Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 2023 жылғы I-тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері 

Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен

2023 жылғы I-тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері 

Ішкі аудит қызметімен 2023 жылғы I-тоқсанда 1 мемлекеттік аудит объектісінде (квазимемлекеттік сектор субъектіде) тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді.    

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 321 009,2 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар сомасы  83 948,8 мың теңгені құрайды, оның ішінде  рәсімдік бұзушылықтар 83 270,6 мың теңге, бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 678,4 мың теңге.

Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған  бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектісіне және бағдарлама әкімшісіне жолданды. Бюджетке өтелетін 678,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар қайтарылып, тиісті шаралар қабылданды.

Дата публикации
26 апреля 2023