Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі (16.08.2023 жыл) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
2-жарты жылдықтағы кездесу (16.08.2023 ж) |
|||||
|
1 |
Индустриялық аймақты тиімді пайдаланса (Боралдай а/о, Боралдай е/м тұрғыны Сегізхан Орынбасар) |
Индустриялық аймақтың инфрақұрылым жүйелерін толық қалпына келтіру. 1.1. Индустриялық аймаққа тартылған ифрақұрылым жүйелерін (су, жарық, жол) қалпына келтіру. 1.2. Аймаққа табиғи газ тарту жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру. 1.3. Жоба ұсынған кәсіп орындарға тиісті жер телімін заң аясында шешіп беру. 1.4. Индустриялық аймаққа инвестор тарту жұмыстарын жүргізу. |
2023-2025 жж.
1.1. 29.12.2023 жыл
1.2. 2023-2025 ж.ж.
1.3. Тұрақты
1.4. Тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Түркістан «ӘКК» АҚ
«Turkistan» индустриялды аймақтардың басқарушы компаниясы,
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
|
|
2 |
«Бәйдібек ата» су қоймасы қашан пайдалануға беріледі? (Бөген а/о, Шалдар е/м тұрғыны Жапбарбек Сұлтанбеков зейнеткер)
|
«Бәйдібек ата» су қоймасын салу. 2.1. Құрылыс монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу, құрылыс жұмыстарын бастау. 2.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау.
|
2023-2025ж.ж. 2.1. 31.10.2023 жыл
2.2. 2025 жыл
|
Облыс әкімінің орынбасары Н. Көшеров
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
|
|
3 |
Жарықбас елді мекеніне алғашқы медициналық көмек көрсететін мекеменің салынуына жәрдем берсеңіз.
(Алмалы а/о, Жарықбас е/м тұрғыны, Досбергенов Қуаныш зейнеткер)
|
Жарықбас елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салу. 3.1. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соғылатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау. 3.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау. |
2024 жыл
3.1. 29.03.2024 жыл
3.2. 30.12.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
4 |
Есіркеп батыр атына беріліп келе жатқан турнирді облыс деңгейінде мемлекеттік бағдарламаға енгізілсе.
(Ағыбет а/о, Ағыбет е/м тұрғыны Жарылқасын Даулет композитор) |
Есіркеп батыр атынан берілетін турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан ұйымдастыру. 4.1. Заңдылығын қарап, спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне енгізу.
|
2023 жыл
4.1. 29.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Бәйдібек ауданының әкімдігі
|
|
|
5 |
1) Таңатар елді мекеніне табиғи газ берілсе.
2) «Қапшағай» су қоймасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстырын мерзімінде аяқталуына ықпал жасауды сұранамыз (Алғабас а/о, Таңатар е/м тұрғыны Бидайбек Балқыбеков зейнеткер)
|
1) Таңатар елді мекеніне газ тарту 5.1.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу (Газбен қамтамасыз ету құрылысына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп (Жоба құны 193,1 млн. теңге) облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды).
2) «Қапшағай» су қоймасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстырын мерзімінде аяқтау.
5.2.2. Құрылыс жұмыстарын қадағалау және мерзімінде аяқтау. |
2024-2025 ж.ж.
5.1.1. 2024 жыл
5.1.2. 2024-2025 жыл
5.2.2. 29.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі
|
|