Келес ауданының тұрғындарымен кездесудегі (19.08.2023 жылғы) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
1. |
Ынтымақ елді мекеніне ауыз су құбырлары жүргізуді өткен жылы басталған болатын. Аталған ауыз су жүйесін ертерек аяқтап ауылымызға сапалы су берілуіне ықпал етсеңіз? (Ақтөбе а/о тұрғыны Мамашев Қалсейіт, 87011314913)
|
1. Ынтымақ елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. 1.1. Құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау.
|
1.1. 01.10.2023 жыл
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
2. |
Ұшқын ауылынан мәдениет үйі салынса.
|
2.1.Ұшқын ауылында мәдениет үйінің құрылысын жүргізу.
2.1.1.Бюджеттен қаржы қарастыру. 2.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
2.1.1. 2024 жыл 2.1.2. 2024 жыл
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық құрылыс басқармасы,
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
Ұшқын ауылынан жаңа ФАП салынса. (Ұшқын а/о тұрғыны Жұмағұлов Лесбай, 87711537351)
|
2.2. Ұшқын ауылынан ФАП құрылысын жүргізу. 2.2.1.Жобалық сметалық құжаттарын әзірлену. 2.2.2. Бюджеттен қаржы қарастыру. 2.2.3 Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру. |
2.2.1. 2024 жыл
2.2.2. 2024 жыл
2.2.3. 2025 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
|
3. |
Қошқарата ауылдық округінің елді мекендерін жарықтандыру, көшелерді асфальттау, спорт алаңшаларын салу бойынша сметалық құжаттар жасалынған. Осы мәселе бойынша бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал етсе. |
3.1. Қошқарата ауылдық округінің елді мекендерін жарықтандыру, көшелерді асфальттау, спорт алаңшаларын салу. 3.1.1. Бюджеттен қаржы қарастыру. 3.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
3.1.1. 01.10.2023 жыл 3.1.2. 15.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыКелес ауданы әкімі (Ж.Агибаев) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
4. |
Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты жоқ. Қазіргі таңда, ауылдық мәдениет үйінде отыр. Сол себептен жаңа ғимарат салуды сұрады. |
3.2. Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының ғимара-тының құрлысын жүргізу. 3.2.1.Жобалық сметалық құжаттарын әзірлену. 3.2.2. Бюджеттен қаржы қарастыру. 3.2.3.Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
3.2.1. 15.12.2023 жыл
3.2.2. 2024 жыл 3.2.3. 2025 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасыКелес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
5. |
Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр ауылындағы мәдениет үйінің алдынан Т.Бердияровқа ескерткіш қоюды сұрады. (Сарыағаш қаласының тұрғыны Мәуленов Алмахан, 87759242424) |
3.3.Бесқұбыр ауылына Т.Бердияровтың ескерткішін орнату. 3.3.1. Тиісті құжаттарын жинақтап, облыстық ономастика комиссиясына ұсыну. 3.3.2. Бюджеттен қаражат бөлдіру.
|
3.3.1. 01.10.2023 жыл
3.3.2. 2024 жыл |
Облыстық мәдениет басқармасыКелес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Ескерткіш орнату |
|
6. |
Абай ауылындағы Омаров көшесіндегі Келес өзенінен салынған көпір апатты жағдайда. Осы көпірді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінуіне ықпал етуді сұрады. |
4.1. Келес өзенінің үстінен өткен көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу. 4.1.1. Ахау актісін дайындау. 4.1.2. Сметалық құжаттарын дайындау. 4.1.3. Бюджеттен қаражат бөлдіру. 4.1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалануға беру. |
4.1.1 15.09.2023 жыл 4.1.2. 15.12.2023 жыл
4.1.3. 2024 жыл 4.1.4. 2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық төтенше жағдай департаменті
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
7. |
Абай ауылынан спорттық ойын алаңшаларын салуға қаражат бөлуді сұрады. |
4.2. Абай ауылынан спорттық алаңшалар салу.
4.2.1. Бюджеттен қаражат бөлдіру; 4.2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу, падалануға беру. |
4.2.1. 10.10.2023 жыл 4.2.2. 20.11.2023 жыл |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
8. |
Келес ауданынан футбол клубын ашуға ықпал етуді сұрады.
|
4.3. Келес ауданының футбол клубын ашу. 4.3.1. Тиісті құжаттарын дайындап, ұсыну. 4.3.2. Бюджеттен қаражат бөлдіру. 4.3.3. Аудандық футбол клубын құру. |
4.3.1. 25.12.2023 жыл
4.3.2. 2024 жыл 4.3.3. 2024 жыл |
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасыКелес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Футбол клубын ашу |
|
9. |
Абай ауылына сквер салуға қаржы қарастыруды сұрайды. (Абай ауылының тұрғыны Сұлтанов Рахматулла, 87781255151) |
4.4 Абай ауылынан сквер салу. 4.4.1. Сметалық құжаттарын дайындау; 4.4.2. Бюджеттен қаражат бөлдіру. 4.4.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
4.4.1. 10.10.203 жыл
4.4.2. 2024 жыл 4.4.3. 2024 жыл |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
10. |
Қаратал елді мекеніндегі егінге су баратын Теріс каналы толып қалған. Қаратал елді мекеніне ағын су жеткілікті деңгейде бармайды. Теріс каналын қазып, механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге ықпал етуді сұрады. (Ошақты а/о тұрғыны Бурлибаев Алтынбек, 87024490406) |
5. Теріс каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу. 5.1. Бюджеттен қаражат бөлдіру; 5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
5.1. 10.10.2023 жыл 5.2. 15.12.2023 жыл |
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
11. |
Ошақты ауылдық округі, Ошақты ауылына ағын су келетін 8-гвардия каналы толып қалған. Каналдың бас жағындағы егіндерге су бөлініп, Ошақты ауылына су жетпейді. Аталған каналды тазартып, қазу жұмыстарына қаражат бөлінуіне ықпал етуін сұрайды. (Ошақты ауылының тұрғыны Құлматов Құрамыс, 87783265366) |
6. 8-гвардия каналын механикалық тазалау жұмытарын жүргізу. 6.1 . Бюджеттен қаражат бөлдіру.
6.2 . Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
6.1. 10.10.2023 жыл
6.2. 15.12.2023 жыл |
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
12. |
Біртілек ауылдық округі, Амангелді елді мекеніндегі ішкі жолдарды асфальт төсеуді сұрады. (Біртілек а/о тұрғыны Умиров Базарбай, 87026195397)
|
Амангелді ауылының ішкі көшелерін асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу. 7.1. Бюджеттен қаражат бөлдіру. 7.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
6.2. 10.10.2023 жыл 6.3. 15.12.2023 жыл
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
13. |
Жамбыл ауылдық округіндегі Майдабозай-Бекбота автожолы бүгінгі таңда жарамсыз жағдайға жеткен. Осы жолға күрделі жөндеуді сұрады (Жамбыл а/о тұрғыны Абдиев Тұрдалы, 87023136306 ) |
8.Майдабозай-Бекбота авто-жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
8.1. Бюджеттен қаражат бөлдіру. 8.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
8.1. 10.10.2023 жыл 8.2. 15.12.2023 жыл |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
14. |
Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекенінің ішкі жолдарын асфальттап беруді сұрайды. (Алпамыс батыр а/о тұрғыны Адеев Биболат, 87025175604) |
9.Ақжол елді мекеніндегі көшелерге асфальт төсеу.
9.1 Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
9.1. 10.10.2023 жыл |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
15. |
Жеңілдікпен беріліп жатқан несиелердің дұрыс бағытта қолданылып жатқаны туралы қадағалау жұмыстарын жандандыруды ұсынды. |
10.1. Арнайы жұмысшы топ құрып, қадағалау жұмыстарын жүргізу. 10.1.1. Жұмысшы топ жеңілдетілген несие алған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
10.1. 15.12.2023 жыл |
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
|
16. |
Абай ауылындағы Ә.Молдағұлова мектебінің апатты жағдайда тұрған ғимаратын бұзып тастауды сұрады. (Абай ауылының тұрғыны Рүстемова Ұлбосын, 87015790427) |
10.2.Ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізу. 10.2.1. Ғимаратты арнайы сараптамадан өткізу, нәтижесі бойынша тиісті шаралар жүргізу.
|
10.2.1. 10.10.2023 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық білім басқармасы
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Ғимаратты бұзу |
|
17. |
Абай ауылындағы орталық аурухананың медициналық қондырғылары ескі, кейбірі бұзілған. Аталған ауруханаға замануй медициналық қондырғылар алуды сұрады. (Абай ауылының тұрғыны Райымкулов Болат, 87014545751) |
11. Абай ауылының орталық ауруханасына жаңа медициналық қондырғылар алу. 11.1. Мемлекеттік сатып алу процесі аяқталып, қондырғыларды жеткізу. |
11.1. 01.12.2023 жыл |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Қондырғыларды пайдалануға беру |
|
18. |
Ошақты ауылдық округі, Береке елді мекенінде «Айқаракөз» балабақшасы мемлекеттік тапсырыс бойынша қаражат ала алмай келеді. Осы мәселе бойынша тиісті қаражаттың бөлінуіне ықпал етуді сұрады. (Абай ауылының тұрғыны Ускенова Айнұр, 87757407121) |
12.«Айқаракөз» алабақшасына мемлекеттік тапсырыс бойынша тиісті қаражат төлеу. 12.1. «Айқаракөз» балабақшасы құжаттарының заң талаптарына сәйкестігіне зерделеу жұмыстарын жүргізу. |
12.1. 15.09.2023 жыл |
Облыстық білім басқармасы
|
Нәтижесі бойынша ақпарат беру |
|
ТҮСІНДІРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР |
|||||
|
19. |
Өзінің 11 баласы бар екенін, жуырда үйінен 2 жылқысы ұрланғанын, тиісті орындарға шағым жасағанымен тиісті шаралар қолданылмай отырғанын, нәтижесінде бүгінгі күнге дейін жоғалған 2 жылқысы табылмағандығын айтып, тиісті шаралар қолданылуына ықпал етуді сұрады. |
Мал ұрлығы бойынша іздестірілу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді. |
|
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
20. |
Ауылшаруашылғымен айналысуға 1 га. жер сұрайды. (Біртілек а/о тұрғыны Абдирахимова Дильфуза, 87053985940) |
Заң талаптарына сәйкес, тиісті құжаттар рәсімдеп ауылышаруашылығы мақсатындағы жер алу конкурсына қатысу тәртібі түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
21. |
Ұшқын ауылдық округінде бұрын жүзім егу жақсы жолға қойылған. Сол себептен өзі жүзім егу үшін 5 га жер сұрайды. (Ұшқын а/о тұрғыны Жұмағұлов Лесбай, 87711537351) |
Заң талаптарына сәйкес, тиісті құжаттар рәсімдеп ауылышаруашылығы мақсатындағы жер алу конкурсына қатысу тәртібі түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
22. |
Өзім кәсіпкермін. 2-3 жыл алдын Еуропа елдерінен 5 га. жерге жететін Америкалық жүзімнің сортын алып келе жатқанымда кеденде (шекарада) біршама қиындықтар болып, кешігіп өткіздім. Еккен көшеттерімнің 1 га. жерден басқасы қурап қалды. Егер 1 га. жердегі жүзім көшеті ойдағыдай өсіп, өнім беретін болса тағы әкеліп егуді қалаймын. Сол кезде шекарадан қиындықсыз өткізуде тиісті көмек беруіңізді сұраймын. |
Алдағы уақытта шет елден жүзім көшеттерін әкелетін болса, заң талаптарына сәйкес тиісті қолдау көрсетілетіні түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
23. |
Осы ауданда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерім бар. Асты тас. Егер заң талаптарына қарсы болмаса сол жердің 10 га. жеріне тас алатын карьер ашуға жәрдем беруіңізді сұраймын. (Біртілек а/о тұрғыны Ахраров Әлімқожа, 87017221657) |
Аталған мәселе бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына қайшы болмаса тиісті жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
24. |
Жүзімдік а/о, Жүзімдік ауылындағы Ш.Уалиханов ж.о.м. 0,15 га. жердің жеке меншікке өтіп кетуі мүмкіндігі туралы айтып, осы мәселені тексеруді сұрады. |
Аталған жер су қорғау аймағына тиесілі екендігі түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
25. |
Жүзімдік а/о, Жүзімдік ауылындағы қоғамдық моншадан шыққан лас су ауыл тұрғындарына жағымсыз әсер етіп жатқанын айтып, осы мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдауды сұрады. (Жүзімдік а/о тұрғыны Киикбаев Нұрғиса, 87071261884) |
Аталған мәселе бойынша облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ауыл тұрғындарынан арыз-шағым жазылса тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша шаралар қолданылатыны түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Облыстық СЭБ департаменті
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
26. |
Аудан көлемінде, соның ішінде Амангелді ауылында интернет байланысы нашар. Интернет байланысын жақсарту бойынша ықпал етуді сұрады. (Біртілек а/о тұрғыны Умиров Базарбай, 87026195397) |
Аудан тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұялы байланыс операторларымен тиісті келісімдер жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді. |
19.08.2023 |
Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |