Облыс әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесудегі (16.04.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы
|
|
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
1 |
Өзіңізге белгілі, 2018 жылы Президентіміздің Жарлығымен облысымызда Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, Жетісай және Мақтаарал ауданы болып қайта құрылды. Мақтаарал ауданындағы ауруханалар Кеңес Одағында салынған ғимаратта мамандандырылған медициналық қызмет көрсетуде. Ауданымызда заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған аурухана болса деген арманымыз бар. Осы жаңа аурухана мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын? Мырзакент кентінің тұрғыныТайлақов Т.
|
Ауданға заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған аурухана салу жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 жж. |
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023-2024 жж.) Қазіргі таңда облыстық бюджеттен жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жобалаушы мердігер мекеме «ТЦАПСК» ЖШС-і анықталды. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған мердігер мекеме 210 төсек орындық ғимаратқа ЖСҚ әзірлеуде.
|
|
|
2 |
Біздің Игілік ауылында 1924 жылы салынып тозығы жеткен, апатты жағдайдағы бейімделген ғимаратта ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық көмек көрсетілуде. Осыған байланысты, ауылымызда жаңа дәрігерлік емхана салу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын? Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Жұрымбетов Д.
|
Аталған елді мекенге дәрігерлік емхана салу мәселесін қарастыру.
|
2022-2023 жж. |
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Игілік ДА-ның 50 келушіге арналған ғимараттың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда құрылыс нысанын қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы шілде айында нысан толығымен жұмыс атқарады. |
|
|
Жер қатынастары саласы |
||||||
|
3 |
Шекара маңындағы суармалы жерлерді пайдалану туралы
Мырзакент кентінің тұрғыны Хаметов Қ. |
Шекара маңындағы суармалы жерлерді пайдалануға тапсыру.
|
Тұрақты |
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қонысаевтың 06.05.2022 жылғы №1-17/28013 хатына сәйкес, Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялауды тиісті халықаралық шарт жасасу арқылы түпкілікті аяқтағанға дейін шекараға тікелей жақын жерлердегі кез келген жұмыс түрлері қалыс қалдырылды. Осыған байланысты, 100 метрлік белдеуде орналасқан жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажына алып қою шаралары кейінге қалдырылды.
|
|
|
4 |
Мырзакент кентіне көлемі 160 га жер телімін қосылды деп естідік. Осы жерден кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесі беріледі ме? Мырзакент кентінің тұрғыны Демеуова С. |
Кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін бөліп беру жұмыстарын қарастыру.
|
Тұрақты |
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 160 га. жер теліміне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. Оның 2020 жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен елдімекендерді қоныстандыру бойынша мақсатында 70 га. жер телімі игерілген. Қалған 90 га. жер телімін игеру мақсатында инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Инфрақұрылым жұмыстары 2023-2024 жылдары аяқталғаннан кейін кезектілік тізімге сәйкес берілетін болады. |
|
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
5 |
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенінде орналасқан апатты жағдайда тұрған мәдениет үйі бұзылып, орны тегістелді. Жаңа мәдениет үйі салынып, жастардың бос уақытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырса жақсы болатын еді. Жоспарда құрылыс жұмыстары бар ма? Жаңа мәдениет үйін салуға көмектессеңіз. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғыны Манапов Ж. |
Аталған елді мекенге жаңа мәдениет үйін салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру.
|
2023-2024 жж. |
Облыстық мәдениет басқармасы
Түркістан облысының құрылыс басқармасы |
Орындалу үстінде (2023-2024 жж.) Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылынан мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес 2023 жылы қаржы бөлдіру мақсатында салалық басқармаға бюджеттік комиссияға ұсыныстар жолданды.
|
|
|
Білім саласы |
||||||
|
6 |
Құрметті Өмірзақ Естайұлы! Қазіргі уақытта барлық аудандарда Дарын мектептері жұмыс істейді. Біздің де ауданымызда дарынды, білімді балалар көп. Мақтаарал ауданында дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп интернатын салу жоспарда барма? А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғыны Есенбеков П. |
"Дарын" мектеп интернатының құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 жж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023-2024 жж.) Қазіргі таңда, жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттары дайын болғанда жағдайда, жеке кәсіпкер есебінен физика-математикалық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Нысан 2023 жылға өтпелі.
|
|
|
7 |
Мен Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінің тұрғынымын, біздің ауылда мектептің болмауына байланысты, балалар көрші ауылға барып оқиды. Біздің ауылға мектеп салу жоспарда барма? Бірлік ауылдық округінің тұрғыныЖолдасбеков М. |
Аталған ауылдық округке мектеп салу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
|
2023-2024 жж.
|
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023-2024 жж.) Қазіргі таңда Өркениет елді мекенінде мердігер "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС-і тарапынан 200 орындық типтік үлгідегі мектептің құрылыс монтаж жұмыстары басталып, мектеп ғимаратының қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде.
|
|
|
8 |
Мақтаарал ауданында күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер саны аз емес. Алдағы уақытта қанша мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған? Осы жөнінде айтып берсеңіз? Мақтаарал аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Құрбанбаева Ш. |
Аудандағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. |
2022-2023 жж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023ж.) Күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысанын (17 мектеп, 1 жазғы лагерь, 1 УПК) күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындауға (ЖСҚ) облыстық бюджеттен 126 млн. 772 мың теңге қаржы қаралып, «Вибо-Строй» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 4 мектептің («А.Пушкин», «Жаңа жол», «Қ.Үкібаев», «Ы.Алтынсарин») ЖСҚ- сы дайындалып сараптамалық оң қорытындысы берілді. Қазіргі таңда тиісті облыстық басқармаларға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырып беруге ұсынылды.19 білім нысанының ЖСҚ құжаттарын ресімдеу жұмыстары толық аяқтау 2023 жылғы тамыз айы. Дайындалған жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстары 2023-2025 жылдары аралығында жүргізу жоспарлануда. |
|
|
Сәулет, Құрылыс саласы |
||||||
|
9 |
Біздің ауданымыздың орталығын көркейту мақсатында, көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, жаңа саябақ салынады ма? Мырзакенттің бас жоспарына сәйкес кәсіпкерлікке жер телімдері қарастырылған ба?
Мырзакент кенті ардагерлер кеңесінің төрағасыСералиев Б.
|
1. Ауданға жаңа әлеуметтік нысандар салу үшін тиісті жұмыстар жүргізу.
2. Бас жоспарға сәйкес кәсіпкерлікке жер телімдерін қарастыру.
|
1. 2022 -
2. Тұрақты |
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023ж.) 1.Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кенті саябағын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылы облыстық бюджеттен 10 млн теңге қражы қаралып, Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жеңімпаз мекемелермен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен келісім шарттар түзілді. Қазіргі таңда нысанның тозығы жеткен имараттары толығымен демонтаждалып, нысан уақытша қоршаумен қоршалған. 2023 жылға облыстық бюджеттен қаржы қаралмауына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданған.
2. Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында кәсіпкерлікке жер телімдері карастырылған. Алайда жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коеффиценттерін бекіту үшін Түркістан облысының Әділет департаментіне жолданған. Жұмыстар толық аяқталған жағдайда заңға сәйкес берілетін болады. |
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
10 |
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыста қандай қаржы ұйымдары жеңілдетілген несие және қанша мерзімге беріліп жатыр?
Достық ауылдық округі, Бескетік елді мекенінің тұрғыны Бердалиев Т. |
Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Тұрақты |
Облыстық ауылшаруа- шылығы басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалды Жалпы 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорация» АҚ (1 349 797 мың) мен несие серіктестіктері, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС (2 000 000 мың), «Оңтүстік» АИО» ЖШС (1 000 000 мың) сияқты қаржы ұйымдарынан жалпы 4 349 797 мың теңге қаржы соммасы жеңілдетілген пайызбен несиеге берілді. Соның ішінде Мақтаарал ауданы шаруалары 110 бірлік жобаны құрайтын 3211 гектар алқапқа 310 670 мың теңге көлемінде несие алды.
|
|
|
11 |
2021 жылы қаржы тапшылығына байланысты мал шаруашылығымызға тиесілі субсидиямыз резервке түскен болатын. Осы қаржымыз қашан төленіп беріледі?
Атакент кентінің тұрғыныМұрсалиев Т. |
Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Тұрақты |
Облыстық ауылшаруа- шылығы басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалды Бүгінгі таңда мал шаруашылығы бойынша резервке тапсырылған құжаттар толығымен субсидиясы заң талаптарына сәйкес төлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Атакент кентінің тұрғыны Мұрсалиев Талғат заң талаптарына сәйкес тапсырылған құжаттарына толығымен мемлекет тарапынан тиесілі субсидиясын алды. |
|
|
12 |
2021 жылы облыс аумағында тыңайтқыш тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені биылғы жылы қалай шешіледі?
Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Боев А. |
Заңға сәйкес, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Тұрақты |
Түркістан облысының ауылшаруа-шылығы басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалды «КазАзот» АҚ ның берген мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін Сарағаш қаласында орналасқан қоймады 20 мың тонна аммиак селитрасы сақтаулы болған алайда еш бір шаура қожалығы толық құнын (160160 теңге 1 тоннасы) төлеп сатып алмаған. Облыс әкімнің қаулысы нарықтағы бағаның тұрақсыз болуына байланысты 11 сәуір күні бекітіліп өтінім қабылдау 15 мамырда басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша өтінім саны айлық өндірілетін аммиак селитрасынан асып кеткендіктен шаруаларға дер кезінде жеткізіп беруге мүмкіншілік болмай қалды. Осы аталған кемшілікті жою үшін шаруаларға ұсынарымыз жыл басынан бастап «КазАзот» АҚ тікелей келісім шарт түзіп толық құнын төлеп сатып алу жұмыстары жүргізсе, мамлекет тарапынан заң талаптарын сақтай отырып қажетті мөлшері субсидияланатын болады. |
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
13 |
Мен Иіржар ауылының тұрғынымын, Біздің ауылдың ауыз құбырының тозығы жеткен? Қазіргі таңда ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қашан аяқталып, ауыз су беріледі?
Жанқараев Бекбай - Иіржар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы
|
Аталған ауылда құрылыс жұмыстарын аяқтап, мерзімінде ауыз сумен қамтамасыз ету.
|
31.12.2022ж. |
Облыстық энергетика және
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Мердігер «СМУ «Бурводстрой» ЖШС-гі тарапынан ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға тапсырылады.
|
|
|
14 |
Мен Жамбыл ауылдық округінде тұрамын, біздің ауылға жаңадан қосылған көшелерге электр желісі жүргізілсе болар еді.
Нәлібаев Дәулетбай - Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекенінің тұрығыны |
Аталған ауылдық округтегі жаңадан қосылған көшелерге электр желілерін салу.
|
2022-2023 жж. |
Облыстық энергетика және
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалды Мердігер «А.Мерей и К» ЖШС-гі тарапынан көшелерге КТП орнату және электр желілерін салу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
|
|
|
15 |
Мен Алаш ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға газ қашан келеді? Сол жөнінде айтып өтсеңіз.
Сағынбаев Мұхамеджан - Иіржар ауылдық округі, Алаш елді мекенінің тұрғыны |
Алаш ауылына биыл газ қосу мүмкіншілігін қарастыру.
|
2022 ж. |
Облыстық энергетика және |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Мердігер «Сартөбе» ЖШС-гі тарапынан газ жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға тапсырылады.
|
|
|
Басқа да сұрақтар |
||||||
|
16 |
«ҚазСушар» РМК Мақтаарал өндірістік филиалының учаскелік жерлерін реформалау туралы.
Хаметов Қасымбек -Мырзакент кентінің тұрғыны |
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізу. |
|
Түркістан облысының ауылшаруа-шылығы басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде Қазіргі уақытта ИДЖЖ-2 жобасы аясында Мақтаарал өндірістік бөлімшесі (МӨБ) балансындағы каналдарды қайта жаңарту және қалпына келтіру (бетондау) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақтаарал ауданы аумағында МӨБ балансында 20 бірінші ретті каналдар (канал первого порядка) тармағымен және жеке тұлғаның балансында К-20 каналы бар. ИДЖЖ-2 жобасы аясында жоспарланған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, каналдарды күтіп устауға қажетті техника МӨБ балансына беріліп, қажетті жұмыстарды жүргізуге өз бетінше («Қазсушар» РМК ТФ келісімін немесе қажетті қаржысын күтпей) жоспарлауға мүмкіндік береді. Наурыз айынан бастап кейбір өндірістік учаскелердің тиімді жұмыс атқару үшін өндірістік учаскелерді біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Мақтаарал өндірістік бөлімшесі және Тік дренажды ұңғымаларды пайдалану бөлімшесін біріктіру жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда тұрған органдармен өндірістік учаскелерге заңды тұлға құқығын беру бойынша жұмыстар мен келіссөздер жүргізілуде. «Қазсушар» РМК ТФ Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің Мақтаарал ауданы бойынша 20 шаруашылық аралық каналға ағын су жеткізіп беру қызметін атқарады және жеке тұлғаның балансында К-20-1 арнасы бар, ол әкімдік тарапынан кейбір құжаттардың толық рәсімдері аяқталғаннан кейін «Қазсушар» РМК балансына өтеді. ИДЖЖЖ-2 бағдарларамысы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қажетті арнайы техниканы Мақтаарал ӨБ балансына беру қарастырылған, ол арналардың жөндеу жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
|
|
Облыс әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесудегі (12.08.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы
|
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
1 |
Ауданымызда жалпы көптеген жұмыстар атқарылуда. Ендігі кезекте ауданымыздағы Жаңажол, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты 23 елді мекенге табиғи газ кіргізуге ықпал етсеңіз.
Жаңажол ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Мырзалиев Б. |
Аталған елді мекендерге табиғи газ құрылысын жүргізу.
|
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Газдандырылмаған 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына және Мақтарал а/о жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ-ларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаржысы 194,1 млн. теңге. Оның ішінде 2022 жылы 10 жобаның сараптама қорытындысы алынса, қалған 13-не жобалау жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Жұмыс жобасына сараптаманың оң қорытындысы алынған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады. |
|
2 |
Біздің елді мекенде ауыз су құбырларының тозығы жетіп отыр. Осы ауыз су құбырларын қайта құруға тиісті қаржы бөлінуіне ықпал етсеңіз. А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғыны Көзбаев Қ. |
А.Қалыбеков ауылдық округінің ауыз су құбырларын қайта құру.
|
2022-2024 жж
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) А.Қалыбеков ауылдық округі, Жаңажол елді мекеніндегі ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. РБ 522,0 млн. теңге бөлініп қазіргі таңда МСА жұмыстары жүргізілуде. |
|
3 |
Мақтаарал ауданы, Жамбыл елді мекеніне электр желісін тарту жұмыстары қашан аяқталады екен? Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны Полатов Д. |
Жамбыл ауылына электр желілерін жүргізу.
|
2022 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалды Мердігер «А.Мерей и К» ЖШС-гі тарапынан көшелерге КТП орнату және электр желілерін салу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
|
|
4 |
Мақтаарал ауданы, Наурыз ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға жүргізіліп жатқан газдың құрылыс жұмыстары қашан бітеді екен? Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Сағынбаев М. |
Наурыз ауылының газ құрылысы жұмыстарын мерзімінде аяқтау.
|
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде Иіржар ауылдық округі, Наурыз елді мекенінің ішкі газ құбырларының құрылыс жұмыстарын жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға тапсырылады.
|
|
5 |
Өзіңіз көргендей Индустриалды аймақта күннен-күнге кәсіпорындар саны көбейіп келе жатыр. Соның бірі биылғы жылға қосу жоспарланып отқан «Janasil» ЖШС мақта қабылдау зауыты. Біздегі өзекті мәселесі газ мәселесі, осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын. «Janasil» ЖШС-інің директоры Сарсенбаев Н. |
Индустриалды аймаққа табиғи газ құрылысы мәселесі үшін қосымша қаржы қарастыру.
|
2022-2023жж |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Индустриалды аймаққа 2019 жылы жеткізуші газ құбыры (қуаттылығы 800 м3/сағ) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Алайда, бүгінгі таңға қосымша нысандар ашылуына байланысты табиғи газдың қуаттылығы жетпейді. Осы мәселе Атакент және Мақтарал ауылдық округі елді мекенін газ қуатын арттыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жұмыс жобаларына сараптаманың оң қорытындысы алынған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
|
|
Білім саласы |
|||||
|
6 |
Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы (киім-кешек) беріледі ме? Мырзакент кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Шойкараева Қ. |
Бөлінген қаржыны уақтылы игеру. |
2022 жыл 31 тамыз |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы |
Орындалды Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтардың 6357 балаға 237687 мың теңге қаржы қаралып, аталған қаржы ата-аналардың есепшоттарына толық аударылды. |
|
7 |
Мақтаарал ауданының «Оқу өндірістік комбинаты» мекемесі 1958 жылы салынған. Мекеме ғимараты және оқу материалдық базасы ескірген, күрделі жөндеуді материалдық базаны жаңартуды қажет етеді. Осы орайда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанба? Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық әжелер алқасының төрайымы Құрбанбаева Ш. |
«Оқу өндірістік комбинаты» мекемесінекүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
2023-2024жж |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Аудандағы «Оқу өндірістік комбинаты» мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткізу бойынша ЖСҚ-ға облыстық бюджеттен 8 551 000 мың теңге қаржы қаралып, «Вибо-Строй» ЖШС тарапынан сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ЖСҚ құжаттарын ресімдеу жұмыстары толық аяқтау 2023 жылғы тамыз айы. Дайындалған жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстары 2023-2025 жылдары аралығында жүргізу жоспарлануда. |
|
Жол саласы |
|||||
|
8 |
Бүгінгі таңда аудан орталығы Мырзакент кентіндегі апатты жағдайдағы көпірден көптеп ауыр жүк көліктері кіруде. Оған қоса ауыр жүк көліктері орталықтың бас көшелері арқылы өтеді. Осыған байланысты Мырзакент кентін айналып өтуге мүмкіндік беретін заманауи көпір салуға қаржы бөлуге ықпал жасасаңыз? Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты Жолдасов А.
|
Көпір салуға бюджеттен қаржы қарастыру.
|
2023-2024жж |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Қазіргі таңда, Мырзакент кентіндегі қолданыстағы көпірдің құрылысы үшін әзірленген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізілуде. Ал, Достық каналының үстінен Мырзакент кенті Абай көшесі бойымен айналма жол салу үшін аудан әкімдігі тарапынан жер бөлу комиссиясының оң қорытындысы алынып, мемлекеттік акт алынған. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленуде.
|
|
9 |
Мақтаарал ауданы, Бірлік ауыл округі, Қоңырат елді мекенінің көшелеріне асфальт салу жұмыстары жоспарда бар ма? Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Ерманова С. |
Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру. |
2023-2024жж |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Қазіргі таңда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Қоңырат елді мекенінде Молдағұлова (L - 450 м), Сатпаев (L - 800 м), Кенес (L-590 м), Амангелді (L - 470 м), Естаев (L - 550м), Наурыз (L - 800м), Шаттық (L - 420м), М.Қасымов (L - 630м), Болашақ (L - 950м) құны 64,7 млн. теңге болатын 4 көшенің жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек ұзындығы 3,5 шақырым болатын 9 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттамалар әзірленген, жалпы құны 81,3 млн. теңге. Аталған көшелерге 2023 жылы «Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша ұсыныс енгізілген.
|
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
10 |
Біздің елді мекендегі Давлятов Хайдар - Иіржар ауылдық округінің тұрғыны |
Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау.
|
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық құрылыс басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Азамат және Еркінабад елді мекендеріндегі 200 орындық мектеп құрылыстары нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы қаңтар айында басталған. Құрылыс нысандарына тиісті қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары қаржылық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда, А,Б,В блоктарының 1-қабатының қабырғалары толығымен қаланып, плита жаппалары орнатылуда. Нысандардың құрылысы 2023 жылы пайдалануға беріледі. |
|
Спорт саласы |
|||||
|
11 |
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент кентінен спорт зал салынса және әр бір елді мекендерден шағын спорт алаңшалары салынуына ықпал етсеңіз. Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Жұрымбетов Д. |
Атакент кентіне спортзал салу.
|
2023-2024жж |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Мақтаарал ауданы, Атакент кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бүгінгі күнге дейін бюджет есебінен он шағын футбол алаңдары салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді. 2023 жылы қосымша Жаңажол, Жамбыл, Бірлік және Еңбекші ауылдық округтері аумағынан шағын футбол алаңдарын салынатын болады.
|
Облыс әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесудегі (15.02.2023 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Спорт саласы |
|||||
|
1. |
Жергілікті тұрғындарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент, Мырзакент кенттерінен жаңа заманауи спорт кешенін салуға, сондай-ақ, елді мекендерден спорт алаңшаларын салуынуына ықпал жасауыңызды сұраймын. Алайдаров Бақберген Атакент кентінің тұрғыны
|
1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 1.1. Мырзакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. 1.2. Атакент кентіндегі спорт кешені бойынша құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу. 1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 1.4. Атакент кентіндегі спорт кешенінің құрылыс-мантаж жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау. |
1. 2023-2024 жыл
1.1. 10.2023 ж.
1.2. 07.2023 ж. 1.3. 09.2023 ж. 1.4. 12.2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Мақтаарал ауданында, Мырзакент кентіненде спорт кешеннің құрылысы 2022 басталып, 512,0 млн теңге қаржы игерілген. Жалпы конкурстық құны 881,385 млн теңге. 2023 жылы құрылысын аяқтау үшін қаржысы толық қаралып, желтоқсан айында пайдалануға тапсырылатын болады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы нысанына 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджетті нақтылауға ұсынылды. 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. |
|
Мәдениет саласы |
|||||
|
2. |
2022 жыл ауданымызда Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының құрылысы басталған. Аталған құрылыс жұмыстар қашан аяқталады? Мұратова Роза Достық ауылдық округінің тұрғыны, мәдениет саласының қызметкері. |
2. Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бақылау. 2.1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
2. 12.2023 ж.
2.1. 12.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық мәдениет басқармасы Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтеріндегі 200 орындық (жалпы конкурстық құндары 786,430 млн теңге)мәдениет және кітапхана құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі болған. Аталған құрылыс нысандарына 2022 жылы 200 млн теңге (Еңбекші а/о 100 млн, Жамбыл а/о 100 млн) қаржы қаралып, толық игерілген. Нысандардың құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. |
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
3 |
Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 2022 жылы жаңа мектеп салынып басталған болатын. Құрылысы жүріп жатқан мектепті 2023 жылы аяқтау мүмкіншілік бар мекен? Қошқаров Серік Бірлік ауылдық округінің тұрғыны |
3. Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 3.1. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
3. 31.12.2023 ж.
3.1. 31.12.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық құрылыс басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы нысанына 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 млн тг қаралып, игерілген болатын, 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстары үшін толық қаржысы қаралып, (1 млрд 575 мың теңге), желтоқсан айында пайдалануға тапсырылады. |
|
Коммуналдық сала |
|||||
|
4. |
Біздің Азаттық елді мекенімізде ең маңызды мәселеміз ол ауыз су болып отыр. Су уақытпен беріледі, жазды күндері ауыл тұрғындары огородтарын суғарып, шеткі көшелерге жетпей су жетпей қалады. Счетчик қоюға құбырлардың бәрі шіріп кеткен, орнатуға келмейді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу барысында проектісін жасап қойғанбыз, ақшасын сұрап жатырмыз деп есеп берді. Сізден ауыл тұрғындарының бірінші кезектегі мұқтажын орындауға көмектессеңіз! Зәуірбеков Ералы Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекенінің тұрғыны Парнабекова Фарида Қарасу ауылының тұрғыны
|
4. Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарын жүргізу.
4.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу.
4.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
4.3. Құрылыс-мантаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау |
4. 2023-2024 ж.ж.
4.1. 07.2023 ж.
4.2. 09.2023 ж.
4.3. 10.2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыс жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралып, 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу шілде айында басталып, 2024 жылдың тамыз айына елді мекенде ауыз сумен қамту жоспарланған. |