Түркістан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысы әкімі аппараты

басшысының 2019 жылғы  

« 14 » қазандағы № 37-н/қ

бұйрығымен бекітілген

7-қосымша

 

Түркістан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. 1. Жалпы ережелер

 

  1. Түркістан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімінің аппараты туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. 3. Бөлімнің сандық құрамы мен құрылымы облыс әкімі аппаратының штат құрылымымен анықталады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. 4. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
  • мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастар жасау;
  • облыс шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыру;
  • атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын облысты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеуді, облысты дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және оның орындалуын қамтамасыз ету;
  • атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын облысты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік орган басшысының анықтауымен басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Бөлім:

1)  өз құзіреті шегінде атқарушы органдардан, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінен қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2) облыс әкімі аппараты бөлімдеріндегі, қызметтеріндегі, атқарушы органдардағы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппаратындағы ақпараттық деректерді пайдалануға;

3) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға;

4) облыс басшылығы қарайтын мәселелерді жиналыстарда шешу,    сондай-ақ әкімдік мәжілістері мен облыс әкімі өткізетін кеңестерде тыңдалатын мәселелерді дайындау кезінде атқарушы органдардың, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының мамандарын бірлескен жұмысқа тартуға;

5) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.

  1. Бөлімге қажетті құжаттар, материалдар, хабарламалар, жазбаша түсініктемелер тапсыру жөніндегі талаптар қала және аудан әкімдері, атқарушы органдар мен олардың лауазымды тұлғалары үшін міндетті және олар, егер бөлім басқа мерзімді белгілемесе, орындалуы тиіс.
  2. Бөлімнің міндеттері:

1) Түркістан облысының бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеуде және іске асыруда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;

2) экономикалық және бюджеттік саясат, статистикалық есеп және есептілікті жүргізу мәселелерінде облыстың қаржы-экономикалық органдарының қызметін үйлестіреді;

3) бюджет саясаты мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын дайындайды,                      әлеуметтік-экономикалық жағдай бойынша талдамалық жазбалар, ұсыныстар мен баяндамаларды дайындауға қатысады;

4)   экономикалық және бюджеттік реформаларды, даму бағдарламаларын (Іс-шараларды) іске асыру жөніндегі негізгі шаралардың орындалуына талдау жасайды;

5) облыстың экономика және бюджет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және дамытуға ықпал етеді;

6) даму бағдарламаларының іске асырылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді және бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

7)  облыс бюджетінің жоспарлануына және орындалуына мониторинг жүргізеді;

8)  бюджеттің кіріс жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;

9)  жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жүргізеді;

10) мемлекеттік бағдарламалар бойынша игерілген қаржыларға мониторинг жүргізеді;

11)  Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Премьер-Министр Кеңсесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратты ұсынады;

12) облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен түзген меморандумдағы түйінді индикаторлардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

13) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін қадағалайды;

14) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформаларды жүзеге асыру бойынша негізгі шаралардың орындалуына талдауды жүзеге асырады, сонымен қатар, осы салаларды оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеп, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

15) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдардан статистикалық ақпараттарды алдырады және жинақтақтайды;

16) жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

17) жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді шешу,  немесе зерттеу комиссияларына және жұмысшы топтарға қатысады;

18) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, атқарушы және аумақтық органдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;

19) облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізеді;

20) Жеке және заңды тұлғалардан келген өтініштерді заңнамада белгіленген мерзімде қарайды;

21) қажеттілікке қарай, бөлім құзырындағы мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің, аппарат басшысының және облыс әкімі орынбасарларының мәжілістеріне материалдар дайындайды. 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады. 
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім басшысы осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  6. Бөлім өзінің практикалық қызметінде аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
  7. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын лауазымды тұлға қол қояды.
  8. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты бірін-бірі алмастыру тәртібінде көрсетілген лауазымды тұлға жүзеге асырады. 
  9. Бөлім басшылар жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  10. Бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес айқындалады.

   

 

Түркістан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
03 июня 2020