Облыс әкімінің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс- шаралар

3 кездесу

Облыс әкімінің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс- шаралар

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

(орындалуы)

Шешу мерзімі

Жауаптыорындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

 

Білім беру саласы

1.     

Жаскешу ауылындағы №37 Б.Майлин мектебінде оқушылар саны көбеюде.

Осыған байланысты Жаскешу елді мекеніне жаңадан мектеп салып берсеңіздер.

(Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекенінің тұрғыны Дүйсебаев Жақсылық) 

1. Жаскешу елді мекеніне мектеп салу.

1.1. Жобалық сметалық құжаттарын  әзірлену.

 

1.2.        Бюджеттен қаржы қарастыру.

 

1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

 

1.1.30.03.2023 ж

 

 

1.2.25.06.2023 ж

  

 1.3.20.08.2025 ж

 

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

2.     

Сарыағаш қаласындағы
13 көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесін шешіп, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй беру.

(Сарыағаш қаласының тұрғыны

Оразалиева Урзия Амреевна)

 

 

3.   Сарыағаш қаласында 13 көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесін шешу.

     (Аталған көп қабатты тұрғын үйдің кәріз суларына арналған 100 м³, 3 (үш) дана су қоймасын (септик) орнатуға облыстық бюджеттен 125,8 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз анықталған.

      Бүгінгі таңда, «Спецкоммунстрой» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп,
2023 жылы маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда).

30.06.2023 ж

 

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

3.

Жемісті елді мекеніндегі ескірген  электр бағаналары мен желісін жаңарту жұмыстары жалғасын табады ма?

(Жемісті ауылдық округі, Жемісті елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

Абдіқадіров Әділбек Ермекбайұлы)

 

      3. Жемісті елді мекеніндегі ескірген  электр бағаналары мен желісін жаңарту.

     (Жемісті елді мекеніндегі А.Аппазов, Жемісті және Жаңа құрылыс көшелерінің электр бағаналарын жаңартуға 2021 жылы облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаралып, «TURAN ENERGO GROUP» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.

      2023 жылға 76,014 млн. теңге қаралып, 4 шақырымнан астам электр бағаналарын орнату, электр желісін тарту және трансформатор құрылысын жүргізуге бөлінген. (Жобаның жалпы құны 86,014 млн. тенге).

     Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап елді мекендегі ескірген электр бағаналары мен желісін жаңарту жұмыстарын жүргізіп,  жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған).

30.12. 2023 жыл

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Сарыағаш аудан әкімі аппараты

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

4.     

Жылға елді мекенінде ауыз су мен табиғи газ мәселесін шешіп берсеңіздер.

(Жылға аулдық округі, Жылға елді мекенінің тұрғыны Ералиев Райымбек)

1.         4. Жылға елді мекенін орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстарын жүргізу.

      4.1 Жылға ауылдық округі, Жылға елді мекенін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Жылға, Нұрауылы, Ферма №3 елді мекендерін сумен жабдықтау құрылысы» нысаны бойынша  жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, Республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жолданған. Жобалаушы мекеме «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС. Сметалық құны – 1 992.381 млн.тг. Бүгінгі таңда, аудандық бюджеттен 489 мың теңге қаралып, мердігер мекені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.

 

2.      4.2. Жылға елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету.

3.       

 4.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

4.4.   Газ тарту  құрылысын жүргізу.

 

4.5.  Жылға елді мекеніне табиғи газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау.

2023-2024 ж.ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3. 26.02.2024

 

 

4.4. 10.06.2024

 

 

4.5. 10.09.2025

 

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

5.

Жаңатұрмыс, Қарабау  елді мекеніндегі  ішкі көшелерді асфалттап берсе. Көшелердің бәрі лай адам жүре алмайтын жағдайға жеткен.

(Жібек жолы ауылдық округі, Жаңатұрмыс елді мекенінің биі

Жүнісов Орынхан Мамырханұлы)

        5. Жаңатұрмыс, Қараубау елді мекеніндегі  ішкі көшелерді асфаттау.

5.1. Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында   үнемделген қаржы есебінен қаржы бөлу.

 

5.2. Жаңатұрмыс, Қараубау елді мекеніндегі  ішкі көшелерді асфаттау жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

5.1. 05.06.2023 ж

 

 

 

5.2. 30.12.2024 ж

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

    Денсаулық саласы

6.

Жаңатұрмыс елді мекеніндегі  амбулатория құрылысының толық аяқталуын өз бақылауыңызға алсаңыз.

(Жібек жолы ауылдық округі, Жаңатұрмыс елді мекенінің биі

Жүнісов Орынхан Мамырханұлы)

 

 

6. Жаңатұрмыс елді мекеніндегі  амбулатория құрылысының толық аяқтау.

(Жаңатұрмыс ауылында бір ауысымда
25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбула-тория құрылысына 2022 жылы
5,0 млн. теңге бөлінген болатын.  Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына 347,7 млн. тенге қаралып, құрылыс жұмыстары жүруде. Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылы  қыркүйекте аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

      Анықтама үшін: Жобаның конкурстық құны 352,7 млн. теңге. Жеңімпаз мердігер мекеме «СервисЦентр-2007» ЖШС).

30.10.2023 жыл

Түркістан облысының құрылыс басқарамасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

7.

Сарыағаш ауданыннан перинаталды медициналық орталық  салып берсеңіз. (Сарыағаш қаласының тұрғыны көп балалы ана  

Тулегенова Урбибі Рахманбердіқызы)

 

7. Сарыағаш ауданынан перинаталды медициналық орталық салу.

7.1. Жобалық сметалық құжаттарын әзірлену.

 

7.2.    Бюджеттен қаржы қарастыру.

 

7.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

 

7.1. 30.06.2023 ж

 

 

7.2. 25.03.2024 ж

 

7.3. 01.09.2026 ж

Түркістан облысының құрылыс басқарамасы

 

Түркістан облысының денсаулық басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

   Ауыл шаруашылғы саласы

8.

Дарбаза елді мекеніндегі жеке меншіктегі  жайылым және егістік жерлерін ортақ жайылымға қайтару мәселесі.

(Дарбаза елді мекенінің биі Абдраймов Бауыржан)

       8. Дарбаза елді мекеніндегі жеке меншіктегі  жайылым және егістік жерлерін ортақ жайылымға қайтару.

           (Дарбаза ауылдық округі, Дарбаа елді мекеніндегі «Ұзын Ағаш-Юг Инвест»  ЖСШ-нің 200 га жайылым жерін, «Ұзын Ағаш-Юг Инвест» ЖСШ-нің 150 га егістік жерін, «Қазына Жер иИнвест» ЖСШ-нің 150 га жайылым жерін, «Қазына Жер Инвест» ЖСШ-нің 100 га егістік жерін, «Мұнай Инвест және К» ЖСШ-нің 27 га егістік жерілерін заң аясында пайдаланбай жатқан жер иелерін зерделеп, ортақ жайылымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады).

2023-2024 ж.ж

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Ортақ мал жайылымына қайтару

 

Басқада мәселе

9.

Жаңатұрмыс елді мекені аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойынша жылдамдық өлшеуіш құрал орнатуға ұсыныс берілсе.

(Жібек жолы ауылдық округі, Жаңатұрмыс елді мекенінің биі

Жүнісов Орынхан Мамырханұлы)

 

9. Жаңатұрмыс елді мекені аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойынша жылдамдық өлшеуіш құрал орнатуға ұсыныс беру.

(Жаңатұрмыс елді мекені аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойыннда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы «Сергек» бейне камераларын орнатуға ағымдағы жылдың  сәуір айына дейін ұсыныс беру).

28.04.2023 ж

 

Сарыағаш ауданы әкімдігі

Жылдамдық өлшеуіш құрал орнатуға ұсыныс беру

 

           

Дата публикации
28 февраля 2023