Арыс қаласы тұрғындарымен кездесудегі (10.03.2023 ж.) көтерілген мәселелерді іске асыру
бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары |
||||||
|
1 |
Қаламыздың орталығында орналасқан орталық жылу қазандығы 1984 жылы құрылған. Қазандық ескі технологиямен жұмыс жасайды. Ескірген орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе және осы жылу қазандығы табиғи газға ауыстырылса, қаламыз қара түтіннен арылып, экологиялық жағдай жақсаратын еді. Осы мәселенің шешімін табуына ықпал етсеңіз.
(Ромашов Құрманбек, Арыс қаласының тұрғыны) |
1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеужәне орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу. 1.1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1.1.1. Сметалық құжаттамасын дайындау. 1.1.2. Жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 1.2. Орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу. 1.2.1.ЖСҚ-сын дайындаужәне сараптама қорытындысын алу. 1.2.2. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
1.1.01.07.2024 ж.
1.1. 30.09.2023 ж.
1.1.1. 03.04.2023 ж. 1.1.2. 15.05.2023 ж.
1.2. 01.07.2024 ж.
1.2.1. 27.03.2023 ж.
1.2.2. 15.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Орындалу үстінде 1.1.1. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары дайындалған, қазандыққа жөндеу жұмыстарына қаржы қарау мүмкіншіліктері қарастырылуда.
1.2. «Арыс жылу» КМК-ға қарасты орталық қазандығын табиғи газға ауыстыру үшін, ғимарат жер аумағынан «Модульдік қазандық» құрылысын жүргізу үшін, ЖСҚ дайындалып, республикалық бюджетке 602,1 млн теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, 2023 жылға 100,0 млн теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралды. Бүгінгі таңға мемлекеттік сатып алу рәсімі (облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан) жүргізілуде. |
|
2 |
Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендеріндегі электр бағаналары, сымдары ескірген, трансформаторлар тозған, ауыстыруды қажет етеді. Аталған елді мекендердегі электр жүйелерінің жаңартылуына ықпал етсеңіз.
(Жақсылықұлы Ербол, Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай елді мекенінің тұрғыны) |
2. Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту бойыншақұрылыс жұмыстарын жүргізу. 2.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.
2.1.2. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
2. 15.04.2024 ж.
2.1. 27.03.2023 ж.
2.1.2. 15.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 2.1. Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптаманың 31.12.2021 ж. №ОS-110/21 оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталатын болады. Нысан 2024 жылға өтпелі. 2.1.2. 2023 жылға Шағыр елді мекеніне 148,4 млн теңге және Бақырша, Ақтас елді мекендеріне 90,3 млн теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталатын болады. Нысан 2024 жылға өтпелі. |
|
3 |
Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің жолдары мен көшелерінің тозығы жеткен және кейбір көшелерде асфальт жоқ. Осы мәселе қолға алынып, жолдар салынса екен. (Оңалбаев Дүйсенбек, Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің тұрғыны) |
3. Атамекен елді мекені жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
3.1. Сметалық құжаттама дайындау. 3.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
3.1. 25.08.2023 ж.
3.1. 25.03.2023 ж.
3.2. 03.04.2023 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 3.1. Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің жолдары мен көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. 3.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 366,9 млн теңге қаржыға республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда, жол төсеу жұмыстарының |
|
4 |
Арыс-Монтайтас тасжолы, Арыс-Шардара тас жолдары сапалы жолдар. Алайда құм, тас таситын ауыр жүк көліктерінің салмағынан аталған жолдар бүлінуде, осы жолдарды күтіп ұстауға көбірек көңіл бөлінсе.
(Сүйінбаев Убайдулла, Арыс қаласының тұрғыны) |
4. Арыс қаласынан өтетін Арыс - Монтайтас, Арыс - Шардара бағытындағы бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу. 4.1. Арыс - Монтайтас, Арыс - Шардара бағытындағы жолдарға тәулік бойы автоматты режимде жұмыс істейтін көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату. 4.2. Бүлінген жолдарды жөндеуге сметалық құжаттама дайындау және ведомстволық сараптама қорытындысын алу. 4.3. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
4. 25.04.2025 ж.
4.1. 25.04.2024 ж.
4.2. 25.04.2024 ж.
4.3. 25.04.2025 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық көлік бақылау инспекциясы
Облыстық полиция департаменті
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Қала әкімдігі тарапынан айыппұл тұрағы мен көлік бақылау бекетін орнату үшін 1 га жер телімі бөлінген. Ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату туралы Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясына 04.05.2022 ж. №229-01/10-15/1339, 22.02.2022 ж. №229-01/10-15/536 хаттар жолданған. Мәселенің өзекті болуына байланысты 23.02.2023 ж. №229-14/04-10/397 Түркістан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясына мәселені қарау жөнінде қайта хат жолданды. |
|
5 |
Табиғи газ қала көшелеріне қашан кіреді, газ құбырын орнату ақысын бөліп төлеуге болады ма, жалпы қалаға газды толық кіргізу жоспары бар ма?
(Рысбаев Жақсылық, Арыс қаласының тұрғыны) |
5. Арыс қаласын табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.
|
5. 25.12.2024 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 2022 жылдың қараша айынан бастап қаладағы 6 тұрғын аудан табиғи газға қосылды. |
|
6 |
Салықбаев көшесінде тұрамын. Толастап жауған жаңбырлы күндері көше бойында үнемі су жиналады. (Рысбаев Жақсылық, Арыс қаласының тұрғыны) |
6. Салықбаев көшесіне жаңбыр сулары жиналатын орындарды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізу
|
6. 25.08.2023 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Ұсыныс енгізу |
Орындалу үстінде 6. Салықбаев көшесіне жаңбыр сулары жиналатын орындарды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
7 |
«Арыс Теміржолсу» ЖШС мекемесінен су ішеміз. Ауыз судың сапасы төмен, осы мәселеге көмектессеңіздер. (Рысбаев Жақсылық, Арыс қаласының тұрғыны) |
7. Арыс қаласында орналасқан «Арыс Теміржолсу» ЖШС-нан ауыз су тұтынатын 2200 абонентті (тұрғын үй) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су құбырларының құрылысын жүргізу.
7.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.
7.2. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
7. 30.12.2024 ж.
7.1. 30.07.2023 ж.
7.2. 30.11.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-на қарасты су құбырлары ескіріп, тозығы жетуіне байланысты, жаңадан су құбырларын жүргізу үшін «Арыс топтастырылған» су жүйесі өндірістік бөлімшесі мекемесі арқылы, жер асты ауыз суын беру мақсатында, ЖСҚ-сын дайындауға қалалық бюджеттен 8,1 млн теңге қаржы бөлініп, сараптамадан оң қорытындысы алынған, республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігі қарастырылуда.
|
|
Құрылыс |
||||||
|
8 |
Арыс қаласының Қожатоғай елді мекеніндегі ауылдық клуб 1953 жылы салынып, қазіргі таңда ескірген. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастарымыздың өнерін шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануы үшін заманауи клуб пен спортзал құрылысының салынуына ықпал етсеңіз.
(Мақметханов Дүйсенхан, Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны) |
8. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу, клуб кітапхана комплексін салу бойынша ұсыныс енгізу 8.1. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу. 8.1.1. Сметалық құжаттама дайындау. 8.1.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында спортзал салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 8.2. Қожатоғай елді мекенінен клуб, кітапхана комплексі құрылысын салу бойынша ұсыныс енгізу |
8. 16.12.2024 ж.
8.1. 16.12.2024 ж.
8.1.1. 25.03.2023ж. 8.1.2. 15.05.2023ж.
8.2. 30.05.2023ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 8.1.1. Арыс қаласының Қожатоғай елді мекенінен спортзал құрылысына демеушілер есебінен ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (12.12.2022 ж. №CAPC-0229/22).
8.1.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 200,0 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу процедурасы жүргізілуде. Нәтижесі а.ж. мамыр айының соңына анықталады деп күтілуде. 8.2. Қожатоғай елді мекеніне клуб, кітапхана құрылысының ЖСҚ әзірленуде. |
|
Өзге мәселелер |
||||||
|
9 |
Арыс қаласындағы Арыс-1 вокзалы арқылы, оның ішіндегі Сарыағаш-Астана бағыты бойынша өтетін поездар қайта жүргізілсе.
(Сүйінбаев Убайдулла, Арыс қаласының тұрғыны) |
9. Арыс - 1 теміржол вокзалы арқылы Сарыағаш-Астана бағытында поезд қатынасын ұйымдастыру туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалына ұсыныс енгізу. |
9. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Ұсыныс енгізу |
Орындалу үстінде 9. «Астана - Сарыағаш» бағытындағы поезға халық сұранысының аз болуына байланысты тиісті министрлікпен келісіліп, «Сарыағаш-Астана» бағытындағы поезд қатынасы «Астана-Шымкент» бағытына ауыстырылған. («Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 27.02.2023 ж. №НЖС-8/423-4 хатына және «Жолаушылар тасымалы» АҚ Облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына жолдаған 10.03.2023 ж. хаты) |
|
10 |
Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға автомобиль жолы салынған, автомобиль жолы көпірдің үстінен өтуі керек. Аталған арнаның алдынан бөгет қойылған, су өтуге мүмкіндік жоқ.
(Сүйінбаев Убайдулла, Арыс қаласының тұрғыны) |
10. Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға, бөгетке (дамба) зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
10. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Арыс қаласының әкімдігі
|
Ұсыныс енгізу |
Орындалу үстінде 10. «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Наурыз» тұрғын ауданының солтүстік бағыты тұсында жаңбыр суларының ағып өтіп, теміржол көпірі асты арқылы өтетіні анықталған. Аталған су өту арығының алдынан белгісіз жағдайда бөгет қойылып, арнаның су өткізу мүмкіндігі шектелген. Жаңбыр және еріген қар суларының арнадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. |
|
11 |
Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС теміржолға қызмет ететін мекемесі аумағынан логистикалық орталық ашу бойынша ұсыныс.
(Шорахан Телқозы, Арыс қаласының тұрғыны) |
11. Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС мекемесі аумағынан логистикалық орталық ашу туралы ұсыныс енгізу.
|
11. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы (келісім бойынша) Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
Орындалу үстінде 11. Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС теміржолға қызмет ететін мекемесі аумағынан логистикалық орталық ашу бойынша ұсыныс әзірленуде. |
|
Жер мәселесі |
||||||
|
12 |
Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша ұсыныс. (Шорахан Телқозы, Арыс қаласының тұрғыны) |
12. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
12. 30.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы Облыстық жер қатынастары басқармасы Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
Орындалу үстінде 12. Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша ұсыныс әзірленуде.
|