Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі көтерілген өзекті мәселелер
(15.02.2023 ж.)
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Аяқтау нысаны |
Ескерту/орындау |
|
Спорт саласы |
||||||
|
1 |
Жергілікті тұрғындарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент, Мырзакент кенттерінен жаңа заманауи спорт кешенін салуға, сондай-ақ, елді мекендерден спорт алаңшаларын салуынуына ықпал жасауыңызды сұраймын. Алайдаров Бақберген Атакент кентінің тұрғыны |
Құрылыс жұмыстары бақылауға алынсын. (Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай жастарды бұқаралық спортқа баулу, патриоттық сезімді нығайту мақсатында ауылдық жергіліктік жерлерді дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай облыс көлемінде біршама іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі спорт кешендерінің құрылысы. Осы орайда, Мақтаарал ауданында, Мырзакент кентіненде спорт кешеннің құрылысы 2022 басталып, 512,0 млн теңге қаржы игерілген. Жалпы конкурстық құны 881,385 млн теңге. 2023 жылы құрылысын аяқтау үшін қаржысы толық қаралып, желтоқсан айында пайдалануға тапсырылатын болады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы нысанына 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджетті нақтылауға ұсынылды. 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Мақтаарал ауданында бүгінгі таңға дейін жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2021-2022 жылдары жалпы 11 елді мекеннен (11 дана) спорт алаңшалары салынған болатын. Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда және де спорт алаңшаларын салу кезең-кезеңмен барлық елді мекенді қамту мақсатында 2023 жылға 4 елді мекеннен (Жаңажол ауылдық округі, Ақжол елді мекені, Бірлік ауылдық округі, Алғабас елді мекені, Еңбекші ауылдық округі, Нұрлытаң елді мекені, Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекені) спорт алаңшалары салынып, 2023 жылдың қараша – желтоқсан айларында тапсыру жоспарлануда.) |
2023-2024 жж. |
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
2 |
2022 жыл ауданымызда Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының құрылысы басталған. Аталған жұмыстар қашан аяқталады? Мұратова Роза Достық ауылдық округінің тұрғыны, мәдениет саласының қызметкері |
Құрылысы жүргізіп жатқан мәдениет нысандарын мерзімінде аяқтасын. (Ауданда мәдениет нысандарының саны -7. (оның ішінде 2 мәдениет Алғабас, Үлгілі мәдениет үйлері күрделі жөндеуді қажет етеді) Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтеріндегі 200 орындық (жалпы конкурстық құндары 786,430 млн теңге) мәдениет және кітапхана құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі болған. Аталған құрылыс нысандарына 2022 жылы 200 млн теңге (Еңбекші а/о 100 млн, Жамбыл а/о 100 млн) қаржы қаралып, толық игерілген. Нысандардың құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады.) |
2023 жыл желтоқсан |
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
3 |
Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 2022 жылы жаңа мектеп салынып басталған болатын. Құрылысы салынып жатқан мектепті 2023 жылы аяқтау мүмкіншілік бар мекен? Қошқаров Серік Бірлік ауылдық округінің тұрғыны |
Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау. (Үш ауысымды мектептерді ыңғайластыру мақсатында, сондай-ақ, Өркениет елді мекенінде мектеп тапшылығы орын алған. Осы орайда, Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы нысанына 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 млн тг қаралып, игерілген болатын, 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстары үшін толық қаржысы қаралып, (1 млрд 575 мың теңге), желтоқсан айында пайдалануға тапсырылады.) |
2023ж желтоқсан |
Облыстық құрылыс басқармасы
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Коммуналдық сала |
||||||
|
4 |
Біздің Азаттық елді мекенімізде ең маңызды мәселеміз ол ауыз су болып отыр. Су уақытпен беріледі, жазды күндері ауыл тұрғындары огородтарын суғарып, шеткі көшелерге жетпей су жетпей қалады. Счетчик қоюға құбырлардың бәрі шіріп кеткен, орнатуға келмейді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу барысында проектісін жасап қойғанбыз, ақшасын сұрап жатырмыз деп есеп берді. Сізден ауыл тұрғындарының бірінші кезектегі мұқтажын орындауға көмектессеңіз! Зәуірбеков Ералы Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекенінің тұрғыны |
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу. (Мақтаарал ауданында жалпы 69 елді мекеннің 67 елді мекені, яғни 97,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (халық саны бойынша – 99,6%), 2 елді мекені (Достық, Найман Бұхарбай) қамтылмаған. Су құбыры бар 67 елді мекеннің 49 (71%) елді мекеніне 24 сағат,18 елді мекеніне кестемен берілуде. Оның ішінде; Мақтарал ауылдық округі, Азаттық елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыс жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралып, 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу шілде айында басталып, 2024 жылдың тамыз айына елді мекенде ауыз сумен қамту жоспарланған.) |
2023-2024 жж. |
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|