2022 жылы облыс әкімінің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс- шаралар

2022 жылы облыс әкімінің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс- шаралар

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

 

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1.       

Ақжар ауылдық округі Ақжар елді мекені Жамбыл мен Төле би көшелерінің тозығы жетіп отыр, жолды жөндеп беруге ықпал етсеңіз?

(Ақжар ауылдық округі тұрғыны Беркінбаев Абдуманап Тел:87027109033)

Ақжар елді мекеніндегі Жамбыл мен Төле би көшелерінің жолын жөндеу.

 

2022-2023 ж.ж.

 

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі Төле би және Жамбыл көшелерін орташа (асфальт) жөндеуден өткізу үшін бүгінгі таңда қаржысы қаралып, жеңімпаз мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсын өткізуге құжаттары рәсімделуде.

2.       

Бүгінгі күні Көктерек кентінде 50-ден астам шипажайлар орналасқан, электр жарығы нашар. Электр желілері мен бағаналары күрделі жөндеуден өткізіледі ма?

(Көктерек кентінің тұрғыны Байдыбекова Ира

Тел:87021394000)

Көктерек кентіндегі электр желілері мен бағаналарын күрделі жөндеуден өткізу.

(Көктерек кентін сапалы электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен 2022 жылы 361,1 млн. теңге, 2023 жылы 40,2 млн. теңге  қаралған. (Конкурстық  құны   401,3 млн теңге).

2022-2023 ж.ж.

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

2022 жылдың қазан айынан  бастап «Ерзат» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

3.       

Сарыағаш қаласы, Байтерек көшесінің бойында орналасқан 13 тұрғын үйді пайдалануға беруге қандай жұмыстар атқарылуда?

(Құркелес ауылдық округінің тұрғыны Алимбаева Гулсара Тел:87025052884)

      Сарыағаш қаласы, Байтерек көшесінің бойында орналасқан 13 тұрғын үйді пайдалануға беру мақсатында кәріз жүйесінің шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс еңгізсін.

(«Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласындағы алаңы 10 га кварталының көп қабатты тұрғын үйлерімен, әлеуметтік мәдени нысандарымен, қазандық және инженерлік инфрақұрылымдары құрылысы» нысаны бойынша 27.07.2016 жылы мердігер «Шұғыла» 2002 ЖШС-мен №31 келісім-шарт жасаған.

Аталған нысанның бүгінге дейін жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында көп қабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылым (газ, су, электр, кәріз) жүйелері тартылған. Бүгінгі таңда жоба бойынша үйлердің алдын абаттандыру, ойын алаңшаларын және жол жабындыларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

    

 

Маусым

2022 ж.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Сарыағаш ауданы әкімдігі 13 көп қабатты (жалпы 585 пәтер) тұрғын үйлерді ағымдағы жылы пайдалануға беру мақсатында, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіне 100 м3, 3 дана емкость орнатып, тұрғын үйлерді пайдалануға беру мақсатында облыстық бюджеттен 125,8 млн. теңге қаржы қаралған.

Бүгінгі таңда «Спецкоммунстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына дейін құрылыс жұмыстарын бітіру жоспарлануда.

 

4.       

Қабланбек ауылдық округінің Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі ме? (Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеннің тұрғыны Аширов Габпар

Тел:87059926922)

Қабланбек ауылдық округінің Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

(Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз су мен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2022 жылға 265,0 млн. теңге, 2023 жылға 119,4 млн. теңге қаралды.              (Конкурстық құны 384,4 млн. теңге)

2022-2023 ж.ж.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

2022 жылы  «Корпарация «Әлем құрылыс»

«ТеплоЭнергоСтрой»

ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.                   2023 жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстарын бітіру жоспарланған. Жалпы таза ауыз су ағымдағы жылдың желтоқсан айында беру жоспарлануда.

5.       

Сарыағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі қашан беріледі екен?

(Дербісек елді мекені тұрғыныБегалиев Рахманберді

Тел:87016736454)

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру.

(Жеке тұрғын үй құрылысына жер беру мәселесі Есептік кезеңге, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға 18 190 азамат кезекке тіркелген. Аудан аумағындағы 6 ауылдық округінің
10 елді мекені шегінде шамамен жалпы 466 гектар бос жатқан, бас және оңтайланған жоспарларында сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін қаралған жер учаскелері бар.
Бұл жер учаскелеріне инфрақұрылымдар жүргізілген жағдайда, кезекте тұрған 2850 азаматқа жер учаскесін беруге мүмкіндік бар. Бүгінгі күнге Жылға елді мекеннінен 42,0 гектарда электр желісі құрылысына республикалық бюджеттен 102,7 млн. теңге қаржы бөлінді. 2022 жылдың 1 жарты жылдығында шамамен).

2023-2024 ж.ж.

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Жер учаскелерін тұрғын үй құрылысы үшін бөлу

Орындалу үстінде (2023-2024 ж.ж.)

Жылға ауылдық округінен
480 азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 35 азаматқа жер учаскелері берілген. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Әлімтау ауылдық округінен
2 азаматқа,  Дарбаза ауылдық округінен 2 азаматқа және Сарыағаш қаласынан
1 азаматқа тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскелері берілген. Бұдан бөлек
жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру мақсатында Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінің шегіне енген 70 гектар жер телімінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен қамту, электрмен қамту) жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Құрылыстың жалпы сметалық құны – 503,727 млн. теңге.  2023 жылы нысан құрылысына 200 млн. теңге бюджеттен бөлінді.

6.       

Сарыағаш ауданына темір жол арқылы келген қонақтар бірінші кезекте Майлы қожа көшесі арқылы өтеді. Кәзір бұл көше арқылы жүріп өту өте қиын. Көшенің жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?

(Сарыағаш қаласының тұрғыны Исмайылбеков Асылбек)

Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесін жөндеуден өткізу.

 

2023 жыл

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Бүгінгі таңда «СБМ и Компания» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

7.       

Қабланбек ауылдық округіндегі Ақниет ауылын ауыз сумен қамтылса деген ауыл тұрғындарының өтініші  бар еді. (Кабланбек ауылдық округі, Ақниет елді мекенінің тұрғыны

Махмудов Асқаржон Шакирович

Тел:87014954507)

Ақниет елді мекенін таза  ауыз сумен қамтамасыз ету.

(Ақниет елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттен 2022 жылы                126,442 млн. теңге, 2023 жылы 12,938 млн. теңге қаралды (Конурстық құны  139,4 млн. теңге). Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қазан айынан бастау жоспарланып, құрылыс 2023 жылға өтпелі. Жеңімпаз мердігер мекеме «JANA KZ QURYLYS» ЖШС.   

           Ақниет елді мекенінің су жинау қоймасының құрылысына республикалық бюджеттен 2022 жылы 125,558 млн. Теңге, 2023 жылы 238,8 млн теңге қаралған (Конкурстық құны 364,4 млн. теңге).

2023-2024 жж.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Сарыағаш аудан әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қазан айынан басталған. 2023 жылдың тамыз айында құрылысты бітіру жоспарлануда.

8.       

Құркелес ауылдық округі Береке елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етіп берсеңіз.

(Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенінің тұрғыны Сартаева Мөлдір

Тел:87042879494)

 

                Береке елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету.

(«Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Береке, Құлтума елді-мекендерін газбен жабдықтау жүйесінің құрылыс» нысанына жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, бюджеттен 253,5 млн. теңге  қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме «АСТ-Жетіген» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген. Береке, Құлтума елді-мекендеріне бүгінгі таңда «Келес Транс Газ» ЖШС тарапынан табиғи газ берілуде).

2023-2024 ж.ж

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

Нысанды пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023-2024 ж.ж.)

Бүгінгі таңда, Береке, Құлтума  елді-елді мекендердегі  табиғи газға қосылмаған көшелеріне табғи газ беру бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топ қортындысына сәйкес атқарылатын жұмыстардың көлемі анықталып, бюджеттен қаржы сұратылды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары аяқталады.

9.       

Сарыағаш ауданына темір жол арқылы келген қонақтар бірінші кезекте Майлы қожа көшесі арқылы өтеді. Кәзір бұл көше арқылы жүріп өту өте қиын. Көшенің жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?

(Сарыағаш қаласының тұрғыны Исмайылбеков Асылбек)

      Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесін жөндеуден өткізу.

 

2023 жыл

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

Бүгінгі таңда «СБМ и  Компания» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

Білім және мәдениет саласы

10.   

Дихан баба ауылы жастарының өнерге деген қызығушылығын арттыру үшін, ауылымызға мәдениет ошағы салынса?

(Жібек жолы ауылдық округі, Дахан баба елді мекеннің тұрғыны, Көмеков Жанғазы

87011756806)

Дихан баба елді мекеніне мәдениет үйін салу.

(Жібек жолы ауылдық округінің Дихан баба елді мекеніндегі Е.Бектұрғанов көшесінің бойында кітапхана және мәдениет үйін салу мақсатында облыстық бюджеттен 340,4 млн теңге қаралған). 

2022-2023ж.ж.

 

Түркістан облысының құрылыс басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

2022-2023 жылдарға облыстық бюджеттен 340,4 млн. тенге қаралып, мердігер мекеме «VEK STROY COM» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

11.   

Жылға елді мекеніндегі №12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінде білім алып отырған балалар сыймай жатыр, қосымша ғимаратының құрылысы қай кезде жүргізіледі?

(Жылға ауылдық округі, Жылға ауылының тұрғыны

Қожабаева Баршагүл.

Тел:87011404491)

Жылға елді мекеніндегі №12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысын салу.

 

2022-2023 ж.ж.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды.

2022 жылдың желтқсан айында  «Ар Куа Групп» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталған. 2023 жылдың наурыз айында пайдалануға беру күтілуде.

12.   

Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек  елді мекені №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебіне күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіледі ме?

(Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек елді мекеннің тұрғыны Тазабаева Рауан

Тел:87021858636)

Қабланбек  елді мекені №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебін күрделі жөңдеу.

(«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлаған).

 

 

2022-2023 ж.ж.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Осы бағдарламаға №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарына 2022 жылы 13 млн. теңге қаржы қаралып, «Service centre 2007» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың тамыз айында құрылысы толық аяқталатын болады.

13.   

Құркелес ауыл округі, Нұрлы жол елді мекеніндегі №50 Б.Омаров жалпы орта мектебі үш аусымға өту қаупі бар, жаңа мектеп салу жоспарда барма?

(Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінің тұрғыны Андасов Әділхан

Тел:87016255313)

                                 

 

 

Нұрлы жол елді мекеніндегі №50 Б.Омаров жалпы орта мектебіне 300 орындық жаңа мектеп салу.

(Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекеніндегі 300 орынға арналған Б.Омаров атындағы             №50 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстарына 2022 жылға 10,0 млн. теңге 2023 жылға 981,4 млн. теңге қаржы қаралған. (Конкурстық құны  991,4 млн теңге).

Құрылыс жұмыстарын  2022 жылдың қараша айынан бастау жоспарланып, құрылыс 2023 жылға өтпелі. Жеңімпаз мердігер мекеме «Ar Kua Group» ЖШС).

2023-2024 ж.ж

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Құрылыс жұмыстары  2022 жылдың қараша айынан басталған. 2023 жылдың желтоқсан айында  құрылысты бітіру жоспарлануда.

 

Ауыл шаруашылғы және кәсіпкерлік саласы

14.   

Дарзаба ауылдық округі Құрсай ауылының тұрғынымын, үйімде бағып отырған малдарымды жаюға жер аздық етуде. Ортақ мал жайылым жерлерін ұлғайту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

(Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Абдраимов Бауыржан.

Тел:87024291059)

 

Дарбаза ауылдық округіндегі ортақ мал жайылым жерлерін ұлғайту.

(Жалпы, Жылға ауылдық округінен 1233,40 гектар, Тегісшіл ауылдық округінен 1018,30 гектар, барлығы 2251,7 гектар суарылмайтын егістік жер учаскелері Сарыағаш ауданы әкімдігінің 05 сәуір 2021 жылғы №118 қаулысымен ауыл шаруашылығы алқабының жайылым түріне ауыстырылып, Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекеніне 1277,28 га, Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекеніне 600,0 га, Қарақалпақ елді мекеніне 633,4 га жер учаскесін ортақ жайылымға енгізу үшін осы елді мекендерге жер-шаруашылық жоспары жасалынып, Сарыағаш ауданы әкімдігінің және Сарыағаш ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы бірлескен шешімімен бекітілді.

2022 жылы Дарбаза ауылдық округі, Құрысай және Ердәуіт елді мекендері маңындағы бос жатқан ауданның арнайы жер қорындағы 671 га жайылым жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі әкімі аппараты ММ-іне Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 08 ақпандағы №39,№40 қаулыларымен ортақ пайдалануға берілді. Бұдан бөлек К.Муталиевке шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген 50,0 га жайылым жер учаскесін К.Муталиевтің келісімімен елді мекеннен ұзақ басқа жерге ауыстырып, осы 50,0 га жер учаскесін ортақ жайылым ретінде беру бойынша жұмыстар жүргізілуде).

2023-2024 ж.ж.

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Ортақ мал жалымын ұлғайту

Орындалу үстінде (2023-2024 ж.ж.)

Құрысай елді мекенінің жер-шаруашылық жоспарына сәйкес 162,0 гектар жайылым жер учаскесі ортақ жайылымға бекітіліп берілген. Ағымдағы жылы Құрысай елді мекені маңынан 370,54 гектар жер «Дарбаза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау үшін бекітіп беріліп,   Бұдан басқа елді мекен маңындағы 92,0 гектар суарылмайтын егістік жер учаскесін жайылым жерге ауыстырып, ортақ пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

15.   

Алдыңғы жылы мал азығын табу қиындық туғызды. Биылғы жылы мал азығын жинауға жәрдем ретінде қандай шаралар қабылданып жатыр?

(Әлімтау ауылдық округі, Тасқұдық елді мекеннің ауыл биі Алданов Тәжібай

Тел:87024346905)

 

Мал азығын жинауға жәрдем беру.

 

2022 ж.

Сарыағаш аудан әкімдігі

Қажетті мал азығын дайындау

Орындалды.

2022 жылдың қортындысы  бойынша 441,0 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар артығымен орындалған.

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық саласы

16.

Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салынса?

(Қарақалпақ елді мекенінің биі Қалықұлов Тұрсын Тел:87759310541)

      Қарақалпақ елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салу.

 (Қарақалпақ елді мекенінде бір аусымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Нысанның сметалық құны 384,2 млн. теңгені құрайды.).

2023-2024 ж.ж

Түркістан облысының құрылыс басқарамасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен                 толық қаржысы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.        

2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

17.

Жонарық ауылында дәрігерлік амбулатория салынса?

(Кабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінің ауыл биі

Исахов Медеу Тел:87785485506)

       Жонарық елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу.

(Жонарық ауылында бір аусымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген.  Нысанның сметалық құны 365,4 млн. теңгені құрайды).

 

 

 

2023-2024 ж.ж

Түркістан облысының құрылыс басқарамасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2023 ж.)

Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен                 толық қаржысы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

                                                                                                                      Басқада мәселе                                                                                 

18.

Септиктерден алынған қалдық суларды апарып төгетін жерін анықтап берсеңіздер.

(Сарыағаш қ.  Тұрғыны Жүнісбеков Дархан Жолдасұлы

Тел:87757333933)

        Септиктерден алынған қалдық суларды апарып төгетін жерін анықтау.

2022 жыл

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

Септик суларын таситын автокөлік иелеріне жиналыс жасап түсіндіру

Орындалды.

15 га жер телімі арнайы қалдық суларды тастау үшін белгіленген.

                         

 

Дата публикации
05 апреля 2023