Отырар ауданы тұрғындарымен кездесудегі (11.08.2023 ж.) көтерілген мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Отырар ауданы тұрғындарымен кездесудегі (11.08.2023 ж.) көтерілген мәселелерді

іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Коммуналдық қызметтер саласы

1.

Сіздің көктемде Отырар ауданына келген кездегі кездесуіңізде ауданымызда шыбын шіркейдің шамадан тыс көбейіп, тұрғындарды әбігерге салып жатқаны жөнінде мәселе көтерілген болатын. Биылғы жылға шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде шыбын шіркей біршама азайды. Аталған шыбын шіркейге заласыздандыру жұмыстарын ендігі жылы ерте көктемде жүргізсе деген ұсынысымыз бар. 

 

(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны,  Жаппарқұлов Пернехан)

Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын жүргізу

 

 

2024 жылғы
1 мамырға дейін

 

 

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Отырар ауданнын әкімдігі

Атқарылған жұмыстар

актісі

Ауыз су саласы

2.

Отырар  елді мекеніндегі ауыз су жүйесі құбырларының тозығы жеткен, жиі бұзылып жататыны бар. Осы су жүйелерін жөндеп жаңартуға ықпал етсеңіз.

 

(Отырар ауданы, Отырар ауылының тұрғыны Әуезов Ержан)

Отырар елді мекенінің тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу.

2023 жылғы 30 қарашаға дейін

 

Отырар ауданнын әкімдігі

Атқарылған жұмыстар

актісі

Ауыл шаруашылығы саласы

3.

Отырар ауданы, Ақтөбе ауыл округіндегі 3,5 мың гектар жерге су жеткізетін ұзындығы 11 шақырымды құрайтын Р-1 каналына 2020 жылы облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге қаржы қаралып, «Тұран Су» МКК тарапынан бетондау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта бізге тиесілі бөлігі аяқталғанымен, аталған каналдың бас жағы, яғни Ордабасы ауданы аумағындағы бөлігіне енді қаржы қаралып аяқтау мерзімін 2024 жылдың соңына белгілеп отыр.

Ол жұмыстар аяқталғанша екі жыл өтеді, яғни Отырар ауданы аумағындағы бетондалған бөлігі су жүрмеген соң тозып, сапасы кетіп бұзылуы мүмкін. Осыған орай аталған каналдың бас бөлігіндегі жұмыстардың келесі жылғы суару маусымына дейін аяқтауға ықпал етуіңізді сұранамын.

 

(Отырар ауданы Ақтөбе ауылының тұрғыны, Нұрмбетов Құлман)

Р-1 каналының Ордабасы ауданындағы бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық ауылшаруашылығы  басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

«Тұран су»
ШЖҚ МКК

Нысанды

пайдалануға беру

4.

Суармалы егістік жеріме Л-1 каналынан насос арқылы су аламын, осы насос арқылы су алғаныма мемлекеттен субцидия беріле ме?

 

(Отырар ауданы Арыс ауылының тұрғыны, Жаманқара Сапаралы)

 

Арыс ауылының тұрғыны С.Жаманқараның өтінішін заңға сәйкес қарастырып, мерзімде жауап беру

2023 жылғы
10 қыркүйекке дейін

 

Облыстық ауылшаруашылығы  басқармасы

 

Отырар ауданының  әкімдігі

 

Өтініш иесіне жауап беру

Кәсіпкерлік саласы

5.

Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына ауданымыздан 4 ауылдық округ еніп, жергілікті тұрғындар ауылшаруашылығы бағытында 2,5 пайыздық несие алып өз шаруашылықтарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Сол округтердің халқы бағдарламаның игілігін көріп, ризашылықтарын айтып жүр.

Менің Сізден сұрарым, аталған бағдарламаға  Шәуілдір ауыл округі қосылса.

 

(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны, Нысанбек Білім)

«Ауыл аманаты» бағдарламасына Шәуілдір ауыл округін қосу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отырар ауданының  әкімдігі

 

Облыстық ауылшаруашылығы  басқармасы

 

Мерзімінде ұсыныс енгізу

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2023