Облыс әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен кездесудегі (03.02.2023 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1 |
Қаладағы аулаларда балалар алаңшасы салынады ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Юлдашев Мамиржан) |
1. Қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орналастыру. 1.1. Ойын алаңшаларының құрылысына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 1.2. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
1.1. 31.05.2023 ж.
1.2. 31.12.2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
2023 жылы Кентау қаласының жергілікті бюджеті есебінен 110 000 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталған жағдайда, Кентау қаласындағы Құралбаев көшесі №114, №116, №118, Әл-Фараби көшесі №102, Алибекенов көшесі №47А, №49, Алтынсарин көшесі №22, Құрманғазы көшесі №60, №60А, №62, №64 үйлердің аулаларында және тәлімбақ (питомник) аумағындағы жалпы 4 жерге "Стритбол - Воркаут" спорт алаңы және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар Кентау қаласындағы көпқабатты үйлердің алдындағы 33 ауланы абаттандыру, балалар алаңшасын салуға сметалық құны - 5 082,2 млн теңге құрайтын ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 07.06.2023 жылы №29/6298 хатпен бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінген жағдайда, балалар алаңшасын салу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда. |
|
2 |
Қаладағы лотоктар мен дренаж мәселесі қашан шешімін табады?
(Кентау қаласының тұрғыны Ербаев Мырзалы)
|
3. Кентау қаласында лоток және дренаж жүйелерін салу жұмыстарын жүргізу. 3.1. Жобалау – сметалық құжаттамасына қаржы қарастыру; 3.2. Жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу; 3.3. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу. 3.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу және аяқтау.
|
2023-2025 ж.ж.
3.1. 31.12.2023 ж.
3.2. 31.05.2024 ж.
3.3. 31.07.2024 ж
3.4. 31.12.2025 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» 2 кезеңі жобасы 4-бөлімнен тұрады. «Арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суын ішінара пайдалану» болып табылады. Аталған жобаның 2 кезеңіне ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына салалық басқармаға бюджеттік өтінім 22.02.2023 жылы №229-16/01-01-567 хатпен жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі. 2021 жылы жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС-гімен 492,3 млн.тг келісім шарт түізіліп, жергілікті қаражат есебінен
|
|
3 |
Қаладағы Қаратау мөлтек ауданына инфрақұрылым, яғни жол және канализация қашан жүргізіледі.
(Кентау қаласының тұрғыны Нарынбетов Серикбай)
|
4. Қаратау мөлтек ауданына жол және канализация жүргізу. 4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 4.2. Автокөлік жолдары мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізу. 4.3. Нысанды қабылдап алу.
|
2023-2024 ж.ж.
4.1. 31.05.2023 ж.
4.2. 30.11.2024 ж.
4.3. 31.12.2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Кентау қаласы, Қаратау мөлтек ауданында инженерлік инфрақұрылым салу. Жол бөлігі және сыртқы кәріз желісі» нысанына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 11.10.2023 жылы №ETara-0043/22 сараптама қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 1 731,6 млн теңге. Жобада Қаратау мөлтек ауданындағы халықты 8,012 км кәріз жүйесі және 10,560 км жол салу жоспарланған. Нысанның құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтылауында қаржы бөлу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 17.01.2023 жылғы №36/573 және 12.04.2023 жылғы №36/3972 хатпен бюджеттік өтінім жолданған. Қолдау тапқан жағдайда, құрылыс жұмыстары басталатын болады. |