Көлік инфрақұрылымы
Облыстағы жол жағдайы талаптарға сәйкес келетін және қоғамдық көліктерге сұраныс бар елді мекендер саны 766 қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 736-і (96,0%).
Облыс аумағында 5 автовокзал, 24 автобекет және 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті халыққа қызмет көрсетеді.
Облыстағы барлық автовокзалдар мен автобекеттерден Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестік үлесі 94,5%-ды құрайды.
Облыстағы тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін (44 тасымалдаушы) автобустар мен шағын автобустар саны – 1300.
Оның 661-і немесе 50,8% пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі автокөліктер.
Облыста 32 такси тасымалдаушы 2450 такси көлігімен жолаушылар тасымалы қызметін көрсетуде (соның ішінде Түркістан қаласындағы 4такси тасымалдаушының 210 такси көлігі бар).
5.Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының (облыстық және аудандық) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2018 жылдың қорытындысымен 71,2%-ға қол жеткізілді. 2019 жылдың жоспары ретінде 74,1% белгіленіп, толығымен орындалды. Аталған көрсеткішті 2020 жылы 77,6% жеткізу көзделуде.