Түркістан облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысы әкімі

аппараты басшысының 2019 жылғы

« 14 » қазандағы № 37-н/қ

бұйрығымен бекітілген

11-қосымша

 

Түркістан облысы әкімі аппараты

кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Түркістан облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімі(әрі қарай - бөлім)Түркістаноблысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің аппараты туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің сандық құрамы мен құрылымы облыс әкімі аппаратының штат құрылымымен анықталды.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет:Қазақстан Республикасының занамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, экспорттық әлеуетті арттыру, сауда жүйесін дамыту және туризм салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингі мәселелері бойынша облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету бөлімнің негізгі міндеті болып табылады.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде атқарушы органдардан, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінен қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2) қызметтік және мемлекеттік құпияларды сақтай отырып, облыс әкімі аппараты бөлімдеріндегі, қызметтеріндегі, атқарушы органдарындағы, сондай-ақ қала және аудан әкімі аппараттарындағы ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

3) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға;

4) облыс басшылығы қарайтын мәселелерді шешуде, сондай-ақ әкімдік мәжілістері мен облыс әкімі өткізетін кеңестерде, алқада тыңдалатын мәселелерді дайындау кезінде атқарушы органдардың, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының мамандарын бірлескен жұмысқа тартуға;

5) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, экспорттық әлеуетті арттыру,  сауда жүйесін дамыту және туризм салаларының мәселелеріне қатысты, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі актілерінің орындалуына талдау жүргізеді. Талдаудың қорытындысы бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін облыс әкіміне ұсыныс береді;  

2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуына жағдай жасайды және  кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, экспорттық әлеуетті арттыру,  сауда жүйесін дамыту және туризм салаларына мониторинг  жүргізеді;

3) кәсіпкерлік, инвестиция, экспорт,  сауда және туризм салаларындағы тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, жоспарлардың орындалуын үйлестіреді;

4) қала және аудан әкімдерінің, атқарушы органдар басшыларының заңнамалық актілерді іске асыру, кәсіпкерлік, инвестиция, экспорт,  сауда және туризм салаларындағы мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;

5)бөлім өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен, атқарушы органдармен өз құзыреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасайды.

6) қажеттілікке қарай, жетекшілік ететін  мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің, аппарат басшысының және облыс әкімі орынбасарларының мәжілістеріне материалдар дайындайды;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды жергілікті жерлерге шығып қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;

8) Түркістан облысында кәсіпкерлік, инвестиция, экспорт,  сауда және туризм салаларының дамуына тиісті мониторинг жүргізеді;

9) облыста маңызы бар мемлекеттің қолдауындағы жобалар мен бағдарламалардың барлық түрлері бойынша ұысынстар дайындайды;

10) апта сайынғы облыс әкімінің жұмыс кестесін қалыптастыру үшін, облыс әкімінің қатысуын қажет ететін мәжілістерді өткізуді ұсынады және өткізу форматын облыс әкімі аппаратының басшысымен келіседі, ол оны облыс әкімінің түпкілікті бекітуіне енгізеді.

 

 

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге тікелей басшылық жасауды облыс әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
  2. Бөлімді «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
  3. Бөлім өзінің практикалық қызметінде аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
  4. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бөлімнің бас инспектор қол қояды.
  5. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес айқындалады.
  7. Бөлім басшысы осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  8. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты бөлімнің бас инспекторы жүзеге асырады.
  9. Бөлімге басшылар жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Түркістан облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
03 июня 2020