Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

                                                                  

                                  

Шешім

 

№ 179                                                              29 желтоқсан 2022

 

Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Түркістан облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 178 Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 23 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. № 4, №10, №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Түркістан облыстық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы шешім Түркістан облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және Оңтүстік Қазақстан және Южный Казахстан газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Комиссия төрағасы                            Ә.Өмірәлиев

 

Комиссия хатшысы                            О.Сағымбекова

Дата публикации
29 декабря 2022