Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы № 70 бұйрығы негізінде Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «ОңтүстікЭнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу мерзімін Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 18 ғимарат («Басқармалар үйі» ғимараты, 3-қабат).
Мекеменің мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 18 ғимарат.
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (техникалық физика, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, су электростанциялары және өзен құрылыстарының гидротехникалық құрылыстары) бизнес, басқару және құқық (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), сонымен қатар осы лауызымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарында басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес қызмет атқарған болуы тиіс.
Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: «ОңтүстікЭнергосервис» МКК теңгеріміндегі қосалқы станциялар мен электр желілерін күтіп-ұстау, техникалық талдау жұмыстарын жүргізу, тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету. Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық (жалпы және ерекше бөліктері), Еңбек, экологиялық кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» заңдарын білу, осы лауазымда функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу, нормативтік-құқықтық актілер, психология негіздері мен кадрлар менеджменті негіздерінде үйлестіру және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мекеменің қаржылық-құқықтық қызметтерінің мәселелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен нормаларын білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 20 ғимарат («Басқармалар үйі» ғимараты, 3-қабат).
Анықтама телефоны: 8(72533) 5-95-74.