Арыс қаласы тұрғындарымен кездесудегі (10.08.2023 ж.) көтерілген мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Арыс қаласы тұрғындарымен кездесудегі (10.08.2023 ж.) көтерілген мәселелерді

іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары

1.

Қалаға табиғи газ қосу мәселесін айтып өттіңіз.

Осы жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз. Қаладағы «Сырдария», «Хлопком», Наурыз тұрғын аудандарын табиғи газға қосу мәселесі шешімін тауып, күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар.

 

(Зулпыхаров Бақытжан Арыс қаласының тұрғыны)

Арыс қаласының

«Сырдария», «Хлопком», Наурыз тұрғын аудандарын табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

2.

Қаладағы «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесіне асфальт жол салынбаған. Жаңбырлы күндері топырақ жол лайға айналады. Осы көшеге асфальт  жол салу бойынша өтінішіміз бар. 

Сондай-ақ, қаладағы «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесіне де асфальт  жол салу өте қажет болып отыр.

 

(Шілманов Тұрар Арыс қаласының тұрғыны)

2.1. «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

2023 жылғы

1 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

2.2. «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2023 жылғы

1 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Қоғамдық көлік

3.

Қаламызда былтыр автобус қатынасы  жүріп, халыққа тиімді болды. Ендігі кезекте халыққа ыңғайлы болу үшін автобус аялдамалары орнатылса.

 

(Досымбекова Зылиха Арыс қаласының тұрғыны)

Қаладағы әлеуметтік маңызы бар  бағыттарда қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін аялдамалар орнату жұмыстарын жүргізу. Жыл соңына дейін қосымша

10 аялдама орнату.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Абаттандыру

4.

Теміржолшылар саябағының ашылғанына бәріміз, әсіресе жастарымыз қатты қуанды. Біздің жастық шағымызда осы саябақта карусель болатын еді, сондай карусель орнатылса, балаларымызға жақсы болар еді.

 

(Байков Расиль Арыс қаласының тұрғыны)

 

Теміржолшылар саябағына ойын құрылғыларын (карусель) орнату жұмыстарын ұйымдастыру.

2023 жылғы

29 желтоқсанға дейін

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Өзге мәселелер

5.

Отырар ауданына қарасты Темір станциясы мен Түркістан қаласының арасындағы 15 шақырым жерде бір жақты теміржол бар, екінші (параллель орналасқан) жол салынбай қалған. Осы мәселе қолға алынып, жоғарыда айтылған аралыққа екінші теміржол салынуы керек деп ойлаймын.

 

Шымкент-Сарыағаш бағытындағы қала маңына қатынайтын (пригородный) пойыз  тоқтаусыз жүреді, ал Түркістан-Шымкент бағытындағы пойыз қатынасы тұрақсыз, 1 ай жүрсе, 1 ай тоқтайды. Себебі  аталған бағытта қатынайтын пойыз локомотиві дизель отынын тұтынады. Ал дизель отыны қыстың күндері қатып қалып, жүрмеуде. Осыған байланысты менің ұсынысым - Арыс пен Түркістан қалаларының арасында қатынайтын тепловоздың орнына электр пойызы қатынасы  ұйымдастырылса тиімді болар еді.

 

(Қошқаров Ақынбаба Арыс қаласының тұқрғыны)

5.1. Отырар ауданына қарасты 37 - разъезд бен Түркістан қаласының арасындағы 32,2 шақырым жерге екінші (параллель орналасқан) жол салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу.

 

 

2023 жылғы

31 тамызға дейін

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша)

Ұсыныс енгізу

5.2. Шымкент - Түркістан бағытында Арыс  қаласы арқылы өтетін (пригородный) пойыз қатынасында электр қуатымен жүретін пойыздарды жүргізу мүмкіншілігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

2023 жылғы

31 тамызға дейін

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары   басқармасы

 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша)

 

 

 

Ұсыныс енгізу

6.

Қаламыздағы мұражай ескі, кішкентай ғана ғимаратта орналасқан. 9 жолдың торабы болған қаламызға көптеген тұлғаларымыз, оның ішінде теміржол саласы майталмандарының көп еңбегі сіңген. Менің тілегім - қала ішінен арнайы жер бөліп, үлкен мұражай салынса. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер екен.

 

(Балқыбеков Қонысбек Арыс қаласының тұрғыны)

Арыс қаласынан мұражай салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу.

2023 жылғы

20 қазанға дейін

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова

 

Ұсыныс енгізу

 

Дата публикации
24 августа 2023