Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі (16.08.2023 жыл) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
2-жартыжылдықтағы кездесу (16.08.2023 ж) |
|||||
|
1 |
Қайнар елді мекенінде электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Осыған орай, жаңадан электр желілерін, бағаналар мен трансформаторлар орнатылса екен.
(Көпенов Медеу Қайнар елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер) |
Қайнар елді мекенінде электр желілерін жүргізіп, трансформатор орнату. 1.1. Бюджеттен қаржы қарастыру 1.2. Жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалау 1.3. Елді мекендегі электр энергиясының тапшылығын шешу |
2023-2025 ж.ж. 1.1. 30.12.2023 жыл
1.2. Тұрақты.
1.3. 30.12.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
|
2 |
Жеткеншек елді мекеніне ойын алаңшасы салынса деген сұранысымыз бар еді.
(Мадияров Бақыт Жеткеншек елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер)
|
Жеткеншек елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу. 2.1. Құжаттар әзірлеп нақты ұсыныстар енгізу 2.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру 2.3. Құрылыс сапасын тұрақты бақылап, мерзімінде пайдалануға беру |
2023 жыл
2.1. 31.10.2023 жыл
2.2. 31.10.2023 жыл
2.3. 30.11.2023 жыл
|
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
|
3 |
Жартытөбедегі ауыз су құбыр-ларының вентилдері мен су жүйелерінің өткізу құрылғылары ескірген, Бабата елді мекеніндегі су тазартқыш құрылғыны (омега) жөндеуді қарастырсаңыз?
(Қарынбаев Сәкен Өмірзақұлы Бабата елді мекенінің тұрғыны) |
Бабата елді мекеніндегі су тазартқыш құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1. Ақау актісі мен сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру 3.2. Ағымдағы жылдың жұмыстарын жүргізу. |
2023 жыл
3.1. 30.12.2023 жыл
3.2. 30.12.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
|
4 |
Таукент кенті ауыз су алып отырған Дарбыт су орнынан Жыныс-ата елді мекеніне дейін қосымша ауыз су құбырлары тартылса.
(Шарафудинов Суханберді Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер) |
Жыныс-ата елді мекеніне қосымша ауыз су тарту. 4.1. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. 4.2. Бюджеттен қаржы қарастыру 4.3. Қосымша ауыз су тарту жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау |
2023 жыл
4.1. 31.09.2023 жыл
4.2. 16.10.2023 жыл 4.3. 15.11.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
|
5 |
Шолаққорған ауылындағы Ақшам-Наурыз мөлтек аудан-дарындағы ауыз су беру жұмыстары жүруде. Осы жұмыстардың қаржылары биылға қаралып, ауыз су 24 сағат бойына берілсе екен.
(Сағындықова Ғазиза Шолаққорған ауылының тұрғыны, жұмыссыз) |
Шолаққорған ауылындағы Ақшам - Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету. 5.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 5.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау.
|
2024 жыл
5.1. 29.03.2024 жыл
5.2. 31.05.2024 жыл
|
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |