Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (10.06.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
1 |
Біздің ауданымызда кезекте тұрған мұқтаж 1320 отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қашан шешіледі екен? Шардара қаласының тұрғыны Ілесов Қ.
|
1. Шардара қаласынан көп қабатты 3 тұрғын үйдің жұмыс жобасын әзірлеп, Республикалық бюджетке қаржы қарастыруға ұсыну.
1.1. Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.
1.1.2023-2024 ж.ж
1.2. 2023-2024 ж.ж |
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
Орындалу үстінде (2024 ж.) 2022 жылға облыстық бюджеттен қаржы қарастыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында депутаттық сауалмен ұсыныс жолданған. Алайда, бүгінгі танда қолдау табылмаған. |
|
2 |
Жаушықұм ауылының тұрғындары да ауылға газ келуін асыға күтуде. Сізден, ауылды газдандыруға ықпал жасауыңызды өтінеміз. Жаушықұм ауылының тұрғыны Серікбаев О. |
2.Жаушықұм ауылына газ желісін тарту жұмыстарын жүргізу.
2.1.Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
2.2.Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
2023-2024 жыл
2.1. 2023-2024 ж.ж
2.2. 2023- 2024 ж.ж |
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Жаушықұм ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының сметалық құны 433,8 млн. теңге. 2023 жылы Республикалық бюджет есебінен 100 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың желтоқсан айында тапсырылатын болады. |
|
3 |
Шардара қаласында қарқынды жүріп жатқан газдандыру жұмыстарынан Төменгі тоғай елді мекені қалып кетпесе екен Шардара қаласының тұрғыны Керимбеков Ш. |
3. Төменгі тоғай елді мекеніне газ желісін тарту жұмыстарын жүргізу. 3.1. Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 3.2. Газ желісін тарту жұмыстарын жүргізу
|
2022-2023 жыл
3.1. 2022-2023 ж.ж
3.2. 2022- 2023 ж.ж |
Шардара ауданының Әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Жобаның сметалық құны - 673 366,0 мың теңге. Республикалық бюджет есебінен 2022 жылы 200 000,0 мың теңге бөлінген. Қалған 417,000,0 мың теңгесі 2023 жылы облыстық бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылғы желтоқсан айында тапсырылатын болады. |
|
Денсаулық сақтау саласы |
|||||
|
4 |
Шардара қаласында салынып жатқан 150 орындық емхана құрылысының ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілуіне ықпал жасауыңызды сұраймыз Шардара қаласының тұрғыны Альменов Т. |
4.Шардара қаласында салынып жатқан 150 орындық емхана құрылысын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
2022 ж.
|
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы |
Орындалды Емхананың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2022 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Мәселе толығымен шешілген. |
|
5 |
Алатау батыр ауылындағы аурухана күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мәселенің оң шешімін табуға көмектесіңіз. Алатау батыр ауылының тұрғыны Сейділдаев Ж. |
5. Алатау батыр ауылындағы аурухана құрылысын жүргізуге 2023 жылы қаржы бөлуді қарастыру.
5.1. Қаржы бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2022-2023 ж.ж
2022-2023 ж.ж
|
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін «Nova Atprum» ЖШС арқылы ЖСҚ 25.05.2022ж. дайындалды (ЖСҚ құны - 208 706,83 мың тенге). Сараптамадан өткізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «AIM Company» ЖШС анықталды. |
|
Жол саласы |
|||||
|
6 |
Шардара қаласы Т.Жүргенов көшесіне асфальт төсеуге ықпал жасауыңызды сұраймыз Шардара қаласының тұрғыны Құрманбай И.
|
6.Т.Жүргенов көшесіне асфальт төсеу жұмысын бастап, белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
2022 ж.
|
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Орындалды Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданында орналасқан Т.Жүргенов көшесіне мемлекеттік сатып алу нәтижесімен «Строительная компания строймонтаж» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Мәселе толығымен шешілген. |
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
7 |
Шардара қаласының орталығына шеткі шағын аудандар тұрғындарының қатынауы қиындықтар туғызуда. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды өтінеміз. Шардара қаласының тұрғыны Асилтаева Қ. |
7.Шардара қаласында қоғамдық көлік жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
2022 ж.
|
Шардара ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Орындалды Ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан конкурс өткізіліп, «SAR avto» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Шардара қаласындағы «Қала-1» және 1 тамызынан бастап «Қала-2», «Қала-3» бағыттары бойынша шағын автобустар жүргізіліп жатыр. Мәселе толығымен шешілген. |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
8 |
Аудандағы балық шаруашылығын дамытуға қандай көмектер бар және субсидия қарастырылады ма? Шардара қаласының тұрғыны Жетибаев Н. |
8.Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бюджет жоспарына қайта ұсыныс енгізу
|
2022 ж. |
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалауды реттеу басқармасы
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалды (2022 ж.) Балық шаруашылығын субсидиялауға 2023 жылғы облыстық бюджеттің жоспарына енгізуге облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылған. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 30 шаруа қожалыққа (субсидия балық жеміне және шабағы мен аналығын өсіруге берілген) балық шаруашылығын дамытуға субсидия берілді. |
Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (11.11.2022 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
Ауыл шаруашылық саласы |
|||||
|
1 |
Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдары күрделі жөндеуден өткізілсе, егістікті уақтылы және артық шығынсыз суаруға үлкен септігін тигізер еді. Ақшеңгелді ауылдық округінің тұрғыны Мамасариев Р. |
9.Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдары күрделі жөндеуден өткізу. 9.1.Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 9.2.Жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
2023-2024 ж.ж
2023 ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2024 ж.) Бүгінгі таңда, Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан тапсырыс беріліп, жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС арқылы ЖСҚ-сы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы тарапынан 2023 жылдың бюджет жоспарына ұсынылып, аталған 32,851 шқ. каналдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 2 217 755,1 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде. |
|
2 |
Шардара ауданындағы барлық қашыртқыларды әсіресе Көксу, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауыңызды сұраймын. Көксу ауылының тұрғыны Кеншім Б. |
10.Көксу, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу. 10.1. Қаржы қаралған жағдайда механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу.
|
2023ж.
2023 ж.
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі 85,97 шақырымды құрайтын қашыртқыларды механикалық тазалау жобасының құны – 354538,6 мың теңге. Көксу ауылдық округіндегі 234,6 шақырымды құрайтын қашыртқыларды механикалық тазалау жобасының құны – 1048072,7 мың теңге. 2023 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан бюджеттен қаржы қарауға ұсыныс берілген. |
|
Жол саласы |
|||||
|
3 |
Шардара қаласы Ы.Жақаев көшесіне тас төсеу мәселесін биылғы жылдан қалдырмай шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын. Барболов Жеңіс – Шардара қаласының тұрғыны. |
11. Ы.Жақаев көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізіп, мерзімінде пайдалануға тапсыру. 11.1. Тас төсеу жұмыстарын жүргізу.
|
2022 ж.
2022 ж.
|
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалды (2023 ж.) Шардара қаласындағы Ы.Жақаев және одан бөлек 5 көшеге (Халықтар достығы, Құршан, Ақ шағала, Т.Ибраймов, Байтерек) тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 62967,0 мың теңге бөлініп, Қазіргі таңда жеңімпаз мердігер тарапынан жолды тегістеу жұмыстары жүргізіліп, тас төсеуге дайындалған. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін пайдалануға берілу жоспарланған. Мәселе толығымен шешілген. |
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
4 |
Шардара қаласы мен Жаушықұм ауылының тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге ықпал етуіңізді сұраймыз. Ілесов Қыстау – Шардара қаласының тұрғыны. |
12. Шардара қаласы мен Жаушықұм ауылына табиғи газ желісін жүргізу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға тапсыру. 12.1. Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 12.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2022-2024 ж.ж
2022-2024 ж.ж
2022-2024 ж.ж
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Шардара қаласы, Төменгі тоғай мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының сметалық құны - 673 366,0 мың теңге. Республикалық бюджет есебінен 2022 жылы 200 000,0 мың теңге бөлінген. Қалған 417 млн. теңгесі 2023 жылы облыстық бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында тапсырылатын болады. Жаушықұм ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының сметалық құны 433,8 млн. теңге. 2023 жылы Республикалық бюджет есебінен 100 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде Нысан 2024 жылдың желтоқсан айында тапсырылатын болады. |
|
5 |
Шардара қаласындағы «Наурыз» шағын ауданында электр желілерін тартуға ықпал жасауыңызды сұраймын Қариев Нұрболат – Шардара қаласының тұрғыны. |
13.Шардара қаласындағы "Наурыз" шағын ауданының электр желілерін салу жұмыстарын белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру 13.1. Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 13.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
2023 ж.
2023 ж
2023 ж.
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) «Шардара қаласындағы "Наурыз" шағын ауданының электр желілерін салу» бойынша ЖСҚ әзірленген. 2023 жылы Республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы бюджеттік өтінім ұсынылып, қолдау таппаған. Сол себепті, ағымдағы жылдың маусым айында болатын бюджеттік нақтылауға енгізу үшін облыстық мәслихатқа ұсынылған. |
|
Білім саласы |
|||||
|
6 |
Шардара қаласының 4-ші шағын ауданында жаңадан мектеп салуға ықпал жасауыңызды сұраймыз. Тоқсанбаев Назар– Шардара қаласының тұрғыны. |
14.Шардара қаласы, 4-ші шағын ауданында мектеп құрылысын белгіленген мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру. 14.1.Қаралған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 14.2.Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
2023-2024 ж.ж
2023 ж.
|
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2023 ж.) Бүгінгі таңда, ЖСҚ әзірлеуге қажетті құжаттары жинақталып, облыстық құрылыс және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармалары арқылы "Самұрық - Қазына" АҚ-на қаржы қарастыруға ұсынылған. 2023 жылы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 1200 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Жоба 2024 жылға өтпелі. |
|
7 |
Көксу ауылындағы Т.Айбергенов мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймыз
Сариев Нұржан – Көксу ауылдық округінің тұрғыны. |
15.Т.Айбергенов мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру 15.1. Қалған қаржыларды 2024 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 15.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
2024-2025 ж.ж.
2024-2025 ж.ж
2024 ж.
|
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі
|
Орындалу үстінде (2024 ж.) Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 14523,3 мың теңге қаржы қаралып, жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №АЕХР-0092/23 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, қазіргі таңда құжаттар пакеті жинақталып Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына сұраныс жолдануда. |
Облыс әкімінің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесудегі (31.03.2023 жылғы) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
Коммуналдық сала |
|||||
|
1. |
Шардара қаласы, Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу туралы Шардара қаласының тұрғыны Мархабаев М.
|
1. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 1.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу. 1.2. Шардара қаласы Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
2023 ж.
2023 ж.
2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде (2023 ж.) 1. Шардара қаласы, Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газ желісіне қосу жұмыстарының жобалық құны 673,3 млн. теңге. 1.1. 2022 жылы Республикалық бюджет есебінен 200,0 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған. 2023 жылы қалған 473,3 млн. теңге толығымен қаралды. 1.2. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. |
|
2. |
Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату туралы Шардара қаласының тұрғыны Биту Ж. |
1. Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 1.1. Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату үшін қаржы бөлу. 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. 1.3. Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына түнгі жарықтандыру орнату жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
2023 ж.
2023 ж.
2023 ж.
2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Шардара ауданының әкімдігі |
Орындалды (2023 ж.) 2. Шардара-Арыс-Темірлан бағытындағы облыстық маңызы бар «КХ-8» тас жолының Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын бөлігіне түнгі жарықтандыру жүргізу бойынша 29,7 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалған. 2.1. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 29,7 млн. теңге қаржы бөлінген. 2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер «ЖК Рамазан» келісім шарт түзілген. Бүгінгі таңда 1,7 шақырымға 49 дана бағана орнатылып, кабельдері тартылып, «Оңтүстік Жарық» мекемесінен техникалық шартқа рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде. 2.3. Ұзын-ата ауылының орталығымен өтетін Шардара-Арыс тасжолы бойына 1,7 шақырымға 49 дана бағана орнатылып, электр желісіне қосылған. Қазіргі таңда пайдалануға берілген. |
|
Ауыл шаруашылық саласы |
|||||
|
3 |
Аудандағы егістік алқаптарда орналасқан 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру туралы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Сүлеев Т. |
2. Аудандағы егістік алқаптарда орналасқан 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
2.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
2.2. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау.
|
2023 ж.
2023 ж.
2025ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
Орындалу үстінде (2023-2025 ж.) 3. Шардара ауданындағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін «Ислам Даму» банкі арқылы 17,4 млрд.теңге қаржы бөлінген. Аталған жоба 3 лотқа бөлінген. 1 лот, Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауылдық округтерінде орналасқан 105 дана тік дренаж (аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы); 2 лот, Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауылдық округтерінде орналасқан 89 дана тік дренаж (аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы); 3 лот, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауыл округтерінде орналасқан 108 дана тік дренаждар (мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, жеңімпаз анықталмаған) қалпына келтірілетін болады (аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айы). 3.1. Бүгінгі таңда, 1 және 2 лот бойынша тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. 3.2. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
Кәсіпкерлік саласы |
|||||
|
4. |
Мал шаруашылығына жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алу туралы.
Шардара қаласының тұрғыны Тұрлыбеков С.
|
3. Мал шаруашылығына жастарға арналған 2,5 пайыздық несие беру.
3.1. Мал шаруашылығына жастарға арналған 2,5 пайыздық несие үшін қаржы бөлу.
3.2. Жастарға 2,5 пайыздық несие беру.
|
2023ж.
2023 ж.
2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Шардара ауданының әкімдігі
|
Орындалды (2023 ж.) 4 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% шағын несие қарастырылған. 4.1. Шардара ауданына 2023 жылға жоспар бойынша Республикалық бюджеттен 130 млн.теңге бөлінген. 4.2. Қазіргі таңда 60 азамат өтініш білдіріп, 38 нақтыланды. Оның ішінде бүгінгі күнге 24 азаматтың құжаттары дұрысталып несие беретін ұйымға өткізілсе,5 азаматтың құжаты комиссияға жолданды. Қалған 14 азамат құжаттарын толықтыруда. |
|
Басқа сала |
|||||
|
5. |
Көктем айларында шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы Шардара қаласының тұрғыны Тоқсанбаев Н.
|
4. Шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу
4.1. Залалсыздандыру жұмыстарын бастау.
4.2. Залалсыздандыру жұмыстарын талапқа сай аяқтау.
|
2023ж.
2023 ж.
2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Орындалды (2023 ж.) 5. Көктем айларында шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне қарсы Сырдария өзені бойында орналасқан елді мекен аумақтарында және Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шардара, Отырар, Сауран аудандарында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу жоспарланған. 5.1. Осы мақсатта ағымдағы жылы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан өткізілген конкурстың нәтижесінде, дезинсекция шараларын өткізуге және ғылыми сүйемелдеу жүргізуге мердігер ЖШС «Satti Tulik» анықталып, 2023 жылдың 28 ақпанында келісім шарт түзілді. Жалпы ағымдағы жылы дезинсекция шараларын өткізуге 644,4 млн. теңге жұмсау жоспарланып отыр. 5.2. Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне химиялық әдіспен (кардинал, фипрон препараттары қолданылды) 2 рет дезинсекция шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, Шардара аумағынан өтетін Сырдария өзеніне 9720 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді. Залалсыздандыру жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау жоспарлануда. |