Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Құрылыс саласы

1.                

Қазығұрт ауданы орталығы Қазығұрт ауылында 26 мыңнан астам халық тұрады. Қазіргі пайдаланып отырған аудандық мәдениет сарайының ғимараты ыңғайластырылған, 1971 жылы салынған. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ алдағы 5 жылда отбасы саны 2800-ден асып, халық саны 30 мыңға өседі деп күтілуде. Осыған орай, аудан орталығына жаңа типте мәдениет сарайын салу қажет етеді. (Ешмухамбетова Раушан – аудандық мәдениет үйінің әдіскері.)

Қазығұрт елді мекенінде жаңа мәдениет сарайын ғимаратын салу:

Қазығұрт елді мекенінде салынатын                   500 орынға арналған типтік мәдениет сарайы ғимаратына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу. Құрылысына қаржы бөлдіру.

2023-2024 жж.

желтоқсан

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы,

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Қазығұрт ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Қазығұрт а/о Қазығұрт ауылында 500 орынға арналған мәдениет үйін салу» жобасына 25.01.2021 ж №19-0034/21 сараптаманың оң қорытындысы алынған,  жалпы құны - 729,5 млн.теңге. 

Нысанға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 122,1 млн.теңге қаралды.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Ғимарат құрылысы 2023 жылдың
2 тоқсанында басталады деп күтілуде.

 

2.                

Тұрбат елді мекеніндегі «Ақпарақ» ЖОМ келесі жылы пайдалануға берілсе.

(Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Сабитов Бахрам.)

Тұрбат елді мекеніндегі «Ақпарақ» ЖОМ пайдалануға беру:

2022-2023 жылғы оқу бағдарламасының
ІІІ тоқсанынан бастап мектепке оқушыларды кіргізу мақсатында, пайдаланушы мекеме тарапынан қабылдау жұмыстарын жүргізу.

2022 ж.

желтоқсан

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы,

Қазығұрт ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Облыс әкімдігінің 23.12.2022 жылғы №262 қаулысымен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№1 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Қазіргі таңда, білім ғимаратында оқушылар білім алуда.

Орындалды.

3.                

Аудан орталығындағы музей ескі ғимаратта орналасқан. Жаңа музей құрылысына ЖСҚ әзірленген, осыған құрылыс жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты пайдалануға беруді көмек берсеңіз. (Қазығұрт ауыл округінің тұрғыны Тажиев Оралбек)

Жаңа музей ғимараты құрылысы :

Жобалық сметалық құжаттама әзірлеу және құрылысына қаржы бөлдіру.

2024-2025 жж.

қараша

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Қазығұрт ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

«Түркістан облысының, Қазығұрт ауданының Қазығұрт а.о., Қазығұрт ауылында мұражай құрылысы» жобасына 02.12.2021 ж №QS-0092/21 сараптаманың оң қорытындысы алынған, жалпы құны - 562,7 млн.теңге.                 

 Нысанға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында                      200 млн.теңге бөлу бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылған.

Ономастика саласы

4.                   

Аудандағы көшелерге ауданымыздан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдан Төлепов, Әлихан Көшіковтің есімдерін ұсыну үшін, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуді қажет етеді.

(Қазығұрт ауыл округінің тұрғыны

Жұмаш Құттыбек)

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдан Төлепов, Әлихан Көшіковтің тиісті құжаттарын жинақтап, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.

 

2023-2024 жж.

желтоқсан

Түркістан облысының мәдениет басқармасы,

Қазығұрт ауданы әкімдігі

 

Тізімге енгізу

Ұлы Отан соғысының ардагері, білім саласының үздігі, ұстаз Абдан Төлеповтің есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін облыстық ономастика комиссиясының
2022 жылғы 18 қазандағы отырысында қаралып, қолдау тауып,
2022 жылғы 19 қазандағы №27/11895 шығыс хатпен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиісті құжаттарымен бірге "Тарихи тұлғалар" тізіміне енгізу үшін жолданған.

Қазіргі таңда, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауында талқылануда.

 Әлихан Көшіковтің есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін құжаттары ономастикалық жұмыс критерийлеріне сәйкес келмеуіне байланысты толықтырылып қайта ұсыну үшін қолдамай кері қайтарылған.

Жол саласы

5.                 

Жігерген мен Көкібел елді мекендерге баратын  жолдың әбден тозығы жетіп, жамауға келмейді. Осы жолды жөндеп берсеңіз?

(Жігерген ауыл округінің тұрғыны Шынтаев Ерғазы)

Жігерген мен Көкібел елді мекендерге баратын  жөндеу:

(Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама әзірлеу, қаржы бөлдіру.)

 

2024 ж. желтоқсан

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қазығұрт ауданы әкімдігі

 

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-44 «Жігерген-Көкібел» 0-17,9 шқ автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасына 16.09.2022 ж №РЗ/Туркестан 559/2022 ведомствалық сараптама қорытындысы алынған, жалпы құны – 1 039,0 млн.теңге.

        Нысанға 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында 10,0 млн.теңге қаралды.

        Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 2 тоқсанында басталады деп күтілуде.

6.                 

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекеніндегі ішкі жолдары қашан жөнделеді?

(Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Ағабеков Төле)

Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекеніндегі ішкі жолдарын жөндеу:

Сметалық құжаттама әзірлеу, қаржы бөлдіру

2023 ж

желтоқсан

Қазығұрт ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі, Өндіріс елді мекенінде 8 көшені орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленген. Жалпы құны – 429,7 млн.теңге.

        Аталған көшелерге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру барысында облыстық бюджет есебінен – 429,7 млн.теңге қаралды.

       Бүгінгі таңда,  мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Ғимарат құрылысы 2023 жылдың  2 тоқсанында басталады деп күтілуде.

Коммуналдық сала

7.                 

 «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысы басталған жоба іске асқанда ауыз су тұрақты беріледі деп жоспарлануда. Осы су қойма қашан аяқталады?

(Қ.Абдалиев ауыл округінің тұрғыны Тәшімбет Әлжан)

 

Ауыз су қойма құрылысы:

Сметалық құжаттама әзірлеу, қаржы бөлдіру

 

2023 ж

желтоқсан

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қазығұрт ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

«Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысын салу нысанының жалпы құны 303348,0  мың тенге. 2022 жылы аудандық бюджеттен 29 830,0 мың тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер мекеме анықталды. («Агроспецмонтаж» ЖШС) 1000 м3, 2-дана резервуардың орны (котлован) қазылып, дайындалып қойылды.

Жоба іске асқан жағдайда Қ.Абдалиев ауылдық округі Қызылдала, Еңбекші, Рабат, Атбұлақ, Қ.Мамбетұлы, Шанақ ауыл округі Шанақ, Ақжар елді мекендеріне және Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округі Алтынтастау елді мекеніне Кемеқалған ауыл округі Қаратөбе, Қарақия елді мекендері толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Казіргі таңда, Ұлттық қордан 268 470,0 мың теңге бөлініп, 2023 жылдың соңына дейін толық аяқталатын болады.

8.                 

Қазығұрт аудандық ауруханасына қарасты Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының  статусын аураханаға өзгертуге көмек берсеңіз

(Жаңабазар ауыл округінің тұрғыны Құралбаев Тәңірберген)

Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық орталығының статусын өзгерту:

(ҚР денсаулық сақтау министрінің 15.10.2020 жылдың №33/2020 бұйрығына сәйкес ауылдарда аурухана ашылуы үшін ауыл тұрғындардың саны 30000 адамнан асуы керек, Жаңабазар елді мекенінде 12409 адам тұрады.)

2022 ж

қараша

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы

 

 

ҚР денсаулық сақтау министрінің
2020 жылдың 15 қазандағы №33/2020 бұйрығына сәйкес ауылдарда аурухана ашылуы үшін ауыл тұрғындардың саны 30 000 (отыз мың) адамнан асуы қажет. Алайда Жаңабазар елді мекенінде 12 000 (он екі мың) халық бар. Осыған байланысты Қазығұрт аудандық  ауруханасына қарасты Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының статусын аурухана статусына ауыстыруға сәйкес келмейді. Қазіргі таңда, тәулік бойы жұмыс жасайтын медико-санитарлық көмек көрсету орталығы 10 төсек орынмен қамтамасыз етілді.

 

Дата публикации
26 января 2023