Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 22-қыркүйегі күні Түркістан қаласында пилоттық режимде өтетін Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары әкімдерінің сайлауларын даярлау және өткізу мәселелері бойынша ҰҚК, Облпрокуратура, ҚС ж/е АЕК (ЦПСИ), полиция департаменті, көші-қон полициясы, облыстық кіріс департаменті және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшылары және өкілдерінің, пилоттық режимде сайлау өтетін аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуларымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесті облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Т.Мақұлбаев ашып, алдағы өтетін сайлаудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, сайлауға дайындық барысында семинар-кеңеске қатысып отырған мемлекеттік органдарға заң талаптарына сәйкес тиісті міндеттер жүктелгендігін атап өтті.

Семинарда «Пилоттық режимде Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу барысына ҰҚК-нің департаменті, прокуратура, полиция департаменті, көші-қон полициясы, мемлекеттік кіріс органдары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және аумақтық сайлау комиссияларының бірлескен іс-қимылдары жөніндегі» мәселелер қаралды. Семинар барысында аудандар әкімі сайлауына ұсынылған кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық және мемлекеттік қызметі реттейтін басқа да заңдардың талаптарына сәйкестіктерін анықтау, сайлауға дайындық және өткізу барысында туындауы мүмкін деген ақуалдық мәселелер көтеріліп, пікірлер алмасылды.

Семинарға қатысқан мемлекеттік органдар өкілдері алдағы уақытта сайлауға дайындық барысында заң талаптарына сәйкес жүктелген міндеттерді аумақтық сайлау комиссияларымен тығыз байланыста, қолданыстағы заңдарда көрсетілген мерзімдерде шешіп, тиісті ақпараттарды жолдап отыратындықтарын  жеткізді.

Семинар-кеңесте облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев және сайлау комиссиясының мүшесі Д.Оразымбетов елімізде бұдан бұрын өткен сайлаулар бойынша туындаған ақуалды сұрақтарды көтеріп, алдағы уақытта сайлауға дайындық және өткізу барысында заң талаптарына сәйкес жұмысты бірлесе атқарудың, орын алуы мүмкін деген кемшіліктердің алдын алудың қажеттілігіне қатысушылардың назарларын аударды.

Семинардың барысында қатысушылардың тараптарынан көптеген сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар беріліп, пікірлер алмасылды.

Дата публикации
25 сентября 2023