Түркістан облысында орналасқан білім беру ұйымдарынаатау беру және қайта атау туралы

Түркістан облысында орналасқан білім беру ұйымдарынаатау беру және қайта атау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының      4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкесҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан қаласы әкімдігініңадами капиталды дамыту бөлімінің «№21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзахан Пошановтың есімі берілсін
  2. Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Батсу» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        А.Мамин

Түркістан облысында орналасқан білім беру ұйымдарынаатау беру және қайта атау туралы
Дата публикации
28 июля 2020