ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын
400 мың халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мақта шаруашылығына тікелей байланысты екенін ескере отырып, елде мақта шаруашылығын дамытудың жаңа саясатын іске асыруды қажет етеді.
Мақта шаруашылығының жай-күйіне жүргізілген талдау мақта өнімділігін арттырумен және мақта талшығының технологиялық қасиеттерін жақсартумен қатар біз мақта-тоқыма кластерін құруымыз қажет екенін көрсетті.
Осыған байланысты, ұсынылып отырған мақта-тоқыма кластері жобасына ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда osimdik2020@mail.ru электронды поштасына жолдауды сұраймыз.