Түркістан облысы әкімінің 2022 жылы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
|
||||||
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы (3 ай қорытындысы) |
|
2022 жылғы I жартыжылдықтың кездесуі |
||||||
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1
|
Байырқұм ауылдық округі, Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы балалар Аққала елді мекеніне қатынап оқиды. Жосалы мен Аққала елді мекендерінің ара-қашықтығы 5,3 шақырымды құрайды. Күзгі-қысқы мезгілде жолдың нашарлығынан Аққала елді мекеніне қатынау қиындық туғызады. Осыған байланысты Жосалы елді мекенінің кірме жол салынса? (Сақ Жасан-Арыс қаласы Байырқұм ауылының тұрғыны) |
1.1. Жосалы елді мекенінің кірме жолға тас төсеу жұмыстарын жүргізу.
1.1.1. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
1.1.2. Тас төсеу жұмыстарды ұйымдастыру. (Байырқұм ауылдық округі Жосалы елдi мекенiнiң |
1.1.2022 ж.
1.1.1. 2022 ж
1.1.2. 2022 ж
|
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
ОРЫНДАЛДЫ 1.1.1. Байырқұм ауылдық округі Жосалы елдi мекенiнiң 5,3 шақырым кірме жолына тас төсеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 44,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
1.1.2. «Оймақ-құрылыс» ЖШС тас төсеу жұмыстарын толық аяқтады.
|
|
1.2 Шалғайда орналасқан мектебі жоқ Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы балаларды тасымалдайтын автокөлік бөлу.
|
1.2. 2022 ж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Жосалы елді мекенінің мектеп жасындағы Аққала елді мекеніне қатынап оқитын балаларын тасымалдайтын автокөлікпен қамтамасыз ету.
|
ОРЫНДАЛДЫ 1.2. «Аққала» мен Қабылсай жалпы орта білім беретін мектептеріне 20 орындық «Yutong ZK6745DX» маркалы екі автобус берілді. |
||
|
2 |
Сырдария тұрғын ауданында демалатын саябақ бұрын болмаған, осыған байланысты демалатын орын саябақ салынса? (Зұлпыхаров Бақытжан - Арыс қаласының тұрғыны) |
2. Саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. 2.1. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. (Сырдария тұрғын ауданынан саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама дайындалған. Сметалық құны - 76,5 млн.тенге, оның 23,4 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде) |
2. 2022 ж.
2.1. 2022 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛДЫ 2.1. Сырдария тұрғын ауданындағы саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 76,5 млн теңге бөлініп, «Карат-Z» ЖШС жұмыстарды толық аяқтады. |
|
3 |
Арыс-Шардара автомобиль жолының қалаға кіре-беріс жолы жөнделсе? (Байков Расиль- Арыс қаласының тұрғыны) |
3.1. Арыс-Шардара бағытындағы М.Мақатаев көшесінің автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 3.1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Арыс-Шардара бағытындағы М.Мақатаев көшесінің автомобиль жолының бүлінген асфальт жабындысын жөндеуге сметалық құжаттары әзірленген. Сметалық құны-153,2 млн.тенге.)
|
3.1. 2022-2023 ж.ж.
3.1.1. 2022-2023 ж.ж.
3.1.2. 2022-2023 ж.ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Арыс қаласы әкімдігі тарапынан М.Мақатаев көшесін орташа жөндеуден (асфальт төсеу) өткізу үшін сметалық құжаттама әзірленді. Құны 153,2 млн.теңге. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеттің қыркүйек айында өткен нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды (12.09.2022-ғы №814 хаты). 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізілді, бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапқан жағдайда, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
|
|
3.2. Арыс қаласына кірмей, айналып өтетін ауыр жүк көліктеріне арналған жол салу.
|
3.2. 2022-2023 ж.ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
3.2. Ауыр жүк көліктеріне арналған қалаға кірмей, айналып өтетін жол салу жұмыстарын жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлер есебінен жүргізу ұйымдастырылуда. |
||
|
3.3. Арыс-Шардара автомобиль жолының бойынан ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату. |
3.3. 2022-2023 ж.ж.
|
Облыстық көліктік бақылау инспекциясы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
3.3. Қала әкімдігі тарапынан айыппұл тұрағы мен көлік бақылау бекетін орнату үшін 1 га жер телімі бөлінген. Ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату туралы Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясына 04.05.2022 ж. №229-01/10-15/1339, 22.02.2022 ж. №229-01/10-15/536 хаттар жолданған. Мәселенің өзекті болуына байланысты 23.02.2023 ж. №229-14/04-10/397 Түркістан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясына мәселені қарау жөнінде қайта хат жолданды. |
||
|
4 |
Арыс-Шымкент бағытындағы қалаға кіретін автомобиль жолының бойы жарықтандырылса? (Тюркина Лариса-Арыс қаласының тұрғыны) |
4.1. Арыс - Шымкент бағытындағы қалаға кіретін автомобиль жолының бойы жарықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
4.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
4.1.2. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. (Облыстық маңызы бар КХ-8 Арыс-Шымкент бағытындағы қалаға кіретін автомобиль жолының бойын жарықтандыруға сметалық құжаттары әзірленген. Сметалық құны - 91,4 млн.тенге.) |
4.1. 2022-2023 ж.ж.
4.1.1. 2022-2023 ж.ж.
4.1.2. 2022-2023 ж.ж.
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы,
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 4.1. Сметалық құжаттамасы әзірленген. Сметалық құны 91,4 млн. теңгені құрайды. 4.1.1. Жұмысты жалғастыруға қажетті қаржыға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сұраныс жолданды. 4.1.2. Арыс-Шымкент бағытандағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32" автомобиль жолы болып табылады. Арыс қаласы әкімдігі тарапынан аталған жолдың бойына жарықтандыруға ЖСҚ (құны – 91,7 млн.тг) әзірленген. Тиісті қаржы бөлу мүмкіншілігі қарастырылуда. |
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
5. |
Дермене елді мекеніне клуб салынса? Күдебекова Мәрзия -Арыс қаласы Дермене ауылының тұрғыны) |
5.1. Дермене елді мекенінен клуб салу жұмыстарын ұйымдастыру.
5.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Дермене ауылындағы 120 орындық клуб комплексі кітапханасымен нысаныныңЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (17.08.2021 жылғы №ЕТ-0131/21), сметалық құны - 353,0 млн.тенге.) |
2022-2024 ж.ж.
5.1.1. 2022-2023 ж.ж.
5.1.2. 2022-2024 ж.ж. |
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 5.1. ЖСҚ дайындалды. Сметалық құны - 354,0 млн теңге. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
5.1.1. 2023 жылға облыстық бюджет есебінен құрылысына қаржы бөлуге ұсыныс берілді.
5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық мемлекеттік сатып алу конкурсы 19.08.2022 ж. жарияланып, жеңімпаз болып мердігер мекеме «СтройЭкспресс РК» ЖШС танылды. Қазіргі таңда, жер қазу жұмыстары жүргізілуде. |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
6 |
Арыс қаласынан жаңа емхана салынса? (Ерімбетова Гүлбахрам - Арыс қаласының тұрғыны) |
6.1. Арыс қаласынан жаңа емхана салу.
6.1.1. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.
6.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Арыс қаласында жедел медициналық көмек станциясы бар 1 ауысымда 500 келушіге арналған қалалық емхана нысанының ЖСҚ-сы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (28.07.2021 жылғы №19-0304/21), сметалық құны- 3 240,7 млн.тенге.) |
6.1. 2022-2024 ж.
6.1.1. 2022-2023 ж.
6.1.2. 2022-2024 ж. |
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы Облыстық құрылыс басқармасы, Арыс қаласының әкімдігі Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 6.1.1. Арыс қаласында жедел медициналық көмек станциясы бар бір ауысымда 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысына қажетті 3,2 млрд.теңгеге 2023 жылға республикалық бюджетке сұраныс берілді. 6.1.2. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы бөлу бойынша республикалық бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізілді. |
|
2022 жылғы II жартыжылдықтың кездесуі – 25.11.2022 жыл |
||||||
|
Автомобиль жолдары және коммуналдық шаруашылық саласы |
||||||
|
7. |
Арыс қаласындағы және ауылдардағы жолдарымыз жөнделсе. Жолдардың біразы жөнделді, бірақ әлі де болса жөнделетін жолдар бар, солар қолға алынса. (Арыс қаласының тұрғыны Шилманов Тұрарбек Әбілбаттаұлы) |
1.1. Арыс қаласы мен елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу.
1.1.1. Облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.
1.1.2. Арыс қаласы мен елді мекендердің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Арыс қаласының көшелерінің ұзындығы 369,7 шақырымды құрайды, оның жақсы және қанағатты 223,1 шқ. (60.3 %), қанағатсыз 146,6 шқ. (39.7 %). 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Монтайтас ауылдық округі Атамекен елді мекенінің 12 көшесіне, Сырдарья елді мекенінің 10 көшесіне орташа жөндеу жоспарланған (сметалық құны 484,0 млн теңге). Сондай-ақ, қала бюджетінен 2023 жылға елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарына 445,7 млн.теңге қарастырылуда. Аталған мәселе бойынша бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетін болады.) |
1.1. 2022-2023 ж.ж.
1.1.1. 2022-2023 ж.ж.
1.1.2. 2023-2024 ж.ж.
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 1.1.1. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 191,0 млн.тг бөлініп, Жиделі а/о, Жиделі ауылындағы 6,3 шқ. құрайын 6 көше және Демене а/о, Саналы ауылындағы 2,8 шқ. құрайтын 4 көше орташа жөндеуден (асфальт төсеу) өтті. 1.1.2. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 484,8 млн.тг бөлініп, Монтайтас а/о, Атамекен ауылындағы 7,3 шқ. құрайтын Сонымен қатар, Арыс қаласы әкімдігінің жергілікті бюджет есебінен 346,6 млн.тг бөлініп, Арыс қаласының көшелеріне (Арыс қаласының 5 көшесі, Қожатоғай ауылының 2 көшесі) орташа жөндеу (асфальт төсеу), аяқ жол салу, тас төсеу және жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. |
|
8. |
Арыс - Шардара бағытындағы жолмен ауыр жүк көліктері көптеп жүруде. Содан жолымыз бүлініп, толқындар пайда болған. Жол тегіс болмағандықтан, көліктеріміздің жүруіне кедергі келтіріліп жатыр. Осы мәселені шешуге ықпал етсеңіз. (Арыс қаласы, Байырқұм елді мекенінің тұрғыны Есімханов Сәрсенбек Әшімұлы) |
2.1. КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" автомобиль жолының қала аумағынан өтетін 145-180 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2.1.1. Жолдың бүлінген асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс енгізу.
|
2.1. 2022-2023 ж.ж.
2.1.1. 2022-2023 ж.ж.
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 2.1.1. КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32" автомобиль жолының қала аумағынан өтетін 147-180 шақырым аралығына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жолға геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет етілетіні анықталды. Алдағы өтетін бюджеттік нақтылауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Қазіргі таңда, аталған жол учакесіне күтіп ұстау жұмыстары есебінен шұңқырмаларды жамау жұмыстары жүргізілді. |
|
2.2. Арыс-Шардара автомобиль жолының бойынан ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату. (КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шардара-Арыс-Темірлан-М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" автомобиль жолының қала аумағынан өтетін 145-180 шақырымында асфальт жабындысы бүлініп, толқындар пайда болған. Қала әкімдігі жолдың осы бөлігін қайта қалпына келтіру бойынша Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және «Оңтүстік жолдары» мекемесіне 09.11.2022 ж. №09/04-10/1293 хат жолдаған). |
2.2. 2022-2024 ж.ж. |
Облыстық көліктік бақылау инспекциясы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
2.2. Қала әкімдігі тарапынан айыппұл тұрағы мен көлік бақылау бекетін орнату үшін 1 га жер телімі бөлінген. Ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылайтын бекет орнату туралы Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясына 04.05.2022 ж. №229-01/10-15/1339, 22.02.2022 ж. №229-01/10-15/536 хаттар жолданған. Мәселенің өзекті болуына байланысты 23.02.2023 ж. №229-14/04-10/397 Түркістан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясына мәселені қарау жөнінде қайта хат жолданды.. |
||
|
9. |
Шағыр, Бақырша, Ақтас, Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендеріндегі электр бағаналары, сымдары ескірген, трансформаторлар тозған, ауыстыруды қажет етеді. Жаңадан салынған үйлерге тұрғындар өздері уақытша электр сымдарын тартып, сапасыз электр қуатын пайдаланып отыр. Айтпағым, аталған елді мекендердегі электр бағаналарын жаңартып, сапалы электр сымдарын жүргізіп берсеңіздер. (Арыс қаласының тұрғыны Қазыбаев Исраил Қойшыбекұлы) |
3.1. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас және Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту жұмыстарын жүргізу.
3.1.1. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару.
3.1.2. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас және Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту жұмыстарын жүргізу.
|
3.1. 2022-2023 ж.ж.
3.1.1. 2022-2023 ж.ж.
3.1.2. 2023 ж.
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 3.1.1. Аталған жобалардың құрылысын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мақсатында, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтылауына және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен Шағыр, Ақтас, Бақырша елді мекендерін электрмен жабдықтау жобаларына қаржы бөлінді (Шағыр елді мекеніне - 148,4 млн теңге, Ақтас, Бақырша елді мекендеріне – 90,3 млн теңге қаралды). Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, құрылыс жұмыстары шілде айында басталатын болады. Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Қызылкөпір елді мекендерінде электрмен жабдықтау құрылысы жобасын қаржыландыру мақсатында, облыстық бюджеттің нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды. 3.1.2. Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. |
|
10. |
Қожатоғай ауылдық округінің Байтоғай елді мекенінде ұзындығы 3,9 шқ құрайтын №6 көше бар. Аталған көшеге біршама уақыттан бері жол салу мәселесі шешімін таба алмай келеді. Осы мәселені қолға алып, шешіп берсеңіздер. (Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінің тұрғыны Ахмет Мамыр Маханбетұлы) |
4.1. Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне жол салу жұмыстарын жүргізу. 4.1.1. Жол салу жұмыстарын жүргізу. (Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінің ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 92,6 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленген. Конкурс жұмыстары өткізіліп, мердігер анықталған. Алайда, мердігер жұмысты орындамай және заңмен белгіленген талаптарды орындамау салдарынан келісімшарт бұзылып, мердігер жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілд). |
4.1. 2023 ж.
4.1.1. 2023 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 4.1.1. Байтоғай елді мекеніндегі ұзындығы 3,2 шқ құрайтын №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 92,6 млн. теңгеге сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда мемлекетік сатып алу конкурс жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады.
|
|
11. |
Қаладағы теміржол маңындағы топан су ағатын табиғи арнаны қалпына келтіру керек. (Арыс қаласының тұрғыны Сүйінбаев Убайдулла) |
5.1. Арыс қаласындағы теміржол маңындағы табиғи арнаға талдау жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу.
|
5.1. 2022-2023 ж.ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі
|
Қаладағы теміржол маңындағы топан су ағатын табиғи арнаны қалпына келтіру.
|
Орындалу үстінде 5.1. «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Наурыз» тұрғын ауданының солтүстік бағыты тұсында жаңбыр суларының ағып өтіп, теміржол көпірі асты арқылы өтетіні анықталған. Аталған су өту арығының алдынан белгісіз жағдайда бөгет қойылып, арнаның су өткізу мүмкіндігі шектелген. Жаңбыр және еріген қар суларының арнадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. |
|
Білім саласы |
||||||
|
12. |
- Наурыз шағын ауданынан мектеп салынады дегенге 4 жыл болды. Әлі күнге дейін салынған жоқ. Үкіметтен қаншама қаржылар бөлінуде. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі қадағалануы керек. (Арыс қаласының тұрғыны Сүйінбаев Убайдулла) |
6.1. Наурыз тұрғын ауданынан 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу.
6.1.1. Республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
6.1.2. Мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізу. (Наурыз тұрғын ауданынан салынатын 900 орындық мектеп құрылысына қажетті жер телімі бөлініп, құжаттары жолданған).
|
6.1. 2022-2025 ж.ж.
6.1.1. 2023-2024 ж.ж.
6.1.2. 2024-2025 ж.ж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде 6.1.1. «Наурыз» тұрғын ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде 2024-2025 жылдары 900 орындық мектеп құрылысы жүргізіледі. Жер телімі бөлініп, барлық құжаттар рәсімделген. Мектеп құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жүргізеді. |
|
Теміржол тасымалы саласы |
||||||
|
13. |
Арыс қаласында Сарыағаш-Астана бағыты бойынша 1 поезд жүрген. Оның тоқтағанына 1 жыл болды. Арыс қаласынан Ресейге, Орта Азияға өтетін поездар кеміп кетті. Өзбекстанға Нүкіске дейін Нүкіс-Алматы бағытында 1-ақ поезд өтеді. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер. (Арыс қаласының тұрғыны Сүйінбаев Убайдулла) |
7.1. Халықаралық және облысаралық, қалааралық теміржол бағыттарын ашу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретінде болғандықтан, зерделеу жұмыстары жүргізіле отырып, Арыс қаласы арқылы өтетін жаңа теміржол бағыттарын ашу және қолданыстағы пойыздар санын көбейту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на ұсыныс енгізілуін ұйымдастыру. |
2022-2023 жж. |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Сарыағаш-Астана бағыты бойынша поезд жүргізу. |
Орындалу үстінде 9. «Астана - Сарыағаш» бағытындағы поезға халық сұранысының аз болуына байланысты тиісті министрлікпен келісіліп, «Сарыағаш-Астана» бағытындағы поезд қатынасы «Астана-Шымкент» бағытына ауыстырылған. («Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 27.02.2023 ж. №НЖС-8/423-4 хатына және «Жолаушылар тасымалы» АҚ Облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына жолдаған 10.03.2023 ж. хаты) |