Отырар ауданы тұрғындарымен кездесудегі (10.03.2023 ж.) көтерілген мәселелердің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Ауыз су саласы |
|||||
|
1. |
Бестам, Жанкел елді мекендері бүгінгі күнге дейін ауыз суды тасымалдап ішіп отыр. Осы күрделі мәселе оң шешімін тапса. (Отырар ауданы, Маяқұм ауылының тұрғыны Батырқұлов Бектан) |
1. Бестам, Жанкел елді мекендеріне ауыз су жүйелері құрылысын жүргізу 1.1. Бестам елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысына Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 1.1.1. Бестам елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысын жүргізу. 1.2. Жанкел елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны құрылысын аяқтау
|
1. 01.06.2024 ж.
1.1. 15.05.2023 ж
1.1.1. 01.06.2024 ж
1.2. 16.12.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде. Отырар ауданы, Маяқұм би ауылдық округі Бестам елді мекенінде 476 тұрғын бар. Аталған елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі тарапынан «Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округі, Бестам ауылының ауыз су құбыры және ауыз су имаратының құрылысы» ЖСҚ әзірленіп 2020 жылдың 8 тамыздағы №PE-0093/20 сараптаманың оң қорытындысын алынған. Жалпы құны – 204,6 млн. теңге. Жоғарыда аталған жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге
|
|
Коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
2. |
Соңғы жылдары аудан аумағында сәуір-тамыз айлары аралығында шыбын-шіркейлер шамадан тыс көбейіп, тұрғындарды әбігерге салуда. Биылғы жылға шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, жүйелі жұмыстар жүргізілсе.
(Отырар ауданы Көксарай ауылының тұрғыны, Тоқбергенов Оңал) |
2. Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын жүргізу.
2.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
2. 30.04.2023 ж.
2.1. 01.03.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Орындалу үстінде. Залалсыздандыру жұмыстары соңғы рет 2020 жылы «Көксарай» су реттегішінің шлюздері арқылы Түркістан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жүргізілген. Ағымдағы жылға залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға облыстық бюджеттен 817,0 млн теңге қаржы қарастырылып, залалсындандыру жұмыстары жүргізілуде
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
3. |
Отырар ауданының Шәуілдір суармалы алқабындағы 12 мың гектар алқаптың жер асты ыза суының деңгейі мен жердің тұздылығын төмендететін 368 шақырымдық көлденең қашыртқылар мен 55 шықырымдық бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмысы 2021 жылдың басында басталған болатын. Алайда, бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Осы мәселе оң шешімін тапса.
(Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны, Жаймырзаев Әбдіхалық)
|
3. Көлденең қашыртқылар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау 3.1. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
3. 30.12.2023 ж.
3.1. 30.06.2023 ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
«ҚазСушар» РМК (келісімі бойынша)
Отырар ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде. Жалпы 12,5 мың гектар коллектор-дренаждарды қайта құру жобасын іске асыру үшін «Европа және қайта құру» банкі есебінен қаржы қаралып, Құрылыс жұмыстары басталғалы бөлінген қаржыдан 235 млн. теңге игерілген. Алайда, құрылысты бастаған мердігер «ORION CONTRUCTION» ЖШС жұмысты сапалы атқару мақсатында өндірістік кестеге сәйкес жұмыс жүргізілмегендіктен тоқтылып,ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне ұсыныс беріліп, бақылауға алынды. Бүгінгі таңда, тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК тарапынан мердігер компания арасындағы келісім-шарты бұзылып, қайта мердігерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін атқарылады деп күтілуде.
|
|
Жол саласы |
|||||
|
4. |
Қоғам ауылындағы Бейбітшілік көшесіне асфальт төселсе.
(Отырар ауданы Қоғам ауылының тұрғыны, Нарымбетова Бибігүл) |
4. Қоғам ауылындағы Бейбітшілік көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу. 4.1. Аудандық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
4. 30.08.2023 ж.
4.1. 30.06.2023 ж.
|
Отырар ауданының әкімі С.Сұлтанханов
|
Орындалу үстінде. Қоғам ауылындағы «Бейбітшілік» көшесінің орта жөндеу жұмыстарына биыл Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 39 млн. 953 мың теңге бөлінген. Аталған жұмыстар қазан айына дейін атқарылады. |
|
5. |
Шәуілдір ауылындағы Н.Оңдасынов көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге баратын көшеге асфальт төселсе. (Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны, Байбалаев Бақыт) |
5. Шәуілдір ауылындағы Н.Оңдасынов көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге өтетін жолға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу. 5.1. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу 5.2.Аудандық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
5. 30.10.2024 ж.
5.1. 30.07.2023 ж.
5.2. 01.07.2024 ж.
|
Отырар ауданының әкімі С.Сұлтанханов
|
Орындалу үстінде. Қазіргі таңда, ЖСҚ дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, Құжаттар толық біткеннен кейін аудандық бюджеттен қаржы бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді.
|
|
Құрылыс саласы |
|||||
|
6. |
2022 жылы Талапты елді мекенінен ауылдық амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталған болатын. Осы құрылыс аяқсыз қалмаса.
(Отырар ауданы Талапты ауылының түрғыны Нұрымшан Нұржігіт)
|
6. Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулатория құрылысын аяқтау
|
6. 16.12. 2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Орындалу үстінде. 2022 жылы облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге қаржы қаралып, Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталған. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 395 млн. 593 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып пайдалануға беріледі.
|