ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапарымен Бәйдібек, Созақ, Мақтаарал, Шардара аудандарына келді. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы әуелі сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, жастармен кездесіп, құқық қорғау органдары өкілдерімен және де тағы баска сайлауға қатысты органдармен кеңес өткізді.