Түркістан облысы әкімінің Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы

 Түркістан облысы әкімінің Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы

МӘЛІМЕТ

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Ескерту  орындау

І жартыжылдықтағы кездесу (10.06.2022 жыл)

Тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылық саласы

1

Бадам ауыл округі Қарабастау елді мекеніне ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілсе.

Ғалымжан Шеңгелді – Бадам ауылының тұрғыны

1. Қарабастау е.м. ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(2022 жылға жалпы құны                  738 млн. теңгені құрайтын                    3 нысанға (Аққойлы, Қарабастау, Сарыарық) «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қаржы қаралып, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі).

2022 жыл соңына дейін

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Ордабасы ауданының

әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

ОРЫНДАЛҒАН

 

Қарабастау елді мекенін ауыз су жүйесімен қамту бойынша  «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автмобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мекемесі «Karat-Z»  ЖШС-мен 01.06.2022 жылы келісімшарт түзілген. Сметалық құны -  137 млн. 681 мың теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 2022 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

2

Бөржар ауыл округі, Қайнар елді мекенінен тұрғындарға арналған ашық алаңшалар салынса

Арысбек Нұрбаев – Қайнар ауылының тұрғыны

2. Қайнар е.м. ашық алаңшаларын салу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Ағымдағы жылы Қайнар елді мекенінен аудандық бюджет есебінен ашық кіші футбол мен стрит воркаут алаңшаларын  салуға 21 млн. теңгеге  қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді).  

2022 жылы

Ордабасы ауданының

әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

ОРЫНДАЛҒАН

 

Қайнар елді мекеніне спорт алаңшасын орнату бойынша  Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мекемесі «Karat-Z» ЖШС-мен 11.07.2022 жылы келісімшарт түзілген. Сметалық құны –  21,7 млн теңге.

2022 жылдың қыркүйек айында 42*22 көлемде футбол алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

Білім саласы

3

Бөген ауыл округі, Кемер ауылында                      44 оқушы Ө.Тұрманжанов ат. жалпы орта мектебіне ескі автобус көлігімен тасымалданып оқытылады.  Осы елді мекендегі оқушылар тасымалына жаңа автобус қарастыру туралы.

Лиза Караева– Кемер ауылының тұрғыны

 3. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы балалар тасымалданатын автобустарды алу бойынша жұмыстарды жүргізу.

(Биылғы «Балалар жылына» байланысты Республика көлемінде жоспар түзілген. Жоспар шеңберінде көптеген проблемалық мәселелердің шешімі табылады.

 Солардың ішінде балалардың тасымалы да енгізілген. Республика бойынша 515 жаңа автобус лизинг тәсілі арқылы алу қарастырылған. Біздің облыс та соның ішінде 101 автобусқа тиісті құжаттар дайындап, тапсырысқа өткізген. Жуық арада шешімін тауып, оқушыларға комфортабелді, арнайы автобустар алынатын болады. Ордабасы ауданына да аталған мәселе бойынша автобустар қаралады.)

 

 

 

2022 жылдың соңына дейін

 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Ордабасы ауданының

әкімдігі

 

 

 

облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы автобус лизингпен сатып алынғаннан кейін тасмалданатын балалар санына қарай берілетін болады.

ОРЫНДАЛҒАН

 

Ордабасы ауданына                  7 автобус бөлінді.

Бадам ауыл округі, Ордабасы елді мекеніне-1 автобус.

Жеңіс ауыл округіне-1 автобус.

Қараспан ауыл округіне-2 автобус.

Төрткүл ауыл округіне-1 автобус.

Шұбарсу ауыл округінеп-2 автобус.

Денсаулық сақтау саласы

4

Қараспан ауыл округі, Төреарық ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункттің ғимараты    талапқа сай келмейді, жергілікті тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жаңа медициналық ғимарат салынса.

Қонысов Жақып – Төреарық ауылының тұрғыны

4. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ФАП салу  құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Ағымдағы жылы Төреарық елді мекенінен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен 122 млн              869 мың теңгеге жаңадан ФАП ғимараты салынып пайдалануға беріледі).

2022 жыл соңына дейін

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

 

Ордабасы ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Төреарық елді мекенінен  фап құрылысын жүргізуге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 138 млн. 979 мың теңге қаржы бөлінді.

     Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, 22.09.2022 жылы «АвтоРемСтрой ЛТД» ЖШС-мен келісімшарт түзілді. Бүгінгі  таңда нысанның құрылыс жұмыстары басталып жүргізілуде, 2023 жылы қыркүйек айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Өзге салалар

5

Бүгінде Шұбарсу ауылында халықтың көбеюіне байланысты ауыл ішінде жолаушылар тасымалы жүргізілсе.

Амир Уалиев – Шұбарсу ауылының тұрғыны

5. Шұбарсу елді мекені ішінен жолаушылар тасымалын жүргізуді ұйымдастыру.

(Аудан әкімдігі тарапынан жолаушылар тасымалына байланысты конкурстар өткізіліп, тасымалдаушы анықталып, келісім шарт түзілген.

Аталған бағыт бойынша мемлекеттен субсидия бөлу үшін (әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіліміне енгізу жөнінде) облыстық мәслихаттың шешімін шығару мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ағымдағы жылы маусым айында ұсыныс берілген.

Мәслихат шешімі қабылданған соң,   ішкі жолаушылар тасымалы жүргізілетін болады.)

2022 жылдың соңына дейін

Ордабасы ауданының

әкімдігі

Пайдалануға беру

 

    ОРЫНДАЛҒАН

 

     Шұбарсу елді мекенінің ішінен жолаушыл тасымалын жүргізу бойынша Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мекемесі жариялық конкурс нәтижесімен 18.04.2022 жылғы  «SARavto» ЖШС-мен келісімшарт түзілген.

Ағымдағы жылдың 3-ші қазанынан бастап Шұбарсуішілік бағытта тұрақты түрде 1 айналымда 6 рейс жүргізілуде. Бағасы 130 теңге.

ІІ жартыжылдықтағы кездесу (07.12.2022 жыл)

Тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылық саласы

6

Шұбарсу ауылында ішкі көшерлерге тас төсеу, асфальттау жұмыстары жүргізілсе, сондай – ақ, Қалаш, Дихан, Жайылма және Тоқсансай елді мекендеріне баратын нашар жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары  ретке келтірілсе. Сейілхан Алтыбаев– Шұбар ауылының тұрғыны

1.1. Шұбарсу ауылында ішкі көшерлерде тас төсеу жұмыстары аяқталсын.

1.2. Қалаш, Дихан, Жайылма және Тоқсансай ауылдарына баратын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

1.2.1.  Мемлекеттік сараптама қорытындыларын алу.

1.2.2. Жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық тиісті салалық басқармаларға қаржы бөлуге ұсыныс беру.

1.2.3. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(2022-2023 жылдар аралығында Шұбарсу елді мекені ішкі көшелерінің  тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 187 493,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 30 шқ жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ішкі көшелерге асфальт төсеу, аяқ жол салу, жарықтандыру құралдарын орнату, арық-атыздар орнату жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп,

республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға сұраныс жолданады. Құны            жобамен 6,6 млрд теңгені құрайды.

 Бүгінгі күнге 4 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттама әзірленген, сараптама қорытындысы алынғаннан соң облыстық бюджетке ұсынылатын болады (Дихан-465,1 млн. теңге, Жайылма-30,2 млн. теңге, Қалаш-456,6 млн. теңге, Тоқсансай-245,1 млн. теңге) жалпы құны-1 млрд.  197 млн. теңге)

1.1. 2022-2023 ж.ж.

1.2. 2023-2025 ж.ж.

 

 

1.2.1. 2023 жыл

1.2.2. 2023 жыл

 

 

1.2.3. 2023-2025 ж.ж.

 

Қаржы бөлуіне қарай

Ордабасы ауданының

Әкімдігі

 

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

 

Пайдалануға беру

 

2023-2025 ЖЫЛДАРЫ

 

Бүгінгі күнге,  Шұбарсу елді мекенінің ішкі көшелерінің               13 шқ тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6,6 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімі ұйымдастырылуда.

Қалаш, Дихан, Жайылма және Тоқсансай елді мекендеріне баратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарды орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттамасы «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» ТО филиалы тарапынан сараптамадан өткізілуде.

7

Төрткүл, Көкарал-Еңбекші ауылдарының ауыз су жүйелерінде ақаулар көптен орын алуда. Аталған елді мекендердің ауыз су жүйелеріне қайта құру (реконструкция) жұмыстарын жүргізу қажет. Осы мәселе түпкілікті шешілсе.

Құралсын Айтбаев – Төрткүл ауылының тұрғыны

2.1. Төрткүл, Көкарал-Еңбекші ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу.

2.1.1.  Мемлекеттік сараптама қорытындыларын алу.

2.1.2. Жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық тиісті салалық басқармаларға қаржы бөлуге ұсыныс беру.

2.1.3. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Көкарал-Еңбекші, Төрткүл ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуші аудандық «Таза су» МКК арқылы ЖСҚ (жобамен Көкарал-Еңбекші - 285 млн. теңге, Төрткүл - 485 млн. теңге) әзірленуде. Жобалардың іске асырылу мерзімі 2023-2024 жылдары аралығында жоспарлануда)

2.1. 2023 – 2024 ж.ж.

 

2.1.1. 2022-2023 ж.ж.

 

2.1.2. 2023 жыл

 

2.1.3. 2023-2024 ж.ж.

 

 

 

Қаржы бөлуіне қарай

Ордабасы ауданының

Әкімдігі

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Пайдалануға беру

 

2023-2025 ЖЫЛДАРЫ

 

Көкарал-Еңбекші, Төрткүл ауылдарын ауыз су жүйелерінің теңгерім ұстаушы аудандық «Таза су» МКК арқылы ЖСҚ әзірленуде, 2023 жылдың сәуір айына дейін сараптама қорытындысы алынып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржы қарастыруға ұсыныс жолданатын болады.

Ауылшаруашылық саласы

8

Төрткөл, Бөген ауыл округтеріндегі күрделі жөндеуді қажет ететін ұзындығы 68,1 шқ астам, суармалы жер көлемі 7 693 га құрайтын              «Р-11-С», «Р-11-К», «Р-12», «ЛБК», «Р-1» каналдарға ЖСҚ әзірленіп, Республикалық және облыстық бюджетке ұсынылған болатын. Ал, Қараспан каналын күрделі жөндеу жұмыстары жақында басталды. Осы каналдарға толық қаржы бөлініп, толық іске асуына ықпал етуіңізді сұраймыз.  Бектай Шәмет – Бөген ауылының тұрғыны

3.1. Төрткүл, Бөген ауыл округтеріндегі «Р-11-С»,              «Р-11-К», «Р-12», «ЛБК»,      «Р-1» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

3.1.1. Жөндеу жұмыстарын аяқтауға тиісті салалық миистрлікке қаржы бөлуге ұсыныс беру.

3.2. Қараспан каналының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

3.2.1. Жөндеу жұмыстарын аяқтауға тиісті салалық министрлікке қаржы бөлуге ұсыныс беру.

(«Р-11-С», «Р-11-К», «Р-12», «ЛБК», «Р-1» 2023 жылға облыстық бюджеттен                727,3 млн.теңге қаржы қаралған. Жоба кезең-кезеңімен                    2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады.

Қараспан каналын күрделі жөндеу жұмыстарына                   3,3 млрд теңге қаралған.              (2022 жылға 192 млн теңге, 2023 жылға 3,1 млрд теңге))

2025 жыл соңына дейін

 

 

Қаржы бөлуіне қарай

 

 

 

 

 

Ордабасы ауданының

Әкімдігі

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Пайдалануға беру

 

2023-2025 ЖЫЛДАРЫ

 

Аудандағы күрделі жөндеуді қажет ететін каналдарға облыстық бюджеттен жалпы 6 916,7 млн. теңге қаржы бөлінген.

Оның ішінде бюджеттік өтінімге сәйкес, 2022 жылы Қараспан МК – 200 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді.                

2023 жылға 820 млн. теңге қаржы қаралды.

2024 жылға 1 400 млн. теңге.

2025 жылға  1 107 млн. теңге;

 Р-11-К каналына 2023 жылға 340,1 млн. теңге қаржы қаралды.

2024 жылға 190 млн. теңге.

2025 ж 191,8 млн. теңге;

Р-12 каналына 2023 жылы 203,7 млн. теңге қаржы қаралды.

2024 жылға 60,0 млн. теңге.

2025 жылға 83,6 млн.тг;

Р-1 каналына 2023 жылға        150 млн. теңге.

2024 жылға 220 млн. теңге.

2025 жылға 212,5  млн. теңге:

Аталған жобаларды кезең –кезеңімен жүзеге асыру жоспарланса, Р-11-С каналына 2023 жылы 115,7 млн. теңге, ЛБК каналына 272,3 млн. теңге қаржы қаралып күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталатын болады.

Денсаулық сақтау саласы

9

Бадам ауыл округі, Қарабастау ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салынса.

Руслан Құдияров – Қарабастау ауылының тұрғыны

Қарабастау ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Қарабастау елді мекенінен ФАП құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленген. Сметалық құны – 136 818,0 мың теңге.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023 жылға енгізілген. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі)

2023-2024 ж.ж.

 

Қаржы бөлуіне қарай

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Ордабасы

ауданының

әкімдігі

Пайдалануға беру

 

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023 жылға енгізілген. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 

Құрылыс саласы

10

Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына ықпал етсеңіз.

Әділжан Ыстыбаев – Темірлан ауылының тұрғыны

5.1. Қ.Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылыс жұмыстарын жандандырып, сапалы аяқтау.

5.1.1. Жөндеу жұмыстарын аяқтауға тиісті салалық министрлікке қаржы бөлуге ұсыныс беру.

(Құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға тапсыру үшін 1 479 404,0 мың теңге қажет.

Республика бюджеттен              2023 жылға қаржы қарастыруға ҚР Ұлттық экономика министрлігіне өтінім жолданды)

2023-2024 ж.ж.   

 

 

Қаржы бөлуіне қарай

Ордабасы ауданының

Әкімдігі

 

 Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

 

Пайдалануға беру

 

2023-2025 ЖЫЛДАРЫ

 

Қ.Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылыс жұмыстарын «АвтоРемСтрой ЛТД» ЖШС жүргізуде, 2021 жылы 30 млн. теңге қаржы игерілді.

Қазіргі таңда дейін қаржы тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұрған.

Республикалық бюджеттен              2023 жылға қаржы қарастыруға ҚР Ұлттық экономика министрлігіне өтінім жолданып, 2023 жылға 369,0 млн. теңге қаралды.

Құрылыс жұмыстары                 2024 жылға өтпелі

Өзге салалар

11

Бадам ауыл округі, Ордабасы ауылындағы «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» нысанына жоспарланған абаттандыру жұмыстары тоқтап қалған болатын. Осы мәселені назарға алып, құрылыс жұмыстарының жандануына ықпал етсеңіз?

Әсет Әссанди – Темірлан ауылының тұрғыны

6.1. Бадам ауыл округі, Ордабасы ауылындағы «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» нысанына абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

6.1.1. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті салалық министрлікке қаржы бөлуге ұсыныс беру.

(«Улмад» ЖШС тарапынан «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» аумағын абаттандыру жобасы әзірленген, жоба құны – 1 494,9 млн теңге. Қаржы қарау бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бірнеше рет сұраныс жолданған)

2023-2024 ж.ж.

 

Қаржы бөлуіне қарай     

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық мәдениет және туризм

басқармасы

 

Ордабасы ауданының

әкімдігі

Пайдалануға беру

 

2023-2025 ЖЫЛДАРЫ

 

«Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» аумағын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірленіп, 04.06.2019 жылы сарапатама қорытындысы алынған. Жалпы құны 1 494,9 млн. теңге.

Қаржы қарау жөнінде облыстық  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бірнеше рет бюджеттік өтінім жолданғанымен, қолдау таппады.

«Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының» 79,9 га жер телімі мәдениет және министрлігінің теңгерімінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023