Облыс әкімінің аппаратына 2020 жылдың жарты жылдық қорытындысымен келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша А Н Ы Қ Т А М А

Облыс әкімінің аппаратына 2020 жылдың жарты жылдық қорытындысымен келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

 А Н Ы Қ Т А М А

 

Облыс әкімі аппаратына 2020 жылдың 6 айының қорытындысымен жалпы 1385 өтініш келіп түскен, оның қаралғаны 1090 (149 өтініш қанағаттандырылған, түсіндірме жауаптар берілгені 916, бас тартылғаны 25), басқа органдарға жолданған 225 өтініш, 70 қаралу барысында өтініш.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 539 өтінішке кеміген(2019ж. 6 ай – 1924)

Түркістан облыс әкімі аппаратында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде «өтініштердің қаралуын бақылау» бөлімі құрылды. Аталған бөлімде, бөлім басшысымен бірге 5 қызметкер жұмыс атқарады.

Өтініштердің қаралуын бақылау бөліміне хабарласу үшін:

8 (725 33) 5-98-90

Бөлімнің негізгі міндеттері: келіп түскен арыздарды тіркеу, мерзімін және сапасын қадағалау, проблемалық мәселелердің талдау және шешу жолдарын анықтау, колл центр, сентім телефон, форонт офис жұмыстарын йымдастыру және қадағалау.

Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісінің қорытындысымен азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында «Халықтық кеңсе» ашылуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі жанынан пилоттық жоба ретінде «Халықтық кеңсе» ашылып, 2020 жылдың 13-қаңтарынан бастап жұмыс істеуде.  Халықтық кеңседе қызмет көрсететін Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты  төмендегі дербес бөлімдер:

-Жер қатынастары;

  • Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы;
  • Бизнесті қолдау және туризм бөлімі (ауыл шауашылығымен бірге);;
  • Адами капиталды дамыту бөлімі;
  • Спортты дамыту бөлімі;
  • Инфрақұрлым және коммуникацялар бөлімі;
  • Сәулет және қала құрылысы;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының мамандары (8 маман)тікелей көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлерін көрсетіп және арыз-шағымдар бойынша жұмыс жасайды. Жоғарыда аталған бөлімдермен 70 жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және «e-gov» порталы арқылы, баламалы түрде көрсетіледі. Қосымша тіркеу орны мен анықтамалық, курьерлік үшін ақылы қоғамдық пен 9 маман жұмысқа алынды.

Және де «Оңтүстік жарық Транзит» мекемесінің 1 маманы халықтан түскен сауалдармен өтініштер бойынша жұмыс жасауда. Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.

Халықтық кеңседе анықтамалық, халыққа қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды. Халыққа қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «электронды үкіметтің» «өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы жасақталған. 

Кеңседе халыққа қызмет көрсету үшін «Standing» компаниясының электронды қызмет көрсету құрылғыларымен (электронды кезек тақтайшасы, кезек нөмірлерін беруге арналған құрылғы) жабдықталған.

Халықтық кеңсе ғимаратының сырты, ішкі залдары толығымен бейнебақылаумен қамтылған. Азаматтар үшін өтініштер мен ұсыныстар жәшігі  қойылған.

2020 жылдың 13 қаңтары мен 1 сәуірі  аралығында Түркістан қаласы әкімі аппаратының жанынан құрылған фронт-офис (жұмыс күндері дүйсенбі-жұма)8396 азаматқа қызмет көрсетті (тұрғын үй кезегі, жер қатынастары, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, білім саласы, ТҮКШ-саласы, ауыл шаруашылық, архитектура).

Сонымен қатар 644 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылданған (13қаңтар мен 1 сәуір аралығында). Азаматтардан түскен өтініштер мен сұрақтар ЭСЕДО арқылы әкім орынбасарларына тиісті бөлімдерге жолданды.

Олардан тиісті бөлімдерге жолданады. Жауаптар дайын болғанда «Халықтық кеңсе» арқылы өтініш иелеріне хатпен «Қазпошта» арқылы мекен-жайларына жеткізіледі.

1 сәуірден 18 мамыр аралығында Халықтық кеңсе онлайн режимде жұмыс жасады Қала әкімдігінің call-орталығы (диспетчерлік “whatsApp”) 87020325732 нөмірімен жұмыс жүргізу Халықтық кеңседе қолға алынды. Ол үшін арнайы «Trello» бағдарламасы кеңсенің барлық мамандарының жұмыс компьютеріне енгізілді.

Кеңсенің halyktyk_kense@mail.ru поштасы ашылып, әлеуметтік-еңбек саласындағы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жұмыссыздыққа тіркеу, жолдама беру, тұрғын үй кезегінің реттелігін білу бойынша қажетті құжаттар осы пошта арқылы және ватсап нөміріне сканерлеу арқылы қабылданды. Бұл қызметтер тек жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма)  сағат 9:00-18:00 аралығында көрсетілді.

Ал, күнделікті шұғыл (жарық, су, газ және т.б.) мәселелерге қатысты сауалдар диспетчерлік “whatsApp” 87020325732 нөміріне тәулік бойына қабылдануда. Ол сауалдар бойынша тиісті бөлімдер жұмыс атқаруда.

1 сәуірден бастап 18 мамырға дейін тұрғындардан әлеуметтік жәрдем ақылар мен азық түлік көмек сұраушылар, жұмыссыздыққа тіркелу, үйден кіріп-шығу рұқсатнамасын алу бойынша жоғарыда аталған ватсап нөмірге 87020325732 және бірыңғай желіге (5-91-87)8890-ге дейін қоңыраулар мен электрондық жазбаша сауалдар түсті.

18 мамырдан бастап халықтық кеңсе санитарлық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдау жүзге асырды. 18 мамыр мен 30 маусым аралығында тек электрондық үкімет е-гов порталы арқылы қызмет алуғакелгендерді қабылдады. Себебі ХҚКО-да жұмыс жүйсені өзгеріп (600 қызмет түрі қысқарған), азаматтарды қабылдау шектелгендіктен, азаматтар (3360-ге жуық азамат) халықтық кеңсенің қызметіне жүгінді. 18 мамыр мен 9 маусым аралығында тікелей әкімдікке жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданған жоқ, тек электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды. Тікелей өтініш қабылдау Халықтық кеңседе 9 маусымнан басталып, бүгінге дейін қала әкімдігіне жазбаша (жеке және заңды тұлғалардың) 255 өтініш қабылданды.

Қазіргі таңда Халықтық кеңседе ХҚКО-ның маманы арнайы оқу курстарын өткізуде. Себебі халықтық кеңсеге ЭЦҚ алу, «e-gov», алынатын анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру бойынша барлық қызметтің түрін «e-gov» порталы арқылы алуда. Сонымен қатар 18 мамыр мен 25 маусым аралығында бастап, Халықтық кеңседе коммуналдық 15 теңге жәрдем ақыға өтініш қабылдау жүзеге асырылды. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық азаматтан өтініш қабылданды.

2020 жылдың қаңтар айынан 1-шілдеге дейін Халықтық кеңсеге келген және өтініш білдерген азаматтардың жалпы саны – 34545.

        

  Облыс тұрғындарының назарына!

 

         Түркістан облыс әкімдігі   карантин шараларын ескере отырып азаматтарды онлайн жүйесі бойынша жеке мәселелері жөнінде қабылдау жүргізеді.

           Қабылдау әр айдың соңғы жұмасында алдын ала жазылу бойынша  кезектілік тәртібімен өткізіледі,  жеке қабылдауға шақырылған азаматтар тізімі қалыптастырлғанға дейін 5 /бес/ күн бұрын аяқталады.

           Жеке қабылдау өтініш берушінің назарына жеткізілген белгіленген кұндері және сағатта жүргізіледі.

           Жеке қабылдауды өткізу орны, күні мен уақыты туралы өтініш берушіге ол көрсеткен телефон  нөмірі бойынша байланысы арқылы хабарланады.

           Жеке қабылдау алдын ала жазылу күн сайын, жұмыс күндері      8 725-33-5-98-99 телефоны, электрондық адрес  r.asilbekova@ontustik.gov.kz арқылы тіркелуге болады.

 

Облыс әкімінің аппаратына 2020 жылдың жарты жылдық қорытындысымен келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша А Н Ы Қ Т А М А
Дата публикации
01 августа 2020