Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша АНЫҚТАМА
Кәсіпкерлердің өндірістік қуаттарын сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті екі есе өсіп, 4,8 млрд.теңгені құрады.Бағдарлама бағыттары бойынша:
1) Банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау - 3 689,1 млн. теңге;
2) Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету- 709,7 млн. теңге;
3) Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру
-299,7 млн. теңге;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру – 77 млн. теңге.
Аталған қаражат аясында 500-ге жуық ШОБ кәсіпорындарына қаржылай қолдау көрсету жоспарлануда.
2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалаларда кәсіпкерлердің 108 жобасына қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елді мекендердің 100 жобасына қолдау көрсетілді.