«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС теңгерімінде тұрған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсынуға өтінімдерді қабылдау туралы Ақпарат

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы»

ЖШС теңгерімінде тұрған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға)

ұсынуға өтінімдерді қабылдау туралы Ақпарат

 

«10» мамыр 2023ж.

 

Ұйымдастырушы: «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС

 

Ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала,  32 көшесі, 18 ғимарат, 3 қабат.

Өтінімдерді қабылдау уақыты мен күні: «10» мамыр 2023 жыл, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ден бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты мен күні: «17» мамыр 2023 жыл, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ден бастап.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1 Қосымшаға сәйкес (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін), Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 18 ғимарат, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

 

Мүліктік жалдау (жалға алу) туралы ақпарат:

Атауы: 8 арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік); 10  арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік); 16  арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік).

Орналасқан жері: Түркістан облысы

Мүліктің нысаналы мақсаты: туристік-рекреациялық аймақ

Мүліктік жалдауға беру мерзімі: - 3 (үш) жыл.

Жалдау ақысының 1 жылдық құны: -

8 арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік)- 960 000  (тоғыз жүз алпыс мың) теңге;

10  арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік)- 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге;

 16  арқанды, толық жиынтық, декорациямен (сәндік)- 1 440 000 (бір миллион төрт жүз қырық мың) теңге.

 

Мүліктік жалдауға берудің барлық мерзіміне жалдау ақысының құны - 10 800 (он миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды.  

Мүліктік жалдауға беру шарты: мүлікті пайдаланудың барлық кезеңінде тиісті түрде ұстау және демалушылар, сонымен бірге туристер үшін де қажетті жағдайды жасау (қызмет көрсету, демалушылар үшін ойын-сауық ұйымдастыру), туристік ағындарды тарту. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау (ҚР Ішкі істер министрінің 19.01.2015 ж. № 34 бұйрығы), өрт және электр қауіпсіздігін сақтау, санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау, ғимараттар мен құрылыстарды, жалға берілетін үй-жайлардағы техникалық құралдарды, инженерлік жабдықтарды дұрыс пайдалану, объектіні абаттандырудың бір бөлігі ретінде инженерлік желілер мен жасыл желек екпе ағаштарын күтіп ұстау (көгалдар, ағаштар, бұталар, гүлзарлар және өзге де жасыл екпелер).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- 1 Қосымшаға сәйкес мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтініш нысаны;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін - консорциум келісімінің көшірмесі;

- қатысушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);

- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар меншікті ағымдағы шоттың құжаты;

- бизнес-жоспар (бар болса);

- кәсіпкерлік субъектісінің салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

Қосымша:

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);

- қаржы қаражатының болуы (анықтама/үзінді);

- анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік осал отбасылар, III топтағы мүгедектер).

Барлық мүдделі сұрақтар бойынша «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-не (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін), Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 18 ғимарат, 3 қабат мекенжайы бойынша хабарласа аласыз.

Байланыс телефоны: 8-776-998-59-00, 8-747-716-44-84.

________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

 

 

 

 

 

1 Қосымша

 

 

Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға)

ұсынуға өтініш нысаны

 

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС

Бас директоры

                                                             ________________________,

                                                                       ________________________

(ЖК, ЖШС, ҚБ атауы)

БСН (ЖСН) _______________

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

 

____________ (қолы)

Күні     ___________

 

 

На сайт текст юрта РУС
Дата публикации
10 мая 2023