2023 жылғы 05 қарашаға тағайындалған Түркістан облысы бойынша аудан әкімдерінің сайлауында аудан  әкіміне  кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағына сәйкес Түркістан  облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Аудан әкіміне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныңмынадай мөлшерлері белгіленсін:

А) Бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарындаекі мақала жариялау – 270 000 (екі жүз жетпіс мың) теңге;

Б) Сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу және  кандидаттың үгіт материалдарыншығару – 130 000  (бір жүз  отыз  мың) теңге;

В) Көліктік шығыстар - 70 000  (жетпіс  мың) теңге.

  1. Осы шешім Бәйдібек,  Мақтаарал,Созақ , Шардара аудандарының аумақтықсайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы шешім Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

 

Төраға            Ж.Мақұлбаев

 

 

Хатшы            Р.Джексембаева

 

Түркістанқаласы,

2023 жылғы 03  қазан

№ 313

Дата публикации
04 октября 2023