Ішкі аудит қызметімен 2023 жылғы 9 айда 6 мемлекеттік аудит объектісінде тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді, оның ішінде 1 мемлекеттік мекемеде және 5 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 106 243 016,1 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар 821 739,6 мың теңгені құрайды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтардың қаржысы 705 496,2 мың теңге, қаржылық бұзушылықтардың қаржысы 116 144,6 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 116 054,6 мың теңге.
Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға материалдар жолданды. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектілеріне және бағдарлама әкімшісілеріне жолданды.