Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 22-қыркүйегінде пилоттық режимде сайлау өтетін Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуларымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесті облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Т.Мақұлбаев ашып, жүргізіп отырды.

Семинар-кеңесте 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарларында көрсетілген тапсырмалардың мерзімдерінде орындалуы талқыланды.

Семинарда аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары Күнтізбелік жоспарда көрсетілген тапсырмалардың орындалулары бойынша баяндады. Семинар барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев және сайлау комиссиясының мүшелері сөз сөйлеп сайлауға дайындық барысында атқарылуға тиісті іс-қимылдарға, олардың сапалы орындалулары бойынша өз ойларымен бөлісті. Семинарда аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған талаптарға сәйкес 2023 жылдың 26-қыркүйегіне дейін жасақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
25 сентября 2023