Түркістан облысы әкімінің Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында
көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы
|
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
1. |
Ауданымызға заманауи, талапқа сай келетін емхана және аудан аумағындағы қажет ететін елді-мекендерге медициналық пунктерін салып беруге ықпал етсеңіз. (Құлматов Құрамыс – Ошақты елді мекенінің төбе биі. Тел.87782861470) |
1.1. Аудан орталығы Абай ауылына 500 келушіге арналған типтік емхана салу. 1.1.1. Аудан орталығы Абай ауылына 500 келушіге арналған типтік емхана салу үшін жер учаскесін қарастыру. 1.1.2. Аталған нысанға ЖСҚ әзірлеу және сараптама қорытындысын алу үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну. 1.1.3. Құрылыс-монтаж жұмыс-тарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлу және құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау. |
2023-2025 жж
1.1. 01.11.2022 ж
1.2. 1.07.2023 ж
1.3. 2024-2025жж. |
Денсаулық сақтау басқармасы
Құрылыс басқармасы
Келес ауданы әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Аудан орталығы Абай ауылына 500 келушіге арналған типтік емхана салу үшін 1,0 га жер учаскесі бөлініп, мемлекеттік акт рәсімделген. Жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлуде. |
|
1.2. Аудан аумағындағы қажет ететін елді-мекендерге ФАП және дәрігерлік амбулатория салу. 1.2.1. Ақтөбе ауылдық округі Құйған елді мекені және Ошақты ауылдық округі Қаратал елді мекеніндегі ФАП – тардың құрылыстарын аяқтау 1.2.2. Аудан аумағындағы Бірлік, Жаңадәуір, Ынтымақ, Ошақты, Береке елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория, Жуантөбе, 28 Гвардия, Көлтоған елді мекендерінде ФАП салу үшін жер учаскесін қарастыру. 1.2.3. Жекеменшік серіктестігін пайдалану арқылы (инвестор тарту жолымен) аталған нысандарға ЖСҚ әзірлеу және құрылыс жұмыстарын бастау. |
2023-2025 жж
2.1. 01.12.2022 жыл
2.2. 01.07.2023 жыл
2.3. 2023-2025жж.
|
|
|
Орындалды Ақтөбе ауылдық округі Құйған елді мекені және Ошақты ауылдық округі Қаратал елді мекеніндегі ФАП –23.12.2022 жылы Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы екі ауылдық округінде ФАП – тардың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. · Біртілек ауылдық округі, Көлтоған ауылы ФАП құрылысы 2023 жылдың жоспарына енгізілген. · Қалған 6 нысанның құрылысы 2024 жылдың жоспарына енгізілген: - Бірлік е/м ДА - Жанадәуір е/м ДА - Ынтымақ е/м ДА - Береке елді мекені ДА. - 28 Гвардия елді мекені ФАП - Жуантөбе е/м ФАП |
||
|
2. |
Аудан орталығы Абай ауылында осы күнге дейін бірде бір жабық спорт кешені жоқ, қазіргі таңда 2 спорт мектебі жұмыс жасауда. Аудан орталығынан заманауи спорт кешенін салуға ықпал етуіңізді сұранамыз? (Сұлтанов Рахматулла – Абай ауылының тұрғыны, зейнеткер Тел. 87781255151) |
Абай ауылы, Асан қайғы көшесі бойында спорт кешені құрылысын салу. 2.1.Мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу.
2.2. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін спорт кешені құрылысын бастау.
2.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалнуға беру.
|
2023-2024 жж
2.1.03.03.2023 ж
2.2. 03.04.2023 ж
2.3. 01.07.2023 ж |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Құрылыс басқарамасы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер мекеме «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, |
|
3. |
Ауылдық округтер орталықтарына мәдениет үйлері мен кітапхана салып берулеріңізді сұранамын. (Әзімқұлова Әділет – әйелдер кеңесінің төрайымы Тел. 87788925840) |
Ауылдық округтер орталықтарына мәдениет үйлері мен кітапхана құрылысын салу. 3.1. Алпамыс батыр, Біртілек, Ұшқын, Жүзімдік, Ошақты ауылдық округтерінде мәдениет және кітапхана құрылыстарын салу үшін әзірленген ЖСҚ салалық басқармаға бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізу. 3.2.Аталған нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау.
|
2023-2025 жж
3.1.01.11.2022ж
3.2. 2023-2025жж. |
Келес ауданы әкімдігіҚұрылыс басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2022 жылы құрылысы басталған Қошқарата ауылдық округі, Қошқарата елді мекені және Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елді мекендеріндегі мәдениет үйі және кітапхана құрылыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандардың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек Алпамыс батыр, Біртілек, Ұшқын, Жүзімдік ауылдық округтерінде мәдениет және кітапхана құрылыстарын салу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Алпамыс батыр, Ұшқын, Жүзімдік ауыл округтеріндегі мәдениет және кітапхана құрылыстарына республикалық бюджеттен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жолданды. |
|
4. |
Аудан көлемінде жаңа құрылысты қажет ететін мектептерді «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынатын мектептер қатарына қосуды сұраймын. (Шымбаев Құрманәлі – Ақтөбе ауылдық округі, Қаратөбе елді мекенінің тұрғыны Тел.87770960025) |
Аудан көлемінде жаңа құрылысты қажет ететін мектептерді салу. 4.1.«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық бағдарламасы аясында алдағы жылдарға салуды қажет ететін мектептердің құжаттарын рәсімдеп салалық басқармаға ұсыну. 4.2. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық бағдарламасы аясында ұсынылған мектептердің құрылысын бастау
|
2023-2025
4.1. 01.11.2022 ж
4.2.2023-2025 ж
|
Құрылыс басқармасы
Адами әлеуетті дамыту басқармасы
Келес ауданы әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде ҚР Президентінің «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында Атап айтқанда: 1. 1.Абай ауылында 600 орындық мектеп құрылысы; 2. 2. Ақтөбе ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 3. Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекенінде Қазіргі таңда, аталған нысандар бойынша «Самұрық Қазына» АҚ тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. |
|
5. |
Аудан көлемінде жаңа құрылысты қажет ететін мектептер бар, осы құрылыстарға көңіл бөлінсе? (Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны, аудандық ата-аналар комитеті төрағасы, Асқаров Абдижалил Тел: 87021990047) |
Аудан көлемінде құрылысын қажет ететін мектептер жөнінде. 5.1.«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық бағдарламасы аясында алдағы жылдарға салуды қажет ететін мектептердің құжаттарын рәсімдеп салалық басқармаға ұсыну. 5.2. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық бағдарламасы аясында ұсынылған мектептердің құрылысын бастау
|
2023-2025 жж
5.1. 01.11.2022 ж
5.2.2023-2025 жж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекеніндегі №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың маусым айында басталған. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалауға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысы үшін ЖСҚ әзірленген. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары |
|
6. |
Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізуге ықпал жасасаңыз. (Келес ауданы, Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекені тұрғыны Куанышбаев Есберген Тел: 87783261996) |
Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізу. 6.1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау.
6.2. Жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін тиісті қаржы көздерін қарастыру.
6.3. Бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізу.
6.4. Құрылыс жұмыстарын бастау |
2023-2025 жж
6.1. 01.07.2022 ж
6.2. 01.11.2022 ж
6.3. 01.04.2023 ж
6.4. 01.05.2023 ж |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Келес ауданы әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалып, Жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін тиісті қаржы көздері қарастырылуда. Жобалық-сметалық құжаттары аяқталған соң, тиісті қаржысын бөлдіруге ұсыныс енгізілетін болады.
|
|
Жол саласы |
||||||
|
7. |
Мектептердің алдына жол белгілері мен жол кедергілерін орнатуға ықпал жасасаңыздар? (Құлматов Құрамыс – Ошақты елді мекенінің төбе биі. Тел.87782861470) |
Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан мектептердің алдына жол белгілері мен жол кедергілерін орнату 7.1. Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан әлеуметтік нысандардың алдына жол белгілері мен жол кедергілерін орнату бойынша ұсыныс беру. 7.2. Жол белгілері мен жол кедергілерін орнату. |
2022 ж
7.1. 01.07.2022 ж
7.2. 01.12.2022 ж |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыКелес ауданы әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ 2022 жылы елді мекендердің ішкі көшелерін күтіп ұстау, Нәтижесінде, 150 дана жол белгілерін, 32 дана жасанды жол кедергілерін орнату, 200 шаршы метр мектеп аумағына жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары жүргізілді |
|
8. |
Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округінің елді мекендерінің ішкі көшелерін жөндеуден өткізуге ықпал етсеңіз. (Келес ауданы, Жамбыл а/о тұрғыны Сахов Ынтыкбай Тел: 87757994722) |
Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекені Құрманғазы көшесіне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу. 8.1. Жобалық сметалық құжаттарын даярлау. 8.2. Бюджеттен қаржы қарастыру 8.3. Жол жөндеу жұмыстарын аяқтау |
Желтоқсан 2023 ж
8.1.01.03. 2023 ж
8.2.01.07.2023 ж
8.3. 10.11.2023 ж |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекені Құрманғазы көшесіне сметалық құжаттамасы |
|
9. |
Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетсеңіз. (Келес ауданы, Ақтөбе а/о, Ақниет көшесі тұрғыны Жанкельдиева Алия Шынтемировна Тел: 87051107296) |
Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне сметалық құжаттамасы 2020 жылы әзірленген. Жалпы сметалық құны – 8372,71 мың теңге. Көшенің жалпы ұзындығы – 0,6 шақырым. Ағымдағы жылы орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда). |
2023 ж |
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен 8 млн. теңге қаржы қаралып, асфальт төселді.
|
|
Ауыл шаруашылық саласы |
||||||
|
10. |
«Ақылбексай» су қоймасынан ауылға су беру мәселесін шешуді сұрайды. (Колбаев Мухамеджан – Абай ауылының тұрғыны Тел: 87074545124) |
«Ақылбексай» су қоймасынан ауылға су беру мәселесін шешу 1.1. Су қоймадан шығатын каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттар әзірлеу. 1.2. Су қоймадан шығатын каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін мердігер мекені мемлекеттік порталда анықтау. 1.3. Нысанға күрделі жөндеу жұмыстар бастап, сапалы аяқтау. |
Желтоқсан 2023 ж 1.1. 2022 ж
1.2. 2022 ж
1.3. 20.12.2022 ж |
«Казсушар» РМК-ның Түркістан филиалы
Ауыл шаруашылығы басқармасы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ «Ақылбексай» су қоймасынан шығатын «Саңырау» каналына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін былтыр 21 млн. теңге қарастырылып, 6 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді.
|
|
11. |
Біраз жылдан бері диханшылықпен айналысамын, 5 гектар жерім бар. Жылда су тапшылығы үлкен мәселе. Өткен жолы келгенде «Ақылбексай» су қоймасына барған екенсіз, сол су қоймадан біздің ауылға су беру мәселесін қарастырсаңыз. (Келес ауданы, Ошақты а/о тұрғыны Абдраманов Тазабек Тел: 87074545124) |
«Ақылбексай» су қоймасынан ауылға су беру мәселесі. («Ақылбексай» су қоймасы 1987 жылы пайдалануға берілген. Су қоймадан «Саңырау» каналына құятын каналдың ұзындығы 8,95 шақырым. Су қоймадан шығатын каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін «Оңтүстік сушар жоба» өндірістік бөлімшесі мамандары геодезиялық өлшеу жұмыстарын атқарып, қазіргі таңда, жобалық - сметалық құжаттары әзірленуде). |
Желтоқсан 20.12.2023 ж |
Ауыл шаруашылығы басқармасы
«Казсушар» РМК-ның Түркістан филиалы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ «Ақылбексай» су қоймасынан шығатын «Саңырау» каналына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін былтыр 21 млн. теңге қарастырылып, 6 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді.
|
|
12. |
Келес ауданы аумағынан өтетін «Саңырау» каналы бойында тұрамын, каналдың тозығы жетіп, лай мен ұйыққа толып тұр. Егістік алқабымызға ағын су толық келмейді. Ендігі үмітіміз өзіңізде, каналды тазалап немесе бетондап беруіңізді сұраймын. (Келес ауданы, Бірлік а/о, Бірлік е/м тұрғыны Сулейменов Анарбай Тел: 87023607234) |
Келес ауданы аумағынан өтетін «Саңырау» каналын тазалау немесе бетондау мәселесі. 12.1.Жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу.
12.2.Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру.
12.3. Каналды күрделі жөндеуден өткізу
|
Желтоқсан 2023-2025 ж
12.1. 01.12.2022 ж
12.2. 01.05 2023 ж
12.3.01.12. 2023 ж
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде «Саңырау» каналының жалпы ұзындығы 37,9 шақырымды күрделі жөндеу және бетонмен қаптау жұмыстарына жобалық - сметалық құжаттаманы қайта түзетуге (карроктировка) 2023 жылғы 19 қаңтарда мердігер мекемемен №1 келісім-шарт жасалған. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде, қыркүйек айының соңына дейін мемлекеттік сапатаманың қорытындысы алынатын болады. Нысан 2024-205 жылдарға өтпелі. |
|
Инфрақұрылым саласы |
||||||
|
13. |
Келес ауданындағы Ұшқын ауылдық округіне қарасты, Қоралас және Достық елді мекендеріне табиғи газ кіргізіп беруіңізді сұраймын. (Келес ауданы, Ұшқын а/о биі Полатов Тасбау Тел: 87789744587) |
Келес ауданындағы Ұшқын ауылдық округіне қарасты, Қоралас және Достық елді мекендеріне табиғи газ кіргізу. 13.1. Сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеу 13.2. Жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау. 13.3. Жобалық сметалық құжаттамасы аяқталған соң, тиісті қаржысын бөлдіруге ұсыныс енгізізу |
Желтоқсан 2023 ж
13.1.01.05. 2022 ж
13.2.01.07. 2022 ж
13.3. 01.08.2022 ж |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Келес ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Достық және Қоралас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жж республикалық бюджетті қалыптастыруына ұсынылды. Жобаның сметалық құны 1,2 млн.тенге. Қаралуда. Жобаның қаржыландыруы қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |