Түркістан облысы әкімі Д.А.Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен 04.08.2023 жылғы кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
Жылу |
|||||
|
1 |
1. Кентау үшін ең өзекті мәселе болып келе жатқан №5 жылу энерго орталығының жағдайы және оның жылу маусымына дайындығы қалай болып жатыр?
Төнтеков Мұратша - Кентау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. |
Кентаудағы №5 Жылу энерго орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралды құбырларды ауыстыруды аяқтау; 2. Жылу орталықтың қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу; 3. Жылу орталығындағы 4 қазандықты қайта құру жұмыстарын аяқтау.
|
2023 жыл
1. 01.10.2023 ж.
2. 01.10.2023 ж.
3. 30.12.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
(Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
Жайылым жер |
|||||
|
2 |
2. Мал шаруашылығымен айналысуда жайылым жер тапшылығы ұзақ жылдар бойы мазалап жүрген мәселе еді. Осы мәселені түбегейлі шешіп беруіңізді сұраймын?
Маматраимов Асылзада – Қарнақ ауылының тұрғыны.
|
Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552 гектар жерді өткізу арқылы жайылым жерді ұлғайту. Қазақстан Республикасының үкімет басшысының №579 14.07.2023 қаулысына сәйкес Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552 гектар жер бөлінуін Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер балансы есебінен өзгерістер енгізіп, елді мекендердің шекараларын өзгертіп, бекіту.
|
2023 жыл
31.12.2023 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі
Сауран ауданының әкімдігі
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы
|
Кентау қаласының аумағына жер балансы есебінен өзгеріс енгізу |
|
Жол |
|||||
|
3 |
3. Айманов көшесіне де жөндеу жұмыстарын жүргзуге жәрдем берсеңіз?
Қалымбетов Нурлан – қала тұрғыны. |
Айманов көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Мемлекеттік жекешілік әріптестік арқылы іске асатын жобалардың тізіміне енгізу; 2. Орта жөндеу жұмыстарын бастау; 3. Орта жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
|
2023 жыл
1. 01.09.2023 ж.
2. 15.09.2023 ж. 3. 30.10.2023 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
Табиғи газ |
|||||
|
4 |
4. Кентау қаласындағы Логинов көшесіне газ қашан қосылады екен?
Сариев Сарсенбай – қала тұрғыны |
Кентау қаласы Логинов көшесіне газ қосу. 1. Кентау қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету ІІ кезең құрылыс жұмыстары аяқтап, нысанды пайдалануға беру; 2. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе тұрғындарды газ жүйесіне қосуды ұйымдастыру. |
2023 жыл 1. 01.10.2023ж.
2. 01.12.2023ж. |
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Н.Түймебаев (келісімі бойынша) |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
Тұрғын үй |
|||||
|
5 |
5. Кентау қаласында Сол үйлердің тұрғындарын тұрғын үй жаймен қамтамасыз ету мәселесін қалай шешесіздер? Кентау қаласы Алтынсарин көшесі №11 көпқабатты апатты үйлер қатарына қосылу ықтималы бар, осы үйге шұғыл арада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізбесе, апатты жағдай болады. Осы мәселеның оң шешілуін көмектессеңіз?
Аширова Мейрамкүл – қала тұрғыны. |
5.1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 2. Пәтерлердің құжаттарын рәсімдеп, қаланың коммуналдық меншігіне алу жұмыстарын ұйымдастыру; 3. Пәтері апатты деп танылған кезекте тұрған тұрғындарға табыстау жұмыстарын жүргізу.
|
2023 жыл
1. 01.10.2023 ж.
2. 20.10.2023 ж.
3. 01.12.2023 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі
|
Үйлері авариялық деп танылған тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету |
|
6 |
5.2. Алтынсарин №11 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін аяқтап, күрделі жөндеу жұмыстарын бастау; 2. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
2023 жыл
1. 01.09.2023ж.
2. 15.12.2023ж. |
Кентау қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Спорт нысанын салу |
|||||
|
7 |
6. Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарда бар ма?
Раубаев Мамыржан- қала тұрғыны. |
Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүргізу. 1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарауды ұйымдастыру; 2. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу құрылысына жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтап, сараптамадан өткізу; 3. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 4. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін құрылысын бастау; 5. Құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.
|
2023-2024жж.
1. 30.09.2023 ж.
2. 30.10.2023ж,
3. 01.03.2024ж.
4. 01.07.2024 ж.
5. 25.12.2024 ж. |
Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
(Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
Саябақты ретке келтіру, балалар лагерін ашу және полигон мәселесі |
|||||
|
8 |
7. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіруді сұраймын Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашуға көмек берсеңіз Қаланың Байылдыр ауылының жолының бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабуды және қаланың тазалығын қамтамасыз етсеңіз.
Таукеева Жанат - қала тұрғыны. .
|
7.1. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіру. 1. Қожанов атындағы саябақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілсін; 2. Қожанов атындағы саябақ «Жасыл қала» КММ меншігіне өткізу; 3. Қожанов атындағы саябақта көгалдандыру және абаттандыру (қураған ағаштар мен шөптерді ору) жұмыстары жүргізу.
|
2023 жыл
1. 15.08.2023 ж.
2. 01.09.2023 ж.
3. 01.09.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
|
Саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу |
|
9 |
7.2. Құсшы ата елді мекенінен балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша ұсыныс енгізу. Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып, Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу. |
2023 жыл
01.09.2023 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Кентау қаласының әкімдігі
Түркістан облыстық білім басқармасы
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Ұсыныс енгізу |
|
|
10 |
7.3. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигоның жабу жұмыстары жүргізіп, жұмыс жасап тұрған полигонға тасымалдау. 1. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабу жұмыстарын жүргізу; 2. Қаладан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды қала әкімдігінің меншігіндегі тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонға тасымалдауды ұйымдастыру. |
2023 жыл
1. 01.09.2023 ж.
2. 01.09.2023 ж.
|
Кентау қаласының әкімдігі
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
Полигонды жабу |
|