Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі  көтерілген өзекті мәселелер

Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі  көтерілген өзекті мәселелер

(15.02.2023 ж.)

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Ескерту/орындау

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

1

Ауданда табиғи газ құбыры жүргізіліп, бірақ  табиғи газға қосылмаған елді мекендер бар. Осы елді мекендерді табиғи газға қосылуына ықпал етсеңіз?

Жетісай қаласының тұрғыны Мырзабаев Жаңабай

Құрылыс жұмыстарын мерзімінде жүргізу.

Бүгінгі күні жалпы сметалық құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС-нің (Автоматтандырылған газ таратқыш станциясы) құрылысын аяқтап іске қосу.

(Нысан ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Аталған нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін Жаңаауыл, Жылысу, Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм және Мақталы ауылдық округтеріне қарасты 50 елді мекендегі 45591 тұрғын, 8168 үйге табиғи газға қосылу мүмкіндігі туындайды. Қазіргі таңда ауданда 105 елді мекеннің 56-сы табиғи газбен қамтылған, ол елді мекеннің 53 пайызын құрайды.)

2023 жыл

маусым

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

2

Құрбан ата елді мекеніндегі ауыз су құбырлары ескірген, суы ащы. Ауыз су сағатпен берілуде. Су құбырларын ауыстыруға ықпал етсеңіз?

Қазыбек би ауылдық округінің тұрғыны Ақпанбетов Әлішер

Мердігерді анықтап, құрылыс жұмыстарын жедел бастау.

(Құрбан ата елді мекенінде 353 үй, 2663 тұрғын бар. Құрбан ата елді мекенідегі ауыз су жүйелерін қайта құру үшін республикалық бюджеттен 422,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылысы шілде айында басталады деп күтілуде, нысан 2024 жылға өтпелі.)

2024 жыл

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Жол саласы

3

Қызылқұм ауылдық округінде көшелердің тозығы жеткен. Осы көшелерге асфальт төселуіне ықпал етсеңіз?

Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны Артықбаев Ендібай

Мердігерді анықтап, жөндеу жұмыстарын жедел жүргізу.

(Биылғы жылы ауданға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,1 мрлд. теңге қаралып, 61 көше (44 шқ) енгізілді. Оның ішінде маусым айында Қызылқұм ауылдық округінен 13 көшені орта жөндеуден өткізуге 304 млн. 965 мың теңге бөлінді және жергілікті бюджеттен 13 млн. 268 мың теңге қаралды.)

2023 жыл шілде

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Денсаулық сақтау саласы

4

Округтегі ауылдарға фельшерлік акушерлік бекеттерін салып беруге ықпал етсеңіз?

Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Мелдебеков Асан

Құжаттарын әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыну және тиісті қаржының бөлінуін бақылау.

(Ағымдағы жылы Көктөбе елді мекенінен фельшерлік акушерлік пунктінің және Жетісу елді мекенінен дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджетке ұсынылатын болады. Бүгінгі таңға «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді.)

2024 жыл

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Спорт саласы

5

Жетісай қаласы аудан орталығы жастар шоғырланған жер. Жастардың уақытын тиімді пайдалану және дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін спорт кешенінің салынуына ықпал етсеңіз. Жетісай қаласының тұрғыны Болатхан Қайсар Бекболатұлы

Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау.

(Ауданда 383 спорт нысандары бар, оның 14-і жекеменшік. Бүгінде, аудан халқы 187,2 мыңды құрайды, оның 70 мыңға жуығы тұрақты спортпен шұғылданады (оның ішінде 52 мың жастар, 18 мың ересек). Ағымдағы жылы аудан орталығы Жетісай қаласынан спорттық сауықтыру кешенін салу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 056 млн. қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, шілде айында пайдалануға берілетін болады.)

2023 жыл тамыз

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Ауыл шаруашылығы саласы

6

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген жанар-жағар май шаруаларға қашан беріледі?

Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қонашов Тұманбай «Елібай-Д» шаруа қожалығының төрағасы

Бөлінген дизель отынын шаруаларға дер кезінде үлестіруді қамтамасыз ету.

(Жетісай ауданына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 7280 тонна дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ақпан-мамыр айларына бөлініп талон жүйесі арқылы таратылатын болады. Ауданда 79,2 мың гектар егістік жер, 10 мыңнан астам шаруа бар. Жетісай ауданына 4 оператор («РосАзияНефт» ЖШС, «Жол ырысы» ЖШС, «ТS Nefteproduct» ЖШС және жеке кәсіпкер «Әуезов») бекітілді.)

2023 жыл

мамыр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

 

 

 

Дата публикации
22 февраля 2023