Облыс әкімінің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесудегі (16.04.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалу барысы Қазіргі таңда орындалуы
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
|||||
|
1 |
Сейфуллин елді мекенінде табиғи газдың құрылысы 2020 жылы аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Ауылда 169 үй тұрады, бізге табиғи газ қашан қосылады? Жылысу ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенбаев О. |
Сейфуллин елді мекенін табиғи газбен қамту бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
|
2022-2023 жж. |
Облыстық энергетика және
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Жылы су ауылдық округі Сейфуллин елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға қабылданған. Мердігері «МБК Құрылыс» ЖШС-гі. Аталған нысанның қосылу көзі болып табылатын қолданыстағы «Жетісай» газ тарату стансасы бүгінгі таңға жобалық мөлшерден артық жүктемемен жұмыс жасауына байланысты, газға қосу мүмкіншілігі шектелген. Мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен «ОҚО Мақтаарал ауданының Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» құрылысына қаржы қарастырылып, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталған болатын. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. «Жетісай» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін аталған елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылатын болады. |
|
2 |
Жаңа ауыл елді мекенінің ауыз суы «Абай су» жүйесіне қашан қосылады? Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Күзеров Қ. |
Аталған елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындареспубликалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру.
|
2022-2023жж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
Облыстық энергетика және |
Орындалу үстінде (2024 ж.) «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жаңа ауыл а/о Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс к. сумен жабдықтау жүйелерін салу» нысанына республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Нысанның сметалық құны 3 526 563,0 мың теңге. Мердігер «Арай-НС» ЖШС-гі тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.
|
|
3 |
Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген Жетісай қаласының тұрғыны Қалдыбаев М. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру қажет. |
01.10.2023 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) «Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер теліміндегі 5 қабатты 6 тұрғын үйді абаттандыру». Конкурстық құны – 294 347,8 мың теңге. Мердігер - "Оңтүстік Ғимарат" құрылыс компаниясы" ЖШС-мен 24.08.2022 жылы №30 келісім-шарт түзілген. Тех. қадағалаушы - "RoyalCompany" ЖШС, авторлық қадағалаушы - "Astana Mix Building" ЖШС. 2022 жылға бөлінген қаржы – 154 502,0 мың теңге. толық игерілді. Нысан 2023 жылға өтпелі. 2023 жылға 139 513,0 мың теңге қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысын ағымдағы жылғы 1 қазанға тапсыру жоспарланған. |
|
4 |
Мен Жаңаауыл елді мекені Бейбітшілік көшесінде тұрамын. Сізден сұрайтыным біздің көшедегі электр бағаналары қашан ауысады екен? Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Қарабаев Ү.
|
Жаңаауыл елді мекеніндегі Бейбітшілік көшесіндегі электр бағаналар ауыстыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлдіру. |
2022 ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2022 ж.) Жаңа ауыл ауылдық округіндегі Ынтымақ, Жаңа ауыл және Атақоныс елді мекендеріндегі жаңадан құрылған көшелерге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2022 жылға 5 126,4 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Стройтельная группа Архитектор» ЖШС анықталған. ЖСҚ-ға сараптаманың 06.09.2022 ж. №MBSG-0001/22 оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 561 258,0 мың теңгені құрайды. Аталған нысанның құрылысына қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер анықтау мақсатында мемлекеттік сатып-алу рәсімдері жүргізілуде. |
|
5 |
Біздің Ералиев ауылдық округі Ғ.Мұратбаев, Үтіртөбе елді мекендеріндегі ауыз су мұнаралары ескірген. Биыл ауысады ма? Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Мырзахметов А. |
Мердігерді анықтап құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2022 ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
|
Орындалды Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 072,2 мың теңге және Ералиев ауылдық округіндегі елді мекендерінің ауыз су жүйелері мен су өлшеу шкафтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 32 211,2 мың теңге қаржы қарастырылып, мердігер мекеме BBM-STORY-GROUP ЖШС-і тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. |
|
Білім саласы |
|||||
|
6 |
«Жеңістің Абай ауылдық округінің тұрғыны Шылмырзаев М. |
Мектепке қосымша ғимарат салу үшін бюджеттен қаржы қарастыру. |
2022-2023 жж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Абай ауылдық округі, Алтын-Кемер елді мекеніндегі №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы орта мектебіне жаңа 200 орындық оқушыға арналған мектеп құрылысын салу үшін» 2020 жылы жобалық сметалық құжат әзірленген. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға салалық басқармаларға құжаттар топтамасы ұсынылған. Тапсырыс беруші Түркістан облысының құрылыс басқармасы болып табылады. Жобалық сметалық құжаттың мерзімі өтуіне байланысты қайта өңдеу (корректировка) жұмыстары жүргізуге құжаттар топтамасы ұсынылған. |
|
7 |
Мырзашөл елді мекеніне жаңа мектеп салу мәселесі Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Аннабеков А. |
Жаңа мектеп құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2022-2023 жж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекенінен 200 орындық оқушыға арналған мектеп құрылысын салу үшін» 2020 жылы жобалық сметалық құжат әзірленген. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға салалық басқармаларға құжаттар топтамасы ұсынылған. Тапсырыс беруші Түркістан облысының құрылыс басқармасы ММ-і. Жобалық сметалық құжаттың мерзімі өтуіне байланысты қайта өңдеу (корректировка) жұмыстары жүргізуге құжаттар топтамасы ұсынылған. |
|
8 |
Қарақай ауылындағы орналасқан мектептердің (Ш.Құдайбердиев атындағы №32, М.Мәметова атындағы №33, №35 «Қараөзек» жалпы орта мектебі) жылыту қазандықтарын қатты отыннан (көмірден) газға ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жиенбаев А.
|
Аталған мектептерді табиғи газға қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізу.
|
2022-2023 жж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық энергетика және |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Мектептерді 2023-2024 оқу жылында қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мақсатында, білім бөлімі тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» ТОФ тарапынан табиғи газға қосу үшін техникалық шарт алынып, бюджеттен атқарушы техникалық құжаттар алу үшін қажетті қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу парталына конкурс жариялау үшін құжаттар топтамасы әзірленуде. |
|
Жер қатынастары саласы |
|||||
|
9 |
Асықата кенті бойынша 2008 жылдан бері 300 адам Асықата кентінің тұрғыны Бердияр Т.
|
Жер учаскесін бөліп беру үшін Асықата кентінің әкімшілік шекарасын ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар атқару.
|
Шілде 2022 жыл |
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі
|
Орындалды Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабына сәйкес Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы 05.05.2023 жылғы №395 санды Жетісай ауданының әкімдігінің қаулысына және 05.05.2023 жылғы №2-15-VIIІ санды Жетісай аудандық мәслихатының бірлескен шешімімен бекітілген. Асықата кентінің бас жоспарға сәйкес жаңадан қосылатын жерлерге тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандармен қатар көп қабатты тұрғын үйлер салу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жоспарланған. |
|
Жол және қоғамдық көлік саласы |
|||||
|
10 |
Жетісай ауданының аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар(«Жібек – жолы - Жиззак») автомобиль жолының бөлігі қашан жөнделеді? Жетісай қаласының тұрғыны Султанов Ю.
|
Аталған республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау.
|
2023 жылдың |
Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы
|
Орындалды Аталған жол «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалының теңгерімінде. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады.
|
|
11 |
Менің балаларым Жетісай – Минвода (Сейфуллин) трассасы бойымен мектепке барады. Осы жолдың бойына жаяу аяқ жол (тротуар) салынады ма? Жылысу ауылдық округінің тұрғыны Аризов Қ.
|
Асфальтталған жаяу жол құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.09.2022 ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округіне қарасты Сейфуллин елді мекенінің тұсынан өтетін облыстық маңызы бар КХ – 9 автомобиль жолының бойынан ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын аяқ жол салу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 18 млн. 880 мың тг. бөлініп, «Construction Group SAMRUK» ЖШС-гі тарапынан аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды. |
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
12 |
Мен Жетісай қаласында тұрамын, қаламыздың аумағында жаңа мектеп, бала-бақша және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысы жобаланған ба? Жетісай қаласының тұрғыны Ділмұратов Ә. |
Жетісай қаласына жаңа мектеп, бала-бақшалар салу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу.
|
2023 – 2024 жж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы |
Орындалу үстінде (2024 ж.) «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жоба бағдарламасы аясында «Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 35 га жер телімі ішінен 1500 орындық оқушыға арналған мектеп құрылысын салу үшін» жер телімі анықталып, техникалық шарттар жинақталып, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген. Жоба сметалық құжаттамасы «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ тарапынан әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.Сонымен қатар осы жоба аясында Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімі ішінен 2024 жылы 900 орындық мектеп құрылысы басталуы жоспарланған. |
|
13 |
Мен көпбалалы анамын, Жетісай қаласында біздің балаларымыз ойнайтын жастар сауықтыру орталықтары, спорттық ойын алаңдары салынады ма? Жетісай қаласының тұрғыны Шойғараева М. |
Жетісай қаласында спорттық алаңдар, жастар орталықтарын салу бойынша ұсыныстар енгізу.
|
2022-2023 жж. |
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) «Жетісай қаласының орталық саябағынан денешынықтыру кешенін салу үшін» жоба сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның сметалық құны 1 174 235,0 мың теңге, Конкурстық құны 1 106 256,707 мың теңге. 2022 жылға 50 000,0 мың теңге қаралып толық игерілген. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылға 1 056 257,0 мың теңге қаралған. Нысан құрылысын 31.12.2023 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.Сонымен қатар «Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімі ішінен спорт кешенін салу үшін 0,3 га жер телімі қарастырылған. |
|
Басқа да сұрақтар |
|||||
|
14 |
Шағын кәсіпкерлік үшін қандай қолдау құралдары бар? Кепілсіз несиелер бар ма? Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны - Уалихан Т.
|
Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Тұрақты |
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі
|
Орындалды Шағын, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілері үшін жаңа қаржы инструменті өткен жылда іске қосылды. Жаңа инструмент шағын кәсіпкерлер үшін 3 жыл мерзімге, 20 млн. теңгеге дейін 6%-бен несие беруді көздейді. Несиенің 85%-ы мемлекет тарапынан кепілдендіріледі, 15%-ы кәсіпкер тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, стартап жобаларды қолдау үшін өткен жылда жаңадан «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылды. Микроқаржы ұйымы «Бастау Бизнесті» оқып шыққан кәсіпкерлерді 7 жыл мерзімге, 20 млн. теңгеге дейін (Түркістан және Кентау қалалары үшін 20 млн. теңгеге дейін, аудандарда 7,7 млн. теңгеге дейін) 6%-бен несиелеу көзделген. Қаржылай қолдау құралын пайдалану үшін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде кепілсіз несиелер беру көзделмеген. Бірақ-та, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер кредитінің 85%-на дейін Даму қоры арқылы мемлекеттік кепілдендіру құралы бар. Бұл ретте, кредиттің қалған 15% бөлігін кәсіпкер өзі қамтамасыз ету қажет. Кейбір банктер, оның ішінде Халық банкі 15% кепілдікті өзінің тәуекеліне алып, 5 млн. теңгеге дейінгі несиелерді кепілсіз түрде ұсынады). Бұған қоса, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, қайта кәсіптік оқу, «Бастау бизнес» оқу курстарын бітірген тұлғалар өз жобаларын бастауға қажетті қаржыға қол жеткізу үшін, 400 АЕК дейін қайтарымсыз грант алу арқылы өзінің жобасын іске асыру үшін конкурска қатыса алады. Конкурс әкімшісі жұмыспен қамту орталығы болып табылады. |
|
Денсаулық сақтау саласы |
|||||
|
15 |
Жетісай аудандық орталық ауруханасына С-доға сияқты рентгендік аппаратын қою жоспарланған ба? Жетісай қаласының тұрғыны Абишева Г. |
Ауданға жаңа рентгендік аппараттарын қою бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.
|
2022 жылдың |
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Жетісай аудандық орталық аурыханасына С-доғасы бар рентген аппаратын орнатуға медициналық техниканың клиникалық технологиялық негіздемесіне қорытынды алынды. Медициналық құрал – жабдықтың соммасы 20 млн. теңгеден жоғары болғандықтан дистрибьютер арқылы сатып алынады. 2023 жылы Орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, осы жылы С-доға рентгендік аппаратын сатып алу жоспарлануда. |
|
16 |
Менің үйімде 1-ші топтағы мүгедек бар, естуімше оларға жеке көмекші қарастырылған екен, осы қызметті қалай алуға болады? Жетісай ауданының тұрғыны Яхудаева Х.
|
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Тұрақты |
Жетісай ауданының әкімдігі
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
Орындалды Яхудаева Хадишаның ұлы бірінші топтағы мүгедектігі бар Қамбаров Азаттың жеке оңалту бағдарламасының негізінде жеке көмекші бекітіліп, атқарған қызметтері үшін көрсетілген қызмет актісіне сәйкес аудандық жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ай сайын төлем жүргізілуде.
|
|
17 |
Жетісай аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе? Жетісай қаласының тұрғыны Шылғауова Н. |
Аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеуден өткізу.
|
2023-2024 жж. |
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы
|
Орындалу үстінде(2024 ж.) Жетісай аудандық орталық аурухана ғимаратын 2023 жылы күрделі жөндеуден өткізу үшін, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жұмыс жобасы бойынша 23.01.2023 жылы №19-0031/23 санды қорытынды мемлекеттік сараптамадан өткен. Жалпы құны 1 565 050,846 мың теңге. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме анықталды. Келісім-шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде.
|
Облыс әкімінің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесудегі (12.08.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы, (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Орындалу барысы Қазіргі таңға орындалуы |
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
1 |
Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылының ауыз су құбырларының тозығы жеткен. Осы мәселеге тиісті қаржы бөліп, құбырларды ауыстыруға ықпал етсеңіз? Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Қарабаев Ү. |
Мердігер мекемені анықтап, келісім-шартқа тұру және құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023 ж. желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жаңа ауыл а/о Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс к. сумен жабдықтау жүйелерін салу» нысанына республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Нысанның сметалық құны 3 526 563,0 мың теңге. Мердігер «Арай-НС» ЖШС-гі тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.
|
|
2 |
Жылы су ауылдық округі, Жылы су елді мекенінде жаңадан тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңадан көшелер ашылуда. Осы жаңадан ашылған көшелерге қосымша трансформатор орнатуға қажетті қаржы бөліп, мәселені шешуге көмек берсеңіз? Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Мырзалиев О.
|
Жылы су ауылдық округіндегі жаңадан ашылған көшелерге қосымша траснформатор орнату мүмкіншілігін қарастыру.
|
2022 ж. қазан |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды 2022 жылға Жылы су ауылдық округі Жылы су, Баққоныс, Байқоныс елді мекендеріндегі жаңа құрылыстарында электрмен жабдықтау желілерін салу және КТП орнату құрылысына 54 336,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып, «KKS Construction group» ЖШС танылған. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға қабылданған. Тұрғын үйлер жаңадан салынған электр желісіне қосылып, сапалы электр қуатымен қамтылған.
|
|
Жол саласы |
|||||
|
3 |
Біз тұратын Мақталы елді мекені аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Осы ауылымыздың ішкі көшелерін жөндеуге қаржы бөлдірсеңіз. Мақталы ауылдық округінің тұрғыны - Абдуллаев С. |
Аталған елді-мекеннің ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2022 ж. қараша |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 223 млн. 479 мың теңге бөлініп, Мақталы елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,07 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Спорт саласы |
|||||
|
4 |
Жетісай қаласында 40 мыңнан астам халық тұрады. Осы орайда, ауданда тек 1 ғана спорт кешені бар. Жетісай қаласынан тағы 1 заман талабына сай спорт кешенін салуға ықпал жасасаңыз. Жетісай қаласының тұрғыны Битуреев Т. |
Мердігер мекемені анықтап, келісім-шартқа тұру және құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023 ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
Облыстық құрылыс басқармасы |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Жетісай қаласының орталық саябағынан дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу (ФОК) үшін арнайы жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда, облыстық бюджеттен 1 056 257,0 мың теңге (1 Миллиярд 56 миллион 257 мың теңге) қаржы қаралып мердігер "НҮРІ-Л-ЖЕТІСАЙ" ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталау жоспарлануда.
|
|
Кәсіпкерлік саласы |
|||||
|
5 |
Ауданымыз күннен күнге заман талабы бойынша дамып келеді, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерінен аздап қиындықтар бар. Осыған байланысты арнайы индустриялды аймақ құруға қолдау білдірсеңіз? Жетісай ауданының тұрғыны Төрегелдиев М. |
1.1. Қажетті жер телімдерін бөліп беру. 1.2. ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу. 1.3. Сараптама қорытындысын алу. 1.4. Бюджеттен қаржы бөлу. 1.5. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2024 ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Асықата кентінің шекарасын 300 га ұлғайтуға жұмыстар атқарылуда. Тиісті мемлекеттік органдардың келісімдері, сараптамалық қорытындалар алынып, алдағы уақытта өтетін аудандық маслихат сессиясына ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.
|
|
Білім саласы |
|||||
|
6 |
Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінде 4 мектеп бар. Оның біреуі ғана №34 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі газбен жылытылады.Қалған Жетісай ауданының тұрғыны Оңғарбаев С. |
«Жетісай» және «Киров» АГТС құрылысын жеделдетіп пайдалануға тапсыру.
|
2023 ж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Облыстық энергетика және
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Мектептерді 2023-2024 оқу жылында қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мақсатында, білім бөлімі тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» ТОФ тарапынан табиғи газға қосу үшін техникалық шарт алынып, бюджеттен атқарушы техникалық құжаттар алу үшін қажетті қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу парталына конкурс жариялау үшін құжаттар топтамасы әзірленуде. |
|
7 |
Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы (киім-кешек) беріледі ме? Жетісай ауданының тұрғыны Исаева Г.
|
Бөлінген қаржыны уақтылы игеру. |
2022 ж. тамыз |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған 6-18 жастағы 52 мыңнан астам баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін барлық жұмыстар аяқталады. Жетісай ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтардың 10 640 балаға 397 819 мың теңге қаржы қаралған. Аталған қаржы ата-аналардың есеп шоттарына аударылды. |
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
8 |
Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Байдала, Қызылтаң ауылының оқушылары үлкен каналдан, үлкен тас жолды кесіп өтіп көршілес Бірлік ауылында орналасқан С.Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебіне барып оқиды. Осы Байдала, Қызылтаң елді мекеніне мектеп салып берсеңіздер. Ш.Ділдабеков ауылдық округінің тұрғыны Есполғанов Т. |
1.1. ЖСҚ әзірлеу. 1.2. Сараптама қорытындысын алу. 1.3. Бюджеттен қаржы бөлу. 1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2024 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024-2025 ж.) Жетісай ауданы, бойынша 2025 жылға дейін жайлы мектеп бағдарламасы бойынша 6 мектеп салынатын болады. «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жоба бағдарламасы аясында «Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округі Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық оқушыға арналған мектеп құрылысын салу үшін» жер телімі анықталып, техникалық шарттар жинақталып, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.
|
|
9 |
Жетісай қаласында құрылысы тоқтап тұрған 300 орындық Тұран мектеп-гимназиясының құрылысы қашан аяқталады. Жетісай қаласының тұрғыны Жолдыбаев С. |
1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023 ж. қыркүйек |
Облыстық құрылыс басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Тапсырысшы Түркістан облысының құрылыс басқармасы және мердігер «Асат Құрылыс» ЖШС-і арасында түзілген келісім-шарт 2022 жылдың сәуір айында бір жақты бұзылған. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба қайта түзетуден өткізіліп, сараптамадан оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, 2023 жылдың ақпан айынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мектеп құрылысын 2023 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.
|
|
Әлеуметтік сала |
|||||
|
10 |
Атаулы әлеуметтік көмек алуға ықпал етсеңіз? Жетісай ауданының тұрғыны Қазыбекова Д. |
Азаматша Д.Қазыбековаға әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті шара қабылдау керек. |
2022 ж. қыркүйек |
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды Азаматша Қазыбекова Динара ағымдағы жылы тамыз айында АӘК алуға тиісті құжаттарын тапсырып, аталған азаматшаға 3 ші тоқсанның 2 айына 152 216 теңге, және 4 ші тоқсанның 3 айына 192 747 теңге тағайындалған.
|
|
11 |
Жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көптеп көңіл бөлсеңіз? Жетісай ауданының тұрғыны Қарақулова Ұ. |
Жастарды жұмыспен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдау керек.
|
Тұрақты |
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды 2022 жылы жалпы Жетісай ауданында 2343 жастар жұмыспен қамтылған (Тұрақты жұмыс-711, Әлеуметтік жұмыс орындары-85, Жастар практикасына – 946, қоғамдық жұмыстар- 601) сонымен қатар 136 жастар мемелекеттік қайтарымсыз грант алды, 1220 азамат «Бастау бизнес» бағыты бойынша оқып сертификат алды. |
Облыс әкімінің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесудегі (15.02.2023 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
1 |
Ауданда табиғи газ құбыры жүргізілді, бірақ табиғи газға қосылмаған елді мекендер бар. Осы елді мекендерді табиғи газға қосылуына ықпал етсеңіз? Жетісай қаласыны ңтұрғыны Мырзабаев Ж. |
1. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде жүргізу. 1.1. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
1. 06.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика жәнетұрғын-үйкоммуналдықшаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен «ОҚО Мақтаарал ауданының Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Кирово» АГТС салу нысандарының құрылысына қаржы қарастырылып, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталған болатын. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. «Жетісай» және «Кирово» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін аталған елді мекендер табиғи газ жүйесіне қосылатын болады. АГТС-ті пайдалануға қабылдау ағымдағы жылғы 30 маусымға жоспарлануда. |
|
2 |
Құрбан ата елді мекеніндегі ауыз су құбырлары ескірген, суы ащы. Ауыз су сағатпен берілуде. Су құбырларын ауыстыруға ықпал етсеңіз? Қазыбек би ауылдық округінің тұрғыны Ақпанбетов Ә. |
2. Мердігерді анықтап, құрылыс жұмыстарын жедел бастау. 2.1. Мердігермекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 2.2. Жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа тұру. 2.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес жүргізу. |
2. 11.2024 ж.
2.1. 05.2023ж. 2.2. 06.2023ж. 2.3. 11.2024ж. |
Облыс әкімінің біріншіорынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Құрбаната елді мекенінің ауыз су жүйелерін жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысанның құрылысына 2023 жылға 422 778,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстары басталды, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. |
|
Жол саласы |
|||||
|
3 |
Қызылқұм ауылдық округінде көшелердің тозығы жеткен. Осы көшелерге асфальт төселуіне ықпал етсеңіз? Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны Артықбаев Е. |
3. Мердігерді анықтап, жөндеу жұмыстарын жедел жүргізу. 3.1. Мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 3.2. Жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа тұру. 3.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
3. 08.2023 ж.
3.1. 05.2023ж. 3.2. 05.2023ж. 3.3. 08.2023ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Қызылқұм елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын 13 ішкі көшелерді «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізу үшін, мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт түзілді. Жол жөндеу жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылы тамыз айына жоспарланған. |
|
Денсаулық сақтау |
|||||
|
4 |
Округтегі ауылдарға фельшерлік акушерлік бекеттерін салып беруге ықпал етсеңіз? Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Мелдебеков А. |
4. Құжаттарын әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыну және тиісті қаржының бөлінуін бақылау. 4.1. ЖСҚ әзірлеу және мемсараптама қорытындысын алу. 4.2. Құрылысын жүргізу үшін қаржыбөлу. 4.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
4. 12.2024 ж.
4.1. 08.2023ж. 4.2. 11.2023ж. 4.3. 11.2024ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Абай, Көктөбе және Бәйтерек ауылдарына жаңа ФАП салу үшін ауылдық округ әкімі тарапынан жер учаскесі шешілген. Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы тарапынан сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына ұсынылған. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасында жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.
|
|
Құрылыс |
|||||
|
5 |
Жетісай қаласы аудан орталығы жастар шоғырланған жер. Жастардың уақытын тиімді пайдалану және дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін спорт кешенінің салынуына ықпал етсеңіз. Жетісай қаласының тұрғыны Болатхан Қ. |
5. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 5.1. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
5. 08.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) «Жетісай қаласының орталық саябағынан дене шынықтыру кешенін салу үшін» жоба сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның сметалық құны 1 174 235,0 мың теңге, Конкурстық құны 1 106 256,707 мың теңге. 2022 жылға 50 000,0 мың теңге қаралып толық игерілген. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылға 1 056 257,0 мың теңге қаралған. Нысан құрылысын 31.12.2023 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
6 |
Жетісай ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген жанар-жағар май шаруаларға қашан беріледі? Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қонашов Т. |
6. Бөлінген дизель отынын шаруаларға дер кезінде үйлестіруді қамтамасыз ету. 6.1. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне талон жүйесі арқылы босату. |
6. 01.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы)
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Орындалды Жетісай ауданына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 7020 тонна жанар-жағармай бөлінді. Бөлінген жанар-жағармай ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына сәйкес бекітіліп, талон жүйесі арқылы шаруаларға (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр) босатылуда. Таратушы операторлар «JOL YRYSY» ЖШС, ЖК «Әуезов», «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» ЖШС. Бүгінгі күнге (16.05.2023 жылға) ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне ақпан, наурыз, сәуір және мамыр айларына 5000 тоннадан астам жанар-жағармай таратылды. |