Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау
жөніндегі ашық тендер негізінде конкурстық комиссияның тендерге қатысушылардың өтінімдері салынған конверттерін ашу туралы 2023 жылғы 18 мамырдағы №1 ХАТТАМАСЫ
Комиссия құрамы:
А.Джумабаев - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;
М.Кулимов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
М.Асанов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (заңгер), комиссия мүшесі;
М.Тастемір - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаржыландыру бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Қ.Сырлыбеков - Түркістан станциясының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Б.Шаймаханов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат мекенжайында, 2023 жылғы 18 мамырда сағат 14:30-да жүргізілді.
Конкурсқа қатысуға өтінім тапсырған тасымалдаушы:
|
№ |
Тасымалдаушының атауы |
Тасымалдаушының мекенжайы |
Тендерлік өтінімді тапсырған күні және уақыты |
|
1 |
«Жолаушылар тасымалыАҚ |
Астана қаласы, Қонаев көшесі ,6 тел. 8 (7172) 600-268 |
17.05.2023 ж. 11:10 |
Өткізу мерзімі аяқталған соң тапсырылған тендерлік өтінім болған жоқ.
Конверт ашылғанда ішінен 316 беттен тұратын, беттері нөмірленген және тігілген заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған келесі құжаттар шықты:
- тендерге қатысуға өтінім;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мемлекеттік тіркеуі туралы нотариалдық куәландырған куәліктің көшірмесі;
- тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс;
- жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің нотариалдық куәландырған немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған көшірмесі;
- қызмет көрсетудің бірінші жылының соңына дейінгі мерзімде ұсынылған тендерге мәлімделген, тасымалдаушының меншік құқығын немесе жолаушылар жылжымалы құрамын жалға алуын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
- тендерге мәлімделген теміржол жолаушылар вагонына техникалық куәліктердің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
- жолаушыларды тасымалдаудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
- жолаушыларды тасымалдауды дамытудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
- ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаның жоғарылауының шекті деңгейінің негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
- жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
- тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсеткен әлеуметтік маңызы бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер;
- тасымалдаушымен теміржол ұйымдарының арасындағы соңғы 12 ай ішінде өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актілері;
- тасымалдаушыда банктан (тардан) ашылған есептер бойынша мәлімделген қатынаста бірінші жылда қызмет көрсетуге қарастырылған субсидия көлемінен тендер өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының анықтамасы;
- тендерге қатысу үшін өтінімдерді қамтамасыз етуді растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға өтінім тапсырған тасымалдаушының өтінімін ашу сәтінде тасымалдаушының атынан қатысқан өкіл:
|
№ |
Тасымалдаушы |
Аты-жөні |
|
1 |
«Жолаушылар тасымалыАҚ |
«Жолаушылар тасымалыАҚ-ның Трансформация тобының басшысы Ахметов Алибек Базылович |
Комиссия төрағасы: _______________ А. Джумабаев
Комиссия төрағасының
орынбасары: _______________ М. Кулимов
Комиссия мүшелері: _______________ М. Асанов
_______________ М. Тастемір
_______________ Қ. Сырлыбеков
Комиссия хатшысы: _______________ Б. Шаймаханов
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау
жөніндегі ашық тендер негізінде конкурстар ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның
2023 жылғы 18 мамырдағы №2 ХАТТАМАСЫ
Комиссия құрамы:
А.Джумабаев - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;
М.Кулимов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
М.Асанов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (заңгер), комиссия мүшесі;
М.Тастемір - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаржыландыру бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Қ.Сырлыбеков - Түркістан станциясының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Б.Шаймаханов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Күн тәртібі:
Конкурсқа қойылған шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» (№1 лот) және «Түркістан-Сарыағаш» (№2 лот) теміржол бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
Қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 43 және 56 тармақтарына сәйкес, тендерге қатысуға өтінім берген бір ғана тасымалдаушы болуына байланысты, комиссия тендерді өтпеді деп танып, тендерді қайта өткізу туралы шешім қабылдады.