

Арыс қаласында Сарыағаш-Астана бағыты бойынша          1 поезд жүрген. Оның тоқтағанына 1 жыл болды. Арыс қаласынан Ресейге, Орта Азияға өтетін поездар кеміп кетті. Өзбекстанға Нүкіске дейін  Нүкіс-Алматы     бағытында 1-ақ поезд өтеді. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер.

 

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

7.1. Халықаралық және облысаралық, қалааралық теміржол бағыттарын ашу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретінде болғандықтан, зерделеу жұмыстары жүргізіле отырып, Арыс қаласы арқылы өтетін жаңа теміржол бағыттарын ашу және қолданыстағы пойыздар санын көбейту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға ұсыныс енгізілуін ұйымдастыру.

7.1. 2022-2023 жж.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Сарыағаш-Астана бағыты бойынша          поезд жүргізу.

ОРЫНДАЛҒАН

7.1.«Астана - Сарыағаш» бағытындағы пойызға халық сұранысының аз болуына байланысты тиісті министрлікпен келісіліп, «Сарыағаш-Астана» бағытындағы пойыз қатынасы «Астана-Шымкент» бағытына ауыстырылған.

(«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 27.02.2023 ж. №НЖС-8/423-4 хатына және «Жолаушылар тасымалы» АҚ Облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына жолдаған 10.03.2023 ж. хаты)

2023 ЖЫЛДЫҢ І- ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУІ

(10.03.2023 жылы)

Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары

1.

Қаламыздың орталығында орналасқан орталық жылу қазандығы 1984 жылы құрылған. Қазандық ескі технологиямен жұмыс жасайды. Ескірген орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе және осы жылу қазандығы табиғи газға ауыстырылса, қаламыз қара түтіннен арылып, экологиялық жағдай жақсаратын еді. Осы мәселенің шешімін табуына ықпал етсеңіз.

 

(Ромашов Құрманбек -

Арыс қаласының тұрғыны)

1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу және орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу.

1.1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

1.1.1. Сметалық құжаттамасын дайындау.

1.1.2. Жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

1.2. Орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру  жұмыстарын жүргізу.

1.2.1. ЖСҚ-сын дайындау және сараптама қорытындысын алу.

1.2.2. Республикалық   бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

1.1. 01.07.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. 30.09.2023 ж.

 

 

1.1.1. 03.04.2023 ж

1.1.2. 15.05.2023 ж

 

 

 

1.2. 01.07.2024 ж.

 

 

 

 

 

1.2.1. 27.03.2023 ж

 

 

1.2.2. 15.05.2023 ж

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

 

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

1.1.1. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары дайындалып, қазандыққа жөндеу жұмыстарына 187,0 млн теңге қаржы қаралып, мердігер мекемемен келісімшарт түзіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. 

1.2. «Арыс жылу» КМК-ға қарасты орталық қазандығын табиғи газға ауыстыру үшін,  ғимарат жер аумағынан «Модульдік қазандық» құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ дайындалып,       2023 жылы 400,0 млн теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, игерілді. Мердігер «Trendim KZ» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде, нысан өтпелі. 2024 жылға 113,1 млн теңге қаржы қаралған.

2.

Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендеріндегі электр бағаналары, сымдары ескірген,  трансформаторлар тозған, ауыстыруды қажет етеді. Аталған елді мекендердегі электр жүйелерінің жаңартылуына ықпал етсеңіз.

 

(Жақсылықұлы Ербол - Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай елді мекенінің тұрғыны)

2. Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

2.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.

 

2.1.2. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

2.  15.04.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

2.1.  27.03.2023 ж.

 

 

2.1.2. 15.05.2023 ж.

 

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

2.1. Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптаманың 31.12.2021 ж. №ОS-110/21 және №QS-0101/21 оң қорытынды алынды.

2.1.2. 2023 жылға Шағыр елді мекеніне 148,4 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер «Стар Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Бақырша, Ақтас елді мекендеріне 90,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер «Старт Строй» ЖШС анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі.

3.

Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің жолдары мен көшелерінің тозығы жеткен және кейбір көшелерде асфальт жоқ. Осы мәселе қолға алынып, жолдар салынса екен.

 

(Оңалбаев Дүйсенбек- Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің тұрғыны)

3. Атамекен елді мекені жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

3.1. Сметалық құжаттама дайындау.

3.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3.1. 25.08.2023 ж.

 

 

 

 

3.1.  25.03.2023 ж.

3.2.  03.04.2023 ж.

 

 

 

 

Арыс қаласының әкімі

Г.Құрманбекова

 

 

 

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

3.1. Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекеніндегі 7,3 шқ. құрайтын      13 көше орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

4.

Арыс-Монтайтас тасжолы, Арыс-Шардара тас жолдары сапалы жолдар. Алайда құм, тас таситын ауыр жүк көліктерінің салмағынан аталған жолдар бүлінуде, осы жолдарды күтіп ұстауға көбірек көңіл бөлінсе. 

 

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

4. Арыс қаласынан өтетін Арыс - Монтайтас, Арыс - Шардара бағытындағы бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу.

4.1. Бүлінген жолдарды жөндеуге сметалық құжаттама дайындау және ведомстволық сараптама қорытындысын алу.

4.2. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

4. 25.04.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

4.1. 25.04.2024 ж.

 

 

 

 

 

4.2. 25.04.2024 ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

Облыстық көлік бақылау инспекциясы

 

Облыстық полиция департаменті

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

4. КХ-92 «Арыс-Монтайтас» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бүлінген               8 шақырымы мердігер мекеме «Югдорстрой» ЖШС тарапынан қайта қалпына келтірілді.

5.

Табиғи газ қала көшелеріне қашан кіреді, газ құбырын орнату ақысын бөліп төлеуге болады ма, жалпы қалаға газды толық кіргізу жоспары бар ма?

 

(Рысбаев Жақсылық -

Арыс қаласының тұрғыны)

5. Арыс қаласын табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

 

 

5.  25.12.2024 ж.

 

 

 

Арыс қаласының әкімі

Г.Құрманбекова

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

2022 жылдың қараша айынан бастап қаладағы
6 тұрғын аудан табиғи газға қосылды.
2023 жылдың тамыз айында Отырар тұрғын ауданы газға қосылды, Почтовый, ШПЗ, Сырдария, Наурыз және қалаға кіре берістегі  «Баламекен» тұрғын ауданын желтоқсан айының соңына дейін газға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер «Барыс Құрылыс» және  «АвтоРемстрой» ЖШС тарапынан нысандарды қысыммен тексеріп өткізу жұмыстары жүргізілуде.

6.

Салықбаев көшесінде тұрамын. Толастап жауған жаңбырлы күндері көше бойында үнемі су жиналады.

 

(Рысбаев Жақсылық -

Арыс қаласының тұрғыны)

6. Салықбаев көшесіне жаңбыр сулары жиналатын орындарды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізу

 

6. 25.08.2023 ж.

 

 

 

Арыс қаласының әкімі

Г.Құрманбекова

 

 

Ұсыныс енгізу

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

6. Салықбаев көшесінде еріген қар, толасып жауған жаңбыр салдарынан су жиналатын  орындарға 1607,028 мың теңгеге сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді.

 

«Арыс Теміржолсу» ЖШС мекемесінен су ішеміз. Ауыз судың сапасы төмен, осы мәселеге көмектессеңіздер.

 

(Рысбаев Жақсылық -

Арыс қаласының тұрғыны)

7. Арыс қаласында орналасқан «Арыс Теміржолсу» ЖШС-нан ауыз су тұтынатын 2200 абонентті (тұрғын үй) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су құбырларының құрылысын жүргізу. 

 

7.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.

 

7.2. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

7.   30.12.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.1. 30.07.2023 ж.

 

 

 

7.2. 30.11.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

7. «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-на қарасты су құбырлары ескіріп, тозығы жетуіне байланысты, жаңадан су құбырларын жүргізу үшін «Арыс топтастырылған» су жүйесі өндірістік бөлімшесі мекемесі арқылы, жер асты ауыз суын беру мақсатында, ЖСҚ-сын дайындауға қалалық бюджеттен         8,1 млн теңге қаржы бөлініп, сараптамадан оң қорытындысы алынып,  республикалық бюджетке

қаржы бөлдіруге өтінім жолданды. Нәтижесі күтілуде.

Құрылыс

8.

Арыс қаласының Қожатоғай елді мекеніндегі ауылдық клуб 1953 жылы салынып, қазіргі таңда ескірген. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастарымыздың өнерін шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануы үшін заманауи клуб пен спортзал құрылысының салынуына  ықпал етсеңіз.

 

(Мақметханов Дүйсенхан - Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны)

8. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу, клуб кітапхана комплексін салу бойынша ұсыныс енгізу

8.1. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу.

8.1.1. Сметалық құжаттама дайындау.

 

8.1.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында спортзал салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

8. 16.12.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

8.1.  16.12.2024 ж.

 

 

8.1.1. 25.03.2023 ж.

 

8.1.2. 15.05.2023 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық құрылыс  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

8.1.1. Арыс қаласының Қожатоғай елді мекенінен спортзал құрылысына  ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (12.12.2022 ж. №CAPC-0229/22). Сметалық құны- 256,780 млн.теңге. Конкурстық құны-234,0 млн.тенге. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз «АША-А» ЖШС танылды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы шілде айында басталды,  келесі жылға өтпелі. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы-200,0 млн.теңге.

8.2. Қожатоғай елді мекенінен клуб, кітапхана комплексі құрылысын салу бойынша ұсыныс енгізу.

8.2. 30.05.2023 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық құрылыс  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

8.2. Арыс қаласының Қожатоғай елді мекеніндегі ауылдық клуб 1953 жылы ыңғайластырылып салынған, қазіргі таңда аталған ғимараттың тозығы жеткен. Осыған байланысты Арыс қаласы әкімдігі тарапынан, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінен клуб, кітапхана комплексі құрылысын салу үшін жобалаушы мекеме «ADL System» ЖШС-ның демеушілігімен 120 орындық клуб кітапхана комплексі құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамада, нәтижесі күтілуде. Сараптамаға дейінгі жобаның сметалық құны                386,0 млн.теңге.  Жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, 2024 жылдың бюджетін нақтылау кезінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында құрылысына қажетті қаржыға сұраныс берілетін болады. Аталған жоба қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Облыс әкімі Д.Сатыбалдыға 30.05.2023 ж. №229-01/10-15/1135 хат жолданған.

Өзге мәселелер

9.

Арыс қаласындағы Арыс-1 вокзалы арқылы, оның ішіндегі  Сарыағаш-Астана бағыты бойынша өтетін        пойыздар қайта жүргізілсе.

 

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

9. Арыс - 1 теміржол вокзалы арқылы Сарыағаш-Астана бағытында пойыз қатынасын  ұйымдастыру туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалына ұсыныс енгізу.

9. 30.05.2023 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

9. «Астана - Сарыағаш» бағытындағы пойызға халық сұранысының аз болуына байланысты тиісті министрлікпен келісіліп, «Сарыағаш-Астана» бағытындағы поезд қатынасы «Астана-Шымкент» бағытына ауыстырылған.

(«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 27.02.2023 ж. №НЖС-8/423-4 хаты және «Жолаушылар тасымалы» АҚ Облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына жолдаған 10.03.2023 ж. хаты)

10.

Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін  арнаға автомобиль жолы салынған, автомобиль жолы көпірдің үстінен өтуі керек. Аталған арнаның алдынан бөгет қойылған, су өтуге мүмкіндік жоқ.

 

(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны)

10. Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін  арнаға, бөгетке (дамба) зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу. 

10. 30.05.2023 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті

 

 

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

 10. «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін  арнаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған су өту арнаның  алдынан бөгет қойылып, арнаның су өткізу мүмкіндігі шектелгендігі анықталған болатын. Қазіргі таңда жаңбыр және еріген қар суларының арнадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

11.

Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС теміржолға қызмет ететін мекемесі аумағынан  логистикалық орталық ашу бойынша ұсыныс.

 

(Шорахан Телқозы-

Арыс қаласының тұрғыны)

11. Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС мекемесі аумағынан  логистикалық орталық ашу туралы ұсыныс енгізу.

 

 

 

11. 30.05.2023 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы

(келісім бойынша)

Арыс қаласының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

11. Арыс қаласынан «MEGA-AGAT» ЖШС жоба құны     4,0 млрд. теңгені құрайтын Европаның "А" стандартына сәйкестендірілген 6 га аумақта 15000 шаршы метрді құрайтын  транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоба жоспарында 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады.

Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру.

Ұсыныс жасаған қала тұрғыны Т.Шораханға жоба туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс иесі қанағаттанды.

Жер мәселесі

12.

Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша ұсыныс.

 

(Шорахан Телқозы-

Арыс қаласының тұрғыны)

12. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

12. 30.05.2023 ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы

Облыстық жер қатынастары басқармасы

Арыс қаласының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

12. Арыс қаласының тұрғыны Т.Шораханның  Арыс қаласы халқының мал басына ортақ жайылым жерді ұлғайту туралы ұсынысына сәйкес, Ордабасы аудандық «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округінен  жайылымдық жер учаскесін маусымдық пайдалануға беру  туралы 24.05.2023 ж. №230-18/02-05/1107 ұсыныс хат жолданған.  Ордабасы аудандық «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» басшысы Б.Алтынбековтың 21.07.2023 ж. №229-16/07-21/437  жауап хатында Ордабасы ауданы әкімдігінің 11.07.2022 ж. №247 қаулысымен Бөржар ауылдық округі, Қалаш елді мекенінің тұрғылықты халқының малын жаюға ортақ жайылымға тұрақты бекітіліп берілген жер учаскелеріне Арыс қаласының Парковый, Алатау, Стадион шағын аудандары тұрғындарының малының жайылуына кедергі жоқ екендігі хабарланған. Аталған мәселе туралы қала тұрғыны Т.Шораханға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс иесі қанағаттанып, ұсыныс иесі  тарапынан өз ұсынысын қараусыз қалдыру туралы өтініш берілді.

2023 ЖЫЛДЫҢ II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУІ  (10.08.2023 жыл)

Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары

1.

Қалаға табиғи газ қосу мәселесін айтып өттіңіз.

Осы жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз. Қаладағы «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу мәселесі шешімін тауып, күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар.

 

(Зулпыхаров Бақытжан  - Арыс қаласының тұрғыны)

1. Арыс қаласының «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛҒАН

1. Арыс қаласының «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу бойынша мердігер мекеме «Барыс Құрылыс» ЖШС «КазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан берілген кемшіліктерді ретке келтіру және жүйелерді қысымдау (опрессовка) жұмыстарын жүргізуде.

2.

 

Қаладағы «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесіне асфальт жол салынбаған. Жаңбырлы күндері топырақ жол лайға айналады. Осы көшеге асфальт  жол салу бойынша өтінішіміз бар. 

Сондай-ақ, қаладағы «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесіне де асфальт  жол салу өте қажет болып отыр.

 

(Шілманов Тұрар- Арыс қаласының тұрғыны)

2.1. «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

2023 жылғы

1 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

2.1. Мердігер мекеме («Рарог-Сервис-Астана» ЖШС) анықталып, тас төсеу жұмыстарын жүргізді. Жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, нысан 2024 жылға өтпелі.

2.2. «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2023 жылғы

1 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

2.2. Мердігер мекеме («Рарог-Сервис-Астана» ЖШС) анықталып, тас төсеу жұмыстарын жүргізді. Жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, нысан 2024 жылға өтпелі.

Қоғамдық көлік

3.

Қаламызда былтыр автобус қатынасы  жүріп, халыққа тиімді болды. Ендігі кезекте халыққа ыңғайлы болу үшін автобус аялдамалары орнатылса.

 

(Досымбекова Зылиха - Арыс қаласының тұрғыны)

3. Қаладағы әлеуметтік маңызы бар  бағыттарда қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін аялдамалар орнату жұмыстарын жүргізу. Жыл соңына дейін қосымша  10 аялдама орнату.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ЖҰМЫСТАР БАСТАЛМАҒАН

3. Қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттарда аялдамалар орнатуға алдағы 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі.

Абаттандыру

4.

Теміржолшылар саябағының ашылғанына бәріміз, әсіресе жастарымыз қатты қуанды. Біздің жастық шағымызда осы саябақта карусель болатын еді, сондай карусель орнатылса, балаларымызға жақсы болар еді.

 

(Байков Расиль -Арыс қаласының тұрғыны)

4. Теміржолшылар саябағына ойын құрылғыларын (карусель) орнату жұмыстарын ұйымдастыру.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

4. Теміржолшылар саябағына ойын құрылғыларын (карусель) орнатуға бюджеттен            4,5 млн.тг қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталмады.

Өзге мәселелер

5.

Отырар ауданына қарасты Темір станциясы мен Түркістан қаласының арасындағы 15 шақырым жерде бір жақты теміржол бар, екінші (параллель орналасқан) жол салынбай қалған. Осы мәселе қолға алынып, жоғарыда айтылған аралыққа екінші теміржол салынуы керек деп ойлаймын.

Шымкент-Сарыағаш бағытындағы қала маңына қатынайтын (пригородный) пойыз  тоқтаусыз жүреді, ал Түркістан-Шымкент бағытындағы пойыз қатынасы тұрақсыз, 1 ай жүрсе, 1 ай тоқтайды. Себебі  аталған бағытта қатынайтын пойыз локомотиві дизель отынын тұтынады. Ал дизель отыны қыстың күндері қатып қалып, жүрмеуде. Осыған байланысты менің ұсынысым - Арыс пен Түркістан қалаларының арасында қатынайтын тепловоздың орнына электр пойызы қатынасы  ұйымдастырылса тиімді болар еді.

 

(Қошқаров Ақынбаба  - Арыс қаласының тұрғыны)

5.1. Отырар ауданына қарасты 37- разъезд бен Түркістан қаласының арасындағы 32,2 шақырым жерге екінші (параллель орналасқан) жол салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу.

 

 

2023 жылғы

31 тамызға дейін

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша)

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

5.1. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде, Темір мен Түркістан станцияларының арасындағы бір жақты теміржол желісіне параллель екінші теміржол желісін салу бойынша 08.09.2023 ж. №30/9872 және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалына жоғарыда аталған мәселе бойынша ақпарат ұсыну туралы 08.09.2023 ж. №30-06-16/1603 хат жолданған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  14.09.2023 ж. №ЗТ-Ж-1257 және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалының 12.09.2023 ж. №НОДГП-9/82 хаттарымен Теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысын іске асыру  техникалық-экономикалық негіздеме шеңберінде айқындалатындығы, ТЭН-ді әзірлеу 2027-2030 жылдарға жоспарланғандығы хабарланды. 

5.2. Шымкент - Түркістан бағытында Арыс қаласы арқылы өтетін (пригородный) пойыз қатынасында электр қуатымен жүретін пойыздарды жүргізу мүмкіншілігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

2023 жылғы

31 тамызға дейін

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша)

 

 

 

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

5.2. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде, Арыс пен Түркістан қалаларының арасындағы теміржол желісін электрофикациялау бойынша 08.09.2023 ж. №30/9872 және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалына жоғарыда аталған мәселе бойынша ақпарат ұсыну туралы 08.09.2023 ж. №30-06-16/1603 хат жолданды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  14.09.2023 ж. №ЗТ-Ж-1257 және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалының 12.09.2023 ж. №НОДГП-9/82 хаттарымен теміржол желісін электрлендіру  техникалық-экономикалық негіздеме шеңберінде айқындалатындығы, ТЭН-ді әзірлеу 2027-2030 жылдарға жоспарланғандығы, сонымен қатар «Түркістан-Шымкент» бағытындағы қала маңында қатынайтын пойыз кестеге сәйкес аптасына 5 рет тоқтаусыз қатынап жатқандығы хабарланды. 

6.

Қаламыздағы мұражай ескі, кішкентай ғана ғимаратта орналасқан. 9 жолдың торабы болған қаламызға көптеген тұлғаларымыз, оның ішінде теміржол саласы майталмандарының көп еңбегі сіңген. Менің тілегім - қала ішінен арнайы жер бөліп, үлкен мұражай салынса. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер екен.

 

(Балқыбеков Қонысбек  - Арыс қаласының тұрғыны)

6. Арыс қаласынан мұражай салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу.

2023 жылғы

20 қазанға дейін

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

Ұсыныс енгізу

ОРЫНДАЛҒАН

6. Арыс қаласы әкімдігі тарапынан жаңа мұражай салу үшін жер телімдері бөлініп, құрылысын жүргізу үшін бастапқы құжат сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалды, мұражай салу мәселесін зерделеп ұсыныс беру бойынша Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаевқа 08.09.2023 ж. № 229-01/10-15/1916 хат жолданды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 января 2024